Людвиг
Фейербах
ДАУЛЕТОВА ТОЛҒАНАЙ
Людвиг Фейербах
Людвиг Андреас фон Фейербах (нем. Ludwig Andreas von Feuerbach; 28.7.1804, Ландсхут, Бавария – 13.9.1872, Рехенберг) — классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Неміс материалист философы және атеисі. Алғашқыда Г.В. Гегель идеализмінің ықпалында болып, кейіннен жалпы дінге және христиан дінінің қағидаларына қарсылықпен, материалистік көзқарастарымен белгілі болды. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипатын аша отырып, оны сынап, идеализмнен бас тартады. Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау. Адам мәселесінде Фейербах адамды жай ғана биол. тіршілік иесі деп қарады. Таным теориясында эмпризм мен сенсуализмді жақтады, агностизмге қарсы шықты. Фейербах материализмі марксизм философиясының материалистік көзқарастарына негіз болды.
Ол өзінің философиясын “болашақтың философиясы” деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы - қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұру тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің “Болашақ философиясының негізгі қағидалары” деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімінен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді
Ол жаңа еуропалық философиядағы идеалистік ойға өзінің сыни бағасын береді. Оның ойынша, бұл философия тек діннің теориялық негізін ғана анықтап берді. Фейербах философияны адаммен байланыстырудың қажеттілігін көтерді: философияның міндеті «Құдайға адами қасиет беру емес», адамның субъект екенін мойындау. Гегельдің абсолюттік туралы ойларын адам және оның мәні мәселелерімен алмастыру керек. Адам және оның мәні гегельдік философияның «жасырын әрі «тылсым» тұсы». Философия өмірдің дерексіз бастаулары, ойлау мәселелерімен айналыспауы керек, адам және адам арқылы әлемді тану мәселелерімен айналысуы қажет. Ол туралы «Болашақ философиясының негіздері» атты еңбегінде былай дейді: «Жаңа философия адамды қалыптастырады, сол арқылы табиғатты да қалыптастырады, себебі табиғат оның базисі болғандықтан да, философияның жалғыз, әмбебап әрі ең жоғары зерттеу пәні болып саналады».
ФЕЙЕРБАХТЫҢ АТЕИСТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ ҚҰДАЙДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ. ОЛ ДІНДІ ҚАРАПАЙЫМДАНДЫРУҒА ДА ТЫРЫСПАЙДЫ. ОЛ ТЫЛСЫМ КҮШКЕ СЕНУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН «ЕСКІ ДІНДІ» ЖАҢА «МАХАББАТҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ДІНГЕ» АУЫСТЫРУҒА ШАҚЫРАДЫ. МАХАББАТ АДАМНЫҢ ӘРІ ЖЕКЕ, ӘРІ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫН ҚҰРАЙДЫ ДЕЙДІ. «ХРИСТИАНДЫҚТЫҢ МӘНІ» АТТЫ ЕҢБЕГІНДЕ ОЛ ЖАҢА ДІН ҚҰДАЙҒА ДЕГЕН МАХАББАТТЫ ЕМЕС, АДАМНЫҢ «АДАМҒА» ДЕГЕН МАХАББАТЫН УАҒЫЗДАУЫ КЕРЕК ДЕП ЖАЗДЫ. ОНЫҢ ОЙЫНША, МАХАББАТ АҚЫЛ МЕН ТАБИҒАТҚА ТӘН ӘМБЕБАП ЗАҢ БОЛУЫ ТИІС. ОЛ: «АДАМҒА МАХАББАТ ТӘН, СЕБЕБІ ОЛ СҮЮГЕ ЖАРАТЫЛҒАН АҚЫЛДЫ ТІРШІЛІК ИЕСІ, МАХАББАТ – АДАМ ӨМІРІНІҢ МАҚСАТЫ.
Христиандықтың мәні
ҰРПАҚ ЖАЛҒАСТЫҒЫ МЕН АҚЫЛДЫҢ ЗАҢЫН ДА ОСЫ ҚҰРАЙДЫ. МАХАББАТ ЕРКІН, ШЫНАЙЫ БОЛУЫ ТИІС, ТЕК ЕРКІН, ШЫНАЙЫ МАХАББАТ ҚАНА НАҒЫЗ МАХАББАТ БОЛА АЛАДЫ» ДЕЙДІ. ФЕЙЕРБАХ ҮШІН АДАМ «ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰЛАҚ КЕСТІ ҚҰЛЫ» ЕМЕС, ҰРПАҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ ТІРШІЛІК ИЕСІ, ОНЫҢ ТАБИҒАТЫНА «БИОЛОГИЯЛЫҚ» ТӘН.
АДАМҒА ТӘН ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТТЕРГЕ МЫНАЛАР ЖАТАДЫ – ІШКІ ЕРКІНДІК, ОЙДЫҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫ, СЕЗІМ ҚАБІЛЕТІ, ӘМБЕБАПТЫҚ. ОСЫ ҚАСИЕТТЕР ОНЫ РУХТАНДЫРАДЫ, МОРАЛЬДЫ ТІРШІЛІК ИЕСІНЕ АЙНАЛДЫРАДЫ, АДАМИ БОЛМЫСЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНМЕН, СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН ДАРАЛАЙДЫ. ҚҰДАЙДЫ АДАМ КЕЛБЕТІНДЕ ТАНУ ОНЫҢ АҚЫЛДЫ, ӨНЕГЕЛІ ЕКЕНДІГІН ҒАНА КӨРСЕТПЕЙДІ, ОҒАН ТӘН СЕЗІМ МЕН ТӘННІҢ ДЕ БОЛАТЫНЫН КӨРСЕТЕДІ. БҰДАН ШЫҒАТЫН ТҮЙІН – АДАМНЫҢ ҚҰДАЙДЫ НАҚТЫ КЕЙІПТЕ КӨРУІ ОНЫҢ ӨЗІ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫНЫҢ, АЯУШЫЛЫҚ СЕЗІМДЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫН КӨРСЕТЕДІ. ФЕЙЕРБАХША АЙТСАҚ, ҚҰДАЙ – БҰЛ «АДАМНЫҢ» ЖАЛПЫЛАНҒАН ЖИЫНТЫҒЫ.
Thank
you!
Пайдаланған әдебиеттер
- https://stud.kz/referat/show/76145
- “Христиандықтың мәні” Людвиг Фейербах
Достарыңызбен бөлісу: |