Динахметов Жомарт.
АӘД пәні ұйымдастырушы-оқытушысы.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Терроризмнен сақтану жолдары
Мақсаты:
А) Студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру:
Б) Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу.
Сабақтың әдісі: пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар,мәтіндер
Оқытушы:
Тероризмнен сақтану бағытында қазіргі кездері бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдар .топтар адамзат өміріне қатер төндіруін тоқтатар емес. Сол себептен де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да белгілі. Жалпы терроризм туралы тоқталып өтейік.
Кейбір анықтамалықтарда «терроризм » дегеніміз джихадты, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм»- араб тілінде «ирхаб» ,мағынасы-«қорқыту» дегенді білдіреді .Ал, терроризм сөзі \латынша terror-қорқыныш,үрей\ деген мағынада айтылады.Осы жерде террорлық қадамға кімдер барады деген заңды сұрақтар туады.Қоғамдағы сәтсіз қолайсыз отбасылар мүшелері,мансап,билік,жеке мүдені көздеушілер, компьтерлік ойындар арқылы психиканың бұзылуына тап болғандар тағы көптеген террорлық ұйымдар арбауына алданған жандар.Террористер тек қана діни ағымдағы адамдар деп ойлау кәте пікір.Террористер қатарына кез-келген жастар мен ересектер,қыздар мен әйелдер, адам өміріне қауіп төндіретін арандатушылыққа сеніп қалғандар да кездеседі.
Ендеше мына мәтінді тыңдап көрейік.
... Оның ойынан жаңа ғана орталық кафелердің бірінде болған әңгіме кетер емес. Ол жерде бейтаныс адамдар бұған ұсыныс жасаған болатын. Бұның отбасындағы қолайсыз жағдайдан да хабардар екен. Көмектескілері келетінің айтты. Әйелінің бақилық болғанына да екі жылдай уақыт өтті. Өзі жұмыста жоқ. Ішкілікке де әуестеніп кетті. Өмір сүру , жас балалар бағып, қағуда бір өзіне оңай болған жоқ. Балаларына алатын мардымсыз жәрдемақыда шайлығына жетпейді. Жетер еді-ау құрығыр, арақ пен темекіге әуестенгелі үйге қажетті азық-түлік те алуды қойды. Балалары қара шәймен бір бөлке нанды жеп жүрек жалғаған кездері қаншама?!
Осы қиындықтарды қалай жеңем деп жүргенде, мына жігіттер кездесіп тұрмысын түзейтін ақшамен қамтамасыз етеміз дейді. Тек олар бұған бір тапсырманы орындауды талап етіп отыр. Тапсырмасы да онша қиын емес. Тек бір сумканы адамдар көп жиналатын базардағы «супермаркентке» апарып қоюы керек. Оның ішінде жарылғыш зат бар екенінде жасырмайды. Еңбекақысын алдын ала береміз дейді. Бұл ұзақ ойланды. Жауабын ертең айтармын деп уәделесіп, үйіне келе жатқан беті осы. Үй жанына жақындағанда моржадан шығып жатқан түтінге таңдана қарады. Күн салқындағалы жағатын отында таусылып, кағаз, тезек, көшеден балалары теріп әкелген ағаш жаңқаларын жағып күнің көріп отырған. Мына түтін күндегі түтіннен ерекше. Күн тынық болғасынба, түтін тура шығып жатыр. Үйдің бұрышында бір тоннаның көлеміндей көмір жатыр. Ол, үйге жүгіре кірді. Үйдің ыстық лебі беті шарпиды. Бұл шынымен менің үйімбе деп жаң-жағына таңдана қарады. Балалары алдарынан жүгіріп шығып «әкелеп» құшақтап жатыр. Тұла бойынан бейне бір тоқ жүріп өткендей дір ете қалды. Соңғы рет қашан балаларының жадырап күлгені,құшағына қысқаны есінде жоқ. Не деген керемет! Балалары жапырлап бірдеңелерді айтып жатыр.
Түсінгені, бұл жоқта үйге үйге тұрмысы төмен отбасыларды қолдау орталығынан адамдар келген. Көмірді де солар әкеліпті. Азық-түлік, балаларына жылы киімдер де силаған. Мейірімді жандар туралы балалары кезекпен айтып тауыса алар емес. Тіпті отты да солар жағып кетіпті. Ең таң қаларлығы жұмысқа шақыру қағазын да тастап кетіпті. Онда толық телефон, мекенжай жазылған. Қолындағы бір жапырақ қағазға үнсіз тесіле қараған оның жанарынан бір тамшы жас жерге үзіліп түсті...
Оқытушы: Осы мәтін бойынша кімде қандай пікір бар? Ол әлгі жігіттер ұынған тапсырмадан бас тартама? Жігіттердің ұсынысын қабылдап мол қаржыны алама? Енді оның алдағы тағдыры туралы кім, не айтады?
\Осы сұрақтар төңірегінде пікірталасқа студенттер белсене араласып өз пікірлерін айтады.\
Достарыңызбен бөлісу: |