Кәсіби практиканың жетекшісі:
- базалық мекемемен практиканың өтетін мерзімін, бағдарламасын және өту жағдайларын келіседі;
- практика бағдарламаларының, күнделіктерінің, жолдамаларының студенттерге уақытында берілуін қамтамасыз етеді;
- ұйымдастыру және қорытындылау конферен-цияларының өткізілуін қамтамасыз етеді;
- студенттерді практика бағдарламасымен, өту графигімен, базалық мекемемен таныстырады;
- студент-практиканттармен және базалық мекемелермен тұрақты байланыста болады;
- студенттердің жұмыс атқаруын және практика бағдарламасының орындалуын бақылап отырады;
- студенттердің практикадан сапалы өтуі үшін әдістемелік және нақты көмектер көрсетеді;
- практика бойынша есеп дайындауға және диплом жұмысына керекті материалдар жинауға көмектеседі;
- базалық мекемедегі практика тәлімгеріне әдістемелік көмек жасайды;
- практика бойынша есептерді уақытында рецензиялайды және қорғауды ұйымдастырады;
- практика бойынша қорытынды бағалар ведомосын деканатқа тапсырады және бағаларды студенттің есеп кітапшасына қояды;
-практика жетекшісінің есебі мен студенттердің есептерін қорғауының хаттамасын кафедраға тапсырады.
Базалық мекеменің қызметкері - тәлімгер:
студенттерге практикалық іс-әрекеттер бойынша керекті ұсыныстар мен тапсырмалар береді;
студенттердің еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
практика күнделігіне қол қояды және студентке мінездеме береді;
базалық мекеме басшысының және ЖОО жасалған келісім-шартта көрсетілген басқа да тапсырмаларды орындайды.
Студенттер болашақ практикаға сапалы дайындалу үшін оның бағдарламасымен және мазмұнымен танысып, практика жетекшісінен жұмысты ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша консультациялар алып, ұйымдастыру конференциясына және практика базасының қызметкерлері-тәлімгерлермен кездесуге қатысулары керек.
Студенттердің міндеттері:
базалық мекемеде практиканы сапалы және толық көлемде өту;
практикадан өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау;
практика жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, практика бағдарламасын толық және сапалы орындау;
практика күнделігін барлық жоспарланған және орындалған жұмыстарды көрсетіп, тұрақты түрде толтырып отыру;
практиканың аяғында жазбаша есеп дайындап, оған күнделікті, бағдарламаны, жолдаманы және практика уақытында дайындалған құжаттарды қосу;
жазбаша есепті практикадан кейінгі бір апта ішінде практика жетекшісіне тапсыру керек;
кафедра белгілеген мерзімде практика бойынша есепті қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |