Диплом жұмысы мамандық 050119 "Шетел тілі: екі шетел тілі" Орындаған: Ильчубаева Г. Р


Артикльдердің саналатын және саналмайтын жалпы есімдердің алдында түсіп қалуы



бет4/5
Дата24.04.2016
өлшемі321.5 Kb.
#85218
түріДиплом
1   2   3   4   5

2.2.2 Артикльдердің саналатын және саналмайтын жалпы есімдердің алдында түсіп қалуы

Артикль қандай да бір басқа анықтауышы бар зат есімдердің алдында түсіп қалады:

My room is large.

This book is interesting.

I want some matches.

Артикль ешқандай да басқа анықтауышы жоқ зат есімдердің алдында да түсіп қалады.

Егер зат есім қызмет немес лауазымды білдірсе, онда жекеше түрдегі саналатын зат есімнің алдында артикль түсіп қалады: Егер зат есім атаулы құрамдас баяндауыштың қызметін атқарса әрі айқындауыш болса немесе to elect – сайлау, to appoint - тағайындау, to make – жасау зат есімдерінен соң келсе, онда олардың алдында артикль қолданылмайды.

My brother is chief of this expedition.

Mark Creswell, managing panther of Interbrand Rusconsulting, said that what had happened in connection with his firm was a misunderstanding.

The committee appointed him chairman.

Артикль аналогиялық жағдайда жекеше түрде белгісіздік артиклін қолданатын болса, онда көпше түрдегі саналатын зат есімнің алдында артикль түсіп қалады.

а) Нақты жақ немесе заттың кез келген бір түрін білдіретін зат есім алдында:

Squares have four sides.

Boys like fop lay football.


б) Сөйлемдегі көрсетілген жақ немес зат неге не кімге тәуелді екенін білдірсе және айқындауыштың немес атаулы құрамдас толықтауыштың қызметін атқаратын зат есідердің алдында артикль түсіп қалады:

Both his sons are Students at Moscow University.

The test was carried out by jerry Wright and Dick Jordan, assistants to Professor hind Bergh.

в) Нақты жақ немес заттың басқа жақ немесе зат топтарынан ерекшелігі жайлы айтылғанда:

They packed the goods in bags and not boxes.

This plant is engaged in the manufacture of pumps.


г) Жалпы мағынада затты немесе дерексіз ұғымды білдіретін саналмайтын зат есімдердің алдында артикль түсіп қалады:

Russia is very rich in oil and cool.

Knowledge is power.
Қаратпа сөз ретінде қолданылатын жалпы есімдер артикльсіз қолданылады:

Cood morning, captain!

May I ask you a question, professor?
Газет-журнал тақырыптарында, хабарлама, телеграммалардағы зат есімдер артикльсіз қолданылуға тиіс болса да, үнемдеу және стилистикалық ұсынысқа байланысты түсіп қалады.

Arrival of polish Trade delegation (газет не журнал мақаласындағы тақырып белгісі).

Have sent you chegue 5,000 dollars immediately (телеграмма).
2.2.3 Артикльдердің жалқы есімдермен қолданылуы

Жалпы ереже бойынша, жалқы есімдер артикльсіз қолданылады. Зат есімдер заттардың немесе жеке атаулар болып келсе, олар артикльсіз қолданыла береді.

Ережеге сай, келесі зат есімнің семантикалық топтары артикльсіз қолданылады.


    1. Жеке адам аттары:

Reter

John Smith




    1. Географиялық атаулар – континент, ел, штат, облыс және қалалар.

Amerika – Америка

Florida –Флорида

Huston – Хьюстон


    1. Көше, алаң, парк аттарымен;

Wall Street – Уолл Стрит

Trafalgar Square – Трафальгар алаңы

Hyde Park –Гайд Саябағы


    1. Сарқырама және шығанақы атауларымен;

Niagara Falls – Ниагар Сарқырамасы

Hudson Bay – Гудзонов шығанағы


5. Әуежай және темір жол бекеттері атауларымен;

Kennedy Airport – Кеннеди әуежайы

Victoria Station – Виктория темір жол бекеті
6. Университет және колледж атауларымен;

Cambridge University – Кэмбридж университеті


7. Журнал атауларымен;

Time – Тайм

National Geographic – Нэшнл Джиографик
8. Егер жалқы есімнің алдында шенді білдіретін есім тұрса, онда артикль қолданылмайды:

General Ivanov – генерал Иванов

Doctor Brown – доктор Браун

Mr. White – Уайт мырза


9. Егер father, mother, uncle тәрізді жанұя мүшелерінің атауымен келіп, зат есім жалқы есім деп қарастырылса, онда артикль қолданылмайды және бұл жағдайда зат есім бас әріппен жазылады.

I’ll ask Father about it.

Кейбір жағдайда жалқы есімдердің алдында белгілілік артиклі қолданылады;


  1. Көпше түрде қолданылған, сол жанұя мүшелерінің тегінің атауларының алдында;

The Browns have lest London.

  1. Мемлекет, мұхит, теңіз, шығанақ және басқа да жалпы есімдердің қызметіндегі географиялық атауларды білдіретін зат есімдердің алдында;

The United States – Құрама штаттар

The Pacific Ocean – Тынық мұхиты

The Baltic Sea – Балтық теңізі

The Sahara Desert – Сахара шөлі

Белгілілік артиклі мұхит, теңіз атаулары алдындағы Ocean және Sea сөздері түсіп қалғанда сақталады;

The Pacific, the Baltic.




  1. Келесідей мемлекет, қалалардың таулары алдында;

The Grimea - Қырым

The Congo – Конго

The Hague – Гаага


  1. Өзен атаулары алдында;

The Neva – Нева

The Mississippi – Миссисипи




  1. Тау жоталары атауларымен;

The Alps –Альпа

The Apennines – Апеннина

Кейбір тау шыңдары артикльсіз қолданылады;

Mont blanc – Монблан

Everest – Эверест


  1. Арал атаулары алдында;

The West Indies – Вест – Индия

The Azores – Азор аралы

Егер атаумен көл сөзі бірге келсе, артикль қолданылады;

Lake Baikal – Байкал көлі

Lake Michigan – Мичиган көлі


  1. Шағын аралдар атаулары алдында, егер сөз peninsula зат есімімен тіркесіп келсе;

The Hindustan Peninsula – Үндістан шағын аралы

The Kola Peninsula – Коль шағын аралы

Бірақ;

Kamchatka – Камчатка



Arabia – Араб шағын аралы
8. Сот атауларының алдында;

The «Takoradi», the «Pskov», the «Titanic».


9. Қонақ үй атауларының алдында;

The «Metropol», the «Savoy».


10. Ағылшын және американдық газет-журналдар атауы алдында: The Wachington Post, The Timber Trade.
11. Мұражай, театр, галерея, концерттік залдар және басқа да мәдени нысандар атауларының алдында;

The Bolshoi Theatre – Үлкен театр

The Carnegie Hall – Карнеги Холл

The Lincoln Memorial – Линкольн мемориалы

12. Мемлекеттік өкілетті органдар, басқару, пошталық партия және ұйымдар атауларының алдында;

The Duma – Дума

The Liberal Party – Либеральді партия

The Friendship Force – Күш Достықта


13. Language жалпы есімімен тіркесте және жалқы есім алдында;

The English language – Ағылшын тілі

Бірақ: English German
14. Кейбір грамматикалық категория атаулары - шақтар, рай, етістер алдында;

The Present Perfect – Осы шақ

The Subjunctive Mood – Шартты рай

The Passive Voice – Ырықсыз етіс

Артикльдердің айтылуы - артикльдер екпінсіз сөздер қатарына жатады. Олар қолданылатын сөздермен қосыла айтылады.

А [ә]белгісіздік артиклінің түрі,дауыссыз дыбыстан басталатын сөздердің алдында қолданылады.Мысалы; a table [ә’ teibl] – стол, a book [ә’buk] – кітап.

Белгісіздік артиклінің екінші түрі an [әn] дауыссыз дыбыстан басталатын сөздердің алдында қолданылады: an arm [әn’ a:m] – қол, an egg [әn’ eg] – жұмырқа.Ескерту:

1) U дыбысынан басталатын сөздер u дыбысы [ju:] болып оқылған жағдайда a артиклі қолданылады, [j] бұл сөздегі бірінші дыбыс дауыссыз болады, an артиклі u дыбысы [Λ] оқылғанда қолданылады: a union [ә’ju: njәn] – одақ (союз), an umbrella [әnΛm’brelә] – қолшатыр.


  1. h әрпінен басталатын сөздердің алдында һ оқылмай түсіп қалған жағдайда an артиклі қолданылады. Мұндай сөздердегі алғашқы дыбыс дауысты болады және һ оқылған жағдайда а артиклі қолданылады: an haur [әn’auә] – сағат, a hunter [ә’һΛntә] – аңшы.

The артиклі мұндай сөздердің алдында [d´i:] және [d´ә]-ға сәйкес айтылады: The hour [d´i: auә], the hunter [d´ә’ һΛntә].

2.3 Көркем әдеби шығармада артикльдің стилистикалық қолданылуы

Тілдік бірліктердің стилистикалық бояулары, сөздер мен грамматикалық тұлғалардың экспрессивтік-мағыналық ерекшеліктері жұмсалым кезінде сан түрлі қарым-қатынасқа түсу арқылы сөздің әр алуан мағынасын толықтай бейнелеп, сөйлеушінің ойын дәл, қажетті арнада жеткізеді. Сөздің мазмұны, қарым-қатынастың жағдайы мен аумақ-көлемі, бағыт-бағдары әр түрлі болатындықтан, тілдік тұлғалардың бір-біріне ықпалы мен тіркесім сипаты да түрліше болады. Бірақ ол айырмашылықтар жалпыланған, типтенген тұрпатқа ие, соңдықтан олардың негізгі ерекшеліктерін айқындап зерттеуге мүмкіндік туады.

Тілдің іс жүзіндегі қызметін зерттеген кезде тілдік тұлғалардың стилистикалық мүмкіндіктерін жақсы білуден өзге, тілдік қолданыстың типтенген формалары мен мәтін түрлерін, тілдік шығармалардың өзіндік болмыс-бітімін де жақсы білу керек.

Тілдік құралдардың қолданыс кезіндегі өзгерісін, ауысу-түйісулерін не анықтайды десек, оларды ең алдымен тілден тысқары жайттар анықтайды. Сөзді қолдану кезінде оған әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Тілден тысқары жағдайларды мазмұндық және қатысымдық деп бөлуге болады. Мазмұндық жағын сөздің неге арналғандығы, дәлірек айтқанда, нақты тақырыбы анықтаса, қатысымдық жағын сөйлеуші мен қабылдаушының арасындағы жағдай анықтайды. Мұнда сөйлеушінің алдына қойған мақсат-мұраты, сондай-ақ тындаушы жақтың ерекшеліктері, білімдік, мәдени, жасы жағынан деңгей-дәрежесі ескеріледі. Тілден тысқары жағдайлар тілдік және стилистикалық құралдарды тандауға негіз болады. Соңғылары мәтіннің жалпы сипатын, оның стилін қалыптастырады.

Мәтінтануда оның пішімдік жағын зерттеумен ғана шектелуге болмайтыны белгілі. Әрине, жекелеген тілдік элементтердің стильдік бояуы мән мәтінсіз де айқындалып тұрады (мысалы: шаһар, ғарыш, самғау т.б.), сөздік тұлғалардың көгпшілігінің стильдік мәнерлілігі сонымен қатар мәтіннің ұйымдасу ерекшелігінен, оның құрылымынан туындайды. Бұл әсіресе сөздің мағыналық-стилистикалық мүмкіндігі ерекше белсенділікке ие көркем поэтикалық мәтіндерде айқын байқалады. Бұл жағдай көркем емес мәтіндерге де тән. Көркем мәтінге ең жақыны, әрине, көркем публицистикалық шығармалар. Ал көркем әдебиет пен публицистикадан алыстап, ресми немесе ғылыми саладағы қарым-қатынасқа ойысқан сайын сөз қолданым қатаңдап, дәлдікке, қарапайымдылыққа ұмтыла түседі.

Ағылшын тілінде мәтіндік деңгейде стилистикалық талдаудың әдіснамалық негізін шығарманың өзара тығыз байланысты және диалектикалық қатынаста болатын пішімі мен мазмұнының бірлігі туралы қағида құрайды. Белгілі бір мақсатқа орай, пішімнің жекелеген жақтарын бөліп алып талдауға болады, бірақ соның өзіңде оның мазмұнмен байланысын, түрлі мәтіндердегі олардың өзара қатынасын ескермеуге болмайды. Маңыздылығы жағынан мазмұн алғашқы орында, алайда ол пішімнің көмегімен бейнеленіп қабылданады (көрінеді немесе естіледі). Пішім мен мазмұн категорияларының көріну сипаты мәтіннің түріне байланысты әрқалай. Пішім мен мазмұнның өзіндік ерекшеліктері мол ең күрделі қарым-қатынасы мен байланысы көркем мәтіндерде көрінеді. Мұнда ең күрделі әрі қиыны - мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін мазмұндық категориялармен (тақырыбы мен идеясымен) сабақтастырып талдау.

Ағылшын тілінде стилистикалық талдау арқылы мазмұнның белгілі бір пішімге ие болуы - мәтіннің құрылымы анықталады. Мұнда тілдік фактілер бір-бірімен байланысыз, жеке-жеке альтбайды, қарым-қатынасы (сәйкесуі) ескеріледі. Мәтіннің құрылымдық-композициялық негізі, құрылымдық тәсілдері стилистикалық талдаудың арқауы болады. Сол арқылы шығарманың негізгі ойын, басты идеясын толық әрі терең түсінуге мүмкіндік туады.

Ағылшын тілінде мәтін - әр түрлі сапаға ие бөлшектерінің сан қилы қарым-қатынастарынан тұратын күрделі құрылым. Оның жалпы да негізгі категорияларына мазмұн мен пішім жатса, олардың да өз ұғым-категориялары бар. Алғашқысының негізгі ұғымдарына тақырып пен мазмұнның өзі жатады.

Ағылшын тілінде мазмұн — болмыстағы құбылыстар, деректер, бұлар тақырыпты ашу үшін тілдік "қырнап-жонуға" түседі, яғни тілдік жағынан игеруге алынады. Бір тақырыптың өзі әр түрлі материалда ашыла беруі мүмкін. Көркем мәтіндерден басқаларыңда тақырып ары қарай дамытылатын тезис түрінде көрінеді. Оларда тақырып мәтіннің басында айтылады, тіпті мәтіннің аты тақырыпты белгілейді. Мысалы, ғылыми мақаланың атынан-ақ онда не туралы айтылатынын түсінеміз. Ал газет материалдарында тақырып пен мазмұнның қатынасы күрделене түседі. Газетте таным нысаны туралы айтылып қана қоймайды, оқырманға әсер ету де көзделеді. Сондықтан мұндағы қатысымдық-психологиялық жағдай "тақырып" ұғымының мәнін бұрынғыдан анағұрлым күрделендіреді.

Ағылшын тілінде пішім категориясының негізгі ұғымдарына композиция мен тіл жатады. Тақырып пен мазмұн сияқты бұлар да өзара тығыз байланысты, белсенді қарым-қатынаста. Олардың қарым-қатынасының нәтижесінде жаңа ұғымдар пайда болады. Мысалы, тақырып пен мазмұнның қарым-қатынасынан идея, тақырып пен композициясы қарым-қатынасынан сюжет пайда болса, композиция мен тілдің қарым-қатынасынан тәсіл пайда болады. Осылардың бәрінің қарым-қатынасы мәтін құрылымын жасайды. Мәтінді стилистикалық талдау жоғарыдағы компоненттердің бірімен шектелмейді, олардың арасыңдағы байланыстар мен қарым-қатынастарды ашуға, демек, мәтін құрылымын талдауға бағытталады. Мәтінді тұтастай стилистикалық талдау үшін оның қандай элементтерден құралғанын, оның құрылымының негізін не құрайды, бітім-бейнесін нелер жасайды - осылардың бәрінің ара салмағын анықтау керек.

Мәтіннің негізін құрайтын элементтердің қатарына ең алдымен тақырыптың мазмұнын ашатын ұғымдар кіреді және сол ұғымдарды байланыстыратын, олардың арасындағы қарым-қатынастарды ашатын амал-тәсілдері болады. Тақырыптың мәнін ашатын ұғымдар мен олардың байланыстары мәтіннің логикалық негізін құрап, мәтін мазмұнын болмыспен байланыстырып тұрады.

Ағылшын тілінде мәтін негізін құрайтын элементтердің келесі түрін стиль құраушы деп атауға болады.  Белгілі бір мазмұнды әр түрлі тәсілдермен беруге болады. Ол үшін грамматикалық деңгейде болсын, лексика-фонетикалық деңгейде болсын тілдік құралдардың кең жүйесі пайдаланылады. Олардың қайсысын пайдалану автордың алдына қойған мақсатына, тыңдаушыға (оқырманға) қатынасына т.б. жағдайларға байланысты. Алдыңғылары мәтіннің мазмұндық жағын құраса, соңғылары пішімдік жағын құрайды. Ол нақтылы құрылған мәтінде көрініп, оның тілдік мәнерін, стильдік ерекшелігін анықтайды.

Ағылшын тілінде стиль құраушы және құрылымдық тәсілдер бірлікте көрінеді. Егер көркем және публицистикалық стильдің кей түріңде олар эмоциональды-бейнелі құрылымдар жасап, мәтіннің экспрессивтілігін, эмоционалдығын бейнелесе, ғылыми және әсіресе ресми іс-қағаздары мәтінінде олардың рационалды-логикалық құрылымын жасап, мәтіннің логикалық негізін құрап тұрады.

Кез келген мәтін даралық мәнге ие бола тұра (өйткені оны белгілі бір жағдайларға байланысты жеке адам тудырады) оларға жалпы сипаттар да тән. Өте жалпылама мәндегі ортақ белгілер негізгі функционалды стильдерді құрайды: ғылыми, ресми, публицистикалық т.б. Сонымен қатар бір стильге тән мәтіндердің де бір-бірінен айырмашылықтары болады. Мысалы, ғылыми мәтіннің сол саладағы маман мен көпшілікке арналған түрлері бірдей емес. Әр стильге тән олардың ортақ жақтары мен айырмашылықтарын мәтін мазмұнын бейнелейтін стиль түзуші тілдік құралдар мен мәтін түзуші құрылымдық тәсілдер анықтайды.

Стилішілік айырмашылықтар мәтіннің жанрлық түрлерін анықтайды. Соған қарағанда тақырыптық материалдарды сұрыптап, оларға белгілі бір пішім беру, сұрыптау, орналастыру тәсілдері жанрлық ерекшелікті құрайтын сияқты. "Жанр тікелей болмысты бейнелемейді, ал оған деген шығармашылық қатынасты бейнелейді. Ол - болмысты бейнелеудің тәсілі, оны игерудің көлемі мен өзіндік ерекшелігі" Жанр белгілі бір функциональды стиль ауқымында айқындалатындықтан, сол жанрға тән шығарманың тілдік құрамы да мәңді қызмет атқарады.

Мысалы, ағылшын тіліндегі көркем шығармаларда шығарманың жанры оның көптеген стильдік ерекшеліктерін қалыптастырады. Бұл жалпы мәселлелер десек, ішінара арасында өлеңмен жазылған роман, дастан, поэма, баллады, тіпті мысал жанырларына қарағанда, лирикалық өлеңнің тілдік-стилдік қалыбы ерекше. Әрине, лирикалық шығарма ортақ стильдік-композициялық ерекшеліктермен бірге әр ақынға, әрбір өлеңге тән стильдік белгілер болатыны түсінікті.

Жанрдың сипатын олардан өзге тілдік құралдардың байланысындағы, бір-бірімен қатынасындағы ерекшеліктер анықтайды. Өйткені олардың бәрі белгілі бір көзқарас тұрғысынан ұйымдасып жұмсалады, сол арқылы мәтін бір бүтіндікке, тұтастыққа ие болады.

Мәтін түзуші (адам) болмыстағы белгілі бір оқиға, дерек, құбылыстарды сұрыптап тандаумен қатар, оны қабылдаушыға қалай жеткізу жағын ойластырады, сөзді, оның құрылымын, тілдік құралдардың түрлерін сол тұрғыдан ұйымдастырады. Бұл орайда коммуникативтік мақсаттылықтың рөлі ерекше. Коммуникативтік мақсаттылық автор пайдаланған тілдік құралдардың қызметін, мәтін құрылымындағы олардың міндетін анықтайды. Коммуникативтік мақсаттылық жай мәтіңдерге ғана емес, көркем мәтіндерге де тән. Мәтінді, оның әр түрлі жақтарын, ерекшеліктерін зерттегенде мәтін құраушы түзілімдердің қызметіне басты көңіл бөлінеді, өйткені мәтіннің мазмұны дәл солар арқылы емес, басқаша да берілуі мүмкін. Коммуникативтік мақсаттылықты анықтауда авторлық көзқарасты, авторлық бағалауды (автор бейнесін) түсінудің маңызы зор. Соңғылары әр түрлі жанрдағы мәтін түрлерінде ашық (тікелей) түрде емес, жасырын да берілуі мүмкін. Автор бейнесінің барынша ашық көрінуі публицистикалық мәтіндерде айрықша орын алады, ол тіпті сол жанрдың ерекшелігін құрайды.

Ағылшын тілінде мәтіннің мазмұндық - логикалық құрылымы болатыны сияқты композициялық құрылымы да болады. Мәтіннің барлық мазмұндық және пішімдік элементтерінің басын біріктіріп жинақтау, бір бүтін етіп құрастыру оңай емес екені белгілі. Сол жинақтаудың өзі мәтінді, оның мазмұнын бейнелеуге қызмет етіп, оның жалпы сипаты мен жекелеген ерекшеліктерін анықтайды. Композицияның күрделі, күрделі емес жай түрлері де болады. Композиция күрделі болған сайын оның қабылдаушыға әсері де күшті болды. Композицияны күрделендіре отырып, автор сөздің әсер ету күшін арттырады, оны сенімді, қызғылықты етеді, жай баяндау маңызды өзгерістердің нәтижесінде белгілі бір композициялық түрге енеді.

Тақырыпты және оған қатысты маңызды ұғымдарды әр түрлі тәсілмен ашуға болады. Көркем емес мәтіндердің композициялық түрлері осыған байланысты анықталады. Алдымен оның басты екі түрі туралы айтуға болады: егер автор шынайы-тарихи деректердің ізбе-ізділігін баяндауды мақсат етсе, ретроспективалық (тарихи шолу түріндегі) баяндауды, ал мәселенің мәнісін жүйелік-логикалық байланыстары мен қарым-қатынастарын ашу тұрғысынан түсіндіргісі келсе, жүйелік-логикалық баяндауды таңдап алады. Бұлардың қайсысын таңдау, біріншіден, баяндау нысанының өзіне тікелей байланысты болса, екіншіден, автордың алдына қойған мақсатына, үшіншіден, қабылдаушының дайындығына байланысты.

Ағылшын тілінде баяндаудың сипаты баяндаудың түрін анықтайды. Ретроспективалық баяндаудың үш түрі бар: үзындық өлшемдегі, қатарластық өлшемдегіжәне көп қырлы өлшемдегі баяндаулар. Алғашқысыңда деректердің табиғи ізбе-ізділігі және жалпы тақырып пен оны дәлелдеп түсіндіруші сипаттаулардың арасында тура, тікелей қатынас орнайды. Қатарластыққа негізделген композицияда жоғарыдағығы қосымша, салыстырылушы оқиға, деректердің арасындағы қатынастарға ие болып келеді. Ал сан алуан (көп қырлы) өлшемді композицияда ондай байланыстардың қатары өсе түседі.

Жүйелі-логикалық баяндау мынадай композициялық түрлерді қалыптастырады: индукциялық, традукциялық және дедукциялық. Индукция жекелеген мысалдарды келтіре отырып, одан жалпы қорытынды жасауға әкелсе, дедукция керісінше жалпы мәселенің қойылысынан басталып, оның жекелеген маңызды жерлері одан кейін ашылып сипатталады. Мұндай баяңдау ресми және ғылыми сөйлеу түрлеріне тән. Ал традукцияның мәні оның ұғымдардың арасындағы көптеген кеңістік, мезгілдік, шарттық т.б. қатынастарды ашуында жатыр. Бұл ойталқы түріндегі баяндауға тән. Сондықтан мұндай баяндаулар көбіне публицистикалық және ғылыми-көпшілік стильдің жанрларына тән болып келеді.

Әрине, жоғарыдағы композициялық түрлер мен баяндаулар нақтылы мәтін (сөйлеу) түрлерінде сан алуан мәнерлегіш сапаларға ие болып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы күрделеніп, өзгерістерге ұшырайды. Ол үшін баяндаудың әр түрлі әдістері пайдаланылады. Мысалы, ұзындық өлшемге негізделген композицияда жалпы жайлар мен нақты деректердің қатынасы әр түрлі жүйелілікте берілуі мүмкін. Айталық, белгілі бір тарихи оқиға өзінің табиғи өту кезеңдері бойынша немесе керісінше, соңғы нәтижесі алдымен баяндалып, оның себептері кейін беріледі. Соңғысыңда оқиғалардың өтуіндегі реттіліктің бұзылуы себепті туатын шиеленісті жағдай қызығушылықты арттыратын әдіс (форма) болып табылады.

Ағылшын тілінде оқырманның көңілін аудару үшін оқиғалар тізбегіндегі кейбір буындарды алып тастап үзіп баяндау да хабарлаудың жылдамдығын арттыратын тәсілдердің бірі. Сондай-ақ кейбір жерлеріне айрықша көңіл бөліп, ден қойып баяндау немесе қосымша артық үстемелер қосып баяндау бұлар да автордың алдына қойған коммуникативтік мақсатына байланысты жүзеге асырылатын тәсілдер. Ал қатарластыққа құрылған және көп қырлы құрылымдарда қарама-қарсылыққа негізделген әдіс-тәсілдер жиі қолданылады. Баяндаудың ретроспективалық түрінде оны күрделендірудің жоғарыдағыдай әдіс-тәсілдері қолданылады.

Жүйелік-логикалық баяндау түрінде де оны күрделендірудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Алдымен проблемалық баяндау әдісін атауға болады. Мұнда ең басында шешілуге тиісті мәселе риторикалық сұрақ түрінде не қандай да бір баламалы формада беріледі. Одан әрі қарай оны шешу үшін деректемелер, дәлелдемелер дамытыла баяндалады.

Ағылшын тілінде композицияның одан басқа түрлерінде, мысалы, сатылыда - баяндау бөліктерінің өзара жүйелі иерархиялық қатынастарын қатаң сақтауға құрылады. Автор мәселенің алғышарттарын алға тарта, оны негіздей отырып, одан қорытынды шығарады, мұның өзі баяндау желісінің одан әрі дамуына негіз болады. Егер мұндай баяндау мәселенің маңызды тұстарын қайталай көрсетуге, экспрессивтілікке құрылса, онда бір орталыққа шоғырландыру, топтау әдісін қолданғандығы туралы айтуға болады. Мұндай тәсіл үгіт-насихат, сендіру сөздерінде қатаң логикалық пен экспрессивтілікті, қайталамалықты ұштастыра жүргізуге септігін тигізеді.

Ағылшын тілінде баяндау композициясын күрделендіріп күшейтуде жоғарыдағы баяндау түрлері бір-бірімен ұштастырыла, араластырыла жүргізіледі.

Шығарманың граматикалық, тілдік бірліктері өзінен өзі жүйеге түсе алмайды. Сол себепті оларды бір арнаға тоғыстырушы, ортақ стилистикалық жүйеге келтіруші категорияның болуы заңды. Осы стилисика ғылымы арқылы аылшын тілінде көркем әдеби шығармада артикльдің стилистикалық қолданылуы зерттеледі.

Ал енді ең алдымен стилистикалық артикль функциясына тереңірек тоқталып өтейік.

Қызмет артиклі –көрнекілік құрал және көрсетілу коды жүйелі белгі, олардың ереже қызметтері мен ережелеріне шек қойылған. Ағылшын тілінде көркем әдеби шығармада қанша дегенменде, тіл кодына – бейімделу жүйесі мен шарт жатады. Біз оларды бақылағанда немесе қарап шыққанда жоғарыда айтқандай экспрессивті ақпаратты алып тастағанда немесе беріп жатқанда оларға шек қойылуы мүмкін. Көпше түрде белгілі артикльдің тегі: The Hardys were rather late, біз білетіндей, жалқы зат есімдерде белгісіз артикілдер қолданылады:He was engaged to be married to a Miss Hubbard. Бұл екі жағдайда да функциялық - стилистикалық бояу болады. Екеуіне де сөйлесу нормасы тиісті.

Ағылшын тілінде көркем әдеби шығармада анықталмаған артикль транспозиция тегінің алдына қолданбаған кезде метофоралық белгіге баға беріледі: I do not claim to be a Caruso – мен өзімді нашар айтамын деп есептемеймін. Салыстыр: I do not claim to be Caruso – Менің атым- Карузо екенін айтпаймын. Көркем әдеби шығармада соңғы жағдайларда баға комненті ғана қойылмайды. Көп жағдайда, баға коннотациясын, формалдық белгілерін алдын ала анықтамағанда әртүрлі жағымды немесе жағымсыз бағалар болады.

Мәселен, ағылшын тілінде И.Винера «Кибернетика» кітабындағы көркем әдеби шығармалар мысалдарында өте-мөте жағымды баға қойылған: A century ago there may have been no Leibnith, but there was a Gauss, a Faza day and a Darwin. Сонымен жоғарыдағы талдау нәтижесінен, ағылшын ғылымның даму үшін белгісіз артикльдің баға ролі ерекше екенін көре аласыз. Бірақ –та көркем әдеби шығармалардың мазмұнында белгісіз артикіль тегі, адамдардың менсінбеген кейпін, ақымақ кескіндерді келтіреді.ъ

«Мәнді жұмыс» романындағы Скоби мен Г.Гринаның еңбектері ең жоғыры бағалаған болып есептеледі. Бұл көркем әдеби шығармадағы Бэтстер кейіпкері сияқты ойындағы ісін жүзеге асыра алмайды: He was a Bagster. Бұл романда Ш. Бронте «Шерли» атты еңбегінде сүйікті де мықты жігіті туралы әңгімелейді. Оның тағыдырына жалғыздық жазылған, өйткені ол Малоне немесе Сайкс сияқты ерекше танымал тұлғалардың жұбайы болуды армандайды. I will never marry a Malone or a Sykes – and no one else will ever marry me.

Оқырманның ойында Малоне және Сайкс осындай жағымсыз қасиеттері арқылы, жағымсыз образдарымен естерінде ерекше қалады. Бірақ осы жағымсыз кейіпкерлік образымен де оқырманның ойында қалатынын ерекше атап айту қажет: Elisabeth was a Tudor.

Ал енді біз келесі Дж. Элиот «Флоссдағы дирімен» романының құрылымына назар аударсақ, онда жазушы бірнеше рет Додсонның апасы жайында қайталайды «She was a Dodson», мейлінше шегіне жеткен тоғышар, тәкаппар жанұяның тоқмейілдік, мағынасыз, талап тілектерін қатыгездікпен әшкерелейді. Додсонның тегі ақ сүйектер тегіне мүлдем ұқсамайды және белгісіз артикільден сатиралық мінез-құлық туындайды. Тегінің алдындағы белгілі артикль экспрессивті болуы мүмкін және ол тұлғаның атағын немқұрайлы көрсетеді. Бұл көркем әдеби шығармада белгілі артикль көрсетілген.

Алдыңғы контекс сөзді ассоциациялайды және оған қосымша белгі береді, сондықтан да метафор механизмі үлкен роль атқаруы мүмкін. Оқырман жетіспеген үнді өзі толықтырып алады, ал артикль тек квантованды қызмет атқарады.

Мысалы, Антони Клеопатраның қаза болғанына қуана былай дейді:

I will o’erktake thee, Cleopatra,

And weep for my pardon. So it must be,for now

All length is torture: since the torch is out....

Метофорада белгілі артикль алдыңғы контекспен байланыстың бар екенін көрсетеді. Антонио оның өмірін, олардың махаббатын, және Клеопатраның өзін алауға теңейді. Мұндай мағынасы көп көркем образдан Метафорлы ықшам және маңызды кескін туындайды. Тізбекті артикльді қолданғанда оған айрықша мән беру керек. Атрибутивтік тіркестерді бірнеше тәуелді бірыңғай мүшелер мен біріңғай мүше тұйықталады. Алдыңғы артикль мен әдетте сөз тізбегі мен зат есімде көрсетіледі. Құрылымнның қиылысуы үшін артикльді қайталау қажет емес, бірақ стилистикалық функцияны орындауда қажет болуы мүмкін: Under the low sky the grass shone with a brilliant an almos artificial sheen.

Күтпеген жерден екінші артикльдің пайда болуы, келесі сөзге көңіл аудара отырып оның маңыздылығын айқындайды келесі сөз тізбегінің туындауына әсер етеді. Артикльді қайталаудың тиімділігі іспеттес, кез келген басқа детерминативтік одақпен тіркеседі және стилистикалық үдеме тәсілмен қиылысады, яғни, үдемелі ретпен орналасады. Бірыңғай мүшелер мөлшерден алшақтағанда: It began to rain slowly and heavily and drenchingly and her thoughts went down the lane toward the field, the hedge,the trees – oak ,beech, elm. Мөлшердің бұзылғанын зат есімнің алдында артикльдің қолданылмауы – мөлшерден ауытқығанын сездіреді. Ол абстракция мен қортындының ең жоғарғы дәрежесін береді. Осы әдіспен енгізілген образ өзінің дәлдігінен айырылады. В. Оденанның «Странник» өлеңінде теңіздер мен ормандардан кезіп әбден шаршаған жолаушының образы бейнеленеді. Артикльдің қолданылмауы ерекше синтаксиспен тіркеседі.

There head falls forward, fatigued at evening,

And dreams of home,

Waving from window, spread of welcome,

Kissing of wife under single sheet;

But waking sees

Bird-flocks nameless to him, through doorway voices

Of new men making another love.

Жан-жақты образдар оқырманға бақыт пен үйдің жайлылығын тек түсінде ғана сезуге болатындығын түсіндіреді.

Сонымен айтарымыз ағылшын тіліндегі көркем әдеби шығармаларда артикльдің пайдалануында ерекше авторлық стилистика қолданылады. Оны «Автор образы» деп таниды. Сонымен ағылшын тіліндегі көркем шығармалардағы артикльдің стилистикалық талдауын М.П. Брандес сөзімен қорытындылайтын болсақ «Автор образы ол көркем шығарма құрылымын көктей өтетін ішкі күретамыр сияқты, оның айналасына шығарманың стильдік жүйесі топтасады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет