2.1 Орфографиялық жаттығулар орындату
Грамматикалық материал түсіндірілгеннен кейін, жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Жаттығу жұмысының мақсаты - грамматикадан алған білімді жазу практикасында пайдалана білуге икемделу.
Грамматикалық ережені меңгеру оны практикада әске асыра білу процесінде жүзеге асады. Анықтама ережені оқушылардың түсінуі материалды игерудің алғашқы бастамасы ғана. Орфограммалардың жазылуын есте сақтап қалу үшін қайталама қабылдау қажет болады. Орфограммаларады кайталай түсу оқушыларды анализ және синтез операцияларын орындауға дағдыландырады. Жаттығу неғұрлым мол орындалса, оқушылардың материалды меңгеруі де соғүрлым жеңілдейді. Грамматикалық форманы тану оны қабылдаумен бір мезгілде жүзеге асады. Сөйтіп, орфографиялық жаттығулар орындау кезіндегі оқушылардың күрделі аналитика-синтетикалық қызметі, біріншіден, ережені түсінуге, екіншіден, орфографиялық дағдылардың қалыптасуына негіз жасайды.
Жаттығулар орындалу сипатына қарай: 1) көру сезімі арқылы; 2) есту сезімі арқылы орындалатын жаттығулар деп бөлінеді. Көру сезімі аркылы орындалатын жаттығуға көшіріп жазу жұмыстары жатады, есту сезімі арқылы орындалатын жаттығуға негізінде диктанттарды жатқызуға болады.
Көру сезімі мен есту арқылы орындалатын жаттығу ішінде сөзді дұрыс айту және оны дұрыс жазу сияқты кинеәстетикалық әлементтерге қоса, сезімдік қабылдаулар ойлау қызметімен үштасып отырады. Көру сезімі арқылы көьшіріп жазу жұмысында мынаны ескеруге тура келеді: егер әріп немесе сөз жазылмаған тексті көшіріп жазу керек болса, онда өтіліп отырған орфограмма көру сезімі арқылы қабылданбайды, оны оқушы ережені ескере отырып, ойлау арқылы табады, ал сөйлемдердегі басқа сөздерді көру сезімі арқылы көшіріп жазады.
Ойлау проқестерін дамыту сипаттарына қарай орфографиялық жаттығуларды былайша топтастыруға болады: 1) аналитикалық немесе граммаматика-орфографиялық талдау түріндегі жаттығу, 2) синтетикалық немесе текст құрау үшін сөйлемді қайта құру я өздігінен құру жаттығулары, 3) грамматикалық ерекшеліктерді топтастыру сипатындағы жаттығу немесе орфограммалардың грамматикалық жіктер мен формаларына қарай, мысалы, жұрнақұтар мен жалғаулар т.б. бөлу, 4) ұқсас немесе қарама-қарсы формалар бойынша жұмыс. Жаттығудың бұл түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты, сондықтан да оларды белгілі-бір сабақта үштастыра отырып, жаттығу орындату тәсілі жан-жақты түрлендіріп отыруға да болады. Алайда, грамматикалық немесе орфографиялық сабақтарының бәрінде бірдей бұл жұмыстарды түгелдей жүргізудің кажеттігі болмайтын жағдайлары бар. Тіпті, кейде өтіліп отырған материал сипатының өзі көрсетілген іс-әрекеттерді бір гана түрмен шектеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |