Аннотация
Бұл сыныптан тыс шараның құрылымы 3 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Оқушыларды рольдік
образдарға енгізе отырып, тақырып төңірегінде мағлұматтар беріледі. Сыныптағы барлық оқушы қамтылады. Ұзақтығы 45-50 минут жобасына мөлшерленген.
Тақырыбы: Су – тіршілік көзі
Мақсаты: Білім берушілік: су туралы тереңірек мағлұмат беру, тіршілік үшін маңызын ұғындыру.
Дамытушылық:
сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту; актерлік шеберліктерін қалыптастырып, мамандық таңдауға баулу.
Тәрбиелік:
Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу (экологиялық, экономикалық тәрбие беру).
Барысы: Мұғалім: - Білімнен жақсырақ қазына болмас,
Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.
- Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы бір нақыл сөзбен басталады. Өйткені сарқылмайтын бұлақ суына теңелген, пайдалы асыл қазына – білімді үйрену үшін білім ордасы мектепке келеміз.
Біле отырып, үйрене отырып, ненің жақсы, ненің жаман екенін пайымдап, қорытынды шығарамыз және де
сол жақсылықты бойға дарытып, өмірде жақсы адам болуға ұмтыламыз. Менің осы пікіріме қосыласыңдар ма, балалар?!
Ендеше, «Су – тіршілік көзі» деп аталатын тәрбие сағатымызды бастайық. Мақсатымыз: Судың тіршілік үшін маңыздылығын ұғыну; оны қорғауға, үнемді пайдалануға тәрбиелену.
1) Алдымен ортаға жұмбақшыларды шақырамыз:
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не? (Су)
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Тазалықтың әрі. (Су)
2) Ортаға ақындар келеді:
- Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
Су жоқ болса, тіршілік тама бауырым,
Судың
біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.