Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Психология және әлеуметтiк педагогика кафедрасы
Диплом жұмысы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
031440 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Орындаған: Педагогика және психология мамандығы 4 курс
студенті Ускентаева М.
Ғылыми жетекшілер:
Асылханова М.А. психолог.ғ.к.,
профессор
оқытушы Бейсембаева К.Д.
Кафедра меңгерушісі:
Психолог.ғ.д., профессор
Каримова Р.Б.
Алматы- 2007 ж.
М А З М Ұ Н Ы
КIРIСПЕ ………………………………………………....................……….3
1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің
даму ерекшеліктері. .…...............................................................................6
1 .2.Қабілеттіліктің танымдық процестермен
/ес/ байланысына түсінік......................................................................…11
1.3. Қабілеттердің классификациясы факторларының
ерекшеліктері.................................................................................................26
2-ТАРАУ. мектеп оқушыларының қабілеттерін оқу іс-Әрекетінде диагностикалау
2.1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері. .........................................…43
2.2.Зерттеудің классикалық әдістері...........................................................49
2.3. Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу. ...................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….....................................……….63
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...……………………………………......................................…..66
ҚОСЫМША…………………………………………………......................................….68
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы, қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Бұрынғы кеңес үкіметінде психодиагностика әдістерінің дамуы 30-50 жылға тоқтап қалғанымен, қазіргі кезде психодиагностикалық әдістерді жасау жаңа сатыға көтерілген. Психодиагностика мәселесін шешу, оның жекелеген құраушылары арасындағы қатынасты қарауды көздейді: мұғалім (диагност), оқушы (оның қабілеттері), тест /1, 2/.
В.В.Кочетков диагностикалық әдістерді екі топқа бөледі: 1. окудың жемістілігін анықтайтын әдістер (оқушының үлгерімін бағалайтын дәстүрлі әдістер); 2. педагогикалық процестің қатысушыларының қабілеттерін диагностикалайтын әдістер (мысалы: ақыл-ой дарындылығының коэффиценті) Сонымен қатар ол, бұл әдістердің қазіргі талаптарды қанағаттандырмайтынын және оларды қайта қарау керектігін айтады. /2/
"Егер бұрындары бастауыш сынып мұғалімдері ең алдымен "балаларды окуға, жазуға, санауға" үйретуі керек болса, қазіргі кезде бұл жеткіліксіз. Қазіргі бастауыш сынып мұғалімі дәстүрлі мәселелерді шешумен қатар, балаларды окуға үйретумен бірге, олардың қабілеттерін дамытуға, оқушының жеке басында керек сапаларды калыптастыруы керек" /3/. Дифференциалды ес психологиясы, есті зерттеуде көптеген әдістерге ие болғанымен, оларды оқу іс-әрекетінде ғылыми-практикалық қолдану өте күрделі мәселе болып табылады.
Классикалық есті зертгеу әдістері қабілеттерді емес, процестерді қарастырады. Бұрынғы кеңестік кездегі процестерді зерттеудің бірнеше кезеңдерін С.П.Бочарова төмендегідей көрсетеді:
1. Психика мен іс-әрекет бірлігі. Танымдық процестерді зерттеу 1920-30 жылдардағы П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.Я.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев еңбектерінен басталды.
2. Теория мен іс-әрекет бірлігі. 1940-50 жылдардағы А. А.Смирнов, П.И.Зинченко, Л.В.Занкованың зерттеулерінде ес белсенді іс-әрекет ретінде, нақтылы іс-әрекет түрінде (оқу, ойын, еңбек) қарастырылды.
3 Естің ақпараттық концепциясы. 1960-70 жылдардағы операторлар іс-әрекетінің міндеттері ақпаратты өңдеуге байланысты мнемикалық процестерді комплексті сандық және сапалық зерттеуге әкелді. П.И.Зинченко, В.Я.Ляудис, Е.В.Земелянская, Н.И.Рыжков, Г.В.Репкина, С.П.Бочарованың зерттеулерін айтуға болады.
-
Құрылымдық-функционалды концепция ақпараттық концепциямен бірге дами бастады. (П.И.Зинченко, Ю.К.Стрелкова, Г.Г.Бучетич, Е.Н.Гордон т.б).
-
Жүйелік бағыт. Жоғарғы бағыттар негізінде пайда болып, А.А.Смирнов, П.И.Зинченко еңбектерінде көрініс тапты. /2/
Ал, қазіргі уақытта В.Д.Шадриков көрсеткендей ес дамуының бірнеше бағыттарын байқауға болады: Ес – психикалық процесс ретінде: мұнда мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту, ұмытумен сипаттайды;
Ес – ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы және т.б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі;
Ес – дамушы сан қырлы қорлар жүйелері;
Ес – тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы; /5/.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының мнемикалық қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері.
Зерттеу міндеттері:
- Қабілеттер жайлы теорияларға талдау жасау;
- Қабілеттердің операционалды даму деңгейі мен сапалық құрылымын анықтау;
- Қабілеттердің функционалды даму деңгейін анықтау;
Зерттеу болжамы: окушылардың қабілеттерін дамыту, олардың есте сақгау өнімділікгерін арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады.
Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі қабілеттер мазмұны мен құрылымының диагностикасы.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып окушыларының қабілеттері.
Зерттеудің теориялық мәні: балалар психологиясының ерекшеліктерін зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі теорияларды зерттеу негіз болды (В.Д.Шадриков, С.А.Изюмова, Т.В.Зотова, Л.В.Черомошкина).
Зерттеудің практикалық мәні: оқушының қабілетінің даму деңгейін білу, оның жеке басының дамуы мен жетілуіне белгілі бір қырдан қарауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Бастауыш мектеп окушыларында ес процесінің даму ерекшеліктері.
Бастауыш мектеп жасында ес те басқа да психикалық процестер сияққы түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бала есі біртіндеп ырықтылық сипатқа иеленіп, саналы меңгеріліп және жанамалана бастайды.
Қабілеттік функцияларының қайта құрылуы, оның эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде пайда болатын әр тұрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оқу барысындағы маңыздылығын П.П. Блонский былай жазды, "оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы – ойлаушы ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру". Ойланушы ес – логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға, сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу іс-әрекетіне, ең соңында мектептегі оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының механикалық естері мен ойлаулары арасында тығыз байланыс бар деуге негіздер жеткілікті. Кез-келген материалды меңгеруде бұл жастағы балалар есте сақтаудың логикалық тәсілінен гөрі механикалық тәсіліне көбірек сүйенеді. Балалардың механикалық есте сақтауға ден қоюы, оның өмірлік тәжиірбесі мен білімінің аздығынан, негізгі ойлау операцияларының қалыптасуының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Мұның өзі логикалық естің дамуы мен қалыптасуына кедергі келтіреді. Сондықтан 1-ші сынып оқушыларын логикалық ес тәсілдеріне үйретпесе де, оларда білім меңгеру жылдамдығы мен тездігінде айтарлықтай индивидуалды айырмашылықтар байқалады .
Бірінші сыныптағыларда, бала үшін өз өмірінің эмоцияға бай мәліметтері мен оқиғаларын тіркейтін ырықсыз ес жақсы дамыған. Бірақ бірінші сынып оқушылары мектептегінің бәрін есінде сақтауға тиісті емес. Сондықтан тура ес жеткіліксіз болады /26/.
Қабілеттік процестердің дамуының ең басты шарты, баланың мектеп сабақтарына қызығушылығы, оның белсенділігі, жоғарғы танымдық мотивациясы екенінде дау жоқ.
Бірақ бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар ғана емес, соңдай-ақ сабаққа, жекеленген пәндерге деген қызығушылығын қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды. Тәжірибе жоғарғы психикалық функциялар ретінде ырықты естің дамуына тек бір ғана қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді. Бастауыш мектеп жасында естің жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тәсілдер мен стратегияларды меңгеруге негізделеді. Бірақ осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады, жиі өнімсіз болады.
Бастауыш мектеп жасында балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеттері, осы кезең бойында әркелкі және І-ІІ және ІІІ-ІҮ сынып оқушыларында айтарлықтай ажыратылады. 7-8 жастағы балалар үшін материадды ұғына, ұйымдастыра есте сақтағаннан гөрі, оны ешқандай есте сақтау құралдарынсыз өте жеңіл есте ұстаулары тән. Сыналушылардың көпшілігі қалай есте сақтаудың, есте сақтау процесінде не туралы ойладың, деген сұрақтарға көп жағдайларда жай ғана есте сақтадым, деп жауап береді Мұның өзі естің нәтижелік жағына да әсер етеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін бірдеңе арқылы есте сақтағаннан гөрі, тек есте сақтау керек деген бағыттылықты орындаған жеңіл /24/.
Оқу есептерінің барған сайын күрделенуімен, тек есте сақтау керек деген бағыттылықтың өзін ақтамауы, баланы есті ұйымдастыруы үшін басқа тәсілдерді іздеуге мәжбүр етеді. Мұндай тәсіл, көбіне механикалық есте сақтауды қамтамасыз ететін қайталау болып табылады.
Бастауыш сыныптарда оқушылардан тек көлемі жағынан шағын материалды қайта жаңғырту керектігі талап етілгенде, мұндай есте сақтау тәсілі оқу жүктемесімен орындалады. Бірақ бұл көбіне окушыларда мектепте оку кезінде есте сақтаудың жалғыз тәсілі болып қалады. Бұл ең алдымен бастауыш мектеп жасында, баланы мағыналы есте сақтауға үйретпегеннен, оның логикалық есінің дұрыс қалыптаспауына байланысты.
Есте сақтаудың ойлау тәсілдері ретінде мағыналы сәйкестендіру, классификация, мағыналы негіздерді бөліп көрсету, жоспар жасау және т.б. қолданылуы мүмкін
Бастауыш мектеп окушыларында осы тәсілдердің қалыптасу мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған арнайы зерттеулер, мнемикалық тәсілдерге үйретудің негізінде ойлау әрекеті жататындығын көрсетеді. Ол екі сатыны біріктіруі керек: 1) ойлау әрекетінің өзінің қалыптасуы; 2) оны мнемикалық тәсіл (есте сақтау құралы) ретінде қолдану /28/.
Осылайша материалды есте сақтау үшін классификация тәсілін қолданбас бұрын классификацияның өзін ойлау әрекеті ретінде меңгеру керек.
Логикалық естің дамуы арнайы ұйымдасқан болуы керек. Себебі бұл жастағы балалардың көпшілігі өз бетінше материалды мағыналы өңдеу тәсілдерін пайдаланбай, есте сақтау мақсатында, әбден сыналған құрал - қайталауға сүйенеді. Бірақ, оқу іс-әрекеті барысында мағыналы талдау мен есте сақтау тәсілдерін меңгергенмен, олар оку іс-әрекетінде оны бірден қолдана қоймайды. Ол үшін үлкендер тарапынан қозғау қажет.
Бастауыш мектеп жасының әр кезеңінде оқушылардың мағыналы есте сақтау тәсілдерінің динамикасын байқауға болады: егер екінші сыныпта олардың өз бетінше қолдану қажеттілігі пайда болмаса, бастауыш мектептің соңына қарай балалардың өзі оқу материалымен жұмыс істеу барысында, есте сақтаудың жаңа тәсілдерін іздей бастайды.
Бастауыш мектеп окушыларының ырықты естерінің дамуында, осы жаста есте сақтаудың белгілік және символдық құралдарды меңгерумен байланысты, ең алдымен жазбаша жазу немесе сөйлеу және сурет салумен байланыстағы бір аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Жазбаша сөйлеуді (3-ші сыныпқа қарай) меңгеруіне қарай балалар белгілі құралдар ретінде сөйлеуді пайдаланып жанама есте сақтауды меңгереді. Бірақ бұл процесте бастауыш мектеп оқушыларында тура есте сақтау мен еске түсіру механизмдерінің ырықты формаларының қалыптасуының жауапты сатысында басқарылмай стихиялы өтеді. Жазбаша сөйлеудің қалыптасуы мәтінді жай ғана қайта жаңғырту талап етілгенде емес, соның астарын ұқтыру жағдайында эффектілі жүреді. Сондықтан жазбаша сөйлеуді меңгеруде мәтінді мазмұндамай, оны ойдан шығару керек. Балалар үшін сөз туындатудың ең адекватты түрі ертегі құрастыру болып табылады. Бастауыш мектеп жасы ырықты есте сақтаудың жоғарғы формасы дамуы үшін сензитивті болып табылады. Сондықтан мнемикалық іс-әрекетті меңгеруге мақсатты бағытталған дамыту жұмыстары бұл кезде ең эффективті болып табылады .
Оның ең маңызды шарты, бала есінің индивидуалды сипаттарын ескеру болып табылады: оның көлемі, модалділігі (көру, есту, моторлы) және т.б. Бірақ бұдан тәуелсіз әр бала эффективті есте сақтаудың негізгі ережелерін меңгеруі керек: материалды дұрыс әрі жақсы есте сақтау үшін онымен белсенді жұмыс жүргізу және оны қалай да ұйымдастыру керек. /27/
Оқу iс-әрекеті психологиялық диагностика процесі ретінде елестетіледі. Оқу мәселелері (ауызша, жазбаша, ой жұмысы, бақылау жұмысы) диагностиканың қандай психологиялық процеске бағытталғаны тұрғысынан талданады.
Жасқа байланысты ес өнімділігінің көрсеткіштері өзгеріп отырады. Ересек оқушыларға қарағанда бастауыш мектеп оқушыларының ес өнімділігін көруге болады. Олар тез шаршайды. Мектеп өмірінің алғашқы 3-4 жылында қайталауға көп көңіл бөлінуі керек, себебі бастауыш мектеп оқушылары әлі материалды өндеу тәсілдерін дұрыс білмегендіктен, оларға есте сақтау үшін ассоциацияларды табу қиынға соғады.
"Психикалық процестерді зерттеу (немесе функцияларды) олардың бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне ауыспалы екенін көрсетеді. Мысалы: қабылдауды қарастырсаң оны естен, ойлаудан, эмоциялардан және т.б. оқшаулауға жағдай жасаудың мүмкін еместігін көреміз. Реалды қабылдау процесіне ес те, ойлау да және т.б. кіреді", деп жазды Б.Ф. Ломов /11/.
В.Д.Шадриков ұсынған танымдық қабілеттер құрылымы, олардың диагностикалық процедурасын да анықтайды. Нақтылы қабілетке сипаттама беру, тек оның басқа қабілеттермен өзара байланысын ескергенде ғана мүмкін. Мұндай диагностиканы практикада жүргізу мүмкін бе? Ол тым күрделі болмай ма? Мұндай процедура қандай болу керек?, деген сүрақтарға, ол эксперименталды тәжиірбелерге сүйене отырып, мұндай процедураларды жүргізуге болатынын айтады. Ол үшін алдымен әр танымдық қабілеттерді диагностикалап, сонан кейін алынған нәтижелерді регрессиялы талдау керек. Нәтижесінде бір қабілеттің басқаларымен байланысын бейнелейтін регрессия теңсіздік матрицасы шығады. Диагностикалаудың бұл тәсілі оларды талдаудың жаңа сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді. Қабілеттер өз табиғатынан динамикалы. Ол үнемі қозғалыста дамиды. /5/
1.2.Қабілеттіліктің танымдық процестермен /ес/ байланысына түсінік
Достарыңызбен бөлісу: |