Диплом жұмысының тақырыбы: «Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары»



бет3/5
Дата28.06.2016
өлшемі469 Kb.
#163804
түріДиплом
1   2   3   4   5

«Тосыннан сөйлеу әдісі»

Бұл ойынды 1 мектеп оқушыларымен емес, мектептер арасындағы оқушылар мен өткізген қызықты. Болмаса жоғарғы сынып оқушылар арасында өткізген дұрыс.

Бұл ойынның мақсаты мен алғышарты.

1. Ойын баланы жан - жақты ізденісте жүруіне ықпал жасай отырып, шешендік өнерінің дамуына және топ жарып көш бастаушы болуына ынталандырады.

2. Ойынның ұйымдастыру кезеңі.

1) Ұйымдастыру алқасынбелгілеу (актива, клуб мүшелері, т.б.).

2) Өткізілетін мектеппен байланыс.

3) Демеушілер табу.

4) Жарнама (ай бұрын хабарлама жасау).

3. Ал ұйымдастырушы кітапханашының міндеті:

- Кітапхана қорындағы бар әдебиеттерді пайдалана отырып қатысушыларға бағыт — бағдар беру. Бұның бэрі ойынның мақсаты мен алғышарттары.

Ал енді «Тосыннан сөйлеу әдісі» ойынының өткізілу тәсіліне тоқталайын. 1) Бірінші ойынға алынатын тақырыптар белгіленеді:

Мысалы бүгінгі таңның ен; негізгі мәселесі ауыл болғандықтан ауылға байланысты 6 тақырып белгілеуге болады.

1. Ауыл-2030.

2. Отан - отбасынан басталады.

3. Азаматына қарап — ауылын таны.

4. Өскенімді ел көрсін, игерем халық мұрасын.

5. Байлық көзі - жерде.

6. Елі байдың - жері бай.

Бұл бір ғана тақырып көлемінде яғни, ауыл жайлы. Ал, егер жан - жақты әр саланы қамтығымыз келсе:

1. Мен және әлем.

2. Мен және экология.

3. Мен және экономика.

4. Мен және мәдениет.

5. Мен және білім. Енді ойынды өткізу кезеңі:

1. Біздің әрбір тақырыбымыз белгілі бір түске боялады. Мысалы: Мен және әлем - сары түс.

Мен және экология. Мен және экономика — қызыл. Мен және мәдениет - жасыл. Мен және білім - ақ.

2. Осы түстерге сәйкес тағы да кішкене жүрекшелер дайындалып қоржынға немесе сандықшаға салынды.

3. Ойын барысында кезекпен эр ойыншы бір жүрекшеден алады да, түстері сәйкес келегн тақырыпқа бірден пікірін айтуы тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын барасында қатысушы тосыннан сөйлей алмай қалса, кезек келесі адамға беріледі.

4. Тосыннан сөйлеу кезінде қатысушы төмендегілерді ескеруі қажет.

1) тақырыптағы проблеманы дөп басып көрсету керек.

2) осы проблеманың немесе мәселенің себебі неде?

3) шешім - не жасалу керек.

4) салдар - қабылдаған шешімнің зиянынан пайдасы жоғары болатындығын дэлелдеу керек.

Міне ойын осылай өтеді.

5. Бұл ойынды бағалаушылар көрермендер. Мақсаты: көрермендердің ықыласын, ынтасын арттыру арқылы олардың да ойынға қатыстыру.



Көрермен өз бағасын қалай береді:

1. Алдын - ала мүмкіндігінше көрермендерге «жетондар» таратылады;

2. Бұл «жетондарды» әрбір ойыншының нөмірлері жазылған қорапшаларға көрермендер өздері ойын соңында салады. Әрине көрермендер ойыншының шешендігіне, тосыннан сөз саптау мәнеріне, білімділігіне т.б. көңіл аударулары тиіс.

Қорапшалар әрбір ойыншының алдында болады. Ойын соңында кімде «Жетон» көп болса, сол арылы жеңімпаз анықталады.

Бұл ойында күтілетін нәтиже: кітап қорының қаншалықты насихатталғанын қатысушыларымыздың тосыннан келіп жатқан сұраққа қиналмай дәлелдеп сөз саптауынан көресіздер.

Міне, мен балалар кітапханасына арналған ойын түрінде ұйымдастырылатын бүдаралық іс - шараны үхынып отырмын. Әрине қатып қалған заң жоқ. Дегенмен де, бүгінгі айтылған азғана ой - ұсыныстары өз іс -тәжірибелеріңізде өз мүмкіндіктеріңізге қарай ұйымдастырады деген үміттемін. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Істеріңізге сәттілік тілеймін!

Кітапхана — адамзат жасаған ақыл — ой қазынасының ең үлкені. Ғасырды ғасырмен жалғастырар дәнекер - кітапқа деген қүштарлықтың қаз-қалпында екенінде дау жоқ. Қазіргі нарық заманында қажет кітапбының бәрін сатып ала беру екінің бірінің қолынан келе бермейді, сондықтан да керек басылымдарды іздеп, оқырмандар кітапханаға жүгіреді. Қазіргі кітапханаға келетін оқырмандардың негізгі жасөспірімдер - мектеп, техникум, колледж оқушылары. Оқу бағдарламасының өзгеруі, заман ағымына сай оқушыларға деген талаптың жоғарылауы балалардың кітапханаға деген сүранысын тудырып отыр. Көпшілік арасына ғылым мен білімнің, ізгілік пен парасаттың дәнін себетін бұл отаулардың тіршілік -тынысы әр саланы қамтиды. Көзін таба, уақытын ұйымдастыра білген адамға кітапхана - өнеге ошағы, өнер ордасы...

Балалар кітапханасы - балалар әдебиетінің қазына — қоймасы мектеп бағдарламаларындағы сабақтарға ғылыми — салалық тақырыптардың, анықтамалық басылымдардың ордасы. Кез - келген мектеп кітапханалардың бола бермейтін әлемдік балалар әдебиетінің, отбасы оқуына ұйытқы қызықты кітаптардың бэрі осы ордадан табылады. Мектеп, отбасы, балалар кітапханасы - осы үш жақтың үйлесімді жұмысы жасөспірімдердің таным –тәлімінің қалыптасуына зор әсерін тигізеді.

1998 жылдың қазан айында Республикалық кітапханашылар съезі болып өтті. Осы алқалы жиынды жаңбыр тамшысына зәру шөл даладай асыға әрі көп үмітпен күткенбіз. Съезде көбіне ғылыми кітапханалар жайы сөз болды. Ертеңгі академик, ғалымдар - бүгінгі жас жеткіншектер, яғни балалар кітапханасының оқырмандары екендігін әсте естен шығаруға бола ма? Мәдениет майданының маңызды саласы - кітапханалардың ішіндегі балалар әлемі жаққа жиында жаңашырлықпен мойын бұрған ешкім болмады. Балалар ошақтарының негізгі міндеті - отбасылық оқуды қолға ала отырып, жас жеткіншектердің мамандық таңдауына және бос уақыттарын тиімді пайдалануына көмектесу.

Кітап оқу, одан ақыл - санаға қажет ләззат, азық ала білу жасөспірімдерді жақсылыққа үйретеді...

Қазіргі қалыптасқан нарық заманында осынау білім шаңырақтарының өмір сүру кепілдігі өз қолымызда. Кітапханалар мәдени - рухани айна-арнада қайтадан ілгері дамып, көш бастарлық қабілетке қол жеткізуге ұмтылуы керек.

Білім беру саласындағы «төңкерісшіл» жаңалықтарға байланысты көптеген мектептердің, басқа да арнаулы оқу орындарының кітапханалары бүгінгі күннің талабына сай жасақталмағандықтан жасөспірімдер кітапханасында, балалар кітапханаларында оқырмандар саны көбейіп, атқаратын міндеттері күрделілене түсуде.

Жаңа ғасыр табалдырығында салауатты өмір сүруге, жан — жақты білім алуға бейімделіп келе жатқан халықпыз. Салауатты өмір дегеніміз - тек тән тазалығы емес, жан - дүниенің тазалығы мен сұлулығы. Жан - дүниені байытудың ізгілікті игіліктерін кейінгі ұрпаққа кіршіксіз бұзылмаған күйінде аманаттап кетуге, кітапханашылар қауымы, әрдайым жұмыла, ұмтыла берейік!

3. Баланың оқырман болып қалыптасуында творчествалық оқу арқылы кітапхананың атқаратын рөлі.

XXI ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, қазіргі мәдени шаралар -адамзаттың ашық ақпараттық қоғамға өтуі кітапханада үлкен өзгерістер енгізуде. Мәдени шаралардың бастылары - қоғамның ақпараттануы, коммерциялануы, демократиялануы, компьютерленуі бір сөзбен айтқанда заңды түрде цивилизациялануы кітапхана жұмысын жаңа деңгейге көтереді. Оқу өзінін мөлшеріне, мативіне қарай ақпараттағы сұранушыларын қалыптастырады. Оқу арқылы әлеуметтік құны бар, мәдениетті, рухани бай, жетілген, ағартушы адам пайда болды. Адамзаттың әрбір қызметі — оқусыз келмейді. Оқу — рухани мәдениетті қалауға әсер етеді, байытады.

Сондықтан бүгінгі күннің басты мақсаты балаларды кітап мәдениетне баулу. Бірқатар әлеуметтік институтттар ішінде кітапхана - өзінің қызметі арқылы жеке тұлғаларға әсер ете білетін, олардың сұранымына қызығушылығына, тапсырыстарына жауап беретін, қанағаттандыратын мекеме. Өйткені кітапханашылар бір оқырманға жауапкершілікпен қарай отырып, кітапхананың қызметкері және барлық кітапханалар жүйесінің атқарушысы ретінде жауап қызмет көрсетеді. Теориялық зерттеу қорытындылары бойынша, жеке тұлғаға әсер ету, басқару қызметі, элі толық зерттеуді талап етеді. Кітапхананың басты мақсаты, жанұямен, мектеп, жоғары және арнаулы оқу орындаумен, көпшілік ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, жоғары талантты оқырман тәрбиелеу, олар адамгершілігі мол, интелектуалды, әдеби шығармалардағы тәжірибелерді ала беретін болуы керек. Оқырманға оқу мәдениетін тәрбиелей отырып - оның творчествалық ойлау қабілетін қалыптастырады қол жеткіземіз. Ал, творчествалық оқу дегеніміз, интелектуалды адамның динамикалық дамуына жол ашу, рухани қызметеггі белсенділігін арттыру. «Творчествалық оқу» және «Оқу өнері» деген түсінік, бір-біріне туыстас. Бірақ «Оқу өнері өзінше ерекшеленеді» Творчествалық оқу - дегеніміз, алдын - ала белгіленген, өз алдына мақсат қойған, құжаттарды іріктеу және оқылған саралап, оймен өлшеп, өзінің оған деген қатынасын қалыптастыру. Әрбір оқырманның оқу жүйесі болуы қажет. Оқу жүйесіне қарай отырып, психологиялық және әлеуметтік параметрлерін көре білу және сыртқы факторлардың әсерін сезу қалыптасады. Жеке тұлғаның творчествалық дамуын қалыптастыруда басты рөлді оқудың дамытылуы алады. Ересек адамдар яғни өзінің дамуы импульсі жоғалмағандар, оқуын өз талабын дамытудағы жұмысшыларды, өмірдің кейбір мәселелерін шешуге жұмсайды. Қазіргі кезде зерттеу жүргізу материалдарды және олардың түрлерін, жанрын, тақырыбын, әдебиеттер саласы арқылы адамның творчествалық потенциалын ашады. Оқу оқырмандарының жаңаша қызметі және оны орындауын арттырады. Оқырманның жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатты әсер ететін және көмек беретін ол өзін-өзі үздіксіз оқу арқылы тәрбиелеу.

Өздігінен оқудың шеңбері тар, ал өзіне - өзі оқу арқылы тәрбиелеудің ауқымы кең. Кітапхананың оқырманға көмекке келуі, оның қызығушылығына жауап беруі, кітапхана библиографиялық білімін насихаттау, оқырманға ақпарат легінен өзіне керегін таңдауға үйрету арқылы жасайды.

Қоғамдық мәдени, әлеуметтік саяси өзгерістерге қарай оқуға әсер ету қызметі бастайды. Соңғы кезде зерттеу қорытындысы бойынша оқудың түрі өзгереді, әдебиеттерге көзқарастардың өзгеруі арқылы түрлі оқырман топтары пайда болды. Көпшілік оқу шеңберінен идиалогиялық әдебеттер, класика, жұмыскерлер туралы романдар, колхоз құрлысы т.б. тақырыптар шығып қалды. Оның орнына көпшілік әдебиеттер (Мысалы; детективті, фантастика, синтементалды- махаббат романдары алмасты)

Сұранымның жаңа түрі - бизнес, менеджмент қаржы, заң, дін және т.б. әлеуметтік психологияда оқу қарым - қатынас құрамы ретінде қазіргі қоғамға сай дамиды.

Оқырманға қызмет көрсету ерекше қатынас құрамы және түрлі коммуникацияны әдістерімен пайдаланылады. Кітапхананы пайдалануды оқырман қызметінің құрылымындағы жеке қызмет ретінде құрастырады. Кітапхана басқада мекемелер сияқты оқырманның шығармашылық дамуына қарай қызметін өзгерте алатын орын. Дәстүрлі түрде кітапхананың үш функциясын көрсетуге болады. Мысалы: ақпараттық, педагогикалық, рекрационды - демалыс түрінде. Бұл қызметтің бэрі дердік кітапхананың дамуы мен тиімді қызмет көрсетуі арқылы өлшемді. Кітапхананың бірнеше топтары құраған, олар бір - бірімен қарым-қатынас түрлі және жеке тұлға қалыптастыруына қарай бөледі. Ғылыми және арнаулы кітапханалар, техникалық, гуманитарлы, көркем, шығармашылық саладағы оқырмандарға қызмет көрсетеді. ОКЖ және тағы басқа көпшілік кітапханалар тақырыбының әртүрлігі мен оқырман контингентінің бағытына қарай қызмет кең түрде көрсетеді. Балалар және жасөспірімдер кітапханалары арнаулы мақсатымен әдісі арқылы ерекшеленеді. Шығармашылық дамытуды арнаулы (шығармашылық одақ пен ұйым - кітапханашылары халықшығармашылық үйі т.б.) кітапханашылар атқарады, бірақ, олар жеткіліксіз.

АҚШ кітапханатанушысы Д.Х. Шира: - Оқу дегеніміз тұтас қоғам, сондықтан ол тұтас адам қалыптастырады. Ал кітапхананың құндылығы бірлестіру арқылы, жинақталған кітаптар арқылы оқырманға әсер ету — Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту өмірінің дамуы мен қоғамның даму ерекшелігіне және адам талғамына байланысты, қоғамда - жұмыскер, қоғам қайраткері, адамгершілік қасиеті мол жоғарғы мәдениетті эстетикалық құндылықтарды қадірлейтін, адамдар қажет еді. Кітапханашылардың міндеті: - жеке тұлға қалыптастыруда саяси, эстетикалық, адами, мәдени, ғылыми көзқарасты, өздігінен ойлай білетін интелектуал оқырмандар тәрбиелеу. Сондықтан тек оқырмандардың сұранысын қанағаттандырды қоймай, оның көзқарасын өзгерту, тереңдету міндеттін жүктейді: Бұл міндет түрлі басқару бағдарламаларының көмегімен түрлі оқырман топтарына және жеке оқырманға пайдаланылады. Қ.Р. егеменді мемлекет болуы кезінде -оқырманның аз оқуы қорқыныш тудырды - өйткені екінші сауатсыздық кезеңі туындап кетуі мүмкін. Сондықтан қоғам дамуына оқудың және жазудың мәдениет құрамы оның түрлі көпшілік ақпарат құралдары арқылы бүкіл дүние жүзіне тарайтынын түсіндіру қажет.

Көпшілік ақпарат құралдарымен және электронды құралдарымен пайдалана білу оқығаныңды творчествалық ойлау арқылы пайдаға асыру -творчествалық оқудың бірден бір құралы.

Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашыны міндеті болады. Жастарымыз салт - дәстүрмізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін болуы тиіс – деген Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтасақ түсінікті болуы сөзсіз.

Ел Президентіміздің «Қазақстан-2030» бағдарламасында XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағытауымыз керек деген сөздер бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы -кітапханалар кеңістігінде мектеп кітапханасының алар орны ерекше.

Ол оқу процесі қажетті құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге міндетті оқу кітапханасы педагогтерге қызмет көрсете отырып, арнаулы кітапхана қызметін атқарса, оқушыларға сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапханасы болып табылады. Сонымен бірге, мектеп кітапханалары өз жұмысын қазіргі заманғы мектептердің оқыту - тәрбие беру прцесіндегі талаптарын басшылыққа ала отырып жүргізетін мектептің құрлымдық бөлімшесі болып табылады.

Баршаға белгілі мектеп кітапханасы қатысты ИФЛА / ЮНЕСКО Манифесінде (1999 жыл, 2 желтоқсан) «Мектеп кітапханалары – кең көлемдегі кітапханалық — ақпараттар жүйесінің бір бөлімі деп мектеп кітапханасын жергілікті, аймақтық және ұлттық кітапханалар-ақпараттар жүйесінің белгілі бір тармағы ретінде көрсетіледі» Манифесте «Сауаттылықты дамыту, ақпаратты қолдану, дәріс беру, оқыту және мәдениетті меңгертуді игеру үшін мектеп кітапханасының төменгі негізгі қызмет ету аясы маңызды роль атқарады дей келе, мектеп кітапханасының рөл атқарады дей келе, мектеп кітапханасының міндеті:

- оқу бағдарламасында бекітілген және мектеп орындауға міндетті білім беруді қолдану және жүзеге асыру;

- Балалардың оқу, оқып танысу және одан қанағат алуын, сонымен бірге өмір бойына кітапхананы дамыту және қолдану;

- Білімін көтеру, құбылысты түсіну, танып білу және одан қанағат алу үшін оған жетуге дейінгі тәжірибені және ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау т.б.

Сонымен бүгінгі таңда кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуінен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсетуі қажет. Бұл жерде алғаш рет, шын мәнінде кітаппен жұмыс істей бастайды. Олардың ұлан - байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету - кітапхана қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі. Жоғарыда аталған Манифесте «Кітапхана қызметкерлері кітапханада тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электрондық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі құжаттарға дейін кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін пайдалануға ықпал жасайды» делінген (Манифест школьных библиотек ИФЛА / ЮНЕСКО. Малентьева Ю.П. Сельская библиотека: проблемы развития и преспективы: и Научно методическое пособие. - М.Издательство Либерея, 2003-71с.)

Білім беру ұйымдары, соның ішінде кітапханалары жұмысын жүргізудің әдістері туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 Бұйрығымен бекітілген «Білім жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдарда» толығынан мағұлмат беріліп, еліміздегі кітапханаларын пайдалану ережелері - 2001 жылғы 3 шілдедегі № 522 «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Бұйрығымен бекітілген «Мектеп кітапханасын пайдаланудың үлгі қағидаларында» егжей — тегжейлі көрсетілген. Онда оқырманның кітапханамен арақатынасын қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, қорды пайдаланудың жалпы тәртібін, оқырман мен кітапхананың құқықтары мен кітапхананың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Мектеп кітапханасы қорының негізін - оқу бағдарламасында, сыныптан тыс оқуда көзделген (отандық, шетелдік классика қорын құрайтын, республика тарихын көрсететін, білімнің әр - алуан салалар жөніндегі ғылыми көпшілік және анықтама, балаларға арналған) әдебиеттер құрылуы тиіс.

Мектеп кітапханасындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қоры, дәстүрлі емес ақпарат көздері оқушылар үшін білім мен өмір тәжірибесін жинақтау, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру құралы ретінде маңызды орын алады.

Мектеп кітапханалары арқылы оқушылар мен тәрбиенушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 «Білім беру ұйымдары білім ашулары мен тәрбиеленушілерін оқулықтарымен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қауылысына сәйкес жыл сайын оқулықтарды қайтарымды негізін пайдалануға: интернаттық ұйымдардың тәрбиенушілері; жетім балалар, ата - анасының қамқорлықсыз қалған балалар, даму мүмкіндіктер, бала кезінен мүгедектер мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар, жан басына шыққандығы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының балалары; денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша емдеу орындарында білім алатын балалалр ала алады.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасында: «Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрапақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру»,-деп көрсетеді. Мүндағы мақсат - тәжірибеде шыңдалған тәрбие түрлерін, әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу болып табылады.

Осыған байланысты ұрпақ тәрбиесі, қазіргі заманға лайық адам тәрбиелеу ісі үлкен жауапкершілікті талап ететін процесс. Бұл ретте қоғамның болашақ азаматтарына біліммен қатар тәрбие беруде кітапханалардың да қосар үлесі мол болмақ.

Бұл орайда мектеп кітапханалары библиографиялық білімді (кітап оның құрылысы үйі) ұғымын, кітапхана қызметін пайдалану құралдарын (анықтамалық әдебиеттер, библиографиялық құралдар, анықтамалық -библиографиялық аппараттар), оларды пайдалану жолдарын наксихаттау да белгіленген жоспар бойынша арнайы сабақ жүргізе отырып, кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес, олардың оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін (Электрондық оқу құралдарымен жұмыс жасай білуді) дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі - ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесіне сүйене отырып, өткен ғасырлардағы өмір салттарының ішінен ұлттық мүддемізге, жаңа өмір талабына сай келетін асылдарын таңдап алып, ұлттық идеалогиямызды өмір тәжірибесінен, соның ішінде ұлттық тэлім - тәрбиеден бастау, сондай ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйретіп, олармен түрлі мәдени - көпшілік шаралар жүргізу қажет. Бұл жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін, ұлттық сана - сезімін басым болуы, оны меңгеру үшін жас ұрпаққа халықтық салт -дәстүрді, әдебиеті мен өнерін түсіндіру, жеткізу керек.

Осыған орай, мектеп кітапханалары жастарға ұлттық тәлім - тәрбие беруде мынадай бағыттарда жұмыс жүргізуге болады:

1. Ұлттық тәлім - тәрбие қағидаларын басшылыққа ала отырып, бала қиялына әсер етіп, бойына ізгіліктерді ұялтатын, адамға тэн жақсы мінез -құлықтарды уағыздайтын, сонымен бірге жаман, жат қылықтардан аулақ болуға шақыратын тәрбиенің аса қажетті ұлттық үлгілері - ерліктері туралы ертегілер, дана халқымыздың кемеңгер ойының тобықтай түйіні болып табылатын мақал - мэтелдер, бала мінезінің, оның дүние танымдық болмысының қалыптасуына, өсіп жетілуіне тигізетін ықпалы зор тыйымды сөздер, нақтылы сөздер, тәрбиелік мәні бар өлең - жылдар, аңыз-әңгімелерді;

2. Батырлық, ерлік үлгілерін оқыта отырып, Түрік әлемінің тағылымдары: тасқа қашып жазылған - кескілескен шайқастардың, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың ежіресі, батырлық эпосының алғашқы үлгісі - «Орхон - Енисей жазуының» мазмұнын, эпостық жырлар, хисса -толғаулар, Отырар қаласының ерлігін т.б.;

3. Үлылардың өнегелі өсиетерін насихаттай отырып, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунасыр Әл — Фарабидің өмірдің мән мағынасын, оқу мен білім, адамгершілік жайлы толғауларын, Ж.Баласағұнның «Құтты білігіндегі» терең ойлы толғамдарын, Махмуд Қашқаридің «Түркі тілдері сөздігінен», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметінен»

4. Халық поэзиясын оқыта отырып, жырау мен жыршылар, халық ақындары шығармалары - ұлттық (тіл, діл, дін, мәдениет, тарих, әдебиет) рухани кемелдену көзі екендігін;

5. Халықтық эдет - ғұрып, салт-дәстүрді үйрете отырып, әр ұлттың тілі мен дінінен кейінгі ерекше белгісі салт - дәстүрі екендігін, әрбір халықтың тұрмыс тіршілігіне, наным сеніміне байланысты қалыптасқан өмір салты арқылы салт - дәстүрлері пайда болып, ол бір ұрпақтан екіншісіне ауысып отыратындығын, ұлттық салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар, ырым-жолдар құрамына адамгершілік, эстетикалық, этикалық, діни тұрмыстық ережелер кіретіндігін, олардың адамдар арасындағы қалыпты қатынасының сақталуын, үлкен мен кіші арасындағы байланысты, еңбек етудің қалыптасқан тәжірибесін жалғастыруға, ұлттық мәденит пен тарихты қадірлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті сақтауға жағдай жасайтындығын түсіндіру.,

Мектеп кітапханасында тәлім - тәрбие беруде төмендегі жұмыс түрлерін пайдалануға болады:

1. Кітапты насихаттау (әңгіме, кеңес беру, оқу жоспарлары)

2. Библиографиялық жұмыс түрлері (библиографиялық шолулар, әдебиеттерінің ұсыныс тізімдері, библиографиялық сауалдар мен жауаптар)

3. Карточкалар (өлкетану картотекасы, тақырыптық карточкалар)

4. Анықтама - библиографиялық аппарат (алфавиттік және жүйелік каталогтар)

5. Көрнекіліктер (кітап көрмелері, плакаттар) Мәдени - көпшілік жұмыс түрлері (ертеңгіліктер, жарыстар, сұрақ - жауап кештері, әдеби кештер, диспуттар, рольдік ойындар, конференциялар, Ақпарат күндері, қызығушылар клубы т.б.)

Халқымыздың ұлттық тәлім - тәрбиесі, халық педагогикасы -халқымыздың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ғасырлар бойы жинақталған ой -пікір, білім, тәжірибелер жинағы. Ол - құдіретті тәрбие кітабы. Ол -халқымыздың кітабы. Ол - халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қағидаларында, жөн - жосығында, сөз өнерінде, тарихы мен мәдениетінде, әдет - ғұрып мен салт - дәстүрінле, поэзияда. Біз, мектеп кітапханалары, соны ұрпақ бойына тәрбие арқылы дарытып, сіңіре білсек, халқымыздың қасиетті өнегесі мен оның қуатты күші қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, отансүйгіштік сияқты құбылыстарды игерулеріне ықпал етіп, жастарды адамгершілікке, еліне, жеріне, тіліне дәстүріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелейтіндігі анық.

Ақпарат кеңістігіндегі кітаптың басты ролі

Өркениетке ұмтылған ұлттың рухани, саналы, мәдени келешегі айқындалатын маңызды көрсеткіштердің бірі балалардың кітап оқу деңгейі.

Кез - келген ұлттың келешегі үшін өскелең ұрпақтың кітап әлеміне бойлай ену процесінің орны ерекше. «Кітап оқудың теле - бейне мәдениеттерінен озық ерекшелігі мынада: кітап оқу - еңбек, яғни тартымды, рахат сезімге бөлейтін еңбек. Еңбек, тек қана адам бойында осы қасиетті ашып, оның оқырман болуына алғышарт жасайды.»

Балалар кітапханасының міндеті - баланың айнала қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін кітап оқуға деген қызығушылығының қалыптасуы және дамуы үшін жағдай туғызу.

Баланың кітап оқу процесі өте күрделі процесс. Осы процесте соңғы кезде байқалып отырған мынадай тенденцияаларды атап өтуге болады:

- оқушылардың ақпарат пен әдебиетке деген мүдделік қажетілігінің шұғыл артуы;

- мектеп бағдарламасы бойынша оқитын балалардың көбеюі;

- қыздар мен үлдардың оқу өрісіндегі айырмашылықтардың ұлғаюы;

- Кітапқа қарағанда журналды көп оқитын жасөспірімдер үлесінің артуы;

- Жаппай мәдениетке балалардың, әсіресе, жасөспірімдердің кітап оқуына әсерінің күшеюі (шым - шытырақ оқиғалары, психологиялық шиеленісті триллерлер, махаббат туралы, яғни «әсіресе қызыл» әдебиеттің танымдылығының артуы;

- Кітап оқу тек уақыт «өлтіру», алданыш деген түсініктің басымдығы;

- Мектеп жасына дейінгі баланың кітап әлеміне кеш енуі;

- Қолдана оқитын кітабы жоқ төменгі сынып оқушылары мен жасөспірімдердің кейбір топтарының оқуға деген ынтасының төмендеуі;

- Ережеге сай жасөспірімдердің кітап оқу ынтасының әсерлеуі,

- Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытында кітап оқу үлесінің қысқаруы;

- Көңіл қалаумен кітап оқудан «Іскерлік» оқудың басымдылығы.

Соңғы жылдардың негізгі тендецияалары ретінде оқудың рөлін жоғалтуын, білім беру мен білім алудың беделінің төмендеуін, сауатты, көзі ашық халықтың біраз бөлігінің «қара қазан, сары баланың» қамын жел, басқа салаларға ауыл кеткен, сондай — ақ бейкітап мәдениет түрлеріне бағдар ұстап отырған атап өтуге болады. Осы күні кітап оқу көбіне ақпаратты -прагматикалық мүделерді ғана қанағаттандыруға бағыт алып, жалпы мәдениет, эстетикалық және сезімдік мүделері қалтарыста қалып қоюда. Сонымен бірге жақын арада кітапты Интернет ауыстырады деп байбалам салудың да еш қажеті жоқ. Экономикасы қарқынды дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, ақпараттық технологиялардың жаппай таралуы. Кітап оқу дағдыларына бұдан да үлкен талаптар қоюы мүмкін. Өйткені, ақпараттық электронды құралдарын меңгерудің алғышарттары әрқашан тез және шеберлікпен оқи білу болмақ. Интернет жүйесіне бүгінгі таңда екінің бірінің қолы жете бермейтіні анық. Ақпараттандыру саласы күшті дамыған елдер күн өткен сайын кітапқа жақын ұрпақты өсіруге және бала бойында әдебиет пен кітап оқуға деген құштарлықты тәрбиелеуге үлкен назар аударуда. Кітап оқу жоғарыдаму сатысында түрған және әлеуметтік құнды адамның қасиеттерін қалыптастырады. Мұндай қасиетке ие адам болашақта да кеңінен ойлайтын, алыстан шолып, жақыннан болжайтын, шапшаң шешім қабылдауға бейімді, тілі шешен, қаламы жеңіл, есте сақтау қабілеті жоғары адам ретінде танылмақ.

Сауатты оқырман, эдетте сауатты көрермен бола тұра ақпаратты іздеп - тауып, бағалап қана қоймайды, сондай - ақ қолындағы ақпаратты дұрыс және үлкен шеберлікпен пайдаланып, өз жұмысында қолданатын жаңа құралдарға айналдыра алады. Жаңа ақпараттық техналогияларды өмірдің сан саласында кеңінен пайдалануға байланысты халықтың ақпараттық сауаттылығына үлкен көңіл бөлінеді. Дегенмен, ақпараттық сауаттылық оқырмандық сауаттылық болып табылады да, мына сауалдарға жауап беруге тиіс: - не істеу қажет (қажеттіліктердің тұжырымдау және талдау);

- ақпаратты қалай алу керек (нақты ресурстары іздестіру және табу);

- қандай ресурстарды пайдалануға болады (нақты ресурстарды зерттеу, таңдау және бағалау):

- ақпаратты ұсыну жолдары.

Міне, осы аталған, блоктардың әрқайсысы, соңғы үш блок, пайдаланушылардан білім мен іскерлікті талап етеді. Нағыз білім мен іскерлік талап етеді. Нағыз білім мен іскерлік нағыз оқырманның бойында ғана қалыптасады.

Жаңа технологиялар ғасыр ақпаратты пайдаланушылардан үлкен икемділікті де талап етеді. Визуалды сауаттылыққа қол жеткізу үшін де электрониканы басқару дағдылары сияқты дәстүрлі сауаттылық дағдыларын меңгерген жөн. Сондай - ақ кітап ақпарат көзі болып қана қоймай, бала өмірінде маңызды орынға ие болды. Өйткені ол баланың сезімдік, ой -сананың және әлеуметтік жекілуіне қолдау көрсетеді. Яғни кітап баланың ой

- санасы мен сезімін, тілі мен білімін жетілдіреді.

Балалар мен жасөспірімдердің өмір салты күн өткен сайын өткізуге. Көпшілік кітапханалар мұндай өзгерістерге дер кезінде көңіл бөлуі қажет. Сонымен екі мәселеге тоқталса.

Балалардың өмірде қандай өзгерістер болды және бұған балалар кітапханаларының қатынасы қандай?

Осы өзгерістерді ескере отырып, балаларға арналған кітапханалар қандай жолмен жүруі тиіс?

Балалар кітапханалары баланың қосымша кітап оқуында және балаларға арналған ақпаратты дамытуда зор, мүлде ерекше роль атқарады: балалардың кітап оқу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беріп, олардың бойында кітапқа деген құштарлықты қалыптастыруға көмектеседі. Ол бұл сауаттылық пен оқуға деген өмірлік талпыныстың алғашқы сатысы.

Бала үшін сауаттылық пен дамытудың басты қайнар көзі ретінде кітаптың маңызын ашу балалар кітапханаларының басты міндеті болып табылады.

ЮНЕСКО-ның көпшілік кітапханалар туралы манифесінде атап көрсетілгендей, «кітапхана дегеніміз, жеке тұлғалар, сондай - ақ жекелеген әлеуметтік топтардың өмір бойы үйренуін қамтамасыз ететін білімге жол бастаушы»

Осы манифесте сәйкес кез - келген кітапхананың басты миссияларының бірі білім беруге, сауаттылық пен мәдениетті қалыптастыруға көмектесу. Балалармен жұмыс істейтін кітапханашылар үшін, бұл ең алдымен:

- төменгі жастағы балалар арасында кітап оқу дағдыларын қалыптастыру және нығайту;

- балаларды қиялдауға және белсенділікке ынталандыру;

- барлық жастағы топтарға арналған бағдарламалары қолдау және оларды жүзеге асыруға қатысты;

Сондықтан біз балаларды кітап оқудың толық жатқан пайдалы жақтарымен таныстыруымыз керек. Кітап жаңа әлемінің есіктерін ашады. Сөз жоқ, кітапханалар бірінші кезекте балаларға қызмет көрсету саласын жетілдіруі тиіс. Ол балалармен жүргізілетін жұмыста кітапхана Оқырманды қалыптастыру деген ең басты мәселені үнемі назарда ұтауы қажет. Ал ақпараттық технологияларды балалар кітапхананың көмегінсіз меңгере алады. Кітапхана тек ақпарат көздеріне жол сілтеп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызады. Баланың оқырман ретінде қалыптасуы балалар кітапханасы сәби шақтан бастап араласуы тиіс. Ол кітап оқуға деген қызығушылықты ынталандырушы рөлін атқарады. Бала кезден оқырман ретінде қалыптасып үлгермесе, болашақта өмір бұған қалдырмауы мүмкін.

Сауаттылық және оқырман мүддесі мен оқырмандық дағдыларды дамыту, сөз жоқ, балалар кітапханасы жұмысының басты бағыты, өйткені:

- оқырман ретіндегі атқарылатын жұмыс түрлерінің негізін құрайды (танымдық, сабақ оқу, еңбек қызметі).

Жоғарыда аталғандай балалар кітапханаларының қызмет түрлері мына бағыттар дамуы тиіс:

Ерте жастан оқуға қамқорлық. Ерте сэби шақтан бастап кітапты сүйіп өскен адам ғана нағыз оқырман ретінде қалыптасады. Міне, дәл осындай балалар үшін кітап өмір бойы интеллектуалдық, сезімдік және эстетикалық даму көзі болып табылады. Шетел кітапханаларының басым көпшілігі қазіргі таңда 4-ке толмаған сәбилер мен олардың ата - аналарымен жұмыс істеуге бағдарлануы тегін емес. Баланы кітап пен оны оқуды сүюге үйрету, әсіресе сәби жаста оңайға түседі. Ал жасы 10 - нан кітапханашылардың маңызы біздің техникаланған ғасырымызға маңызды біздің техникаланған ғасырларымызға да тән. Кітап оны оқуға ерте жастан тарту мектеп жасына дейінгі кезеңдегі тәжірибенің негізгі бөлігі болып табылады да, бала оқырман ретінде өскен сайын күшейе түсуге тиіс Балалар мен ата - аналар кітаптың ажырағысыз дос екенін жеткізу арқылы кітапхана баға жеткісіз еңбек атқарады.

Отбасылық кітап оқуды ынталандыру. Отбасы балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тартуға әсер ететін аса маңызды және алғашқы орын (институт). Ата - ана өз баласын кітап оқудың жағымды - жағымсыз түрлерімен таныстырады. Балалардың кітап оқуын ынталандыра отырып, отбасы баланың басқа да мәдени және интелектуалдық қырлары ашылуына септігін тигізеді.

Балалар кітап оқуға қарым - қатынас, оқырман мәдениетінің меңгеруі көп жағдайда ересектердің үлгісіне байланысты қалыптасады. Отбасы баланы әдеби мәдениет элеміне ең алдымен жетелейтін ерекше әлеуметтік институт.

Қазіргі таңда отбасылардың әлеуметтік - тұрмыстық жіктелу процесі жалғасып және күнге кешейіп келе жатқандықтан, балалық шақ деген қоғамдастықтың да жіктелу жүріп жатыр. Мүмкіндіктер теңсіздігі немесе «теңсіз сарт» бала өмірінің алғашқы жылдарының өзінде - ақ байқалады.

Егер кейбір отбасыларда балаға әдеби көркем білім берумен мектепке дейін айналысса, ал кейбір отбасылар бұл іспен мүлдем шұғылданбайды.

Отбасының оқырмандық атмосферасы баланы кітап оқуға баулуда өте үлкен маңызға ие. Бірақ көптеген отбасыларда осы күнге теле және бейнехабарларды көру ерекше орын алып отыр. Ата - аналардың көпшілігі балаларын кітап оқуға баулығысы ақ келеді, бірақ олардың бұған дайындығы мен баланың оқырман ретіндегі ерекшелігі білу жетіспей жатады. Ата -аналардың тек аз ғана бөлігі баланың дамуына үлкен көңіл бөліп, отбасылық кітап оқу ұйымдастырады. Өкінішке орай, ата - аналардың көпшілігі балаларға арналған кітаптар туралы жеткілікті хабардар емес, сондықтан отбасылық кітап оқудың репертуары жұтан, кездейсоқтық сипатқа ие.

Төменгі мектеп жасында бала өз бетімен оқитын жеке оқырманға айналуы тиіс, оның оқырмандық талап - тілектері қалыптасуы керек. Алайда, осы жаста балалар міндет бойынша оқиды да, бұл оқуға деген ынтаны төмендетіп, тіпті кейде оқуға деген ынтаның мүлдем жолығуына әкеліп соқтырады.

Төменгі сынып оқушыларының кітап оқу процесін зерттеу (атап айтқанда 3-ші сынып оқушылары) көрсеткендей:

- қажеті рухани азық жетіспейді, яғни балалардың оқу репертуарында ғылыми - танымдық әдебиет аз, олардың оқырмандық аясы тар, жұтаң;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет