3.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқа заседательдері институтын енгізу мәселесі.
Конституцияның 75-бабының 2-тармағына сәйкес, Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізі алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Әділет Министрлігінің қолдауымен Парламентке алқалы заседательдері туралы заң жобасын ұсынды.
Мұндай соттар көптеген еуропалық мемлекеттерде, соның ішінде Ресейде, АҚШ-та, Канадада қызмет етеді.
Бізге сот қажет, бірақ қандай?
Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен шетел гуманитарлықұйымдармен талқылау жүргізген болатын: Қазақстанда алқа заседательдері бола ма не болмай ма?
Алқа заседательдері сотының концепциясы жасалған. Қай жолмен дамитыны қоғамға байланысты. Дүние жүзінде мұндай соттардың екі жүйесі бар: англосаксондық және континентальды. Англосаксондық жүйе бойынша, сот құрамына кәсіби судья және 12 алқа заседательдері кіреді. Практик-заңгерлерлердің пікірі бойынша, бұл жүйе толығымен ақталмаған және шығынды, бұл жүйе бойынша әдеп-ғұрыптар мен тарихқа құрмет көрсетілген. Егерде осы жүйені Қазақстанға енгізетін болсақ, алдын ала есеп бойынша 26 миллиард тенге қажет. Бұл жағдайда ол қоғам талаптарына сай бола ма: егерде сот құрамына мамандар емес жай адамдар кірсе, әділетсіз шешімдердің көп болуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанға тиімдісі континентальды моделі. Бұл модель көптеген мемлекеттерде жетістікке жеткен: үкімді кәсіби судья мен 2-4 алқа заседательдері келісе шығарады. Алқа заседательдерінің кәсіпқойлықсыздығын сол істі қарап жатқан судьяның кәсіпқойлығы мен тәжірибесі орнын толтырады. Екінші жағынан қаржыландыру жағынан да тиімдірек болып табылады.
Ұлыбританияда алқа заседательдер сотының құрылуы көп ғасырларға созылды. Бұрынғы кезде сот айыпталушының кінәлігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені табиғи күштердің көмегімен шешетін.1215 жылы Ұлыбританияда Ұлы бостандық Хартиясы қабылданды. Осы құжат парламенттің пайдасына король билігін шектеді, осыдан кейін алқа заседательдер соты дами бастады. Осы кезден бастап азаматтар қылмыстық, азаматтық істер бойынша “көмекші” ретінде қатысты. Тәртіп бойынша бұл азаматтар іске судьялар ретінде емес куә ретінде қатысатын және олардың пікірлерін корольдік судьялар елемейтін. Бірақ, XV-ғасырда бұл азаматтар істі мәні бойынша шешетін. Бұл процесс кейіннен Ұлыбританияның колонияларына тарады: Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Африка.
XVIII-ғасырдың аяғында Францияда революциядан кейін корольдік билікті шектейтін сот ұйымы туралы декрет қабылданды. Нақты осы декретпен демократиялық әділеттіктің негізі қаланды. Осы декрет бойынша ассиздер, яғни алқа заседательдері сот жүйесінде маңызды рөл атқаратын. Осыдан кейін француздық алқа заседательдер соты ұзақ даму кезеңінен өтті. Англосаксондық және американдық жүйелерден айырмашылығы:
- судьялармен бірге айыпталушы мен куәлерден жауап алады;
- судьялармен ақылдаса үкім шығаратын.
Бірақ бұған қарамастан, көптеген елдерде өзінің ұлттық ерекшеліктерін және құқықтық әдет-ғұрыптарын ескере отырып, ағылшын тәжірибесін қолданылады. Мысалы, 1864 жылы Ресейде жалпы және әлемдік судьялардан тұратын сот жүйесі құрылған болатын. Сол кезде өте ауыр қылмыстар бойынша істер судья және алқа заседательдерінің қатысуымен қаралатын. Ресейдегі жүйе француздық модель бойынша құрылған болатын. Алқа заседательдер соты Ресейде 1917 жылы алынып тасталды. Бірақ, 1993 жылы Ресейдің 9 ауданында алқа заседательдер соты тәжірибе ретінде қолданыла бастады. Алқа заседательдер сотының қызметіне заңгерлер, судьялар, прокурорлар теріс баға берді. Мысалы, Нидерланды мен Германия алқа заседательдер институтын қолданудан бас тартты. Алқа заседательдер институты Австрияда, Бельгияда, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Канадада, Данияда және АҚШ-та жақсы дамыған.
Енді алқа заседательдері институтының кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастырайық.
Артықшылықтары:
-
биліктің тәуелсіз тармағы ретінде, халықтың сотқа деген сенімін арттырады;
-
алқа заседательдері үкімді әділетті сезім негізінде шығарады. Осылайша қоғамға өте қауіпті емес құқыққа қайшы әрекет жасағандарға жаза мөлшерін азайтуға немесе тіпті жауаптылықтан босатуға болады.
-
сот қателіктер мүмкіндігін төмендетеді. Мысалы, тергеудің сапасыз қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері:
-
қарапайым халықтан кездейсоқ сайланатын алқа заседательдері сот жүйесінің маманы болып табылмайды және кейбір кезде жиналған дәлелдемелерді дұрыс талдай алмайды;
-
үкім толығымен қорғау не айыптау жағының шешендігі мен айлакерлігіне байланысты болады;
-
алқа заседательдері көбінесе ақтау шешімдерін шығарады, осылайша көптеген айыпталушылардың жағдайын жақсартады. Мысалы, жай соттарда ақтау шешімдері 0,5 пайызды құрайды, ал алқа заседательдері сотының ақтау шешімдері 10 пайызға дейін жетеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты континентальды немесе аралас жүйені енгізуді ұсынды. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшелері негіз ретінде классикалық моделін енгізуді ұсынды. Олардың пікірінше, ұсынылып отырған жүйеде шешуші сөзді кәсіпқой судья айтады, ал бұл жағдай алқа заседательдер қызметі идеясын теріске шығарады. Ал классикалық модельде шешуші сөзді алқа заседательдері білдіреді. Сонымен бірге, олардың пікіренше, судьяны алқа заседательдерімен бірге кеңесу бөлмесінде қалдыруға болмайды. Себебі ол қарапайым азаматтарға қарағанда тәжірибесі мол, өз саласының маманы және білдірілген пікірлер ішінде басымдыққа ие бола алады.
Бұған қоса, алқа заседательдері қызметі жағдайында тараптардың жарыспалылығы ұлғаяды. Бұл тараптардың, соның ішінде мемлекеттік айыпталушының жұмысқа деген жауаптылығын артады. Сонымен қоса, практикада судьяны негізінен “қатаң үкім” шығарады деп санайды. Егер де ол “жеңіл үкім” шығарса, сотталушы жағында деп есептейді ,яғни оның қатаңырақ үкімі – бұл онша әділетті емес. Алқа заседательдері сотында судья шешім қабылдауда бейтарап болуға мүмкіндігі көбірек.
Сонымен бірге, сотталушының ісі бойынша пікірі құқық қорғау органдары дайындаған материалдары негізінде процесске дейін қалыптасады. Бұл жердегі кемшілік - судья қорғау жағының материалдарымен тек сот процесі кезінде таныса алады. Ал классикалық модельде, судьяның процесске дейін іс материалдарымен танысуға мүмкіндік болмайды. Судья алқа заседательдерімен бірге айыптау мен қорғау жақтарының дәлелдері мен позицияларын қарастырады.
Алқа заседательдеріне кандидатуралардытаңдау жүйесі соқыр сайлау негізінде жүзеге асырылады.Мысалы, 100 кандидатуралар тізімінен 12 алқа заседательдері таңдалады. Бұл таңдауда гендерлік, этникалық, конфессиональдық баланс міндетті түрде сақталуы керек. Мысалы, АҚШ-тағыдай ақ адамның ісін 12 афроамерикандар қарамауы қажет. Алқа заседательдерінің тізімін сот секретары анықтайды деген пікір айтылып жатыр.
Негізінен мұндай жауапты істі қызметі жауаптырақ тұлғаға тапсыру қажет, бұл процедура толығымен болуы қажет.
Алқа заседательдеріне процесс үшін судьяның жарты жалақысына теңелетін ақы төленуі көзделіп отыр. Сонымен бірге, алқа заседательдері қолданылатын жаза мерзімі 15-20 жыл болатын, ауыр немесе өте ауыр қылмыстарды қарастырады.
Сотталушы ерікті түрде ісі алқа заседательдер сотымен қаралуын шешеді. Мысалы, Ресейде мұндай тәжірибені қолдануда. Алқа заседательдері соты тәжірибесінде маңызды мәселе: олар тараптарға тікелей сұрақ қоя алмайды, тек қана судья арқылы.
Алқа заседательдерінің қатысуымен нақты қандай істер қаралуы мүмкін, оның құрамы қандай болу керек деген мәселелер болашақта ғылым және тәжірибе жүзінде өз шешімдерін таба жатыр.
Қорытынды
Қазақстан Республикасындағы “сот билігі” институты туралы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік тоқтамдар мен ұсыныстарды аяқталды деп есептеуге әлі тым ерте.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың мазмұнына жүгінсек, аталған тақырыптың кең ауқымын, өміршеңдігін байқауға болады.
Сот жүйесін дамытуда жасалған маңызды жетістіктер: алқа заседательдері институтын енгізу мәселесінің нақты түрде қаралуы, экономикалық және әкімшілік соттардың құрылуы. Сот реформасы жақсы дамығанымен, судьялар өздеріне берілген құзырет шегінде үлкен мөлшердегі жұмысты атқаруға мүмкіндіктері жоқ. Сонымен бірге заңдар мен Конституция арасында сәйкессіздік болатын жағдайлар, судьяларды негізгі қызметінен оқшауландырады.
Соттарды реформалау жүргізілген жылдарда құқықтық база кеңейіп, сот төрелігіне қол жетімділік артты. Бүгін сотта өз құқықтарын талап ету мүмкіндігі ешқандай шектелмейді. Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігінің нанымды шындығы – соттардың орындайтын жұмыс көлемінің өсуі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 10 жыл ішінде соттарға келіп түскен азаматтық істер 97710-нан 188860-қа дейін, яғни есеге өсті. Соттар азаматтардың шағымдары мен арыздарының 90% астамын қанағаттандырады, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру кепілдігінің жоғары дәрежесі туралы куәландырады.
Сонымен қатар қазақстандық заңгерлер басқа мемлекеттердің заңгерлерімен халықаралық қатынастары жақсы дамып келеді. Мысалы ретінде Жоғарғы Соттың төрағасы Кайрат Мамидің АҚШ-тың Жоғарғы Сотының судьясымен Сандрой О’Коннормен, Түрік Республикасының әділет министрі Джемиля Чичекамен және т.б. кездесулерді айтуға болады. Бұл кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері жақсартылады.
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдыстықта жақсы беделге ие. “Халықаралық соттық реформа” ұйымының төрағасы баронесса Вивьен Стерн Қазақстанның соттық-атқарушылық жүйесі жақын уақытта Орталық Азия елдеріне үлгі бола алады деп пікір білдірген болатын. Көптеген шетелдің жоғары лауазымға ие тұлғалар Қазақстанды Орталық Азиядағы саяси және экономикалық, құқықтық реформаларды жүзеге асыруда лидер ретінде таниды.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, соның ішінде сот жүйесі халықаралық талаптарға сай дамымай, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларында жетістікке жетуге қиынға соғады.
Қазақстанда демократиялық бағыттағы дамыған сот жүйесін құруда айтылып кеткен жұмыстар жүзеге асырылуда. Осындай қызметтерді жүзеге асыру арқылы осы жылы Президенттің халыққа жолдауында көзделгендей Қазақстан 50 дамыған мемлекеттердің құрамына кіретініне сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Нормативтік актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция Республики Казахстан. Алматы: “Қазақстан”, 1998, 96-б.
2. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б.
3. “Жоғарғы Сот Кеңесі туралы” 2001 жылғы 28 мамырдағы № 203-II ҚР Заңы.
4. «Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234 ҚР Заңы.
-
Арнайы әдебиет:
-
Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.
-
Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004
-
Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2003. – 146 бет.
4. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет
-
5. Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.
6. Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.
7. Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.
8. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.
9. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.
10. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.
11. Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998. 6-бет.
12. Баглай М.В. Конституционное право Российской федерации. – М., 1998.-612-613 бет.
13. Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Росии. М. 1995. С.33
14. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда,2001
15. Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. – М., 1997. – 20-бет
16. Судоустройство и правоохранительные органы в РФ/ В.И.Швецовтың жалпы редакциялығымен, - М., 1997.- 27-33беттер.
17. Кальсин И. Свобода слова и правосудие. Жинақта: Журналист у судебного барьера. – Алматы, 2001. – 28-бет.
18. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы.-М., 1996 - 55 бет.
19. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы РК. – Алматы:Дәнекер,2000. – 11-бет.
20. Кудряцев В.Н. Право и поведение. М. 1988. С.118.
21. Международно-правовая защита прав и свобод человека. Сборник документов. М.1990. С.324-329
22. Обязанности суда, обвинения и защиты. «Юридическая газета». 1999.10 ноября.
23. Стецовский Ю.И. Судебная власть. М. 1999. С.157-158.
24. Токвил А. Де. Демократия в Америке. – М. Прогресс, 1992. – С.120.
25. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. – М.: Юристь,1997. 301-304 беттер
26. Гунель М. Введение в публичное право. М. 1995. С70.
27. Теория государства и права. Под. ред. проф. В.Г. Стрекозова. М.: ИПП «Отечество». 1993.
28. Судоустройство: Сборник нормативных документов. Сост. А.П. Рыжаков, А.И. Сергеев. – М.: «Белые альвы». 1995. С.23
29. Международный пакт о гражданских и политических правах от 16 декабря 1966. С.14
30. Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы (жоба) // Юридическая газета. – 2001.- 8 тамыз
31. Судебные речи известных русских юристов. Сборник. Дело Максименко. Госюриздат. М. 1958. С. 865.
32. www.gazeta.kz/print.asp?aid=52665
Қосымша материалдар:
1-сызба нұсқа
Әртүрлі органдар бойынша жеке қаулылардың пайыздық қатынасы
2-сурет
Жоғарғы сот құрылысы:
-
-
Жоғарғы Соттың органдары:
-
Пленум:
Төраға, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары
|
-
Президиум:
Төраға, Жоғарғы Соттың 8 тұрақты судьясы
|
Қадағалау алқасы
|
|
Азаматтық істер жөніндегі алқа:
төраға мен 8 мүше
|
|
Қылмыстық істер жөніндегі алқа: төраға мен 19 мүше
|
|
Жалпы отырыс
|
-
Ғылыми-конституциялық кеңес
|
3-сызба нұсқа.
Қазақстан Республикасының соттары туралы ақпарат
Достарыңызбен бөлісу: |