Дипломалды (іс-тәжірибе түрі) «aicom» жшс


Іс-тәжірибе өту орны – «AICOM» ЖШС мінездемесі



бет2/8
Дата11.05.2023
өлшемі120.28 Kb.
#473532
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
4. Амангельдиева Ұлдана Нұрланқызы ТОО AICOM

1 Іс-тәжірибе өту орны – «AICOM» ЖШС мінездемесі


1.1 Компания туралы

«AICOM» ЖШС - өзінің кадрлық әлеуеті толық қамтылған жас компания болып табылады. Міндет күрделі болған сайын оның шешімі де күрделі болады. Біздің мақсатымыз - шешімі қиын жағдайларда да тапсырыс беруші талап етіп отырған нәтижеге қол жеткізу. Қойылған мақсатқа жету үшін біздің мамандар өздерінің білімін пайда-ланып қана қоймай, шығармашылық, оңтайлы тәсілді де пайдаға асырады. Біздің фирма қазақстандық және халықаралық телекоммуникациялық қызметтер нарығында баршаға мәлім. Біздің компанияның жүргізетін барлық жұмыстары ең жоғары халықаралық стандарттармен лицензияландырылған. Біздің қызметіміздің сапасы бүкіләлемдік прогресспен бірге дамып келеді: барлық қызметкерлер уақытылы кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтеді және олардың барлығында да жұмыстарды жүргізу үшін сәйкес куәліктері бар.


«AICOM» ЖШС компаниясы соңғы үш жылдың ішінде компания көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда біздің фирманы Қазақстанның ақпараттық, компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар нарығындағы ең таңдаулыларының бірі деп айтуға болады. Оған дәлел ретінде біздің тұтынушылар мен әріптестерімізді атай аламыз, олар - белгілі республикалық және халықаралық брендтер.
Белгілі өндірушілер шығарған жаңа заманғы технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалана оты-рып, біздер байланыс саласында техникалық және экономикалық жағынан оңтайлы жобаларды дайын-даймыз.
Телекоммуникациялық жобалардан басқа біздің компанияның жалпы құрылыс жұмыстарының барлық түрлеріне лицензиясы бар. Біздің мамандар кез-келген күрделі деңгейдегі жобаны дайындап, оны алғашқы сызбадан бастап соңғы элементіне дейін орындап, тапсыра алады. Біздерде тапсырысты орын-дау үшін ғана емес, сонымен қатар құрылған жүйелердің сервистік қамтылуын қадағалау үшін барлық мүмкіндіктер бар. Жаңа технологиялар ғасырында телекоммуникациялық жүйелердің үзіліссіз және тұрақты жұмыс жасауы - табыстың негізгі алғышарттарының бірі болып есептеледі.
Біздер тепекоммуникациялар нарығында қол жеткізген деңгейіміз бен «AICOM» ЖШС-нің тапсырыс берушілері және әріптестерінің біздің жұмысымызға берген жоғары бағасын мақтан етеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет