Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы «___»_________
№____ қаулысымен бекітілді
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11452 тіркелген) бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны- қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (әрекет) басталуына көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Стандарттың 9 тармағында көрсетілген өтініштер мен құжаттарды ұсынуы негіз болады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдердің (әрекеттердің) әрқайсысының мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) кеңсе қызметкерінің құжатты қабылдауы және тіркеуі - 15 (он бес) минут;
нәтижесі - кеңсе қызметкерінің құжатты қабылдауы және тіркеуі;
2) басшылықтың құрылымдық бөлімше басшысын анықтау – 1 (бір) сағат;
нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысын анықтау бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының жауапты орындаушыны белгілеуі - 1 (бір) сағат;
нәтижесі – құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны белгілеуі;
4) жауапты орындаушының келісімшарт жобасын ресімдеуі – 14 (он төрт) жұмыс күні;
нәтижесі – жауапты орындаушының келісімшарт жобасын ресімдеуі;
5) құрылымдық бөлімше басшысының келісімшарт жобасына қол қоюы - 1 (бір) сағат;
нәтижесі – құрылымдық бөлімше басшысының келісімшарт жобасына қол қоюы;
6) басшылықтың келісімшартқа қол қоюы - 1 (бір) сағат;
нәтижесі – басшылықтың келісімшартқа қол қоюы;
7) жауапты орындаушының келісімшартты мөрмен куәландыруы, келісімшартты журналда тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдау – 1 (бір) сағат;
нәтижесі – жауапты орындаушының келісімшартты мөрмен куәландыруы, келісімшарт тіркеу журналында тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдауы;
8) кеңсе қызметкерінің келісімшартты беруі - 15 (он бес) минут;
нәтижесі – кеңсе қызметкерінің келісімшартты беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.
7. Әр процедураның (әрекет) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер арасындағы процедураларды (әрекеттер) сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды тапсыруы кезінде құжаттарды қабылдауы (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы), қағаз түрінде өтінішті қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттар пакетін қабылдау күні және уақытын көрсетумен тіркеу туралы көшірмедегі белгі қоюы, кеңсе қызметкерінің тіркеуі, басшылыққа (бұдан әрі басшылық) жолдауы - 15 (он бес) минут;
2) басшылықтың қолтаңбасымен құжаттар жауапты құрылымдық бөлімшеге жолданады - 1 (бір) сағат;
3) құрылымдық бөлімшесінің басшысы қабылданған құжаттарды қарастыру үшін жауапты орындаушыны белгілейді - 1 (бір) сағат;
4) жауапты орындаушы:
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
келісімшарт жобасын ресімдейді – 14 (он төрт) жұмыс күні;
5) құрылымдық бөлімше басшысы келісімшарт жобасына қол қояды - 1 (бір) сағат;
6) басшылық келісімшартқа қол қояды - 1 (бір) сағат;
7) жауапты орындаушы:
келісімшартты мөрмен куәландырады, келісімшартты журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдайды – 1 (бір) сағат;
8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға келісімшартты береді - 15 (он бес) минут.
8. Процедуралар бірізділігінің жан-жақты сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті осы Регламенттің қосымшасына сәйкес бизнес-процесс анықтамалығында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет тәртібін, сонымен қатар ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілмейді.
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес – процесстердің анықтамалығы
Лицензия алу туралы тiркеу журналына жазба енгiзіп, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бағалау әдістемесі бойынша карточканы толтырады.
Ұсынылған құжаттарды қарастырады, орындау бойынша құрылымдық бөлімшені анықтайды, бұрыштама қояды, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды
Ұсынылған құжаттарды қарастырады, орындау бойынша жауапты орындаушыны анықтайды
Құжаттардың толықтығын тексереді, келісімшарт жобаларын ресімдейді, құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды
Келісімшарт жобасына қол қою
Ұсынылған құжаттарды қарастырады, қарастыру қорытындысы бойынша келісімшартқа қол қояды.
Келісімшартты мөрмен куәландырады, журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдайды
Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдайды.
-
- Мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
-көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ процедура (әрекет) атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі процедура (әрекет) көшу
Достарыңызбен бөлісу: |