ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ
Қазақстан мен Орталық Азияда мемлекетаралық қатынастар, ел
билеушілерінің дипломатиясы күні бүгінге дейін зерттелмеген бірқатар
дереккөздерде баяндалады. Дипломатия арқылы ел билеушілері сыртқы
саясатты не соғысу арқылы не халықаралық байланыстарды нығайту арқылы
жүргізген.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы дипломатиялық қарым-қатынастардың
тарихы жөніндегі дереккөздер біршама едәуір және алуан түрлі материал
болып келеді. Бұлардың арасында шығыс жазбаша дереккөздері бірінші
орында және олардың негізгі мазмұны соғыс жорықтарының сипатталуы,
мемлекеттердің сыртқы саяси мүдделері болып келеді. Мысалы, Ескендір
Муншидің «Тарих-и аламара-йи Аббасиі», Хафиз Таныштың «Шараф-наме-
йи шахиі», Сухайланың «Имамкули-хан-намесі» осындай дереккөздер.
Бұларда
хандар,
мемлекеттердің
билеушілері
мәмілелескен
келісімшарттардың мәтіндері ұшырасады. Бұл деркекөздердегі мәліметтер
кейде бұра тартып баяндалған, мазмұны жөнінен кейде әлем-жәлем, сән-
салтанатты болып келеді, сондықтан бұларға сын көзімен қарау керек
болады.
Дереккөздердің ерекше бір санатына мұрағаттық материалдар: елшілік
кітаптары, сыртқы саясат мұрағаттары, тарихи актілер, ресми хат алмасулар
жатады. Оларда статистикалық мәліметтер мол, оқиғалар мен құбылыстарды
жүйелеуге бейім, негіз боларлық хронологиялық мерзімдері болады. Алайда
олар, нақ сол шығыс дереккөздері секілді, бұра тартатын және шектен тыс
ресми сипатта болып келеді. Миниатюралар түріндегі қолжазба ескерткіштер
де мемлекетаралық қатынастардың тарихи жөнінде деректер береді. Бұлар –
елшіліктерді қабылдау, сый-сияпат, тарту-таралғы беру және т.б.
бейнеленген миниатюралар. Хан грамоталарында, жарлықтарында, мөрлерде,
соқтырушының аты бар монеттерде бірқатар ақпарат болады.
Дереккөздердің ерекшеліктері Орталық Азия мемлекеттерінің саяси тарихын,
атап айтқанда халықаралық қатынастар мен дипломатияның тарихын қайта
бейнелеудің сапасына әсер етеді. Бұл тарихты бытыраңқы немесе кездейсоқ
хабарламалардың негізінде қалпына келтіруге тура келеді, ал бұлардың
мерзімдері кейде екі-үш ғасыр аралықтарында ауытқып отырады. Осы
себепті қарастырылып отырған кезеңнің саяси тарихының фактілерін біздің
білуіміз үзік-үзік. Орталық Азия мемлекеттерінің тарихы жөніндегі жазбаша
дереккөздердің осындай ерекшелігі себепті оларға қатысты деректеметану
жұмысы, пайдаланылатын ескерткіштің сипатын, құрылымы мен
мақсаттарын анықтау, оның терминологиясын ұғындыру бірінші дәрежелі
маңыз алады. Мысалға, бір ғана сөздің өзі «бітім», «келісімшарт» және
«одақ» деген әртүрлі мағына беруі мүмкін. Сондықтан ежелгі заманнан,
антикалық кезеңнен бастап зерттеп, талдау қажет болады.
Эпиграфиканың материалдары неғұрлым анық болып келеді. Алайда
халықаралық қатынастар мен дипломатияның тарихын зерттеу үшін
эпиграфиканың беретін хандардың, сұлтандардың аттары мен атақтары,
қайсыбір даталар мен географиялық атаулар секілді мәліметтер тым
жеткіліксіз. Біздің ойымызша, әміршілердің сырты саясатының басты
мақсаты өздерінің биліктерін үсті-үстіне жаңа аумақтарға жаю болған.
Қазақ хандығы билеушілерінің белсенді сыртқы саясаты Қасым ханның
тұсынан басталады. Керей мен Жәнібектен бастап әрбір билеуші
«аумақтарды жаулап алып» оларды «шекараға айналдырып» отырған. «Елдің
бастауы мен шегі» деген тұжырымдаманың өзін қазақтардың моңғол
дәстүрінен мұраланғанын жоққа шығаруға болмайды.
Сыртқы саяси тұжырымдаманың басты мақсаты – «тиімділікке» қалай жету
болған, ал «тиімділік» дегенде жердің ұлғайтылуы (жаулап алынуы)
ұғынылады. Мемлекеттің сыртқы саяси мүдделері оның аумақтық жағдайына
қарай анықталатыны әбден қисынды қорытынды екені анық.
Қазақ хандығының құрылған уақыты ортағасырлық
Қазақстанда
мемлекеттіліктің қалыптасу және даму дәуірі деп анықталады. Бұл кезеңде
Қазақстандағы саяси жағдай өте-мөте орнықсыз болғаны күмәнсіз. Толып
жатқан соғыс жанжалдары салдарынан бір бірлестіктер күшейіп, жаңадан
босаң одақтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Қазақ хандығында мемлкеттіліктің қалыптасуының бұл кезеңінде
билеушілердің саралануы да орын алды. Мұны мәтіндерде қолданылатын
терминология бойынша анықтауға болады. «Хан» деген термин неғұрлым
жиі кездеседі, алайда кейбір билеушілерді ерекшелеп сипаттайтын «жоғарғы
билеуші», «дара билікті билеуші», «бүкіл жердің билеушісі» деген басқа
терминдер де пайдаланылады.
Билеушілер тағайындалу кездерінде, сондай-ақ хандықта жаңаша басқарудың
бас кезінде ерекше формула бойынша адалдық антын беруге тиіс болды. Бұл
орайда оларды ақ киізге салып көтерген. Бұл жазбаша деректемелерде,
ауызша деректерде, сондай-ақ құлпытастарда айғақталған. Ханның
тағайындалу кезеңінде оны ақ киізге салып хан көтеру дәстүрлі салтанаты
«Бахр-ал-асрарда», «Тухфат ал-ханиде» егжей-тегжейлі хабарланады. Бұл
дәстүр түркі-моңғол халықтардың арасында ежелгі замандардан белгіленген,
оны түрік Қағандары да, Қараханилер де, Шыңғыс хан ұрпақтары да
орындаған. Бұл туралы деректер көптеген дереккөздерде бар, алайда рәсім
жоғарыда аталған шығармаларда егжей-тегжейлі сипатталған. Рәсімнің өту
реті мындай: фарраштар (кілем жаюшы қызметшілер) рәсім өтуге тиіс залда
кілем, алашаларды төсеп, тақты орнатқан; таққа көтеріліп отырудың ең
қолайлы уақыты белгіленген, осыдан кейін ғана сұлтандар, жоғары
дәрежелілер, мұсылман діни басшылығының өкілдері шақырылатын болған.
Астрологтар белгілеген уақытта ханды ақ киізге отырғызып, киіздің ұштарын
білікті рулардың өкілдері ұстайтын болған. Осыдан кейін жаңа сайланған
ханды таққа отырғызып, тарту-таралғылар берілетін той басталатын болған.
Мұндайда дәстүрлі салтанатқа қатысушылардың әрқайсысына хан қымбат
шапан кигізетін болған. Бұдан кейін ханның құрметіне құтпа оқылып, оның
аты жазылған монет соғылған1.
Қазақ хандарының, шайбанилердің, аштарханилердің сыртқы саясатының
негізгі мазмұны аумақты ұлғайту болған. Осының нәтижесінде берік деуге
болмайтын саяси құрылымдар құрылып, олардың шеңберінде хан билігі
қоластына ұсақ мемлекеттер (көбінесе тек атаулы түрде) біріктірілген.
Көшпелі тұрмыстың жағдайы, ескі жайылымдардың тозып, жаңаларын іздеу,
қырдың шалғай түкпірлерінен басқа көшпелі рулардың тегеуріні – осының
бәрі көрші мемелекеттермен қақтығысқа ұрындырып отырған.
Көшпенділердің өз аумағында жоқ немесе жеткіліксіз шикізатты қажетсінуі,
сауда жолдарын, олардың тоғысқан тораптарын, сауда орталықтарын
иеленіп, халықаралық айырбаста басты рөл атқаруға ұмтылу, стратегиялық
жобалар, сондай-ақ соғыс және одан түсетін олжа арқылы ішкі әлеуметтік
қайшылықтарды азайтуға ұмтылу – осының бәрі көшпелі қоғамдардың
өмірінде соғыстың рөлін көтерді. Егер XVΙ ғасырдың басында Сыр
бойындағы қалаларды иелену үшін бәсеке болса, XVΙ ғасырдың екінші
жартысы – XVΙΙ ғасырда бұл күрес орасан зор көлем алып, оларда жеңіп
шыққан күштілер алғашқы ірі әскери-саяси бірлестіктер құрылуына, сол
замандағы өзінше бір «әлемдік» державалар құрылуына бастады.
Бұл туралы Хафиз Таныш, Ескендір Мунши, Мухаммадийар бен Араб
қатаған және басқалар жазды. Сыртқы агрессияны тойтару және ішкі саяси
жанжалдарды бітістіру ісіндегі ынтымақтастық пен бітім туралы тарих
ғылымына белгілі маңызды келісімдердің бірі 1598-1599 жылдары қазақ
хандары мен аштарханилер арасында жасасылған келісімшарт болып
табылады. Бұл келісімшарт қарама-қарсы күрескен тараптардың әрқайсысы
Сыр бойындағы қалаларда өз ықпалын ұлғайтуға тырысқан соғыстан кейін
келісіліп бекітілген еді. Шайбанилермен табан тіресе күрескен қазақ хандары
бұл өңірде қазақтардың үстем жағдайын ңығайтуға тырысқан болатын.
Қазақ хандары мен аштариханилердің 1599 жылы жасасылған бейбіт
келісімшартының неғұрлым толық мәтіні «Тарих-и аламара-йи Аббасиде»
берілген. Келісімнің шарттары Ташкенттің қазақ хандарына берілуін
қамтыды және бұл басқа өңірлерге де қатысты болса керек: 1) Ташкент
уәлайаты аштархани мемлекетінің құрамдас бөлігі деп есептелді және оған
аштарханилердің егемендігі қолданылды; 2) Ташкенттің монеттерінде
аштарханилік ханның аты жазылды; 3) Ташкентте құтпада соңғының аты
аталды; 4) аштарханилер Ташкент уәлайатының ішкі істеріне араласпауға
міндеттелді; 5) қазақ хандары Ташкентте салық (бадж және харадж) жинап,
оның қайсыбір бөлігін аштархани ханына жөнелтіп отырды.
Қазақ хандығы мен аштарханилер өкілдері қатысқан ұзаққа созылған
келсіссөздерден кейін Нақшбандийа сопылық орденінің тікелей қатысуымен
бейбіт келісімнің мәтінін жасауға қол жетті.
Келісімнің шарттары бұлжытпай орындалуға тиіс болды. Оның жасалуы
рәсімдік қарекеттермен, Алланың алдында ант берумен ұштасып, қасиетті
одақтың құрылғанының белгісі болды. Келісімді бұзу қасиеттен аттау дегенді
білдіретін және бұл аяусыз жазаланатын. Келісімшартты бұзған тарап әдетте
өз елінің тәуелсіздігінен айырылып, «бұрынғыдан да көп» алым төлеумен
және т.б. жаза тартатын.
Қазақ билеушілері Қазақ хандығының негізінен әскери күштің арқасында қол
жеткен сыртқы саясаттағы жетістіктерін дипломатиялық келісімшарт-
актілерінің көмегімен баянды етуге ұмтылды. Егер жағдай қолайлы болып
көрінсе, олар, әрине, тәуелді қалалардың тақтарына өздерінің ұлдарын, аға-
інілерін немесе хан тұқымының басқа да мүшелерін отырғызатын болды.
Алайда, жетік саясаткер болғандықтан, олар көрші қаладағы тақты жергілікті
әулеттің өкілін отырғызу, оны белгілі бір міндеттемелермен байланыстырып,
іс-әрекетін тыңшыларға бақылатып қою арқылы сақтау анағұрлым сенімді
амал болатынын білді.
Келісімшартқа қол қойылуы алдында құжаттың мәтінін келісу кезіндегі
келіссөздер өткізілетін болды. Келісім жөніндегі құжаттар белгілі бір
кепілдіктерді қамтып, серіктестер арасында қатынастарды реттеуге тиіс
болды және олар тек айғақ куәлар болғанда ғана күшіне еніп, құқықтық сипат
алатын.
Көптеген келісімдерде «одақ» термині «ант» сөзімен ұштастырылады.
Мәселе, тегінде, екі билеуші қол қоятын келісім сонымен бір мезгілде ант та
болатындығында болса керек.
«Ауасы жан сергітер келісті жер Келес өзенінің жағасы» [Абдаллах-
ханның] бақуат әскерінің шеруі [көтерген] шаңнан пейіштей пейілді алған
кезде көк күмбезіндей сарайға қазақ сұлтандарынан елші келді. Биік
табалдырық алдында ол мынадай хабар айтты. Барлық сұлтандар ерен
сүйіспеншілік пен шексіз достықтан [ханға] сәлем жолдап, дұғасы [мен]
тақуалық құлығын білдіреді. Олар ниеттерінің адалдығын, шексіз
берілгендігін айтып [ханмен] бірауызды одақта [болмақ]. Бұған қоса олар
«біз мәртебелі ханмен жасасқан келісім мен одағымыздан қазір де
айнымаймыз» деп мәлімдейді»3.
Билеушілердің сыртқы саясаты дәстүрлі екі әдіс: бітім және соғыс
әдістері арқылы жүзеге асып отырды.
Анттасу кезінде кепілгерлер алу әдісі қолданылды. Келісімшарт
жасасылғаннан кейін кепілге берілген кісіні босатып алу қажет болатын.
Кепілгерлікке хандар мен сұлтандардың балалары ғана емес, былайғы
туыстары да алынатын.
Кепілгерлік бейбіт қарым-қатынастың, жасасылған келісімшарттың
орындалуының, бағынудың бір кепілі ретінде қолданылды. Кепілгерліктің
неғұрлым кең тараған түрі тәуелді хандардың адалдықтан айнымайтынының
кепілдігі ретінде хан сарайына ұлдарын жіберуі болды.
«Бітім», «одақ» дегендер мемлекеттердің ұзақ уақыт не үнемі бейбіт
қатар өмір сүруі дегенді әсте білдірмейтін. Дереккөздерден алынған
мәліметтерді талдаған кезде келісімшарттардың үш түрін саралауымызға
болады.
Бірінші түрі ханның өз серіктесі жағында бүкіл әскерімен шыққан жағдайда
бітімге жетуді көздейді. Ішінара әскери қолдау да болуы мүмкін. Ондайда
әскербасы не сұлтан бастаған қайсыбір жасақ беріледі және т.б.
Келісімшарттардың екінші түрі алым төлеуді көздейді. Бейбіт
келісімшарттың некелік одақпен бекітілетін ерекше түрі де айтылады,
ондайда төлемдер болашақта ғана болатыны көзделеді.
Келісімшарттардың үшінші түрі белгілі бір шартқа көнумен – аумақтың
бір бөлігін не алым жинап алу құқығын беруге көнумен байланысты.
Мәселен, Абдалах-ханмен өзара тайталаста Баба-сұлтан қазақ
сұлтандарының көмегіне жүгінді.
Сыйға жер беру амалы дереккөздерде сыртқы саясаттың бір әдісі ретінде
баяндалады. Мысалы, қарсыластың жағына шығып кеткен бұрынғы
одақтасты сыйға жер беру арқылы өз жағына тарту керек делінеді.
«Талай жылдар бойы қыр мен шөлдің билеушісі болған және ежелден
мәртебелі әміршінің [Абдаллах-ханның] жақтасы болған Шығай хан ұлдары
Тәуекел сұлтанмен және басқалармен бірге [Абдааллах-ханның] Сатурнның
сарайындай сарайына келді. Мемлекеттің кейбір тұлғалары мен [Абдаллах-
ханның] бекзадаларын араға салып ол әділ ханмен кездесу құрметіне жетті.
Мәртебелі өзіне тән дарқан мейірімділігімен Шығай ханға бар ниетімен сый-
құрмет көрсетті. [Шығай ханға] ерекше құрмет және алуан түрлі сый-сыяпат
жасап [Абдааллах-хан] оған икта4 ретінде Ходженд жерін берді. Ол [Шығай
ханға] жағымды үміт ұялатып, қалтқысыз көмек беруге уәде етті және
патшаға лайық той өткізді5».
Хан кейде мұндай одақтасты әскербасы лауазымына тағайындайтын не
шекаралық өңірдің билеушісі етіп қоятын.
Дереккөздердегі бірталай мәліметтер көрші мемлекеттер билеушілерінің
қазақ хандарымен достық қатынастарын нығайтуды көздеп олармен жасасқан
әулеттік некелерге қатысты.
Әулеттік некелердің жасасылуы хандықтардың арасындағы достық
байланыстарды нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат мақсаттарына
қызмет етті, сондықтан бұндай некелерге көп көңіл бөлінді, өйткені олар
көбіне келісімшарт жасалуымен үйлесе жүргізілетін. Әулеттік некелердің
келісімшарттық қатынастар орнатылуымен тығыз байланыстылығын некелік
одақтардың жасалуы соғыс оқиғаларына жол бермей тоқтатқан жағдай анық
көрсетеді.
Осыған байланысты «Бахр ал-асрардың» мына хабары назар аудартады:
«Сапта өзге [сайир] әскерлер көріне бастаған кезде, [Темір-сұлтанның]6
ізгілікті ойы қалмақтардың маңызды ісінен арылған кезде оның ұлы
пайымына қазақтармен және қырғыздармен [байланысты] іс ұсынылды. Ол
бұлардың біріккен қатарын шапқыншылық пен шабуыл арқылы бірнеше
мәрте сейілткен еді. Қысқасын айтқанда, Темір сұлтан сол рудың мүліктік
жағдайы мен халын бір межеге түсіргені сондай, Абылай-сұлтан7 онымен
неке арқылы туыстасып, қызын бұған әйелдікке берді. Осының арқасында
бірнеше күннен кейін сол өңірдегі бұлғақ шаңы басылып, жүрек айнасы тат
шаңынан тазарды»8 .
Әулеттік некелер келісімшарттың жасалуымен көбіне қатарласа жүрді.
Тарту-таралғы алмасу, елшілер алмасу, жолдама жіберу және т.б. секілді,
сірә, әулеттік неке де одақ құрудың және оны сақтаудың дәстүрге сай қажеті
бір амалы деп саналса керек. Неке одақтарын жасасу туралы
келісімшарттардың мәтіндерінде тікелей айтылатын жағдай да әулеттік
некенің келісімшарттық қатынастар орнатумен тығыз байланыстылығын
көрсетеді.
Қазақ хандығының өзінің тарихында ханша елдің ішкі саясатына да,
сыртқы саясатына да белсене қатысқан айтарлықтай факт айғақталған. Бұл
ханша, мысалы, Сұлтан-Нигар-ханым болды.
Дереккөздерден анықталғанындай, ол моғолдар мен қазақ ханы
Тахирдың арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына дәнекер болып,
шиеленіскен жағдайды достық ниетпен жайластырған9.
Қазақ қызы өзі келін болып түскен мемлекетте ханша болып жүргенде бұл
елдің сыртқы саясатын Қазақ хандығына қолайлы болатын бағытқа бұруға аз
да болса қатыса алған болуы керек. Әлбетте, бұл бар болғаны болжам ғана,
өйткені көп жағдай тағдырдың талайымен қазақ қызы ханша болған
мемлкекеттегі нақтылы ахуалға байланысты болатын.
Соңғы
уақытта
Шығыстану
археографикалық
экспедициялардың
нәтижесінде шетелдік мұрағаттарда ҚХР, Түркия, Франция, Ұлыбритания,
Швейцария қорларында, кітапханаларында, музейлерінде табылған
материалдар бірегей жәдігерлер болып табылады10. Оларда қазақ хандары
мен сұлтандарының Абылай ханның, Әбілпейіз сұлтанның және басқалардың
көрші
мемлекеттердің
билеушілеріне
жолдаған
ресми
хаттары,
дипломатиялық байланыстар туралы, сауда-экономикалық, мәдени қарым-
қатынастар туралы мәліметтер бар. Осы жаңа мұрағаттық құжаттардың бәрі,
ескерткіштер мен артефактілер қазақ билеушілерінде кеңселері,
дипломатиялық хат-хабар алмасу, елшілер алмасу болғанын айғақтайды.
Атап айтарлық маңызды бір жайт: жердің шалғайлығына, қазіргі уақыттағы
әдепкі коммуникациялардың болмағанына қарамастан, қазақ мемлекеті көрші
елдермен өте тығыз қарым-қатынас жасап тұрды, мұны қазақ хандары мен
сұлтандарының Қытай, Ресей, Иран, Түркия, ортаазиялық хандықтар және
басқа елдер билеушілерімен хат-хабар алмасқаны дәлелдейді.
Парижде кітапханалар мен музейлердің қорларында жұмыс істеген кезде
атақты Гимэ Азия өнері музейінде сақтаулы итальян суретшісі Джузеппе
Кастильонидің «Қазақтар сыйлық ретінде жылқы сыйлауда» деген бірегей
картинасы алғаш рет табылды11. Суретті талдап сараптағанда ондағы
бейнеленген тарихи оқиғалар Абылай ханның ел билеген дәуіріне және оның
қытай императоры Цяньлунмен дипломатиялық қатынастарына қатысты
екені анықталды.
Келіссөздер жүргізу және елшіліктер аттандыру XVΙ – XVΙΙ ғасырларда
мемлекетаралық қатынастарда әдеттегі амал болды. Соғыс уақытында
болсын не бейбіт кезеңде болсын мүдделі тараптар арасында келіссөздер
жүргізілді, хаттар, жолдаулар жіберіліп, алуан түрлі міндет атқарған елшілер
қатынап тұрды.
Осы тұрғыда, мысалы, қазақ хандарының шайбанилермен жүргізген
келіссөздерінен бірталай мәлімет алуға болады. Дереккөздерде атап
көрсетілгеніндей, билеушілер екінің бірінде бір-бірін «аға-іні» деп атайтын,
яғни теңқұқылы қатынаста болды. Бұл формула бір билеушінің екінші
билеушіге құрмет тұтып қарағанын айғақтайды. Құжаттарда бұл да екінің
бірінде қайталанатын «дос» деген сөздің қолданылуы да мемлекеттер
арасындағы қатынастарды тиісінше үлгіде сипаттайды. Сөйтіп, «аға» және
«іні», «әке және бала» деген сөздер серіктес мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастың алуан түрлі қыр-сырын білдіретін болды.
Қазақ хандығында іс-қағаздар түркі (шағатай) тілінде, орыс тілінде
(тілмаштар болды) жүргізілді11. Осыған сәйкес әкімшілік аппараты «түркі
текті жазушылардан» жасақталды. Дипломатиялық сипаттағы құжаттамалар
арасында жолдаулар, хаттар, «мөр басылған құжаттар», «жүзік таңбалы»,
құпия жолдаулар, хабарламалар және т.б. аталады.
Келіссөздер әр алуан лауазымды білікті кісілер арқылы жүргізілді. Мемлекет
атынан болатын келіссөздерді хандар, сұлтандар, қожалар, елшілер,
жаушылар, қолбасшылар жүргізетін болды. Елшілер көбіне қару асынған 6-7
қосшы нөкерлер қосылып екі кісі болып, түйелі керуен, сыйға берілетін
жылқы, тарту-таралғысымен аттандырылатын.
Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатында елшілер, кіші елшілер,
жаушылар және т.б. маңызды рөл атқарды. Жүйелі түрде елшілер,
дипломатиялық сипаттағы жолдаулар алмасып тұру, билеушілердің бір-
бірімен дүркін-дүркін жүздесіп тұруы мемлекеттер арасындағы қалыпты
қарым-қатынастың айғағы деп бағаланған болса керек.
Келісімшарттарда әдетте «елші» деген атпен лауазымды тұлға аталып
отырады.
Хан тарапынан жолданған «елші» деп аталған тұлғалар ханның сенімді
адамдары болды, хан оларға өзіне бағынышты елді билеуге қойған
өкілдеріне, тәуелді билеушілерге, сондай-ақ Қазақ хандығымен достық
қарым-қатынаста болған тәуелсіз мемлекеттердің билеушілеріне маңызды
хабарламалар не өкім-бұйрықтарын (жазбаша және ауызша) жеткізуді
жүктейтін. Әрбір елші өзі аттандырылған елді, оның әдет-ғұрпын,
мәдениетін, баратын жолды білуге тиіс болды. Шебер мәмілегер және
жауынгер болуға міндетті болды. Өзі жолданған елдің тілін де білді,
білмейтіндей болса жанына тілмаш ертетін болды. Елшілер өздері жолданған
елдердің хандарының сарайларында болсын не ол елге жетер жолда болсын
бастарын қатерге тігіп жүретін, өйткені жолда қолға түсу, бөгеу, тіпті өлтіріп
кету оқиғалары болып тұратын.
Құжаттарға қарағанда, елшілерге жауапты тапсырмаларды орындайтын,
ерекше сенім білдірілген тұлғалар ретінде бірталай уәкілдіктер берілетін.
Қазақ хандары билік жүргізген уақыттарда әртүрлі мемлекеттердің хан
сарайларына келген елшілерге қатысты белгілі бір ережелер ендігі бар
болғанымен, ол кезде елшінің жеке басының қол сұғылмастығы деген ұғым
әлі орнықпаған еді, сондықтан елшілердің жат елдегі жағдайы алуан түрлі
жайттарға тәуелді, ал кейде тіпті мүшкіл де болып тұратын.
Дереккөздерде елшінің әкімшілік аппарат құрылымындағы орны мен рөлін
тікелей білдіретіндей мәлімет жоқ, әйтсе де мәтіндегі тиісті мағлұматтарға
негізделіп, деректерді талдағанда бірқатар болжамдар айтуға, елшіліктерді
қабылдау рәсімінің қайсыбір көріністерін келтіруге болады. Мысалы,
Пазухиндер елшілігінің баптар бойынша тізімінде қазақ билеушілерінің
сарайларынан пәлендей өзгешелігі жоқ өзбек билеушілерінің сарайында
болған рәсім егжей-тегжейлі сипатталған. Абд ал-Азиз ханның қабылдауы
туралы (29 желтоқсан 1670 ж.) тізімде былай делінеді: «қақпа алдында
оларды, Бористі, Малай-бек (топчи-баши) қарсы алды (ол барлық
садақшылардың, жаяу әскер мен зеңбіректердің, жасауылдың бастығы екен)
ол Борис пен серіктері патша сарайына аттарымен кірмей, жаяу кіруі керек,
өйткені ешқандай елші патша сарайына атымен кірген емес деді. Борис пен
серіктері аттарынан түсіп сарайда қақпа алдындағы сандықтардың тұсына
келіп тоқтады12. Келген елшілер мен серіктері сол жерде күтіп тұруға тиіс
болады екен13. Бұлар келген уақытта әлгі орындарда Бористің оң жағында
Бұхараның бетке ұстар беделділері, патша текті хозилер және жақын
боярлар, ал сол тарапта боярлар, әр алуан шенеунік қарт кісілер, жүз және
одан да көп адам отыр екен...»14.
Енді бір тұста (1671 ж. 2 ақпандағы қабылдау) рәсімнің қорытынды бөлімі
біршама егжей-тегжейлі сипатталған: «Ал оң жақта рундуктарда хозилер мен
кітапшы мешіт адамдары, қарт кісілер жайғасқан. Абд-Азим патшаның
алдында кітапшылар әрқайсысы бөлек, көп кісі ежелгі заң ілімінен әңгіме
айтып отырды. Ал патшаның алдында оның қылышы, садағы, болат қалқаны,
арт жағында асатаяғы мен қылыштарын ұстап 12 адам кезекпен ауысып
тұрды. Бұлармен қатар патша алдында екі жүз не одан да көп посох ұстаған
жасауылдар, олардың сыртында екі қатар түзіп екі жүздей жазып алушылар
тұрды. Патшаның алдында дастарқан алып асшы, бұның алдында сарай
мехтары Метип келе жатты. Патша алдына келіп, дастарқанды күтуші адамға
ұсынды, ол болса дастарқанды патша алдына жайып, астың дәмін татты;
дастарқан зерлеген изарбад екен. Күтуші патша алдына дастарқан жайғаннан
кейін тізерлеп тұрған қалпы тағамдардың дәмін татып алып, патшаның
алдына ұсынып отырды. Тамақтану кезінде әртүрлі мұсылман ойындары
ойналып, 9 адам кітапқа қарап әндетіп тұрды....»15
Пазухиндердің баптар бойынша тізімінде бұған қоса елшілер мен олардың
қосшыларын күту реті туралы, елші мен оның адамдарының тамақпен,
жеммен қамтамасыз етілу және т.б. туралы маңызды мәліметтер келтірілген.
Хафиз Таныштың мемлекет басқару туралы хабарламасы көңіл қоярлық,
онда «екі нәрсеге жол беруге болмайды» делінеді: «бірі – тәни рақатқа тым
әуестену, екіншісі – қолайлы сәтті қапы жіберу». Бұдан әрі ол әміршілердің
ұлылығы өздерін қосқанда олардың үстем жаратылысының басымдығында,
ал мұның өзі бес нышаннан көрінеді: бірінші – қарауындағыларға қатысты
мейірім, екіншісі – ел қорғау кезіндегі әділдік, үшіншісі – тирандардың
бағыныштыларға қатысты ашу-ызасына жол бермейтін айбындылық,
төртіншісі – дұшпандардың залымдығын әшкерелеуге көмектесетін ақыл,
бесіншісі – қолайлы жағдайды олжа деп есептейтін көрегендік16.
Сөйтіп, XVΙ – XΙX ғасырларда халықаралық қатынастар мен дипломатиялық
практиканың қалыптасуы Орталық Азияда мемлекеттіліктің дамуында
маңызды кезең болды. Әртүрлі санаттағы жазбаша дереккөздерді,
грамоталарды, мөрлерді, титулатуралы монеттерді талдау Қазақ хандығының
көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарының тарихын қалпына
келтіруге, келісімшарттарды, халықаралық келісімдерді, келіссөздерді,
елшіліктерді, әулеттік некелерді – халықаралық дау-таластарды бейбіт
жолмен шешуде билеушілердің сыртқы саясатында болған осы белгілі
құралдар мен әдістердің бәрін зерттеуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |