Шалкиіз жырау. «Smart» талдау: s – Шалкиіз жыраудың өмірдерегі



Дата10.02.2024
өлшемі121.54 Kb.
#491557
СӨЖ №3 Әдебиет смарт@8ztymc


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


3 СӨЖ

Топ: 203-топ
Орындаған: Сагиева О.Ж.
Тексерген:Мажиева Н.А.

Алматы, 2023ж.


№3СӨЖ
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Жыраулар поэзиясы.
Шалкиіз жырау.
«SMART» талдау:
S – Шалкиіз жыраудың өмірдерегі;
M – Шалкиіз жыраудың шығармаларының зерттелуі;
A – Шалкиіз жырау туралы деректер, зерттеулер;
R – Шалкиіз жырау шығармаларының маңызы, мазмұны;
T – Жыраудың шығармаларын оқуға, талдауға жұмсалған уақыт.


S – Шалкиіз жыраудың өмірдерегі
Жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Шалкиіз жыраудың өмірі жайында бізге
азын-аулақ қана деректер жеткен. Әкесі Тіленші – қазақ шонжарларының ақсүйегі болса, анасы Кіші жүздің ұйытқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы болған.
Мұсылманша жақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алған жыраудың қай атырапта өсіп, ержетті – бұлжағы белгісіз. Шалкиіздің бізге жеткен өлеңдерінің мазмұнына қарағанда ол Жайық, Елек, Ойыл өзендері бойлары жайлаған елден шыққан. Көбінесе сол жерлерді мекендеген ұлыстар арасында өмір кешкен.
Би Темірге арналған толғауларының бір жерінде жырау өзінің ата тегін, қандай ханға тәуелді болғанынан хабар береді:
Темір еді биіміз,
Теңіз еді халқымыз,
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер ауыр санды ноғай жұртымыз.


M – Шалкиіз жыраудың шығармаларының зерттелуі
Шалкиіз жырауертедегі жыраулар поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Оның шығармалары ІХ ғасырдан бері қарай қағаз бетіне түсе бастады. Баспа ісі өркендемеген, қазақ тілінде санаулы ғана кітаптар жарық көрген революцияға дейінгі дәуірде Шалкиіз шығармалары әртүрлі жинақтарда, хрестоматияларда 12 рет басылды.
Шалкиіз қазақ ақын-жыраулары ішінде бірінші болып орыс тіліне аударылды.Орыс ғалымдары мен зерттеушілері Шалкиіз шығармашылығына жоғары баға берді. Жыраудың Би Темірге айтқан жырлары орыс тілінде шыққан әртүрлі жинақтар мен мерзімді баспасөз бетінде төрт рет жарық көреді. Оның Би Темірге арнаған бір үзінісін В.Радлов Қырымдағы ноғайлар арасынан жазып алып, өзінің «Түрік тайпалары әдебиеті нұсқаларының» VII кітабына енгізді. Ал Дағыстаннан шыққан
Мұхамед Османов «Ноғай уә құмық шиғырлары» жинағында жыраудың бірнеше толғауын қосады.
1893 жылы «Астраханский вестник» журналында және А.Харузиннің «Киргизы Букееской орды» деген жинағында Шалкиіздің хан Би Темірге айтқандары басылды.
Қазақтың ұлы ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсарин Шалкиіздің «Бір ханға бір бидің жамандардан қорлыө көргенде айтқан сөзі» - деген толғауын 1879 жылы Орынборда шыққан өзінің «Қырғыз хрестоматиясына» енгізді. Алтынсарин жыраудың бұл толғауын біраз қысқартып, оқушылар ұғымына лайықтап, «Ау, хан ием» - деген жолдан бастап, 54 жолын тағы жариялайды.
Шалкиіздің толғауы «Ақын» деген жинақтың «Жетінші сөз бөлімінде» «Ескі жырлар» деген атпен де басылды. А.Берқалиұғлы құрастырып, Қазанда 1912жылы бастырған бұл жинақта кейбір түсініксіз ескертпелер де кезігеді.

Жыраудың ендібір толғауы тағы да «Шалгездің Темір ханға айтқан жырлары» деген атпен Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Көксілдір» жинағына енгізілген.


Бұл – ұзын-ырғасы 162 жол жыр.
Шалкиіз шығармашылығы 1960 жылдан бері жоғары оқу орындарының бағдарламасы бойынша оқытылады. Жырау толғауларының жақсы үлгілері 1967 жылы шыққан «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы»жинағына енді.
М.Мағауин 1966 жылдан бастап Шалкиіздің қазан төңкерісіне дейінгі жарияланған жырларын түгендеп, 1973 ж. «Алдаспан» жинағы арқылы оларды қазіргі оқырман көпшілік назарына ұсынды.


A – Шалкиіз жырау туралы деректер, зерттеулер
Шалкиіз жырау туралы деректер, мәліметтер М.Мағауиннің «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» және Х.Сүйіншалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихы» атты кітаптарында кеңінен зерттелген.
М.Мағауин өз кітабында Шалкиіз жыраудың өнерін саралай зерттеп, толғауларының ойшылдық, сыршылдық сипатына барынша кең тоқталған. Жыраудың ерте кездегі халық поэзиясын дамытушы өнегелі ақын, әрі елдің ақылгөй ақсақалы ретіндегі бейнесін ашып көрсетеді. «Біз әдебиетіміздің тарихындағы алып тұлғаның бірі Шалкиіз жырау мұрасын танып, білудің алғашқы кезеңінде отырмыз. Болашақта Шалкиізге қатысты көптеген жаңа деректер табылауы ғажап емес. Жауынгер жырау жайныда жаңа еңбектер жазылуға тиіс. Өйткені қазақ әдебиеті тарихы хақында салиқалы сөз айтылса – Шалкиізге соқпай кету мүмкін емес» - деп ғалым пікір білдірген. М.Мағауиннің ойынша Шалкиіз – қазақ әдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс, феномен.
Ал, Х.Сүйіншалиев Шалгезді заманының ең жетік төкпе-суырып салма ақыны, орта ғасыр поэзиясының шырқау биігін танытар талант иесі, шешен жырау деп бағалаған. Ғалымның еңбегінде Шалкиіз Сыпыра, Асан, Қазтуған, Жиенбет жыраулар сияқты сарай маңында жасаған адам деп сипатталған. Ол – XV-XVI ғасырлар аралығында билік құрған хандарды жақсы біліп, сол кез оқиғасын ұзақ уақыттар жырлаған қария жырау. Шалгез өзінің шығармаларында кейбір кездердегі тұтас ханмен хақсы болып тұрғаны туралы мәлімет береді. Бірақ,көз ұзамай, күншілдердің қиянатына кезігіп зәбір көргенін, тіпті басқа мырзаның қол астына ауысуға мәжбүр болғанын айтады. Әуелі ол ноғайлы мырзаларды Жүсіп, Ысмайыл бастаған топтан бөлініп, Мамай жағына шығады. Кейін қазақ ханы Жәнібекке, одан кейін Би Темірге, одан оның ұлы Тәуекел ханның қол астына ауысқан.


T – Жыраудың шығармаларын оқуға, талдауға жұмсалған уақыт.
Шалкиіздің өмір дерегін, шығармаларын оқуға 1 жырым сағат;
Шығармаларын талдауға 6 сағаттай;
Жырды жаттауға толық 2 күн.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет