2 Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11МӨСБ орналасқан ГТҚҚ базасының жедел-тактикалық мінездемесі
Құрылыс-жоспарлық шешім.
Бас жоспар
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11МӨСБ орналасқан ГТҚҚ базасы ТОЖҚҚ-ға техникалық қызмет көрсету және ТОЖҚҚ-ды үнемі тұрақты, ақаусыз күйінде сақтауға арналған үй-жайлар кешені. Ол Қызылорда қаласы Бұхарбай батыр көшесінде № 11 МӨСБ аумағында орналасқан. Аулаға кіретін қақпа саны біреу.
Ғимараттың бас жоспары келесі құжаттардың негізінде салынған:
СНиП III-10-75 «Благоустройство территорий»;
ГОСТ 21.508-93 «Правила выполнения рабочей документации генеральных планов предприятий, сооружений и жилищно-гражданских объектов».
ГОСТ 21.204-93 «Условные графические обозначения и изображения элементов генеральных планов и сооружений транспорта».
ГОСТ 6665-91 «Бортовые камни».
Қасбет
ГТҚҚ базасы ғимараты 1 қабатты. Ғимараттың негізгі және бөлу қабырғалары кірпіш, жабуы темірбетонды плиталар. Фундаменті темір бетоннан кұйылған, қабырғалары темір бетонды, есік терезелері ағаштан жасалған. Сыртқы қабырғалары левкасталған.
Ғимараттың жалпы құрылыс көлемі 123 м2 құрайды. Ғимаратқа кіріп-шығатын есіктер саны1.
ГТҚҚ базасы келесі үй-жайлардан тұрады: 1. ГТҚҚ базасының аға шебері бөлмесі; 2. Аппараттық және компрессорлық үй-жай; 3. Жуып-шаю үй-жайы; 4. Істен шыққан ТОЖҚҚ қоймасы; 5. Қордағы ТОЖҚҚ қоймасы.
ГТҚҚ базасының жұмысын ГТҚҚ базасының аға шеберлері атқарады. Қызыорда облысының өртке қарсы қызмет органдарының 13 өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсетілетін тыныс алу аппараттарының (әрі қарай - ТАА) жалпы саны - 248 шт. Оның ішінде АИР-300СВ - 15 дана, MSA AUER – 70 дана, Dräger - PA94 Plus – 149 дана, ПТС "Профи" – 8 дана, АСВ-2 – 6 дана.
Ауа баллондарын толтыру үшін 9 дана компрессорлар бар. Олардың - 4 стационарлы - MSA AUER 260/330 EF – 1 дана, Dräger KAP 5 – 1 дана, ALKIN 524- 528 – 1 дана, LW 230 E – 1 дана, және 5 жылжымалы - Dräger MARINER 200 – 2 дана, BAUER-POSEIDON – 2 дана, Junior 100 – 1 дана.
Достарыңызбен бөлісу: |