Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В100100 "Өрт қауіпсіздігі"



бет1/6
Дата23.06.2016
өлшемі480.5 Kb.
#153861
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті «Көкшетау техникалық институты» РММ

Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы.

«Қорғауға жіберіледі»

ЖТП кафедра бастығы м.а

ө.қ.қ. подполковнигі

__________ Р.Баймаганбетов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В100100 “Өрт қауіпсіздігі”


Тақырыбы: «Шымкент қалысдағы «HILL» автокөлік май шығару заводында мүмкін болатын өртті сөндіру жүргізу барысындағы тактикалық әрекеттерді үйымдастыру»

Диплом жазушы: ________ А.Жанат


Ғылыми жетекші:

магистр,ЖТП кафедра бастығы м.а.

ө.қ.қ.подполковнигі

________________Р. Баймаганбетов



Көкшетау 2015 ж.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» РММ



Күндізгі оқу факультеті.



Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы.

5В100100 «Өрт қауіпсіздік» мамандығы бойынша дипломлық

жұмысты (жоба) дайындау бойынша




ТАПСЫРМА

Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Шымкент қалысдағы «HILL» автокөлік май шығару заводында мүмкін болатын өртті сөндіру жүргізу барысындағы тактикалық әрекеттерді үйымдастыру»



1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № ___ ___ _____20___ ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі ___ _________20___ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер ғимарат жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны:



Тарау атауы




Кіріспе


1

1. Өрт сөндіру тактикасы

2

1.1. Өрт статистикасы және олардың себептері

3

1.2. Химиялық объектерде өртті сөндіру және өрбу негіздері

4

2. Жедел-тактикалық қатынас, объект сипаттамасында

5

2.1. Архитектура-жоспарлы шешім

6

2.2. Жылыту, вентиляция, кондиционер, ыстық сумен және газбен қамтамасыздандыру

7

2.3. Өртке қарсы сыртқы суландыру

8

2.4. Технологиялық процессте өрт қауіптілігі

9

2.5. Өрт сөндіру құралдарын таңдау

10

3. Өрт сөндіруді қамтамасыз ету инжинерлі-техникалық және оперативті-тактикалық анализі мен бағасы

11

3.1. Технологиялық регламент

12

3.2. Бас планды шешетін өртке қарсы шаралар

13 1

3.3. Қолданыстағы хабарлау және өрт сөндіру автоматикасының сипаттамасы

14

3.4. Ішкі суландыру және өрт крандарын тексеріс есептілігінің сип-сы

15


4. Жылжымалы өрт техникасын ұйымдастыру

16


4.1. Өрт сөндіруді ұйымдастыру

17


4.2. ҚӘУЗ нейтрализациясын ұйымдастыру

18


4.3. Жарылыстың алдын-алу шаралары

19


5. Қабылданған шешімдердің экономикалық негіздері

20


Өрт сөндіру негізінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

21


Дипломдық жобаның қорытындысы

22


Әдебиеттер

5. Тапсырманы тапсыру мерзімі ____ ______________ 20 жыл.


6. Бекітемін (кафедра бастығы м.а) ө.қ.қ. п/п-гі Р.Баймаганбетов
7. Жетекші (кафедра бастығы м.а) ө.қ.қ. п/п-гі Р. Баймаганбетов

8. Тапсырманы орындауға қабылдадым А.Жанат



Кіріспе.

Дипломдық жұмыста резевуарлардағы өрттің өрбу негіздері, үстіден берілген кезде көбіктің сөндіргіш әрекеті, жану аймағына түрлі дисперсті өрт сөндіру комбинациясының қондырғысы (ӨСКҚ) және көбік мониторын беру, қарастырылады, отандық және шет ел көбік түзгіш, көбік беру нормативті интенсивтілігі келтірілген, сол сияқты объектідегі сөндірудің жаңа тактикасы, жоғары қысымда су және көбік құбырлары, өртте шұғыл штабтық жұмысын ұйымдастыру.

Резервуарларда өртті сөндірудің негізгі құралы орта және төмен крестиносты көбік болып табылады, жанғыш сұйықтықтың бетіне берілетін. Бұнымен қоса ҚНЖЕ «Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар». Көбік берудің қабат асты қолдану кіргізіледі, сол сияқты резервуарларда өрт сөндіру басқа да әдістерімен құралдары. Ғылыми-зертте жұмыстарының нәтижесінен. Мұнай және мұнай өнімдерін сөндіру үшін отандық және шетел көбік генераторлары «ӨСКҚ» көбік мониторлар және көбік өткізгіштер қолданылады. Сертификациядан өткен және ДРПС МЧС РК қолдануымен мен сақталуының қорытындысы рұқсатымен.

Өртті сөндіру бойынша негізгі жауынгерлік тапсырма сөндіруге жұмылдырылатын өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарымен анықталатын қысқа мерзім ішінде өртті тоқтату және жою бойынша болып табылады.

Негізгі жауынгерлік тапсырманың орындалуы өртке қарсы қызметінің басқ ару органдарының жеке құрамымен және бөлімшелерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларымен, ал өртке қарсы режим жағдайларында сол сияқты өрт-техникалық оқу орындарының профессорлік-оқытушылар құрамымен және ғылыми –зерттеу мекемелерінің мамандарымен қамтамасыз етіледі.

Жауынгерлік тапсырманы үздік орындау үшін қажет:



  • өртте уақытында күштер мен құралдарды жұмылдыру;

  • шешуші бағытты ескере отырып, белсенді іс-қимылдар.

Осының барлығы жоғары әмбебап деңгеймен, физикалық және психологиялық дайындықпен жүзеге асады.

Өртті сөндіру бұл заттарды, адамдарды құтқаруға және өртті тоқтатуға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі функциясы болып табылады. Өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдар тізімі келтірілген.


Жауынгерлік іс-әрекеттердің түрі:

  • шақыруді өндеуі;

  • өртке шығу және бару;

  • өртті барлау;

  • адамдарды және мұлікті құтқару;

  • жауынгерлік қанат жаю;

  • жануды жою;

  • арнайы жумыстарды орындау;

  • жиналу және бөлімге қайыту.

Өрттердi сөндiрудегi жауынгерлiк iс–қимылдар (бұдан әрі - жауынгерлік іс-қимылдар) өрт туралы мәліметті алу мезгілінен басталады және бөлімшенің үнемі дислокация орнына оралу, кезекші қарауылды және техниканы жауынгерлік даярлыққа келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:

  • шақыруларды өңдеу;

  • шығу және шақыру орнына (өртке) бағыт алу;

  • өрттi барлау;

  • адамдарды және мүлiктердi құтқару;

  • жауынгерлiк қанат жаю;

  • жануды жою;

  • арнаулы, апаттық–құтқару және басқа да жедел жұмыстарды орындау;

  • жиналу және бөлiмшеге оралу кiредi.

Жауынгерлiк iс–қимылдар өрт сөндiру тактикасына байланысты және өртте еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарына сәйкес орындалуы тиiс, сондай–ақ өрт сөндiруге қатысушылардың жоғарғы психологиялық және физикалық тапсырма, жоғарғы қауiп-қатер, өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпте өтуi мүмкiн.

Кәсiпорындардағы өрттердi сөндiру кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар, белгiленген тәртiпке сәйкес жасалынған табиғи және техногендiк сипаттағы аварияны тоқтату және жою жоспарының ерекшелiгi есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.

Барлау, адамдар мен мүлiктердi құтқару, жауынгерлiк қанат жаю, жануды жою және арнаулы, бiрiншi кезектегi авариялық–құтқару және басқа да кідіртуге болмайтын жұмыстар кезiнде жауынгерлiк iс-қимылдар бiр мезгiлде жүргiзiледi.

Жауынгерлiк шептегі аса қажеттi жағдайдағы жауынгерлiк iс-қимылдар өрттi сөндiруге қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiпке байланысты еңбектi қорғаудың және техника қауiпсiздiгiнiң талаптарынан ауытқу арқылы ерекше жағдайда (ерікті жағдайда және өрт сөндіру басшысының шешімі бойынша ғана немесе АҚЖ) орындалады.Өрттiң мекен жайын немесе шақырудың (өрттiң) орны туралы басқа да мәлiметтер анықталғаннан және шығу жөнiнде шешiм қабылдағанан кейiн дереу «ДАБЫЛ» белгiсi қосылады. Шақыруды өңдеу қысқа уақытта жүргiзiлiп, өрт орнына (өртке) шығу мен бағыт алуды кiдiртпеу керек.Қажеттiлiгiне қарай және техникалық мүмкiндiкке байланысты өрт туралы қосымша (анықталған) ақпарат кезекшi диспетчерімен өрт орнына бағыт алған күзет бастығына дереу радио байланысы арқылы беріледі.

Негізгі жауынгерлік тапсырма жауынгерлік іс-қимылдар деп аталатын бөлімшелердің түрлі қимылдарды орындау жолымен жүзеге асырылады, өйткені олар күні-түні жауынгерлік жағдайында, жоғары және төмен температураларда, түтінденген және улы ортада, биіктерде және жер төрелерде, жарылыс, бұзылу, жер сілкінісі және т.б. табиғат апаттарында өткізіледі.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының сапалығы мен тиімділігі көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде ең бастылары болып табылатыны: бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы және қабілеттілігі.

Жауынгерлік дайындық – Жарғымен талап етілген, тапсырмалардың табысты орындалуын қамтамасыз ететін гарнизондардың, бөлімше, қарауыл, өртке қарсы қызметінің кезекші смендерінің, өртке қарсы құрулардың күштері мен құралдарының күйі.

Жауынгерлік қабілеттілік бөлімшелердің өздерінің негізгі жауынгерлік тапсырмаларын өз тактикалық мүмкіндіктер шегінде орындау қабілеттілігімен түсіндіріледі.

Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігі – бұл әрбір қарауыл және бөлімшенің кезекшілік күйден жауынгерлік күйге тез арада ауысуын қамтамасыз ететін қабілеттілік күйі, өртте минималды уақыт аралығында шешуші және тиімді қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізінде объективті сипатқа ие анықталған заңдылықтар жатыр. Осылайша, өртте бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ең басты заңдылықтармен байланыстырылады.

Бөлімшелерде заманға сай құралдардың саны мен түрі ұлғаюынан жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекет ету ролі біршама өсті. Сондықтан да, әрбір өрт жауынгерінің білім деңгейі, шыдамдылығы жоғарылады, сол сияқты бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі қателіктері де өсті.

Әрекеттестіктен басқа, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарында нақты жағдайлармен анықталатын басқа да заңдылықтар орны бар. Бұл жағдайлар былайша түсіндіріледі: жауынгерлік тапсырманы орындайтын бөлімшелер күйінің саны мен сапалығы, олардың техникалық жабдықталғандығы, өрттің таралу параметрлері, өртті сөндіру және адамдарды құтқарудың әдістері. Сәйкесінше, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының заңдылықтары басқа да практикалық аумақтардағы заңдылықтары сияқты объективті сипатқа ие.

Бірақ, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының объективті сипат бар болуының заңдылықтары бұл қимылдарға субъективті факторлар әсерін керек етпейді. Керісінше, айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын жоспарлау кезінде олармен басқару оңай емес.

Объективті жағдайларда бөлімшелердің табысты жауынгерлік іс-қимылдары мүмкін табысқа тәуелді, олар өз беттерімен оң нәтижеге әкеледі. Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының табыстылығы, өртте негізгі тапсырмаларды щбъективті және субъективті орындау болып табылады. Сондықтан өртте жауынгерлік тапсырмалардың табысты орындалуына өртке қарсы қызметінің басқарушы құрамының ұйымдастырушылық қабілеттілігі, бөлімшелермен басқара білуі әсер етеді.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына тек заңдылықтар ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлар да әсер етеді. Кездейсоқтылық себебі ең алдымен біздің қызметтік жетіспеушіліктеріміз болуы мүмкін - бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының нашар ұйымдастырылуы, олармен басқару жетіспеушілігі, жауынгерлік іс-қимылдарда бөлімшелердің жеке құрамының жетіспеушілігі және т.с.с.

Айта кету керек, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына кері әсер ететін кездейсоқтылықтан басқа, тапсырманы шешуге әсер ететін қосымша жағдайлар болуы мүмкін: табиғи жауынның түсуі, жел бағытының өзгеруі және т.с.с. Сондықтан да жауынгерлік іс-қимылдар барысында тек қолайсыз жағдайларға қарсы тұру ғана емес, сонымен бірге өртті сөндірге пайдалы қимылдарды қолдану қажет. Бұл іске басқарушы құрамның ұйымдастырушылық қабілеті, жақсы тактикалық және бөлімшелер жеке құрамының психологиялық дайындылығы тікелей байланысты.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары әрдайым кеңістік және уақытпен шектелген. Олар салыстырмалы түрде кіші аумақтарда және қысқа уақыт мерзімінде жүзеге асырылады.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының ұзақтылығы өртте жауынгерлік тапсырманы орындауға қажетті уақытпен анықталады, және жауынгерлік жағдайға, санына, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қабілеттілігне байланысты. Олар бөлімшенің өрт орнына шығу сәтінен басталып, өртте жауынгерлік тапсырманы орындап болғаннан кейін аяқталады. Бұл уақыт аралығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейбір кезде тәулікке дейін жиілейді, бұл бөлімшелердің жауынгерлік тапсырманы орындау кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдар негізіне байланысты.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізі жауынгерлік жағдаймен анықталады. Өрттегі бөлімшелердің санына байланысты олардың жауынгерлік іс-қимылдары бірнеше сандық көрсеткіштермен сипатталады.

Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін өртте жауынгерлік тапсырманы негізіне сүйене отырып, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуын қарастырамыз.



Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы.
Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары екі негізгі белгімен топтастырылады: сипаты және тағайындалуы бойынша.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары сипаты бойынша жалпы және жеке болып топтастырылады.

Жауынгелік іс-қимылдардың тағайындалуы өртті сөндіру кезінде жүзеге асады.

Жауынгерлік іс-қимылдардың жеке түрі нақты өрттерді сөндіру кезінде жүзеге асырылады. Олар өрттегі жеке, ерекшеленген жағдайлармен анықталады. Мысалы, өртте адамдардың өміріне қауіп төнуі, конструкцияларды ашу және бұзу қажеттілігі және т.с.с.

Тағайындалуы бойынша жауынгерлік іс-қимылдар даярланатын, негізгі және қамтамасыз етуші болып бөлінеді.

Даярлаушы жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдардың нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.

Негізгі жауынгерлік іс-қимылдар өртте өртке қарсы қызметі жеке құрамының негізгі жауынгерлік тапсырмаларды орындау жетістігімен түсіндіріледі.

Қамтамасыз етуші жауынгерлік іс-қимылдар негізгі жауынгерлік іс-қимылдарды жеткілікті орындау нәтижесінде пайда болатын жағдайлармен түсіндіріледі.

Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары топтастырылуының принципиалды сызбасы бір бөлімшенің мысалында көрсетілген. Көрініп тұрғандай, жану тек негізгі түрмен ғана емес, сонымен бірге бөлімшелердің жауынгерлік іс—қимылдарының жалпы түрімен де жойылады. Бұл уақытта адамдар мен жануарлардың (құтқару, көшіру және оларды түрлі құралдармен қорғау) қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі түріне жатса да, ол жеке болып табылады, өйткені ол барлық өрттерде орындалмайды. Жоспарлануы, өрт ауыртпалығы, сол сияқты өрт кезіндегі болатын жағдай әр түрлілігі бойынша ерекшеленетін объектілер саны көп болатындықтан (жыл, уақыт мезгілі, ауа райы мен газалмасу жағдайлары және т.б.), өрттегі жағдай әрдайым түрліше болып келеді. Сондықтан да өмірге қолайлы жағдайлар берілгендерін анықтау мүмкін емес. Бұнымен қоса өрт сөндіру практикасында әр түрлі жағдайлар үшін, берілгендерді анықтаудың анықталған тәртібі өңделген.

Кез-келген объектіде барлау жүргізу кезінде, әсіресе адамдар көп келетін объектілерде (театрлар, кинотеатрлар, емхана, мектеп, балабақшалар), ең алдымен адамдарға от пен түтін қауіптілігін анықтау керек. Сондықтан ӨСБ шақыру орнына келісімен, объекті жұмысшыларымен байланыс орнатуы, жанып жатқан бөлмелерде адамдардың барын және бөлмелер тексерісін өткізуі тиіс. Бөлмелерде адамдарды айқай көмегімен іздеу тиіс. Есейгендерді терезелер, есік, корридорларда іздеу қажет, яғни бөлмелерден шығу жолдарында. Балаларды төсектер астынан, шкафтарда, пеш артында, санитарлы түйіндерде, столдар астынан іздеу қажет. Түтінденген бөлмелерде зардап шеккендерге бағыттайтын айқайға құлақ салу қажет. Егер адамдардың орналасу орны туралы мәліметтер бар болса және өрт сөндірушілер оларды таппаса, онда барлық бөлмелерді тексеру керек. Бұл кезде барлаушыларға адамдардың жоқтығы туралы арыздарымен шектелуге тиым салынады. Тексерісті барлық жағдайларда өткізеді, және тек адамдардың жоқтығы анықталғаннан кейін ғана бұл жұмысты тоқтатады.

Егер өртте адамдарға қауіп жоқ болса, онда назардың барлығы жану ошақтарына аударылдады.

Әдетте, жанудың ашық ошақтары оңай анықталады. Ашық жанудың шектерін анықтау үшін өрт орнын барлық жақтан тексеру қажет. Өрт қабырға, арақабырға, жылытылған беттік, желдету қораптарының бос кеңістіктері бойымен таралған кезде жанудың жабық ошақтарын анықтау қиындық тудырады. Бұл жағдайларда өрт шектерін анықтау өте қиын.

Бос кеңістікті конструкциялардағы жабық жану ошақтары олардың беттік температурасы, бояу немесе қаптаудың өзгеруімен анықталады.

Мынаны ескеру қажет, тесіктерден түтіннің шығу орнынан жану ошағын дұрыс анықтау мүмкін емес. Жеке жағдайларда, түтін бос кеңістікпен тарала отырып жану орнынан біршама қашықтыққа шығады. Жану орнын анықтау үшін конструкцияларды бақылап бұзады. Конструкциялар ішіндегі жану шектерін және оның таралуын бақылаулы бұзулармен анықтайды. Айта кету керек, өрт ошағын табу мақсатындағы жүргізілетін конструкцияларды бұзу тек сөндіру құралдарының бар болуы кезінде өткізіледі.

Кейбір жағдайларда, өрт орны түтін иісімен анықталады. Осылайша, электр сымдарының жануы кезінде резинаның жағымсыз иісі пайда болады. Түтін дәмі, сол сияқты оның түсі ағаштың жануы кезіндегі бөлінетін әдеттегі түтін түсі мен иісінен ерекшеленеді.

Жер төрелердегі өрттер кезінде анықтайтыны: жоғары орналасқан қабаттарға жанудың таралу мүмкіндігі;оқпандарды енгізуге және түтінді шығаруға қандай ойықтарды пайдалануға болатындығы; жер төренің конструктивті және жоспарлы ерекшеліктерін. Барлау жанып жатқан және көршілес бөліктерде өткізіледі. Бұл қажеттілік тек ондағы өрттің таралу мүмкіндігін анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге өрт ошағын бару жолдарын іздеу үшін де қажет.

Егер ғимарат кірпішті немесе өртке қарсы қабырғамен бөлінген болса, онда барлауды оның екі жағынан өткізеді.

Түтінденген бөлмелерде жану орнын жалын жарқылдауынан, жану дыбысынан, түтіннің қызу дәрежесінен анықтайды. Түтін иісінен қай жерде не жанып жатқанын жобалап анықтауға болады.

Егер шатыр бөлмесі жобалауы бойынша қиын және түтінденген болса, онда жану шегін жабынды үстін сипау, терезелерден түтін шығу орындары арқылы анықтауға болады; қысқы уақытта – қардың еру жерлерінен. Барлау барысында анықталатыны:шатырдың конструктивті ерекшеліктерін; желдету камераларының, тарату бактарының орналасуын; жабынды арқылы өрттің қабаттарға өту қауіптілігін; капитальді және өртке қарсы қабырғалардың бар–жоқтығы.

Ғимараттардағы өрт ошақтарына ең қысқа әрі ыңғайлы жолдармен өту қажет: есік, саты торлары, корридорлар арқылы. Егер жолдар отпен бөгеттелсе және бұл жерлерде қатты түтіндену мен жоғары температура пайда болса, онда терезе ойықтары, өрт сатылары, иінді көтергіштер пайдаланылады. Жеке жағдайларда барлаушылар бөлмеге арнайы жасалған қабырғалар мен аражапқыштар ойықтары арқылы кіреді.

Ереже бойынша, барлау, барлаушылардың техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды қажет ететін қиын жағдайларында өткізіледі (қатты түтіндену, жоғары температура, жарықтың жоқтығы, бөлменің қиын жоспарлануы). Түтінденген бөлмелерде терезе мен қабырғаларды жағалап жүру қажет. Міндетті түрде бұрылыстар саны, бөлме жоспары, құралдар көмегімен жүру маршрутын есте сақтау қажет. Жол жібін немесе құтқару арқанын барлау тобының құрамына кіретін әрбір өрт сөндірушінің карабині арқылы өткізеді. Түтінденген немесе қараңғы бөлмеде, өрт сөндірушілер бір-бірінен қалмай, бір колонна бойымен қозғалады. Барлау тобының құрамындағы бір барлаушының нашар сезінуінен топ өз жұмыстарын тоқтатады. Болған жағдай туралы командирге хабарландырылады. Егер барлау ГТҚҚ бөлімшесімен жүргізілсе, онда бір звено зардап шеккенге көмек көрсетеді, ал басқасы жауынгерлік тапсырманы орындауды жалғастырады. Барлау тобы ТОЖҚҚ жұмыс істегенде оларда жарықтандыру және байланыс құралдары, жол жібі, құтқару арқаны, жеңіл лом болуы тиіс. Түтінденген бөлмеге кірер алдында қауіпсіздік күзет орны қойылады. Күзетші барлау тобымен әрдайым байланыс ұстап тұруы және алынған ақпаратты ӨСБ, штаб немесе жауынгерлік участок бастығына баяндауы тиіс. Күзетшінің өз орнын тастап кетуге құқығы жоқ.

Қараңғыда және түтінде асықпау қажет. Қозғалыс орнын аяқпен, ломды ұрумен немесе басқа құралдарды пайдалану арқылы тексеру қажет. Саты торларында қабырғаға сүйену қажет, өйткені қоршағыш тірек ақаулы болуы мүмкін. Күйіп қалмау үшін бөлме есіктерін абайлап ашу қажет. Жану өтіп жатқан бөлмеге кірерде, оқпанды дайындыққа ұстау және есіктерде автоматты құлыптар жоқ екендігіне назар аудару қажет. Есікті ашық қалдыру керек, ал бөлмеден шығарда оны жабу керек.

Электрофонарьлардың жарық сәулелері бөлме тереңдігіне емес, керісінше, аяқ астына бағыттау қажет.

Мұздатылған шатырлар мен сатылар қозғалу кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет. Қауіпсіздік үшін — өрт балталарын, құтқару арқандарын пайдалану; шатырдың түсу жерлерінен айналып өту.

Жоғары кернеулі тоқ қондырғылары, қысымды аппараттар немесе жарылысты, улы, радиоактивті заттар бар бөлмелерде, барлау объектінің жұмысшыларымен ұсынылған қауіпсіздік ережелерінің сақталуымен өткізіледі.

1.Жанар май сақталатын резервуардағы өрттерді сөндіру негіздері

1.1Өрт сипаттамасы
Жалындық жану демалу арматурасында, көбін камерасы мен резевуар қабырғасы қосылған жерінде, басқа тесіктер мен жоғарғы концентрациялығы жалын тарау шегінен (ЖКЖТШ) пайда болуы мүмкін. Егер жалынды жану кезінде қара түтін мен қызыл жалын байқалса, онда резервуар көлемінде жанғыш будың жоғарғы концентрациясы және жарылыс қаупі мағынасыз. Көкшіл-жасыл жалындық жануы түтінсіз болса, бұл өнім концентрациясы тұтануға жақын және жарылыс қауіпті.Резервуарларды өрт көбінесе бу ауалы қосылыстардың жарылуынан басталады. Резервуар ішінде жарылыс қауіпті концентрациясының түзілуі сақталуы мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық әрекетіне, резервуар конструкциясына, сол сияқты климаттық және метеорологиялық жағдайларға әсер етеді. Резервуардағы жарылыс жанғыш сұйықтықтың жануына әкеліп соқтырады. Бұл кезде алғашқы стадияда да, резервуарларда мұнай және мұнай өнімдерінің жануы. Қоршаған ортаны жылулық сәулелермен зақымдайды, ал жарықтау бөлігінің биіктігі жанғыш резервуар диаметрінен 1-2 диаметр асу мүмкін. Жалынның қиғаш осі жел 4 м. с -1 болғанда 60-70 0 құрайды.

Жылжымалы шатыр резервуарларында жанудың локальды ошағы түзілуі мүмкін, жылжымалы шатырдың жанғыш сұйықтың жинақталған орында.

Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау кезінде, төменгі температуралық жағдайларда, ал жалғаспалы өрт пайда болуына әкеледі.

Резервуарлардың құлатылуына, келесі жағдайлар ие: сақталуы өнімнің тиілуі, резервуар герметивті бұзылуы, фланцты қосылыстар, сінген мұнай өнімі резервуарларда және құбырларда бар болуы.

Резервуарлардағы өрттер, резервуардың газ кеңістігіндегі буауалы қоспаның жарылуынан немесе шатырдың лақтырылуынан және шатырды лақтырылмай "бай" қоспаның тұтануынан басталады.

Жарылыс күші, ереже бойынша, үлкен газ кеңістігі бар резервуарларда және мұнай өнімдерінің буларымен толтырылған резервуарларда үлкен болады.

Көлденең металл резервуарда жарылыс күшіне байланысты, мынадай жағдайлар байқалуы мүмкін:


    • шатыр толығымен жұлынады, оны 20-30 м қашықтыққа лақтырады. Сұйықтық резервуардың барлық ауданында жанады;

    • шатыр біршама көтеріледі, толығымен немесе бөлшектеніп жұлынады, содан кейін жанғыш сұйықтықта жартылай ауырлықпен ;

    • шатыр деформацияланады және резервуар қабырғасына бекіту жерінде кішірек тесіктер пайда болады. Бұл жағдайларда, пайда болған тесіктер үстінде ЖТС булары жанады. Тереңдетілген темірбетон резервуарлардағы өрт кезінде, жарылыстан үлкен өлшемді тесіктер түзіетін шатырдың бұзылуы өтеді, содан соң өрт процесінде тасушы конструкциялардың суытылмауынан және жоғары температураның әсерінен резервуардың барлық ауданы бойынша жабындылардың бұзылуы мүмкін.

Тік цилиндрлі, сфералық резервуарлардағы жарылыстар кезінде, резервуардың түбі өте жиі бұзылады, оның нәтижесінде сұйықтық шексіз аудандарға төгіледі, көршілес резервуарлар мен имараттарға қауіп төнеді.

Өрт пайда болғаннан кейін, резервуарлар және олардың жабдықтарының күйін сөндіру әдісі мен бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары анықтайды. Мысалы, жер асты резервуарларын сөндіру ұзақтылығына темірбетонды свайлар әсер етеді, бұл аймақта көбік жылулық радиациядан бұзылады, онымен көбік берудің нормативты уақытының ұлғаюы түсіндіріледі.

Резервуарлық парктердегі өрттердің негізгі параметрлері болып табылады:

өрт ауданы, жалын факелының биіктігі, жылу ағынының тығыздығы, жанып кету жылдамдығы, сұйықтықтың қызу жылдамдығы.

Өрттi барлау кезiнде, барлаудың жалпы мiндеттерiн орындаудан басқа:

жанып жатқан және көршi резервуардағы ТЖС және ЖС-ның мөлшерi мен түрiн, толу деңгейiнiң, су көтермелерiнiң бар болуын, резервуарлар төбелерiнiң бұзылу сипатын;

қоршау үйiндiлерiнiң жағдайын, резервуар бұзылғанда немесе атылу кезiнде аралас құрылыстарды зақымдаудың қауiпiн, сұйықтардың мүмкiн болатын ағу жолдарын;

өндiрiстiк және нөсер канализацияларының, байқау құдықтары мен су қақпақтарының жағдайы мен бар-жоғын;

резервуардан мұнай өнiмдерiн айдаудың немесе шығарудың және оларды су немесе бумен толтырудың мүмкiндiгiн;

өрт сөндiру құралдары мен қондырғыларының, сумен қамтамасыз ету және көбiктендiргiш заттардың бар-жоғын және жағдайын, көршi объектiлерден көбiктендiргiш заттарды тез жеткiзудiң мүмкiндiгiн анықтау керек.

Жел болғанда жану күшейеді, түтін және жалын массасы жан-жаққа ауытқиды, мұнымен қоса өрттегі жағдай өрттің көршілес резервуарлар мен имараттарға таралу мүмкіндігінен күрделенеді, ориентацияның жоғалуына әкеледі, бөлімшелердің жаунгерлік іс-қимылдарын шектейді.Сұйықтық бетіне, резервуар қабырғасына жылу берілудің ұлғаюынан, өрттің жылулық режимы өзгереді, жалынмен байланыса отырып, өте жоғары температураға дейін қызады.

Жалын факелының жылулық сәулеленуі, сол сияқты газдармен жылудың конвективты тасымалдануы әсерінен көршілес резервуарлардың демалу арматурасы, өлшегіш құрылғылар арқылы шығатын мұнай өнімдері буларының тұтануы өтеді.

Жалын температурасы мұнай өнімінің түріне байланысты және жалын өлшемдеріне байланысты емес, 1000-нан 1300°С дейін ауытқиды.

Түрлі мұнай өнімдерінің сызықты жану жылдамдығы олардың физико-химиялық қасиеттріне байланысты 6-дан 30 см/сағ шектерде болады, ол практикалық түрде резервуар түріне және жану ауданына тәуелді емес, егер бұл аудан 5 м2 аспаса.

Шатыр толығымен бұзылған кезде, жер бетіндегі металл және жер астындағы темір бетонды резервуарларда мұнай өнімдерінің жану процесі бір-бірінен ажыратылмайды. Мысалы, резервуардың екі түріне де мұнай үшін υЛ сызықты жанып кету жылдамдығы 15 см/сағ құрайды, ал металл резервуардағы мұнай үшін қызу жылдамдығы υП 24-36 см/сағ және темірбетонды резервуарларда 24-30 см/сағ құрайды.

Мұнай өнімінің беткі қабатында жылудың жиналуы, белгілі бір дәрежеде сөндіру процессіне әсер етеді. Жоғары температура көбікті бұзады, от сөндіргіш заттар шығынын сөндіру уақытын ұлғайтады.

Сұйықтық бетінде, температура қайнау температурасына жақын, бірақ мұнайда беттік температура жеңіл фракциялардың жанып кетуінен баяу өседі. Мұнай өнімдерінің көптеген түрлері үшін сұйықтықтың беттік температурасы 100°С құрайды.

Қызған қабаттың бар болуы, шикі мұнай мен мазуттың ұзақ жануы кезінде байқалады.

Айта кету керек, бензин мұнай мен мазутқа қарағанда тезірек қызады, бірақ қызған қабаттың температурасы судың қайнау температурасынан төмен немесе оған жақын (4 кесте). Резервуарлық парктерде өртпен бірге жүретін негізгі құбылыстар, қайнау және лақтыру болып табылады.

Беттікте қызу сипаты бойынша барлық ЖТС-ЖС екі топқа бөлуге болады. Бірінші топта, қабаттағы температура өзгермейді (спирттер, ацетон бензол, керосин, дизельді жанармай және т.б.), ал жану беттігінде қайнау температурасына жақын температура орнатылады. Екінші топ (шикі мұнай, бензин, мазут және т.б.) – ұзақ жану кезінде беттікте қайнайтын қабат түзіледі.

Су жоқ, бірақ ол жанғыш сұйықтықтың өзінде эмульсия түрінде болатын жағдайлар да болады. Мұнайдың үстіңгі қабатының жабысқақтығы төмендеген кезде, су тамшылары тереңдікке түседі. Су тамшылары бір уақытта қызады және қайнайды. Су булары мұнайды көбіктендіреді, ол борт арқылы төгіліп, қайнау өтеді (яғни мұнайдағы су қайнайды). Қайнау лақтырылуға қарағанда ертерек пайда болады.

Тәжірибелермен көрсетілгендей, егер бос борттың биіктігі қызған қабаттың қалыңдығынан екі есе үлкен болса, мұнайда 1% су болу шартынан сұйықтық борт арқылы төгілмейді, онда қайнау 45-60 мин кейін өтеді. Қайнау жалын температурасын 1500°С дейін ұлғайтады, жалын биіктігі 2-3 есе үлкейеді, жылу ағыны толық жанудың әсерінен бірнеше есе өседі. Лақтырылуды келесі түрде түсіндіруге болады, мұнайдың қыздырылған қабат температурасы 300°С жете алады. Бұл қабат сумен әрекеттесе отырып, оны қайнау температурасына қарағанда үлкен температураларға дейін қыздырады. Бұл жағдайда будың көп мөлшерде бөлінуімен судың қайнауы өтеді, ол су бетіндегі мұнайды резервуар шектерінен лақтырады.

Сонымен, лақтырылудың себептер анализы көрсеткендей, ол резервуардағы өрт кезінде өтуі мүмкін, сұйықтық қабатының астында су болатын жерлерде, яғни сақтау жағдайларына байланысты. Лақтыру уақытын (яғни өрттің басталуынан лақтыруға дейінгі уақыт) анықтауға болады, егер резервуардағы сұйықтық деңгейі Н, су қабатының қалыңдығы h, сол сияқты жанудың сызықты жылдамдығы υЛ және қызу жылдамдығы υП белгілі болса, онда мына формула бойынша уақытты таба аламыз, сағ:

Қорытынды тәрізді айта келсек, резервуарлық парктеріндегі өрттерде қайнау және лақтырылу жеке құрам мен техникаға қауіп төндіреді, өрт өлшемдерін ұлғайтады, жану сипатын өзгертеді, күштер мен құралдарды қайта топтастыруды, резерв жүргізуді, сөндіру жоспарын өзгертуді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет