Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау. АҚтау 2006 ж. Жоспар



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.96 Mb.
#5079
түріДиплом
  1   2   3   4



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ – АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау

.

АҚТАУ – 2006 ж.

Жоспар.
Кіріспе_______________________________________ 4
1. Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы


    1. Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.____________________ 8

    2. Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері._______________________________ 18

    3. Негізгі қорларды бақылау. _______________________ 25

    4. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.__________ 27


2 Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау

    1. Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау._____________________________________40

    2. «айгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.____________________________ 47

    3. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.____________55

    4. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.___________________________ 58


3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру

жолдары мен резервтері.


    1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.____ 76

    2. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату._________________________________ 80

Қорытынды____________________________________92

Пайдаланылған әдебиеттер__________________________96
Кіріспе
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі қорлар өндіріс сферасында функциянирленеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ал негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келессі экономист ғалымдардың Е.Е. Савицкая, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және т.б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде «Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың мәні және мағынасы» таңдалған тақырыптың теориялық негіздері беріледі, яғни негізгі қорлар нені көрсетеді, кәсіпорынның техникалық потенциалы қалай, негізгі қорлардың классификациясы, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның жәй-жәй қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі анализ жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші бөлімнің бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің анализі, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері, оларды өзгертетін факторлар зерттеледі.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың анализін және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін анализденетін кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және анализі сұрақтарын қамтитын нормативтік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
Бөлім 1. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы

1.1. Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.
Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе оперативті басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның функционирленуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.

Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.

Өндірістің әр бір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1. Еңбекке заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);

2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).

Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс процесінде еңбек өнімін шығарады.

Еңбек процесінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.

Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектен ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.

Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.).

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.

Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдер ішінде пайдаланады, олар жәй-жәй тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.

Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).

Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;

өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:

меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.

қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;

тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.

Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:

мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);

мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).

Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

I. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер учаскісіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

II. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспанап және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.

Негізгі капитал






Материалды


Материалды емес






Жер

Ғимараттар

Құрылыстар

Таратқыш құрылғылар

Машина және құрал-жабдықтар

Тасымалдау құралдары

Инструмент, инвентарь

Көп жылдық отырғызулар

Балық көбейту және т.б.

Геологиялық барлау жұмыстары компьютерлі-программалық қамтамасыз ету көркем шығарма түпнұсқасы (кітаптар, кино, суреттер, музыка және т.б.).

Ғылымға сыйымды технологиялар.




Схема 1. Кәсіпорынның негізгі қоры.
III. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).

Инвентарлы болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.

IV. Таратқыш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).

V. Машиналар және құрал-жабдықтар. Инвентарлы объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:

● Күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).

● Күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, экскаваторлар, грейдерлер).

● Өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).

● Есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).

● Басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).

VI. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу составы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.

VII. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

VIII. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмысстолы, шкафтар, және т.б.



IX. Шаруашылық инветарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (cтолдар, шкафтар және клемдер).

X. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза плантациялары, тірі шарбақтар және т.б.).

XI. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).

XII. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, мамшиндердің, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін резервтерді табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен оперативті қамтамасыз ету.

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтерін тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл резервтерді мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану – аналитикалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.

Қозғалыстағы – эксплуатациядағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).

Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), эксплуатациядан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.

Тоқтатылған негізгі қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша эксплуатациясын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.

Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.

Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимамраттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында (45%).


1.2. Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері.
Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны - бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.

Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.


Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12 (1.1)
мұндағы, Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;

Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;

Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;

Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың

функционирлену уақыты;

Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі

өтіп кеткен уақыт.

Негізгі қорлардың тозушылық дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.


Ктозу =




Тозу сомасы




Негізгі қорлардың толық бастапқы құны (1.2)

немесе Ктозу = 1 – Кжарамд.

Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.

Кжарамд. =




Негізгі қорлардың қалдық құны

Толық бастапқы құн (1.3)

немесе Кжарамд. = 1 - Ктозу

Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.

Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:




Кжаңарту =
Жаңа негізгі қорлар құны
Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны (1.4)

Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.

Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:

Ктүсім =


Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны



Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны (1.5)

Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады:

Кинт. =
Жойылған негізгі қорлар құны

Қайта енгізілген негізгі қорлар құны (1.6)
Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.

Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын жою коэффициенті:


Кжою =


Жойылған негізгі қорлар құны

Негізгі қорлардың жыл басындағы құны (1.7)

Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық құннан шыға есептелінеді. Негізгі қорлардың қозғалысы туралы толық мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.

Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.

Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.

Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.

Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері және т.б. жатады.

Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.

Құрал-жабдықтар жұмысын ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады:


Кауыс. =
Ауыстыру машиндері

Құрал-жабдықтар мөлшері (1.8)
Құрал-жабдықтарды пайдаланудың ауыстырымдылығын көтерудің басты мақсаты – бұл негізгі қорларды қалыптастыруды жетілдіру. Оларды дәл қалыптастыру процесінде кәсіпорын өзгешілік есебімен – жұмыс күші және негізгі қорлар арасында ең басты пропорцияға жету қажет.

Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткішінің ішінде құрал-жабдықтарды ауыстыру көрсеткішін толықтыратын құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалу көрсеткіші де маңызды мағынаға ие. Құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалуларының негізгі себептері - өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал-саймандармен, материалдармен, детальдармен жабдықталуы; құрал-жабдықтардың түзелмеуі және жоспарда қарастырылмаған ремонттар; жұмысшылардың жетілмеуі. Құрал-жабдықтардың ішкі сменалық тұрып қалуын төмендету үшін ең алдымен құрал-жабдық жұмысының бақылауын және есебін жақсарту, станоктардың және машиндердің жұмыс есебін автоматтандыру және механикаландырудың әр түрлі жүйелерін кеңінен пайдалану.

Құрал-жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштерінен басқа өндірістік алаңдарды және құрылыстарды пайдалану көрсеткіштері де маңызды орынға ие. Өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану капиталды құрылыссыз өнім өндіруді көтеруге мүмкіндік береді және осымен капитал салымдарының мөлшері қысқартады; босатылған өндірістік алаңдарда өндірісті жаңа құрылысты жүргізгенге қарағанда тез ұйымдастыруға болады, осының арқасында уақыт ұтамыз.

Көп жағдайда жоғарыда айтылып кеткен құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті негізгі қорлардың бөлек көрсеткіштерінің пайдалану дәрежесін ғана көрсетеді, сондықтан негізгі қорлардың барлық пайдалану массасын анықтау үшін кәсіпорындарда, халық шаруашылығының салаларында жалпылағыш көрсеткіштері қолданылады.

Олардың ішінде маңыздысы – негізгі қорлардың қорқайтарымы, өнім бағасының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.
ФО = Q/Fc (1.9)
мұндағы, Q - өндіріс көлемі;

Fc – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

Қорқайтарым негізгі өндірістік қорларға жұмсалған әрбір тенгені пайдаланудан жалпы қайтарымды көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептегенде негізгі қорларды пайдаланудың және өндіріс нәтижелерінің кезеңдік салыстырғандығына назар аудару қажет.
1.3. Негізгі қорларды бағалау.
Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. Осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды, баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі.

Негізгі қорлардың бастапқы құны.

Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады. Жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:

● Шотта көрсетілген сатып алу бағасы;

● Қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;

● Сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;

● Салықтар және жинақтар;

● Мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б.


Сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келессілер жатады:

● Сатып алу құны;

● Тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);

● Монтаж;

● Құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынау жүргізу және т.б.
Ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:

● Материалдар;

● Еңбекақы төлеу;

● Үстеме шығындардың сәйкес үлесі;

● Архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;

● Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● Құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;

● Құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.
Негізгі қорлар объектісінің бастапқы құны анықталады:

● Негізгі қорлар субъектісінің өзім дайындалған кезде немесе оларды фактілік шығындар сомасымен сатып алу;

● Объектілерді басқа бір заңды немесе жеке тұлғалардан эксперттік жолмен немесе қабылдау-беру актісі бойынша тегін алған кезде.

Ағымдық құн – бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны. Әр түрлі уақытта эксплуатацияға енгізілген біртекті негізгі қорлар олардың өндірісіне әр түрлі шығын деңгейі көрсетеді. Сондықтан оларды ағымдық құн бойынша бағалау қажеттілігі туады.

Баланстық құн – бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. Бұл негізгі қорлардың өндірілетін өніміне, жұмысына және қызмет көрсетуіне немесе ағымды шығындарға әлі ауыстырылмаған құны. Бұл құнның төмендеуі негізгі қорларды эксплуатацияда табу уақытының жоғарылау себебінен болады.

Жойылу құны – негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.



1.4. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.

Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.

Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.

Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.

Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

Моральдық тозудың екінші түрі - бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.

Тозуды анықтау әдістері.

Физикалық тозу негізгі қорлардың қызметтену негізінде анықталады:
Ттозу(ф) = Тфн · 100% (1.10)
мұндағы, Тф – нақты қызмет ету уақыты (жыл);

Тн – нормативті қызмет ету уақыты (жыл).

Тозуды толық анықтау үшін негізгі қорлардың элементінің жағдайын анықтау қажет.

Моральдық тозудың бірінші түрі баланстық және қалпына келтірілген құнның қатынасы негізінде анықталады:


Ттозу(м1) = Фб – Фвб · 100% (1.11)
мұндағы, Фб – баланстық құн (мың тг.);

Фв – қалпына келтірілген құн (мың тг.).

Моральдық тозудың екінші түрі көп жағдайда құрал-жабдықтардың өнімділігін салыстыру негізінде анықталады.
Ттозу(м2) = Пр2 – Пр1 /Пр2 · 100% (1.12)

мұндағы, Пр1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өнімділігі;

Пр2 – жаңа негізгі қорлардың өнімділігі.

Бірақ бұл кезде жаңа негізгі қорлар қамтамасыз ете алатын шикізат және материалдарды үнемдеу немесе еңбек күшін үнемдеу есептелмейді. Сондықтан моральдық тозудың екінші түрін дәл есептеу үшін келесі формуланы қолданып негізгі қорларды және өндіріс шығындарын салыстыру қажет.


Ттозу(м2) = Изд2 – Изд1 /Изд2 · 100% (1.13)
мұндағы, Изд1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге);

Изд2 – жаңа негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге).

Негізгі қорлардың амортизациясы.

«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.

Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.

Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционирлеу мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.

Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.

Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.

Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсіімінен басқа

Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.

Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың нормативті қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс спецификасына байланысты), ал машиндердің және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.

Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.

Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.

Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:


На = Фп (б) – Фпп · tсл · 100% (1.14)
мұндағы На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);

Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;

Фп – жойылатын құн;

tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.

Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.

Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және физикалық көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация нормасы көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.

Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.

Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:



  1. Бірқалыпты құнды тізімнен шығару;

  2. Жасалған жұмыс көлеміне сәкес құнды тізімнен шығару (өндірістік әдіс);

  3. Тездетілген тізімнен шығару: а) кішірейетін қалдық

б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару (комулятивтік әдіс).

Бірқалыпты құнды тізімнен шығару әдісі – объектінің амортизацияланатын құнын ай сайын тең сомада тізімнен шығару. Бұл әдіс негізгі қорлардың объектісін пайдаланудан түскен пайда оны пайдалану уақытының әр кезеңінде бірдей деп болжаған кезде қолданылады, яғни объектінің қалатын пайдалылығы бірқалыпты болады.

Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, экпслуатация сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке пропорционалды жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс эксплуатация уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы.

Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет.

Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады:

а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (кумулятивті);

б) кішірейетін қалдық әдісі.

Сандардың сомасы бойынша құнда тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі эксплуатация мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады.

Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді.

Бекітілген орнатылған тәртіптегі сәйкескен инвентарьлы объектінің амортизация нормасы өскен кезде кәсіпорынның жеделдетілген амортизациясын есептеу бірқалыпты әдіс базасында жүргізеді.

Соңғы жылдары дамыған елдерде машиндердің құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады.

Негізгі қорлардың инвентаризациясы.

Бухгалтерлік есептің және қаржылық есептеменің мәліметтерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сәйкесінше СБУ 24 «Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру» және оған методикалық кепілдемелерімен жылына бір рет шаруашылық субъект түлігінің және қаржы міндеттемелерінің инвентаризациясын жүргізеді.

Инвентаризация – бұл мүліктің және міндеттемелердің нақты барлығын бухгалтерлік есеп мәліметтерінен сәйкестігін тексеру.

Есептік жылдағы инвентаризация мөлшері, оларды жүргізу уақыты, мүлік тізімін шаруашылық субъектімен орнатылады, мына жағдайларда инвентаризацияны жүргізу міндетті болып саналады.

● жылдық бухгалтерлік есепті құрастырудан бұрын, есептік жылдың 1 ноябірінен кейін;

● кәсіпорын мүлігін арендаға, сатуға, сатып алуға берерде, сонымен қатар шаруашылық объектінің өзгерісінде;

● материалды жауапты адамдарды уаыстырғанда;

● ұрлық немесе қиянат, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру фактілері анықталғанда тез арада жүргізеді ;

● жойылу балансын құрудан бұрын субъектінің жойылуы кезінде;

● экстремальды жағдайлардан болған өрт немесе апаттардан кейін тез арада жүргізеді;

● субъекттің есептік саясатпен анықталған мезгілінде негізгі қорларды қайта бағалау кезінде және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған кезде.

Инвентаризацияны жүргізу үшін инвентаризациондық комиссия шаруашылық субъектінің жұмысшылары ішінен құрылады, оған бухгалтерия өкілі міндетті түрде қатысуы қажет, оның құрамы басшымен бекітіледі.

Комиссия міндетті түрде объектілерді тексереді және «Негізгі қорлардың мүлікті түгендеу жазбаларына» оның толық атауын, арнауын, инвентарлық номірлерін және негізгі техникалық және эксплуатициондық көрсеткіштерін енгізеді. Эксплуатацияға жарамайтын және қайта жөндеуге жатпайтын негізгі қорлар инвентаризационды (мүлікті түгендеу) тізімге кірмейді.

Негізгі қорларды жалға беру түрлері.

Аренда – бұл аренда берушінің аренда алушыға келісім шарт негізінде анықталған бағаға мүлікті уақытша пайдалануға және иеленуге беруі. Келісім шарт әр жақтық қарым қатынастар жүйесін, нақты құқықтарын және келісім шартқа әр бір қатысушының міндеттемелерді орындалуының өзара жауапкершілігін анықтайды.

Аренда келісім шартының заты – аренда берушінің меншігі болып табылатын өндіріс қорлардан аренда алушыға қайтару мақсатымен уақытша паайдалануға беру.

Халықаралық тәжірибеде аренданың үш түрін ажыратады:

Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – бұл 3 жылдан жоғары мерзімге мүлікті арендаға беру. Ұзақ мерзімді лизинг жәй және қаржылық (қаржыланатын аренда) болып бөлінеді.

Жәй лизинг аренда берушіге мүлікті аренда келісім шартының уақыты біткенде қайтаруын қарастырады.

Қаржылық лизинг – бұл аренданы ұзақ мерзімді несиелуі формасы. Көбінесе арендаға берілген мүліктің аренда уақыты біткеннен кейінгі сатып алу құқықсыз мүлікті жалға беру. Аренда мерзімі бір жылға дейін.

Экономикалық жағдайларға байланысты аренда: ағымда және қаржыланатын аренда болып бөлінеді. СБУ 17 «Аренда есебі» сәйкес ағымды арендаға қаржы алатыннан басқасының барлығы жатады.

Қазақстан Республикасының «Бюджетке салықтар және басқа да төлемдер туралы» заңды күші бар жарлығына сәйкес аренда және жерді пайдалану және иемдену құнын сату немесе ғимараттарды сату және арендаға беру қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.

Пайдалану құнымен байланысты тәуекел және сыйақылар егерде айтарлықтай мөлшерде арендаторға берілетін болса, және келесі шарттардың біреуі болса да орындалса аренда қаржылық болып табылады:

● аренда алушыға жалға берілетін мүлікті аренда уақыттық басында анықталатын қойылған баға бойынша сатып алу құқына иелі.

● аренда уақыты жалға берілетін мүліктің жаратымды пайдаланудың 80% мезгілінен асады.

● аренда мезгілінің ішінде арендалық төлемдердің дисконталған құны ағымды құнынң 90% асады.

Аренда алушының арендаға алатын мүлігі актив есебінде бухгалтерлік есепте есептеледі.

Арендалық төлемдер төмендегілерден тұрады:


  1. Қаржыландыру үшін төлемдер (проценттерге төлеу шығындары).

  2. Арендалық міндеттемелердің баланстық құнды қысқартатын төлемдер (негізгі міндеттемелерді төлеу).

Аренда берушінің жалға берілетін мүлігі бухгалтерлік есепте аренданың таза капитал салымдарына тең дебиторлық қарызды болып есептеледі. Табыс бөлігінде арендалық төлемдер әрбір есептік аренда берушімен арендаға капитал салымдары ретіндегі табыс болып есептелінеді.
Бөлім 2. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау.
2.1. Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау.
Қазақстан Республикасының құрылыс фирмасы «Мұнайгазқұрылыс» акционерлік қоғамы – Қазақстанның бірден-бір мұнай өндірісі өнеркәсібі орталығы – Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан. 1999 жылы фирма өз қызметінің 35 жылдығын атап өтеді. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ – құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық кешенді орындап, объектіні дайын күйінде тапсыратын бас мердігерлік құрылыс мекемесі болып табылады.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ның құрылымдары өздерінің құрылған кезеңінен бастап Маңғыстау облысының мұнай кен орындарының (Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас) және газ (Теңге, Батыс Теңге, Тасболат, Оңтүстік Жетібай) кен орындарының кешенді өнеркәсіптік жайластыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындады; Қаламқас, Жетібай, Өзен және Таушық кен орындарында қосалқы резервуарлар паркі бар, 4 мұнай айдау стансасы, 2 газ айдау стансасы (Сай-Өтес, Өзен) құрылыстарын жүзеге асырды, электр желісі жүйесін және мұнай құбыры торабын салуға қатынасты, одан басқа да сутехникалық құрылыстар тұрғызды.

Оның ішінде Қаражанбас кен орнында кірме дамбасы бар сутартқы, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын Каспий теңізінің тасқынынан қорғайтын бөгет, сонымен қатар Қаламқас кен орнының сортаң жерлерінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бейімдеп сорықтыру жұмыстарын атқарды.

«Мұнайгазқұрылыс» Компаниясының құрамындағы құрылыс мекемелері Теңгіз кен орнын жайластыруды бірінші бастап, Каспий маңайы аймағының барлық жұмыстарын жүргізді. Барлығы 10 мың шақырымнан астам құбырлар, 720 шақырымға жуық электр жүйесі желілерін тартты. Сонымен қатар Компания қала салу жұмыстарымен де айналысты: құрылысшылар күшімен шөл далада мұнайшылар қаласы Жаңа Өзен салынды.

Соңғы кездерде «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ Маңғыстау және Атырау облыс отарында қайта қалыптастыру және мұнай сақтайтын қосалқы парктерді ауыстыру жобаларын жүргізу үстінде жәнеде Маңғыстау облысындағы жаңа кен орын: Доңға, Сотүстік Бозашыларды жайластыруда. 1997-1998 жылдары «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ – ауа райының қолайсыздығына қарамастан мемлекетіміздің аса қажетті деп табылатын объектісі Каспий теңізінің Қайдақ шығанағындағы «Сай-Өтес - Бозашы» ұзындығы 16 шақырым, шеңберінің орталық тартымдылығы 530 мм. Су асты құбырын ойдағыдай салып бітіріп, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешті.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ сонымен қатар машиндермен механизмдерді пайдалануға береді; автокөлікпен жүк тасу, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және де өндірістік байланыс қызметін көрсетеді.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі іс тапсырушылары болып өз облысымыздың мұнай өндіретін мекемелері: «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Қаражанбас» АҚ, НКТН «КазТрансОйл», соңғы кездерде Маңғыстау облысындағы жаңа мұнай газ кен орындарын игеріп жатқан шетелдік фирмалар «Тексако Норс Бузачи, Инк.», «Оман Ойл Компани Лтд.» және басқалар.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ өз құрамында жалпықұрылыс жұмыстарын және құрылысты механизациялау жұмыстарын жүргізетін, барлық жұмыс бабына қажетті өндірістік алаңдары, техникасы және жабдықтары сай құрылымдары бар және де радиотелефондарға қызмет көрсететін базалық жабдығы 8 каналды системалы өндірістік байланыс цехы бар.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ кәсіпқой және мақсатшыл адамдар жұмыс жасайды. Қоғам басшысының саясаты жақсы маман кадрлармен іскер жұмысшыларды іріктеу.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ құрылыс және құрастыру жұмыстарын іс тапсырушыларға өз күштерімен жүргізіп қоймай, арнайы мамандырылған мекемелерге жасатады және де осы мекемелердің атынан тендерге, тіпті келісім-шартпен де отыра алатын экслюзивтік құқығы бар. Осы мекемелердің барлығының Маңғыстау аймағының құрылыс саласында маңызды жұмыс тәжірибесі бар.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ жоспарында мекеменің өндірістік күштерін одан әрі дамыту, жұмыс бағытын кеңейту, құрылыс-құрастыру жұмыстарын Қазақстанның басқа аймақтарында жүзеге асыру.

Кесте №1.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау 2000-2001 жж.

Көрсеткіштер





Өлшем

бірлігі


2000ж.

2001 ж.

Өсу коэф.

жоспарлы

нақты

%

1. Жасалған жұмыс көлемі


м.т.

63334,5

164000

169289

103.2

2.67

2. Еңбек өнімділігі, соның ішінде

- бір жұмыскердің еңбек өнімділігі



тг.

тг.

356

435


921


1142

943


1187

102,3


103,9

2,6


2,7

3. Өнімнің өзіндік құны соның ішінде:

  • материалды шығыстар, барл.

  • өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы

  • әлеуметтік салық

  • негізгі қорлардың тозуы

- басқалары

м.т.
м.т.

м.т.
м.т.

м.т.

м.т.



51658
23465,8

18277,6
3573

3459

2882,6


122100
72400

36500
8540

3800

860


119656
71046

35610
8086

4214

700


98
98,1

97,6
94,7

110,9

81,4


2,32
3,03

1,95
2,26

1,22

0,84


4. Еңбек ақы төлеу қоры, барлығы, соның ішінде:

м.т.
м.т.

м.т.



29968,5
32377,6

6690,9


42249,6
34953,6

7296


44000,3
35610

8390,3


104,6
102,4

115,0


1,47
1,54

1,25


5. Орташа еңбек ақы:

  • өндірістік персонал

  • әкімшілік персонал

м.т.

м.т.


тг.

25192


33689

33109,9


37991,1

42480


43120

128,3


113,5

1,69


1,28

6. Персоналдың орташа тізімдік саны:

  • өндірістік персонал

  • әкімшілік персонал

адам
адам

адам



88
72

16


88
72

16


85
69

16


96,6
95,8

100,0


0,96
0,96

1,0


7. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны:

м.т.



66735

72000

73855

102,6

1,11

Бұл кестеде 2000-2001 жж. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері берілген, бұл кестеден көріп отырғанымыздай 2001 жылы 2000 жылға қарағанда орындалған жұмыс көлемі 2,67 есе көбейді.

Бір жұмысшының еңбек өнімділік деңгейі осы жылға жоспарланған мөлшерден 2,3 %-ке, ал 2000 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көбейген. Сәйкесінше бір жұмысшыға 2,9%-тен, бұдан еңбек қорларын, жұмыс уақытын, өндірістік персоналдың санын қысқарту және өндіріске жаңа техниканы қосудың, яғни еңбекті механикаландырудың есебінен еңбек өнімділігінің көтерілуі арқасында еңбек қорларын тиімді пайдаланғаны сипатталады. Осы шараның салдарынан өндірістік жұмысшылардың орташа еңбек ақысы жоспарланған мөлшерден 28,3 %-ке (128,00 - 100) және өткен 2000 жылмен салыстырғанда 1,69 есе көбейген. Әкімшілік қызметшілердің орташа еңбекақысы 2001 жылғы жасалынған жұмыс көлемінің көбею салдарынан және осы жылғы жоспардан асырып орындағаны арқасында көбейген.

2001 жылы өнімнің өзіндік құны жоспарлы мөлшерден төмендеп 98%-ті құрады және былтырға қарағанда 2,32 есе азайды. 2000 жылы өнімнің өзіндік құнының төмендеуі:



  1. Материалдық шығындарды үнемдеу арқасында 1,9 %-ке (100% - 98,1 %) жоспарлы мөлшерге қатысты.

  2. Еңбекақы төлеу қорын үнемдеу арқасында 2,4 %-ке (100% - 97,6%) жоспарға қарсы.

  3. Басқа да шығындарды қысқартудың арқасында 18,6%-ке (100% - 81,4%) белгіленген жоспарлы мөлшермен салыстырғанда.

Бұл нәтижелер материалдардың шығын нормаларын қатайту есебінен болған өнімнің сапасын көтеру, ақауларды төмендету, өндіріске жаңа техника мен технологияны енгізу, техниканы пайдалануға әкімшілік шығындарға және коммуналдық қажеттіліктерге қаржының жұмсалуына бақылауды күшейту.

2001 жылы жұмысшылардың орташа тиімділік саны жоспарға қарсы 3,4%-ке, ал 2000 жылмен салыстырғанда 0,96 есе қысқарған.

2001 жылы жаңа негізгі өндірістік қорларды мүліктену және енгізудің арқасында олардың орташа жылдық құны 2,6%-ке (102,6% - 100%), 2000 жылмен салыстырғанда 1,11 есе өсті.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ның 200-2001 жылғы жылдық есептемелердің мәліметтерін пайдаланып келесі мүліктік жағдайын бағалайтын және кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштерін есептейміз:



Кн..қ. өсу =
Нег. қор. баланстық құны

Бал


2000 жылы 2001 жылы

Кн..қ. өсу = 67460/63270=1,07 83047/77330=1,07

Кн..қ.жаңару =


Нег. қор. түсуі (2.2)

Жыл аяғындағы баланстық құн



Кн..қ.жаңару = 1090/67460 = 0,02 17227/83047 = 0,21

Кн..қ.нақты құны =
Нег. қор. қалдық құны (2.3)

Ағымды активтердің құны
Кн..қ.нақты құны =22266/40788 = 0,5 33841/43283 = 0,78

Кжалпы өтімділік =


Ағымды активтер (2.4)

Ағымды міндеттемелер


Кжалпы өтімділік = 40788/10746 = 3,8 43283/15904 = 2,72

Рентабельділік =

Негізгі қызметтен түскен табыс (2.5)

Өнімді өткізуден түскен табыс


Рентабельділік = 4545/67524 = 0,1 33824/183720 = 0,18

Есептеген коэффициенттерді төмендегі кестеге келтіреміз.


Кесте №2.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ қаржылық бағалау коэффициенттері


Көрсеткіштер

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж.

Өсу

коэф.

1. Негізгі қордың өсу коэффициенті


0,73

1,07

1,07

1

2. Негізгі қордың жаңарту коэффициенті


0,06

0,02

0,21

10,5

3. Негізгі қордың нақты құн коэффициенті


0,39

0,5

0,78

1,6

4. Толық өтімділік коэффициенті


2,1

3,8

2,72

0,7

5. Рентабельділік


0,12

0,1

0,18

1,8

Есептелген мүліктік жағдайын және өтімділікті сипаттайтын көрсеткіштерден біз 2001 жылы кәсіпорынның рентабельділігі 18%-ті құрады, бұл көрсеткіш 2000 жылға қарағанда 8%-ке өсті (0,18 – 0,1). Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті 2001 жылы 21%-ті құрады, 2000 жылға қарағанда 19%-ке (0,21 – 0,02) өскен, ал бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын тозу коэффициенті төмендей береді.

Осылайша, «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ның қаржылық жағдайы өтіп кеткен 2 жыл ішінде (2000-2001 ж.ж.) тұрақтылығы байқалады, арықарайда кәсіпорынның тиімді қызмет етуі және оның табыстарын көтеру үшін барлық шаралар жасалынады.


2.2. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.

«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ-ы құрылыс-құрастыру жұмыстарының барлық түрімен айналысады.

Құрылыс шаруашылығының экономикалық тиімділік көрсеткіштер жүйесіне еңбек өнімділігі және құрылыс ұйымдарының негізгі өндірістік қорларын пайдалану деңгейі басты орын алады. Құрылыс шаруашылығы өнеркәсіпке қарағанда өндірістік негізгі қорлардың белсенді құрылымына ие болады. Құрылыс ұйымдарының өндірістік қорларында басты орынды машиналар және құрал-жабдықтар алады, сонымен қатар едәуір мөлшерде технологиялық функцияларды орындайтын көлік құралдары.

Кәсіпорынның негізгі қорларының есебі сәйкесінше бухгалтерлік есеп 6 «негізгі қорлардың есебі» стандартымен жүргізіледі.

Кәсіпорынның негізгі қорлары инвентарьлы карточкаларда бастапқы және ағымдық бағамен есептелінеді. Кәсіпорынның негізгі қорлары мақсатты пайдалануына және атқаратын функцияларына байланысты келесі топтарға бөлінеді:


  1. Ғимараттар және құрылыстар

  2. Машиналар және құрал-жабдықтар

  3. Көлік құралдары

  4. Тағы да басқалары

Негізгі қорларды талдау әдетте негізгі қорлардың көлемін, оның динамикасын және құрылымын зерттеуден басталады.

Негізгі қорлардың бар болуын, қозғалысын және құрылымын бағалау және талдау үшін бір жылдық статистикалық есептеменің «негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің бары және қозғалысы» мәліметтері қолданылады. Негізгі қорлардың динамика көрсеткіштерінің есебін келтірейік.


Абсолютті өсім – ΔФ = Ф1 - Фо = 83046 – 67460 = 15586 м.т. (2.6.)
Өсу қарқыны – Тр = Ф1о = 83046/67460 = 1,231 (2.7.)
Өсім қарқыны – Тпр.р·100–100=1,231·100–100 = 23,1% (2.8.)
Негізгі қорлардың динамика көрсеткіштерінің есебінен көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың абсолютті өсімі 15586 мың тенге, бұл көрсеткіштің өсуі негізгі қорлар құрамына айтарлықтай толықтырулар: кірістің, реконструкцияның және модернизацияның есебінен. Өсім қарқыны 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 23,1%-ке өскен.

Негізгі қорлар құрылымының көрсеткіштері:



Машина және құрал-жабдықтар:

жыл басына (16479/67460)·100 = 24,4%

жыл аяғына (23293/83046)·100 = 28%

Көлік құралдары:

жыл басына (40203/67460)·100 = 5966%

жыл аяғына (48904/83046)·100 = 58,9%

Басқалары:

жыл басына (4498/67460)·100 = 5,4%

жыл аяғына (4063/83046)·100 = 4,9%

Негізгі қорлардың талданып отырған жылдағы құрылымның көрсеткіштерінің есебінен негізгі қорлардың активті бөлігі (машина және құрал-жабдықтар) 3,6%-ке (28% - 24,4%) өскені көрініп отыр, үлкен үлесті көлік құралдары 59,6% және 58,9% алып отыр.

Өнімділік коэффициенті жаңарған негізгі қорлардың 1 теңгелік өнім құнымен сипатталады және төмендегідей есептелінеді:
Көнімд. = П – В/Фн (2.9.)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет