4.2 Ұжымдағы түсіністік мәселесі
Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі. Қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:
1. Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.
2. Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.
3. Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.
4. Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін, яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады. Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты.
Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:
1. “Бет-перделердің байланысуы” әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.
2. Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объекті ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.
3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
4. Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.
5. Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.
6. Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).
7. Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.
Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. С.Л.Рубинштейн бойынша адам мінез құлығының сыртқы көрінісінің негізінде оны танимыз, оны сыртқы мәліметтерінің мәнін ашамыз. Осының негізінде алынған нәрселер қарым-қатынас процесінде маңызды реттеуші рөлге ие.
Біріншеден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзіде дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану дәлдігінің өлшеміне онымен келісілген әрекеттердің жетістігі байланысты. Басқа адамды танудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі өзін-өзі соның орнына қою. Бұл сол адамның ішкі жай күйін ұғынудың ең тиімді жолы. Өзіңді басқа адамның орнына қоя отырып оны түсіну амалымен эмпатия құбылысының мәні ұқсас Эмпатия - басқа адамды ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезмдері мен ойларын ұғына отырып оны эмоцияналды түрде қабылдау қабілеті.
Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі-рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі.
Рефлексия басқа адамды тану ғана емес, сонымен өзіңді басқа адамның қалай түсінетіндігін білу, яғни басқа адамдарды қабылдаудағы таптаурындардың, жалған сенімдердің және установкалардың да мәні зор.
Таптаурындар басқа адамдардың тобы жайлы әдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Әр түрлі топтағы адамдар бір-бірімен етене араласа, жақындаса бастаса, ортақ мақсатқа жетуді тантаурындар өше бастайды.
Жалған сенімдер адамдардың, өзін олардың мотивтерін, қылықтарын білместен бағалау нақты жағдайларды толығымен талдамастан алдын-ала құрастырылған қандайда бір бейнелерге назар аудару және кез-келген адамды үйреншікті түрде қабылдап, бағалауға қатысты адамның санадан тыс даярлығы. Өзара қатынаста ашық жарқын бола білген жөн, өйткені жақын қатынаста болмайынша адамдардың жылы қабылдауы екі талай.
Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: Сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар көзі ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді.
Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құраса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.
Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды. Яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Адамның маңдайы, қасы, аузы ( еріні, көзі, мұрыны, иегі ) оның түр негізі эмоцияларын анықтайды.
Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлуметтік рөлдері бар. Осындай рөлдер жеке адам жайлы толыққанды ақпарат берумен қатар, оны кейбір тұстарын жасыруы да мүмкін. Алайда қандай рольді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты.
Адамның өзі және басқа адамдар жайлы ақпараттары қарым-қатынас тәсілдерін және мәнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысына анықтайды. Осы орайда психологиялық тұрғыда хабардар болуы керек.
Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке-жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде көрініс табады.
Экстраверсия мен интраверсия адамның психикалық сипаттамалары ретінде қарым-қатынас арасында айқын түрде байқалады.
Жүйке іс-әрекетінің неғұрлым күшті типімен байланысты, экстраверсиялық қасиеттері басым адамдар басқа адамдармен жеңіл тіл табысып кетеді, әрі таныстарының шеңбері кең келеді. Ондай адамдар
айналасындағылардың көзқарасына тәуелді, әсерін тез алмасытрып отыруға тырысады, әртекті істерді орындағанды әрі ұнатады.
Интраверттер жүйке іс-әрекет әлсіз тиіптегі адамдар; олар өзінің ішкі жан дүниесіне бағдарланған адамдар. Таныстарының шеңбері өте тар келеді, қарым-қатынаста өз серігін іріктеп отырады, таныстарының саны көбейіп кетсе оларадан шаршап кетеді.
Адам біреуіне жақын болып осындай психологиялық ақпаратпен санайтын болса сол типтерінің қарама-қарсы типтегі адамдарды түсіне алмас еді. Әлеуметтік өмір адамдар арасындағы байланыста дамиды.
Осының негізінде адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттестігінің негізі қалыптасады. Адамдар өзара әрекеттеседі, яғни бір-бірімен байланысқа түседі.
Серігінің сәйкес жауапты әрекетін күтудегі, басқа адамдарға бағдарланудың негізінде жүзеге асатын әлеуметтік әрекет арқылы ұласатын адамдардың байланысын әлеуметтік байланыс деп атаймыз.
Адам шын мәнінде басқа адамдармен өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас жағдайларында тіршілік ететін әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік тірі ағза, тұлғалар арасындағы өзара әрекеттестіктің әрқилы формалары бар достық, махаббат, бәсекелестік, уақыт өткізу, ойын әлеуметтік әсер бағыну, дау-дамайлар, діни әрекеттестік т.б.
Әлеуметтік топ әлеуметтік өзара әрекеттестіктің жалпы формаларының бірі ретінде анықталады. Оның әрбір мүшесінің мінез-құлқы мен әлеуметтік дәрежесі басқа мүшелерінің іс-әрекетімен және тіршілігімен міндеттеледі.
Адам өзін үнемі бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Адамның жалғыз қалғанымен басқа адамдардың тобында болуының арасындағы айырмашылық жер мен көктей (біршама алшақтау). Мұнда ең алдымен адамның өзі де өзгеріске түседі,-яғни оның қоршаған әлемге қатысты әсерлері, оның ойлары, сезімдері, тіптен бет әлпетіне дейін өзгереді; екіншіден, тікелей қарым-қатынас жағдайында ғана көрініс беретін түбегейлі жаңа психикалық құбылыстар орын ала бастайды.
Адамдардың бір-бірімен араласа бастаса болды, олардың тобын байланыстыратын тартылыс пайда бола бастайды. Топ бұл өзіндік күйі мен құрлымы бар, қандайда бір бүтін ұйым. Сіз топтың әр мүшесін жақсы білуіңіз әбден мүмкін алайда тікелей қарым-қатынастағы іс-әрекетін немесе бүтінде топтың әрекетін алдын-ала болжауыңыз қиынға соғады.
Кіші топтар ұжымның табиғи әлеуметтік- психологиялық негізі іспеттес. Ал ұжым өз кезегінде кіші топтардың жоғары дәрежеде дамуымен анықталады. Ол күтпеген жерден пайда болмай, біртіндеп мақсатты түрде қалыптаса бастайды.
Арнайы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, іскер және жеке қатынастар үйлесімінің дәрежесі қандайда да бір топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Балалар ұжымында қағаз жүзінде тіркелмеген, алайда жеке тұлғаның дамуыны ықпал ететін, әрі бүтіндей ұжымның өмірін анықтайтын, өзара түсіністіктің негізінде топтар пайда болып отырады. Дәл осындай топтың бала үшін маңызы зор болуы ықтимал, өйткені дәл осы жерде оның мінез-құлқы бағаланатындықтан оның мәні басқа топтарға қарағанда жоғарырақ болады.
“Біз”- деп аталатын топтар адамның дамуы мен мінез-құлқына түбегейлі өзгерістер енгізуі мүмкін. Әлеуметтік психологияда бұл топтыреферентті немесе эталон топ деп те атайды.
Референтті топтар шынайы тіршілік етумен қатар, ойдандашығарылуы да мүмкін, жағымды немесе жағымсыз бола алады. Қандайжағдайда да олардың атқаратын қызметі ортақ.
1. Референтті топ жағымды не жағымсыз үлгілердің бастауыболғандықтан әлеуметтік салыстыру қызметін атқарады.
2. Референтті топ адам бейімделуге тырысытын ережелердің,пормалардың бастауы болғандықтан нормативті қызмет атқарады.
Іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланыстытоптардың дамуының төмендегідей деңгейлері кездеседі.
1. Атаулар тобы ұжымдық дамудың айқын көрсеткішінсіз тек қағазжүзінде ғана тіршілік етеді. Ортақ қызығушылық, біріккен іс-әрекеттіңазынаулақ тәжірибесі бар уақытша байланыстарымен, қатынастарымен көретүседі.
2. Ассоциация тобының өзіндік құрлымы, іс-әрекеттің ортақмақсаты болғанмен біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін болаалмайды.
3. Коорпорация (ұжымы) –топ ортақ мақсатпен және оны жүзегеасырудағы іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |