ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Оқушылар ұжымында қақтығыстарды алдын алудың
психологиялық – педагогикалық шарттары»
2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе 3
І. Қақтығыстың алдын алудағы психологиялық шарттардың теориялық мәселелері 6
1.1. Қақтығыс түсінігінің әлеуметтік психологиялық мазмұны және топтастырылуы 6
1.2 Қақтығысты зерттеу және оны басқару әдістері 11
1.3 Қақтығысты жағдайларды алдын алу және шешу жолдары 17
ІІ. Тұлға аралық қақтығыстар және оларға әсер етуші факторлар 23
2.1. Қақтығыстық жағдайлардың туындау себептері және оны шешу жолдары
2.2. Еңбек ұжымы және талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Ұстаз бен шәкірт тілдесім мәдениетін қалыптастыру 34
3.1. Педагогикалық дискурс – білім беру функциясының тілдік компоненті
3.2. Сөйлесім әрекеті және оның түрлері 37
3.3. Тілдесім әрекеті және оның түрлері 38
3.4. Тілдесім арқылы оқытудың психологиялық ерекшеліктері 45
3.5. Техникалық құрал арқылы ұстаз бен шәкірт тілдесімі. 47
IV. Өзара қарым-қатынаспен өзара түсіністікті дамыту
4.1. Қарым-қатынас теориясы және ғалымдардың пікірлері 49
4.2 Ұжымдағы түсіністік мәселесі 52
4.3.Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері 56
V. Мазасыздану және оның жеткіншектік кезеңдегі дамуының теориялық аспектілері 64
Қорытындылар мен ұсыныстар 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 74
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі:
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Кейде біздің сөзіміз, іс-әрекетіміз қасымыздағы адамға немесе әріптесімізге дұрыс айтылып дұрыс қабылданбайды. Сондықтан олар қатынастың жасалуынан қашады.
Мұның барлығы кез-келген коммуникация, екінші адамға әсер етуі, өзі
туралы басқа адамға қатынасы, жанның тыныштығы т.б. Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы ахуал тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Е.А. Климов атап көрсеткендей, адамдардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін іс-әрекеттің даралық стильдерінің сәйкес келуі – олардың қиналмай қарым- қатынас жасауларының негізгі шарттарының бірі.
Осындай мәселенің байыбын барлап оның себеп-салдарын анықтау, тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның мінез-құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жағдайлар адам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайында қазіргі заман адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін.
Қазіргі кезде сондай-жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым- қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында, күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.
Қоғамдық өмірден нарықты экономикаға көшу барысында адамның әлеуметтік және кәсіби жүйедегі қақтығыс мөлшері бірден жоғарлады. Адамдармен жұмыс жүргізетін барлық мамандар қақтығыстың алдын алу, болдырмау және шешу заңдылықтарын толық меңгерулері тиіс.
Қақтығыс туралы мәселенің маңыздылығын аша отырып біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Білімгерлер арасында қақтығысты жағдайды алдын алу және психокоррекциялау деп алдық.
Зерттеу мақсаты – қақтығыс туралы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, тәжірибе арқылы білімгерлер арасында қақтығысты жағдайды алдын алу және психокоррекциялау Зерттеу нысаны – білімгерлер арасындағы қақтығысты жағдай.
Зерттеу пәні - қақтығысты жағдайды алдын алу және психокоррекциялау.
Зерттеу болжамы – білімгерлердің күнделікті өмірдегі тілдесіп қақтығыссыз қарым-қатынас жасауының, оның рухани өмірі мен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін түсінуге болады.
Сондықтан әлеуметтік ахуал мен топтың қимыл әрекет стратегиялары арасындағы үйлесімді ұйымдастырып, қақтығысты жағдайлардың алдын алуға болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Қақтығыс мәселесі турал психологиялық әдебиеттерге талдау жасау.
1. Қақатығыстың алдын алу және психокоррекциялау жолдарын қарастыру.
2. Білімгерлер арасында қақтығысты жағдайлардың алдын алу жұмыстарын тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - білімгерлер арасындағы қақтығысты жағдайлар туралы мәселе психология білімінің теориялық ережелерін толықтырады, зерттеу мәселесіне байланысты конфликтология ғылымының мәні мен мазмұнын ашады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні – зерттеу барысында қақтығысты жағдайды анықтайтын әдістемелер білімгерлерге бейімделіп пайдаланылды.
Білімгерлер арасында қақатығысты жағдайды алдын алуға арналған әдістемелер жинақталды.
Зерттеу әдістері – ғылыми еңбектерге теориялық талдау, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш кезеңнен, яғни үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытынды және қосымшадан тұрады.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңінде қақатығыс мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде білімгерлердің қақтығысқа түсу деңгейіанықталынып, түзету – дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық жәнетәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.
Зерттеудің төртінші кезеңінде Өзара қарым-қатынаспен өзара түсіністікті дамыту қарастырылып, қарым-қатынас теориясы және ғалымдардың пікірлері ашылып айтылған.
Зерттеудің бесінші кезеңінде мазасыздану және оның жеткіншектік кезеңдегі дамуының теориялық аспектілері мәселесі қозғалып талқыланады.
Зерттеудің ең соңында қорытынды жасалынып тақырып бойынша түйінделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |