Сонымен, педагогтың имиджі мынандай құрамнан тұрады:
Жеке және тұлғалық қасиеттер Коммуникативтік қасиеттер Кәсіби іс - әрекеттің және мінез - құлықтың ерекшеліктері.
Жаңа қоғам педагогтың имиджіне жаңа талаптар қояды, бірақ замандар бойы ұстаздың бойында өзгермейтін мынандай қасиеттер бар:
- балаларды жақсы көру
- мейірімділік
- шынайылық
- тілдесе алу икемділігі
Сонымен, қорытындылай келе педагог имиджін қалыптастыру – өмір талабы. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін, жан-жақты жетілген педагогтарды жетілдіру бүгінгі күнде өте маңызды мәселелердің бірі екені жоғарыда айтылып өттік. Қызметтердің сапасын арттыру және оқытуды жақсартуға бағытталған.
Қазіргі реформадағы ең маңыздысы педагогтың беделін арттыру, оның оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын орны ерекше. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен балабақша өзара байланысынан көрінеді.
Демек, педагогтің мәртебесін жоғарылату – Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Шын, мәнінде педагогтың мәртебесі тек қана оның жалақысын көтеру емес, ең бірінші ұстаз мәртебесі оның интелектуалды, білімдік, жеке-дара ерекшеліктерінің бағалануымен көтеріледі. Ұстаздың абырой-беделі соған байланысты ақталмақ.
Мәртебе көтеру – педагогтың өз қолында: педагогтың мәртебесінің көтерілуі білімді болуында;педагог өз мәртебесін өзі ғана көтереді, өзі мықты болса, бәрі сыйлайды; барлықтары бірігіп, ойларын бір жерден шығарып, қажетті талабын қоя білсе, сол үшін аянбай еңбек етсе, мәртебесі көтерілмек; мұғалім мәртебесі шәкірт деңгейімен өлшенеді, шәкірті нәтиже көрсетсе, тәрбиешінің мәртебесі биіктейді.
Педагогтың еңбегінің шынайы болмысы, олардың жеке тұлға қалып тастырудағы рөлі мен орны: жеке тұлға қалыптастыру жолындағы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, туған халқының мәдениеті мен салт дәстүріне құметін қалыптастыру, жеке қабілетін дамыту және әлемдік көзқарасын айқындау секілді еселі еңбектерінің барысы,ғылыми жұмыстарын саралайтын жүйесіндегі жетістіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |