Дипломдық жоба Шымкент қ. «Лада-Сервис»



бет1/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#131465
түріДиплом
  1   2   3   4




АННОТАЦИЯ
Дипломдық жобаның түсіндірме жазбасы 87 беттен, ___кестеден,___ формуладан, 15 әдебиет көзінен, ал графикалық бөлігі 9 сызба беттерінен тұрады.

Берілген дипломдық жоба Шымкент қ. «Лада-Сервис» техникалық қызмет көрсету станциясының қызмет көрсетілетін жеңіл автомобильдерге диагностикалаудың ұйымдастырылуы мен технологиясын жетілдіріп, автомобильдің басқарылатын доңғалақтарының орнатылу бұрыштарын бақылауға және реттеуге арналған стендті жобалауға арналған.

Жобаның есептік-түсіндірме жазбасы аннотациядан, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімдерден: техника-экономикалық негіздеме, техноло-гиялық бөлімнен, ұйымдастыру бөлімінен, техникалық жобадан, конструкторлық бөлімнен, тіршілік қауіпсіздігінен, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, бизнес-жоспардан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жобаның графикалық бөлігі А1 форматының 9 бетінде орындалған, оның құрылымына кіреді: техника-экономикалық негіздеме, АТК өндірістік ғимарат, диагностикалау учаскесінің технологиялық жоспары, автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарының түйісу бұрыштарын бақылауға арналған технологиялық карта, диагностиканың ұйымдастырылу сұлбасы, жеңіл автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарының орнатылу бұрыштарын бақылауға және реттеуге арналған стендтің сызбасы, стенд бөлшектерінің сызбасы, жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері.

Диплом алдындағы практика барысында «Лада-Сервис» ЖШС техникалық қызметінің жұмысын зерттеу нәтижелері осы жобаны орындауға негіз болып табылды.

Жобада технологиялық есептеу нәтижесінде диагностикалау учаскесінің реконструкциясы жасалып, жеңіл автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарының орнатылу бұрыштарын бақылауға және реттеуге арналған стендтің жобасы дайындалды және осы стендте автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарының түйісу бұрыштарын бақылауға арналған технологиялық карта құрастырылды, сонымен қатар жобаланатын АТК диагностикалау учаскесінің ұйымдастырылуы мен технологиясын жетілду бойынша іс-шаралар ұсынылды, іс-шаралардың тиімділігі экономикалық есептеулермен дәлелденді.



КІРІСПЕ

Àâòîìîáèëü òðàíñïîðòû åëiìiçäiº òðàíñïîðò êåøåíiíäå ìàºûçäû îðûí àëàäû. Æîë ñàéûí õàëû¶ øàðóàøûëûµûíäàµû àâòîìîáèëü òðàíñïîðòûìåí îðòà åñåïïåí æ¾êòåðäiº 80 % æîëàóøûëàðäûº 75 % òàñûìàëäàíàäû.

Àâòîìîáèëüäåðäi òåõíèêàëû¶ ïàéäàëàíó – àâòîìîáèëü òðàíñïîðòûíûº ìàºûçäû жүйесі áîëûï òàáûëàäû. Îíûº äàìóû æ´íå æåòiëäiðiëói áiðñûïûðà ñåáåïòåðäiº, ñîëàðäûº iøiíäå àâòîìîáèëü òðàíñïîðòûíûº ¼çiíiº ¶àð¶ûíäû äàìóû æ´íå îíûº åëiìiçäiº òðàíñïîðò êåøåíiíäå àëàòûí îðíû, òàñûìàëäàóäà, àâòîìîáèëüäåðãå òåõíèêàëû¶ ¶ûçìåò ê¼ðñåòó (Ò¬Ê), æ¼íäåó æ´íå ñà¶òàó êåçiíäå åºáåê, ìàòåðèàë, îòûí-ýíåðãåòèêàëû¶ æ´íå áàñ¶à ðåñóðñòàðäû ¾íåìäåó ¶àæåòòiëiãi, òàñûìàëäàó ïðîöåñií ñåíiìäi æ½ìûñ iñòåéòií æûëæûìàëû ¶½ðàììåí ¶àìòàìàñûç åòó, ò½ðµûíäàðäû ïåðñîíàëäû æ´íå ¶îðøàµàí îðòàíû ¶îðµàó ¶àæåòòiëiãi, ì´æá¾ðëåóiìåí æ¾ðåäi.

Àâòîìîáèëü òðàíñïîðòûíûº æûëæûìàëû ¶½ðàìûí òåõíèêàëû¶ ïàéäàëàíóäûº íåãiçãi ìiíäåòòåði – àâòîìîáèëüäiº æ½ìûñ¶à ¶àáiëåòòiëiãií ¶àìòàìàñûç åòó, îíû æàñàó êåçiíäå îµàí ñàëûíµàí ïîòåíöèàëäû¶ ¶àñèåòòåðäi æ¾çåãå àñûðó, ê¾òiìãå, Ò¬Ê ìåí æ¼íäåóãå êåòåòií øûµûíäàðäû àçàéòó, Ò¬Ê ìåí æ¼íäåóãå êåòåòií øûµûíäàðäû àçàéòó, òàñûìàëäàó ¼íiìäiëiãiíiº æîµàðûëàóûí æ´íå îíûº ¼çiíäiê ¶½íûíûº ò¼ìåíäåóií ¶àìòàìàñûç åòåòií òèiñòi ò½ðûï ¶àëóëàðäû êåìiòó æ´íå àâòîìîáèëüäåðäiº ýêîëîãèÿëûµûí ¶àìòàìàñûç åòó.

Àòàëµàí ìiíäåòòåðäi øåøó ¾øií àâòîìîáèëüäiº òåõíèêàëû¶ ê¾éiíiº ïàéäàëàíó ïðîöåñi êåçiíäå ´ðò¾ðëi ôàêòîðëàðäûº ´ñåðiíåí ¼çãåðó çàºäûëû¶òàðûí áiëó êåðåê. Îñû çàºäûëû¶òàð àâòîìîáèëüäåðäi òåõíèêàëû¶ ò¾çó ê¾éäå ½ñòàóäûº µûëûìè ä´ëåëäåíãåí ´äiñòåði ìåí íîðìàòèâòåðií äàéûíäàó æ´íå ½òûìäû ¶îëäàíó ¾øií êåðåê. Á½ë ´äiñòåð ìàòåìàòèêàëû¶ ñòàòèñòèêàíû, û¶òèìàëäàð òåîðèÿñûí, ñåíiìäiëiê òåîðèÿëàðûí, äèàãíîñòèêàíû æ´íå áàñ¶à äà ï´íäåðäi ïàéäàëàíóµà æ´íå êîìïüþòåðëiê òåõíèêàíû æåòiê ìåºãåðóãå íåãiçäåëåäi.


  1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ




    1. ТҚК станциясының жалпы сипаттамасы

«ШерифАвтоДэйву» техникалық қызмет көрсету станциясы жеке иеліктегі жеңіл автомобильдерге, негізінен Daewoo Nexia, Daewoo Damas, Daewoo Matiz, Daewoo Tico маркалы жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындаумен айналысады.

«ШерифАвтоДэйву» техникалық қызмет көрсету станциясы Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы бойында орналасқан.

ТҚК станциясы қазірігі уақытта қызметтің келесі түрлерін клиенттеріне кеңінен ұсынады:

- барлық транспорт түрлеріне ТҚК мен жөндеу;

- автомобильдерді ұсыну, қосалқы бөлшектерді әкелу т.б .

- қосалқы бөлшектерді дайындау, және өзінің өнімдерін ұсыну;

- автомобильдерге техникалық экспертиза өткізу және сертификациялық сараптама жасау;

- консультациялық, жарнамалық, маркетингтік қызметтер;

- кепілді қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу т.б .

Арнайы автоорталық техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді Daewoo жеңіл автомобильдерінің барлық түріне қызмет көрсетеді.

Орындайтын функциясына кіреді:

- техникалық қызмет көрсету, жуу, майлау;

- агрегаттарды, түйіндерді, жүйелерді автомобильді түгендей жөндеу;

- шанақтың қорғау қабатын жөндеу және қалпына келтіру;

- кепілдемелік қызмет көрсету;

- автомобильдерді сату, сату алдындағы дайындау;

- қосалқы бөлшектерді сату;

- клиенттің қатысуымен жедел жөндеу;

- қосалқы коррозияға қарсы жамылғылар жағу;

- жөндеусіз автомобильдерді жуу;

Өндірістік ғимарат калонналар сеткасы бар құрастырылған темір бетонды элементтерден жасалған, биіктігі 6,5м.

Шымкент метеростанциясы берілгені бойынша және СНиП 2.01.01-82 бойынша құрылыс ауданы ІV-Г климаттық ауданға жатады. Климат сыртқы сыртқы ауаның жылдық және тәуліктік температуралары тез құбылмалы континентальды климатқа жатады. Ең суық периодтық орташа температурасы - 60 С, максимум температура +440 С.

Кәсіпорын жылумен, сумен, электр энергиясымен жалпы қалалық тораптан қамтамасыз етіледі. Телефон және радио да қалалық тораптардан жүргізіледі.




    1. ТҚК станциясының жұмысының негізгі көрсеткіштері

1.1-суретте Шымкент қаласы бойынша 2005-2007 жылғы сатып алынған жеңіл автомобильдердің саны келтірілген.


1.1-сурет. Шымкент қаласы бойынша соңғы үш жылдағы сатып алынған автомобильдер саны








SКҚК

STҚК1

STҚК–2

SАЖ

1.2-сурет. Кәсіпорындағы техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу шығындары, тенге/1000 км


УМ,%


КҚК



ТҚК-1

ТҚК-2

АЖ

1.3-сурет. ТҚК мен АЖ бойынша жұмыстарды механикаландыру деңгейі

1.4-суретте еліміз бен шет елдердегі бір автомобильге кететін шығындарды үлестіру графигін келтірдік.

1.4-сурет. Еліміз бен шет елдердегі бір автомобильге кететін шығындарды үлестіру
Жеңіл автокөліктердің ТҚК және жөндеу жүйесінің құрылымы автомобильдерді сату алдында дайындаудан, пайдаланудың кепіл берілген кезеңінен және кепіл мерзімінен кейінгі пайдаланудан тұрады.

Автомобильдерді сату алдында дайындау, пайдаланудың кепіл берілген кезеңінде қызмет көрсету әзірлеуші заводтардың өнім сапасына жауапкершілігінен туады. Сондықтан, автомобильдің құнына автомобильдерді сату алдында дайындау, пайдаланудың кепіл берілген кезеңінде жөндеу шығындары қосылады.



Автомобильдерді сатуға дайындау. Сату алдында автомобиль сапасы әзірлегіш завод тағайындаған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сату алдында автомобильге қызмет көрсету әзірлеген завод белгілеген кепілдемені қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады және оның орындалғаны жөніндегі белгі сервис кітапшасына қойылады.

Жеңіл автокөліктерді сатуға дайындау кезінде келесі үш кешендік жұмыстар орындалады:



  1. міндетті;

  2. қажеттілік бойынша ақауларды түзету;

  3. сатып алушының тілегі бойынша және онымен ақысы төленетін қосымша жұмыстар.

Міндетті жұмыстар кешені кезінде орындалады:

  1. кузовтың консервациялық қабатын алу және жуу-тазалау жұмыстарын жүргізу;

  2. қозғалтқыштағы, шассидегі және кузовтағы нөмірлердің құжатпен сәйкестігін тексеру;

  3. техникалық құжаттардың, қосалқы бұйымдар мен құралдардың барлығын тексеру;

  4. қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тораптар мен жүйелерді тексеру және реттеу;

  5. механикалық зақымдардың бар-жоқтығын анықтау.

Қажеттілік бойынша орындалатын жұмыстар кешенінде міндетті жұмыстар кешенінде анықталған және реттеумен түзетілмейтін ақаулар жөнделеді.

Қосымша жұмыстар кешенінде автомобильдің төбесіне багажник, сигнализация және т.с.с. орнатылуы мүмкін.

Автомобильдерге кепілді қызмет көрсету. Кепілді мерзім ішіндегі ТҚК жоспарлы-ескерту жүйесі бойынша арнайы автоорталықтарда орындалады.

1.3. Жобаланатын нысан сипаттамасы және жоба тақырыбын негіздеу

Диагностикалау учаскесі тапсырмаға сәйкес жобаланатын нысан болып табылады.

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу тиімділігін арттыру үшін оларға қызмет көрсеткенге дейін және көрсеткеннен кейін техникалық жағдайлары туралы жеке ақпараттар алу қажет. Бұл кезде талап етілетін ақпараттарды алу үшін агрегаттар мен механизмдерді бөлшектемей және көп еңбек шығындарынсыз орындалуы қажет. Техникалық қызмет көрсету кезінде жасырын және жаңадан басталып келе жатқан тоқтап қалулар туралы ақпараттар алу алдын-ала немесе кеш жөндеулерді болдырмау үшін маңызы зор.

Автомобильдерді диагностикалау ТҚК мен жөндеу жүйесінің бір элементі болып табылады. Автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау әрбір жеке алынған автомобильдің техникалық жағдайы туралы бірыңғай, дұрыс ақпараттармен техникалық қызмет көрсету мен жөндеу процесін қаматамасыз етеді.

Автмобильдердің техникалық жағдайын жолда бақылау орнатылған диагностикалау приборларымен орындалады; күнделікті қызмет көрсету кезінде бақылаулар тексеру арқылы қамтамасыз етіледі; 1-ТҚК кезінде негізінен автомобиль қозғалыс қауіпсіздігін қаматамасыз ететін механизмдеріне Д-1 жалпы диагностикалау кешенімен қаматамасыз етіледі; 2-ТҚК және АЖ алдында агрегаттар мен механизмдерге тереңдетілген диагностикалау Д-2 орындалса, анықталған ақауларды жойғаннан кейін диагностикалау кешенін қолданады. Бұл жағдайда реттеу және жөндеу жұмыстарының сапасын аралық және қорытынды тексеруді қамтамасыз ету үшін, автомобильді қосымша орын ауыстырып жүрмес үшін, оны ТҚК мен жөндеу операцияларымен бірге орындайды.

ТҚК кезіндегі диагностикалау жұмыстары автомобильдің, оның агрегаттары мен мен тораптарының бөлшектемей техникалық жағдайын анықтауға арналады. ТҚК кезінде диагностикалау жұмыстары автобустар үшін жалпы жұмыс көлеменің 5-9 процентін құрайды.

Д-1 жалпы автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеін агрегаттар мен механизмдерінің (тежегіштерді, басқару механизмін, басқару доңғалақтарының орантылуын, жарықтандыру приборларын) техникалық дағдайын, қалдық газдардың улылық деңгейін және отын үнемділікті диагностикалаға арналған. Бұл кезде тек автомобильді пайдалануға жарамдылығын анықтаумен (шұғыл-диагностика), немесе негізгі ақауларды анықтау және реттеу жұмыстарын орындаумен шетелуі мүмкін. Шұғыл диагностика бақылау-тексеру пунктінде автомобиль желіге шығу алдында немесе кейі орындалады, ал Д-1 1-ТҚК алдында орындалады.

Д-2 автомобильдің тарту-экономикалық көрсеткіштері бойынша диагностикалау үшін және оның негізгі агрегаттары, жүйелері мен механизмдерінің ақауларын анықтау үшін қолданылады. Д-2 негізінен 2-ТҚК алдында жөндеу жұмыстарын дайындау және оның ТҚК кезінде бос тұру уақытын азайту үшін орындалады. 2-ТҚК кезінде Д-2 бірге бір мезгілде технологиялық қажет реттеу жұмыстары да орындалады.

«Сервис-Лада» диагностикалау учаскесі өндірістік ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан және __ м2 аудан алады. Диагностикалау учаскесінде 2 оператор-диагност жұмыс істейді. Учаске 5-күндік жұмыс аптасы бойынша ұзақтығы 8 сағат бір ауысыммен жұмыс істейді. Бөлімшенің жұмыс режимі сағ.1100-ден – 2000-ге дейін, түскі үзіліс сағ.1500-1600. Учаскенің технологиялық жабдығы негізінен онда орындалатын жұмыс түрлеріне сәйкес келеді.

Диплом алдындағы практика кезінде диагностикалау учаскесінің жұмысын зерттеу нәтижесінде оның ұйымдастырылуы мен технологиясында келесі кемшіліктер анықталды:



  • учаскедегі диагностикалық жабдықтардың басым бөлігі, соның ішінде автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарының орнатылу бұрыштарын тексеруге және реттеуге арналған стенд өз ресурстарын өтеп, дәлдігі төмен көрсетулерді береді, бұл өз кезегінде диагностикалаудың тиімділігін төмендетеді;

  • учаске технологиялық карталармен қамтамасыз етілмеген, бұл жұмыстарды ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді;

  • ТҚК-1 мен ТҚК-2 алдындағы диагностикалау жұмыстары толық көлемде емес және мерзімділігінен едәуір ауытқып, көбінесе тапсырыс бойынша орындалады.


2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Бастапқы мәліметтерді таңдау
Техникалық-экономикалық негіздеу бөлімінен технологиялық есептеу орындауға келесі мәліметтерді қабылдаймыз/1/:

  • бір жылдағы қызмет көрсетілетін автомобильдер саны авт;

  • станция типі - әмбебап, өзіндік қызмет көрсететін станция;

  • қызмет көрсетілетін автомобильдердің орташа жылдық жүретін жолы LГ = 14000 км;

  • автомобильдердің бір жылдағы қызмет көрсету станциясына кіру саны NГ = 3;

  • қызмет көрсету станциясының жұмыс режимі Джұм.ж = 357 күн бір жылда және жұмыс күнінің ұзақтылығы С = 1 смена, ұзақтылығы Тсм=7 сағат.




    1. ТҚК станциясының жұмысының жылдық көлемін есептеу

Қызмет көрсету станциясының жылдық жұмыс көлеміне техникалық қызмет көрсету (ТҚК), ағымдағы жөндеу (АЖ) және жуу-тазалау жұмыстары кіреді.

Техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың жылдық көлемі келесі теңдеумен анықталады/1/:

(2.1)

мұндағы NCTO – жобаланатын станциядағы бір жылдағы қызмет көрсетілетін автомобильдер саны;



LГ – автомобильдің жылдық орташа жүрісі, км;

t – ТҚК мен АЖ бойынша жұмыстардың меншікті еңбек көлемі, ад-сағ/1000км.

ОНТП-АТП-СТО-80 сәйкес ТҚК станцияларындағы орындалатын ТҚК мен АЖ жұмыстарының меншікті еңбек көлемі автомобильдер класы мен станциядағы жұмысшы бекеттер санына байланысты бекітілген [1,7.1 кесте].

Бірнеше маркалы автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған әмбебап ТҚК станциялары жобалау кезінде қосынды жылдық еңбек көлемі анықталады/1/:
(2.2)
мұндағы, NCTO.1, NCTO.2, … , NCTO.i – жобаланатын ТҚК станциясында қызмет көрсетілетін сәйкес автомобильдер саны;

Lг.1, Lг.2,, …, Lг.і - сәйкес автомобильдердің жылдық орташа жүрісі, км;

t1, t2, … , ti - ТҚК мен АЖ бойынша жұмыстардың меншікті еңбек көлемі, ад-сағ/1000км.
(2.3)
мұндағы di – жобаланатын ТҚК станциясында қызмет көрсетілетін автомобильдердің берілген моделінің үлесі.

Сонда:
Өте кіші класты

Кіші класты

Орташа класты

Қосынды жылдық еңбек көлемі:

Жуу-тазалау жұмыстарының жылдық көлемі автомобильдің станцияға кіруі саны мен орташа еңбек көлемінен анықталады/1/:
(2.4)

мұндағы z - автомобильдің станцияға кіруінің жылдық саны;



tум - жуу-тазалау жұмыстарының орташа еңбек көлемі, ад-сағ.
Станцияда жуу-тазалау жұмыстары тек ТҚК мен АЖ жұмыстары алдында орындалатындықтан, автомобильдердің кіру санын 800-1000 км-ге бір рет кіру болады деген есептен аламыз:
рет
Механикаландырылған жуу-тазалау кезінде бір кірудің орташа еңбек көлемі тең. Сонда:

Әрбір учаскенің еңбек көлемін анықтау үшін есептелген ТҚК мен АЖ жалпы жылдық еңбек көлемін жұмыс түрлері мен орындалу орындары бойынша үлестіреді (2.1-кесте, 2.2-кесте).


2.1-кесте

Жұмыс түрлері бойынша еңбек көлемін үлестіру




Жұмыс түрлері

Үлесі, %

Еңбек көлемі, ад-сағ

1

2

3

Диагностикалық

Толық көлемдегі ТҚК

Майлау


Алдыңғы доңғалақтарды орнату бойынша реттеу жұмыстары

Тежеу жүйесін реттеу жұмыстары

Электротехникалық және қоректендіру жүйесі приборларын жөндеу және қызмет көрсету

Шина ажырату жұмыстары

Тораптар мен агрегаттарды АЖ

Кузовтық жұмыстар (қаңылтырлық, пісіру, мыспен дәнекерлеу)

Бояу жұмыстары

Тыс қаптау және арматуралық жұмыстар



4

15



3

4
3


5
2

15

25


20

4

2380

8925


1785

2380
1785

2975
1190

8925


14875
11900

2380

Барлығы:

100

59500


2.2-кесте

Жұмыстардың орындалу орны бойынша еңбек көлемін үлестіру


Жұмыстар

Жұмыс бекеттерінде

Өндірістік учаскелерде

%

ад-сағ

%

ад-сағ

1

2

3

4

5

Диагностикалық

Толық көлемдегі ТҚК

Майлау


Алдыңғы доңғалақтарды орнату бойынша реттеу жұмыстары

Тежеу жүйесін реттеу жұмыстары

Электротехникалық және қоректендіру жүйесі приборларын жөндеу және қызмет көрсету

Шина ажырату жұмыстары

Тораптар мен агрегаттарды АЖ

Кузовтық жұмыстар (қаңылтырлық, пісіру, мыспен дәнекерлеу)

Бояу жұмыстары

Тыс қаптау және арматуралық жұмыстар



100


100

100


100
100

75

30



45

75
100

50

2380


8925

1785


2380
1785

2231


357

4016


11156
11900

1190

-

-

-



-
-

25

70



55

25
-

50

-

-



-

-
-


744

833


4909

3719
-

1190


Барлығы:

-

48105

-

11395



    1. Өзіндік қызмет көрсетуі бойынша жылдық еңбек көлемін анықтау

Өзіндік қызмет көрсетуі бойынша жылдық еңбек көлемі көмекші жұмыстардың жылдық көлемінен пайыздық қатынаспен анықталады/1/:



(2.5)

мұндағы Твсп – көмекші жұмыстардың еңбек көлемі, ад-сағ;



Ксам - өзіндік қызмет көрсетудің үлесі, %.
ТҚК станциясының көмекші жұмыстарының көлемі ТҚК мен АЖ бойынша жалпы жылдық еңбек көлемінен 15-20 пайыз алынады/1/:

(2.6)

мұндағы Квсп – көмекші жұмыстардың үлесі, %.

Сонда:



Көмекші жұмыстарды түрлері бойынша үлестіруді 2.3-кесте түрінде орындаймыз.

2.3-кесте

Көмекші жұмыстардың үлестірілуі



Жұмыстар

Үлесі

%


Еңбек көлемі

Өзіндік қызмет көрсету бойынша жұмыстар

Тасымалдау жұмыстары

Автомобильдерді жеткізу

Материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және беру

Ғимараттар мен алаңды тазалау


40

10

20



10

20


3570

892,5


1785

892,5


1785

Барлығы:

100

8925




    1. Өндірістік жұмысшылар санын есептеу

Өндірістік жұмысшылар саны станция өзіндік қызмет көрсететін болғандықтан шартты түрде ғана анықталады.

Технологиялық қажет жұмысшының жылдық уақыт қоры келесі теңдеумен анықталады/1/:
(2.7)

мұндағы ДКГ – бір жылдағы күнтізбектік күндер саны;



ДВ – бір жылдағы демалыс күндер саны;

ДП – бір жылдағы мерекелік күндер саны;

7 – смена ұзақтылығы, сағат;

ДП.П – бір жылдағы сенбі және мереке алдындағы күндер саны;

1 - демалыс күндері алдындағы жұмыс күнінің қысқаруы.

Сонда:
ФТ = (365 – 52 - 8)*7 – 60*1 = 2075 сағат

Штаттық жұмысшының жылдық уақыт қоры/2/:
(2.8)

мұндағы ДОТ – жұмысшының мерзімді демалысы күндері саны;



ДУ.П. – белгілі себептерге байланысты жұмысқа шықпау күндері саны.
ДУ.П. = 0,02ФТ = 0,02 * 2075 = 41,5 сағат
Сонда:

ФШ = 2075 – 19*7 - 41,5 = 1900 сағат


Технологиялық қажет жұмысшылар саны:
(2.9)

мұндағы ТГ - ТҚК мен АЖ жалпы жылдық еңбек көлемі, ад-сағ.



Жұмысшылардың штаттық саны/2/:


(2.10)

Сонда:


Көмекші жұмысшылардың саны өндірістік жұмысшылар санынан 15-20 пайыз алынады:



Рвсп = (0,15-0,2)*РТ = 0,15*29 = 4 адам
Инженерлік-техникалық қызметкерлер саны саны өндірістік жұмысшылар санынан 20-25 пайыз алынады:

РИТР = (0,2-0,25)*РТ = 0,2*29 = 6 адам



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет