Дипломдық жобалауға әдістемелік нұсқаулықтардың бекіту парағы Нысан пму ұс н 18. 3/25


Алюминат ерітіндісінің бақылау сүзілуі



бет2/2
Дата16.07.2016
өлшемі393.92 Kb.
#202110
түріДиплом
1   2

Алюминат ерітіндісінің бақылау сүзілуі.


Сүзгілердің қажетті санын теңдеу арқылы табамыз:

Сондықтан 7 сүзгілер орнатылуы тиіс, олардың пайдалану коэффициенті

Алюминат ерітіндісінің декомпозициясы.

Жалпы глиноземның әр бір тоннасынан өнімнің гидрооксидіне 870.1кг Al2O3 өтеді, немесе 870.1*57.1 = 49683 кг/сағ.


Ерітіндінің ыдырауы үшін керек декомпозерлардың санын (4) теңдеу арқылы табамыз

(4)

мұндағы Байер тармағында 1 сағаттың ішінде өнімділік гидрооксидіне өтетін Al2O3–дің мөлшері;



алюминий тотығының меншікті түсірімі, кг/(м2* тәулігіне);

декомпозерлардың пайдалы көлемі;

пайдалану коэффициенті, бөлшек бірлігі;


Алминий гидрооксидін қойылту.

Қойылткыштардың керекті санын (3) теңдеу арқылы табамыз



40 қойылтқыш орнатуға талап етіледі, оларды пайдалану коэффициценті 93.4%

Алюминий гидрооксидінің сүзілуі.

Сүзілудің бірінші сатысына келіп түседі:

- түрткілі алюминий гидрооксиді (құрғақ)(4150.2*1.53*57.1)/1000=363 т/сағ;

- өнімділік гидрооксид (870.1*1.53*57.1)/1000=76т/сағ;

Түрткілі гидрооксидін сүзілту үшін жұмыста БОУ-40 сүзгісі болуы қажет 363/(2.4*40)=3.8

Өнімділікті гидрооксидін сүзілту үшін әр бір сатысында жұмыста сүзгі қажет етіледі 76/(40*2.4)=0.8

Сонымен түрткілі гидрооксидін сүзілту үшін БОУ-40 сүзгінің бесеуін орнату қажет (4 жұмыс істейтін және 1-і қорды құрайттың). Өнімділікті гидрооксидін сүзілту үшін - әр бір сатыда 1 сүзгіден және 1 қорды құрайтын.

Күңгіртті ерітіндіні буландыру.

Қажетті буландырғыш батареялардың санын (5) теңдеу арқылы табамыз

мұндағы буландырылған су бойынша буландырғыш батареялардың меншікті өнімділігі, кг/(м2*сағ);



буландырғыш батареяның жылытылатын беті, м2

бір сағат ішінде буланатын судың мөлшері;

390.8т бір сағата

Сонымен 8 буландырғыш батареяларын орнату қажет, олардың пайдалану коэффициенті 84.8% -ды құрайды.

Күйежектектелу әдісі бойынша қайта өңдеу үшін есептеудің мысалы.

Боксит пен әктасты ұнтақтау.

Жұмыста диірмен болуы қажет

Мұндағы 30- диірменнің көлемі, м3

Күйежентектелу тармағының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 3 диірмен орнату керек: екеуін жұмыс үшін және біреуін қор үшін. Диірмендерді пайдалану коэффициенті 64%.

Шикізатты күйежентектеу.

Қажетті пештердің санын (6) теңдеу бойынша табамыз:

(6)

мұндағы бір сағат ішінде өндірілетін күйежентектің мөлшері, т;



күйежентек бойынша пештің өнімділігі, т/сағ;

пештердің пайдалану коэффициенті, бөлшек бірлігі

Екі пешті орнату қажет етіледі, олардың пайдалану коэффициенті 82.6%.

Күйежентекті ұсақтау.

Жұмыста ұсақтағыштар болуы керек



Екі ұсақтағыш орнату қажет: біреуі жұмыс үшін және біреуі қор үшін.

Күйежентекті сілтілеу.

Жұмыста болатын сөлалғыштардың қажетті саны



Екі сөлалғыш орнату қажет: біреуі жұмысшы және біреуі қорды құрайтын.

Алюминат ерітіндісін кремнийсіздеу.

Реакционды автоклавтардың қажетті саны (2) теңдеу бойынша табамыз:



мұндағы автоклавтардағы ұстау ұзақтығы, сағ;

Сонымен 9 автоклавтарды орнату қажет, олардың пайдалану коэффициенті 93.8%.

Ақ шламның қоюлануы.

Ақ шламды қоюландыру үшін жұмыста болуы керек қойылтқыштардың санын (3) теңдеу бойынша табамыз.

Екі койылтқышты орнату қажет: біреуін жұмыс үшін және біреуін қор үшін.

Алюминатты ерітіндісің бақылау үшін.

Сүзгілердің қажетті саны (3) теңдеу бойынша:



Екі сүзгі орнату қажет: біреуі жұмыс үшін және біреуі қор үшін.

Алюминатты ерітіндіні декомпозициялау.

Ортақ глиноземның әр бір тоннасына декомпозиция кезінде 127.2 кг Al2O3 өнімділік гидрооксидіне өтеді немесе

127.2*57.1=7263кг

Ерітіндіні ыдырату үшін декомпозерлардың қажетті санын (4) теңдеу бойынша табамыз



Сонымен 9 декомпозерлер орнату қажет, олардың пайдалану коэффициенті 86.5%

Алюминат гидрооксидінің қоюлануы.

Қоюлатқыштардың қажетті санын (3) теңдеү бойынша



Сонымен екі қоюлатқыш орнату қажет.

Алюминий гидрооксидінің сүзілуі.

Сүзілудің бірінші сатысына түседі:

- түрткілі алюминий гидрооксиді (құрғақ) (545,6*1,53*57,1) : 1000=47,7 т/сағ

- өнімділік гидрооксид (127,2*1,53*57,1) : 1000 =11,1 т/сағ

Түрткілі гидрооксидін сүзілту үшін жұмыста БОУ-10 сүзгісі болуы қажет

47,7:(2,4*10) = 2

Өнімділікті гидрооксидін сүзілту үшін әр бір сатысында жұмыста 11,1 : (2,4*10)=0,5 сүзгі қажет етіледі.

Түрткілі гидрооксидін сүзілту үшін барлығы 2 сүзгіні орнату қажет, өнімділік гидрооксид үшін - әрбір сатыда 1 сүзгі жұмыс үшін және 1 сүзгі қор үшін.

Күңгіртті ерітіндіні буландыру.

Қажетті буландырғыш батареялардың санын (5) теңдеу арқылы табамыз:



Бір буландырғыш батареясын орнату қажет.

Алюминий гидрооксидін кальциндеу.

Жұмыста кальциндеу пеші қажет болуы тиіс.



Төрт пешті орнату тиіс: үшеүі жұмыс үшін және біреуі қор үшін.


8.2 Ферроқорытпа өндірісінің жабдықтарын есептеу

8.2.1 Шикіқұрамдық аула жабдығы. Ферроқорытпа зауытына теміржол вагонымен жеткізілген шикіқұрамдық материалдар шикіқұрамдық аула, қойма және арнайы алаңда сақталады. Сақталатын шикіқұрам қоры шикізаттың түріне, зауыттың географиялық орнына және зауыттың кеніштен қашықтығына байланысты. Мысалы, кен қоры 80 – 100 тәулікке жетуі керек. Кварцит, марганец кені, коксик, әк тас және темір жоңқасының қоры – 15 – 20 тәулік.

Жұмсалуы аз шикіқұрамдық материалдар металл шанақтарда сақталады. Пештің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін пештің жоғары жағында шикіқұрамдық шанақтар орналасады.

Мысал:


1000 кг ФС – 75 маркалы ферросилиций қорыту үшін салым құрамы мынандай:

кварцит – 1016 кг;

қатты көміртек – 413, 5кг;

коксик – 288, 5кг;

жартылай коксик – 178, 6кг;

болат жоңқасы – 576кг.

Шикіқұрамдық материалдарды түсіру үшін жүк көтергіштігі Q=15т, грейферінің көлемі 3,2 м3 кран алынған.

Есептеу:

Кран орындайтын операциялар санын анықтау

мұндағы - материалдың тәуліктік шығыны;



- артық күштелу саны, тең 2;

- біркелкі еместік коэффициенті, тең 1,2;

– материалдың төгінді салмағы, т/м3;

– грейфер көлемі, м3;

– грейфердің толу коэффициенті, тең 0,8.

Кварцит үшін



Қатты көміртек үшін



.

Коксик үшін



.

Жартылай коксик үшін



.

Болат жоңқасы үшін



.

Барлық операциялар саны

Z = 680 + 1220 + 516 + 299 + 360 = 3075.

Кран санын анықтау



мұндағы – барлық операциялар саны;



- кранның әр операцияға жіберген уақыты;

1440 - тәуіліктегі минут мөлшері;



- қор коэффициенті, тең 0,7
.

Кварцит, әк тас, кен және т.б. материалдарды ұсақтау үшін ұсатқыш қолданылады.

Ұсатқыш санын анықтау

мұндағы - материалдың тәуліктік шығыны;



– материалдың төгінді салмағы;

– ұсатқыш өнімділігі;

– пайдалану коэффициенті

Кварцитті ұсату үшін керек ұсатқыш саны


.
Ұсатқыш саны 2 (типі ЕМ - 741). Кварцитті өлшемі бойынша сұрыптау үшін ұсатқыштардан кейін инерциялы елек (типі ГИТ42М ГИТ32М) қойылады.

Коксикті ұсату үшін керек ұсатқыш саны


.
Екі ДК4В маркалы төрт білікті ұсатқыш аламыз. Әрбір ұсатқыштан соң бір – бірден елек (ГИТ32М, ГИЛ52) қойылады.

8.2.2 Пеш пролетінің жабдығы. Дайындалған шикіқұрамдық материалдар таспалы транспортер арқылы автостеллаға жеткізіліп, одан пеш шанақтарына бөлінеді. Материалдарды дозалап пешке тиеу үшін жүк көтерімдігі 2 тонналық бір рельсті арбаша пайдаланады.

Жоғарыда келтірілген бір салым шикіқұрамдық материалдардың құрамы мен мөлшері бойынша пеш тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеу үшін керек материалдар мөлшері мен салым саны (п) анықталады.

Арбашаның бір салым материалды салуға керекті уақыты 5, 4 минут болса, дозатордың материалдарды тиеу уақыты 1,34 минут. Сонда бір салымға кететін уақыт τс = 5,4 + 1,34 = 6,74 минут.

Материалды тәулік бойы тиеу дәрежесін мына формуламен анықтауға болады


8.2.3 Құю пролетінің жабдығы. Керекті шөміш санын анықтау

мұндағы – пештен қорытпаны ағызып алу саны;



- шөміштің бір сменадағы жұмыстық уақыты;

– шөміш шегенінің төзімділігі;

- шөмішті жөндеу уақыты.

Әрбір пешке 3 шөміштен (V = 3м3 ) аламыз.

8.2.4 Құю машиналарын есептеу. Кейбір қорытпаларды құю үшін арнайы құю машиналары қолданылады.

Құю машинасының санын анықтау

мұндағы - пештен ағызылып алынған қорытпаны машинада құю уақыты;



– тәулік бойы пештен қорытпаны ағызып алу саны, 12·8 =96; - біркелкі еместік коэффициент, тең 1, 3;

– машинаны пайдалану коэффициенті, тең 0,7

мұндағы –бір шығарылымдағы қорытпа салмағы, тең 4т;



– машинаның сағаттық өнімділігі;

машина конвейерінің ұзындығы, тең 40м;

– конвейер жылдамдығы (1,2; 1,86; 2,46; 4,98 м/мин)

мұндағы – таспа саны, тең 1;



– құйылма салмағы, тең 0, 035т;

– конвейер жылдамдығы;

– шынжыр буынының адымы, тең 0,4м
т/сағат


.

5 құю машинасын аламыз.

Кран санын анықтау

мұндағы - кранның құюға кезіндегі жіберген уақыты;



– тәуліктегі операция саны;

- есепке алынбаған операциялар;

– кранды жүктемелеу қорының коэффициенті

.

Жүк көтерімдігі 30/5 тонналық 4 кран аламыз.

8.2.5 Дайын өнім қоймасының жабдығы. Қоймаға жеткізілген ферроқорытпа қораптарға салынып қабылданады. Пештен ағызылып алынған қорытпаның ең үлкен салмағы 5,5 тоннаға дейін болса, ФС – 45 маркалы ферросилицийдің төгінді салмағы 2т/м3 екенін ескеріп, оның көлемін анықтауға болады

5,5 : 2 = 2,75 м3,

яғни, ферроқорытпа салынатын қораптың көлемін 3м3 деп алуға болады.

Жалпы қорап саны



мұндағы – тәулік бойы пештен қорытпаны ағызып алу саны, тең 96;

3 – қораптың көлемі;

5% - қор мөлшері



.

Жалпы қорап санын 303 деп аламыз.

Қойманың негізгі жабдықтары ферроқорытпаны ұсату мен сұрыптауға арналған. Ферроқорытпаны ұсату үшін өнімділігі 25м3/сағатына 2 жақты ұсатқыш (СМ – 741, ТО – 25), ал сұрыптау үшін елеушінің тор көзі 20 және 75 мм келген елек орнатылған. Дайын өнім темір жол вагондарына тиеледі.

Кран санын анықтау



мұндағы - кранның тиеу кезіндегі уақыты;



– операция саны;

- есепке алынбаған операциялар;

– кранды жүктемелеу коэффициенті



.

Жүк көтерілімдігі 16/3т 4 кран аламыз.


9 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАСЫ
Түсiнiктеме жазбаның мәтiнi КСТ СК-03-02 "Оқу жүмыстары. Мәтiндiк және графикалық материалдарды жазуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сәйкес дайындалады.

Дипломдық жобаның есептеу – түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары мен элементтері төмендегідей:

а) титульдік бет;

б) тапсырма;

в) аннотация;

г) мазмұны;

д) кіріспе;

е) негізгі бөлім;

ж) қорытынды;

з) қолданылған әдебиеттер;

и) қосымша;

к) спецификация.

Спецификация МЕСТ 2. 108-68 стандарты бойынша жазылады.
9.1 Титульдік бет

Түсініктеме жазбаның бірінші беті кәсіпорын стандарты бойынша А4 форматына жазылатын титульдік бет болып табылады. Титульдік бет құжатты өңдеу мен іздеуге керекті мәліметті береді.


9.2 Тапсырма

Жобалауға тапсырманы жобаның жетекшісі жазып, университет бойынша ректор бұйрығымен бекітіліп, дипломант – тәлімгерге тапсырылады. Тапсырмада жоба тақырыбының атауы мен бастапқы берілімдері, жобада қаралатын мәселелер мен олардың орындалу мерзімі, графикалық жұмыстың тізімі мен пайдаланатын кітап тізімі көрсетіледі.


9.3 Аннотация

Аннотация дипломдық жобаның негізгі мазмұнын көрсетуі тиіс. Мұнда орындалған жұмыс туралы қысқаша мағлұмат берілуі керек. Аннотация көлемі 0, 5-1, 0 бет. Аннотация 3 тілде (қазақ, орыс және шет тілінде) жазылады.


9.4 Мазмұны

Түсініктеме жазбаның мазмұны аннотациядан кейін орналасады. Бірінші жолдың ортасына “Мазмұны” деп атауы жазылады. Мазмұнында кіріспеден бастап жобаның бөлімдері, тараулары, баптары, әдебиеттер тізімі мен қосымша басталатын беттерін көрсете отырып жазылады.

Аннотация мазмұнында көрсетілмейді.

9.5 Кіріспе

Кiрiспеде дипломдық жобаның тақырыбына байланысты көтерiлген мәселенiң түстi металлургия саласындағы қазiргi күйi, дамуы және қойылған мәселенi шешу жолдары қысқаша баяндалу керек. Кiрiспе көлемi 1-2 бет.


9.6 Негiзгi бөлiм

Негiзгi бөлiм құрамы жоғарыда көрсетiлген. Дипломдық жобаның түсініктеме жазбасы араб сандарымен нөмірленеді. Титульдік бет, тапсырма, аннотация және мазмұны нөмірленуге енгенмен,оларға нөмірлік сан қойылмайды. Бетті нөмірлеу саны жобаның кіріспесінен бастап соңына дейін қойылады.

Дипломдық жобада берілетін иллюстрациялардың саны жобаның мазмұнына байланысты ондағы мәтінді анық және нақты түсіндіруге жеткілікті мөлшерде болуы керек. Иллюстрацияның (график, сызба, схема, фотосурет және т.б.) бәрі суреттер деп аталады. Сурет бір бөлімнің ішінде араб сандарымен өз ретімен нөмірленеді. Мысалы, “1.2 - сурет” дегеніміз бірінші бөлімнің екінші суреті болады. Мәтін ішіндегі суретке жасалған сілтемеде сурет нөмірі толық көрсетілуі тиіс. Дипломдық жоба мәтінінде жасалған сілтемеден кейін ғана сол сурет берілуі керек. Әрбір суретке өзінің атауы жазылады. Диаграммалар мен графиктер МЕСТ 2.139.81 және КСТ СК – 03 – 02 бойынша көрнекті және айқын етіп беріледі.

Қолдан жазылған жазулар сызба шрифтпен дипломдық жобаның басынан соңына дейін бір үлгіде орындалады. Сан түріндегі материалдар қағида бойынша кестеге жазылуы керек. Кестелер мәтінде бірінші рет айтылған тұстан кейін ғана орналастырылады. Әрбір кестенің өз атауы болады. Кестеде бір бөлімнің ішінде араб сандарымен өз ретімен нөмірленеді.

Түсініктеме жазба мәтініндегі формулаға жасалған сілтемеде формула нөмірі бір бөлім ішінде араб сандарымен нөмірленеді. Формула нөмірі бөлім нөмірінен және формуланың осы бөлімдегі реттік нөмірінен құралады. Бөлім нөмірі мен формуланың бөлім ішіндегі реттік нөмірі арасына нүкте қойылады. Формула нөмірі оң жақтағы ашық жерге жақша ішіне жазылады. Формуланың дәл астындағы жолға формулада көрсетілген таңбалардың экспликациясы (түсіндімесі) кезекпен беріледі. Әр таңбаның мағынасы жаңа жолдан бастап жазылады. Экспликацияның бірінші жолы “мұндағы” деген сөзден басталады. Жазба мәтін ішінде формулаға сілтеме жасағанда оның нөмірін жақша ішінде толық көрсету керек.

Физикалық шамалардың өлшем бірліктері халықаралық стандарт бойынша көрсетіледі.


9.7 Қорытынды

Дипломдық жобаның тақырыбында қойылған мәселені шешу қорытындыланып, істелген жұмыстың нәтижесі ашылып, оның жетістіктері мен артықшылықтары көрсетілуі тиіс.



9.8 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қолданылған әдебиеттер тізіміне дипломдық жобаны орындау барысында пайдаланған ақпарат көздері (кітап, мақала, ҒЗЖ туралы есеп, стандарт, техникалық талап, өнертабыс, жобалау және техникалық құжаттама) түгелдей кіргізіледі. Жазба мәтінінде ақпарат көздеріне сілтеме жасалғанда олардың тізімдегі реттік нөмірі квадрат жақша ішінде келтіріледі. Егер мәтін ішінде біреуден алынған цитата келтірілетін болса, онда сілтемедегі реттік нөмірден кейін сол цитата алынған беті қоса көрсетіледі. Стандарттарды, техникалық талаптарды т.с.с. құжаттарды пайдаланған болса, онда сол құжаттардың өзіне немесе олардың бөлімдеріне құжат атауы мен ондағы бөлімнің нөмірін және атауын қоса отырып көрсетіледі.

Әрбір кітап, оқулық, мақала және т.б. баспадан қай тілде шықса, тізімде сол тілде еш аудармасыз беріледі. Тізімді құрастырғанда материалдарды не әліппелік тәсіл бойынша немесе дипломдық жобадағы сілтемелер реті бойынша топтастыру қолданылады. Ақпарат көздері туралы мәліметтер МЕСТ 7.1 – 84 және КСТ СК – 03 – 02 стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
10 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ СЫЗБА ЖҰМЫСЫ
10.1 Жалпы қағида

Дипломдық жобаның графикалық бөлігі техникалық жоба деңгейінде орындалып, түсініктеме жазбаға сәйкес жобалық шешімдерді толығырақ қамтуы керек. Графикалық жұмыс стандартты сызба қағаздарында (АО – 841х1189; А1-594х841 мм және т.б.) орындалып, бұрыштық штампы болуы керек. Графикалық жұмыстар масштабы дұрыс алынып, сызба қағазының 75 – 80% көлеміне сызба салынуы керек.



Масштаб 1:1-ден бастап, төмендегідей кішірейту масштабы: 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200;1:400; 1:500; 1:800; 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:20000; 1:25000;1: 50000; және үлкейту масштабы: 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1 қолданылады.


    1. Жобаның графикалық бөлігінің құрамы

Дипломдық жобаның графикалық бөлігі ең кемі 5 – 6 сызбадан тұрады. Жобаның графикалық бөлігі мынандай сызбалардан тұрады:

  1. технологиялық сұлба;

  2. аппараттар тiзбегiнiң сұлбасы;

  3. цехтың ұзын және көлденең кесіндісі;

  4. негізгі маеталлургиялық агрегат және стандартты емес жабдық;

  5. технологиялық үрдісті автоматтандыру сұлбасы;

  6. жобаланатын цехтің басқа қосымша қызметтермен тұйықталуының генералдық жобасы;

  7. жобаның арнайы бөлімінің немесе ғылыми – зерттеу жұмысының сызбасы және т.б.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


      1. Коробов Н.И. Основы проектирования металлургических предприятий. Методические указания по курсовому и дипломному проектированию. М. : Металлургия, 1979, 81с.

      2. Галкин А.М., Винцевич В.А. Проектирование цехов обработки цветных металлов и сплавов. – М.: Металлургия, 1980.

      3. Сажин Ю.Г., Романтеев Ю.П. Дипломное проектирование. Методические указания для руководителей дипломного проектирования, слушателей РЦПК и студентов специальности 2402 "Металлургия цветных металлов". Алматы: Каз НТУ, 1999, 44 с.

      4. Сажин Ю.Г., Романтеев Ю.П. Проектирование металлургических цехов и предприятий – Алматы: КазНТУ, 2004 – 200 с.

      5. Троицкий И. А. Производство глинозема из бокситов. М.: Металлургия, 1972, с. 176.

      6. Технологические расчеты в производстве глинозема: Уч. пособие. Самарьянова Л. Б., Лайнер А. И. М.: Металлургия, 1981. с.280.

      7. Разумов К. А., Петров В. А. Проектирование обогатительных фабрик. – М.: Недра, 1982.

      8. Справочник по проектированию рудных обогатительных фабрик. Книги 1 и 2. – М.: Недра, 1988.

      9. СТП СК-03-02. Стандарт предприятия. Работы учебные. Общие требования к оформлению текстового и графического материала. - Павлодар: ПГУ, 2002.

      10. Гасик М.И., Шифрин В.М., Гладких В.А. Проектирование электрометаллургических цехов – Днепропетровск: ДМетИ, 1982.

      11. Егоров А.В., Шлеев А.Т. Оборудование и проектирование электросталеплавильных и ферросплавных цехов – М.: МИС и С, 1980.

      12. Лукин Г.П. Методические рекомендации дипломных проектов. – Темиртау: КарМЕТи, 2000 – 22 с.

      13. Никитин Г.М., Калиакпаров А.Г., Жунусов А.К. Методическое руководство по курсовому и дипломному проектированию. – Павлодар: ПаУ, 2001.

      14. Торговец А.К. Методическое руководство по курсовому и дипломному проектированию. – Алматы: НМК, 1983-70 с.

      15. Шевченко В.Ф. Устройство и эксплуатация оборудования ферросплавных заводов. – М.: Металлургия, 1982.

      16. Якушев А.М. Проектирование сталеплавильных и доменных цехов. – М.:Металлургия, 1984 – 216 с.


А ҚОСЫМШАСЫ
Дипломдық жоба түсініктеме жазбасыны ұсынылған мазмұны (жоба тақырыбына қарай бөлімдердің мазмұны өзгеруі мүмкін)

Кіріспе


1 Жалпы түсініктеме жазбасы

    1. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы

    2. Шикізат базасы, өнімнің номенклатурасы, сапасы және технологиялық деңгейі

    3. Негізгі технологиялылық және жобалық шешімдер

    4. Жұмыс істеушілердің кәсібі-біліктілік құрамы мен саны

    5. Энергияға мұқтаждық

    6. Бас жоспардың негізгі шешімдері

    7. Табиғатты қорғау шаралары

    8. Шикізатты кешенді пайдалану

  1. Бас жоспар мен көлік

    1. Бас жоспар

    2. Құрылыс жерінің қысқаша сипаттамасы

    3. Құрылыс орнын таңдау және оның сипаттамасы

    4. Бас жоспар бойынша шешiмдер мен көрсеткiштер

    5. Зауыттың ішкі және сыртқы жол торабы

    6. Бүлдiрiлген жерлердi рекультивациялау

  2. Технологиялық шешімдер, энергиямен қамтамасыз ету

    1. Өндіріс технологиясы

      1. Шикізат базасы, шикізат сипаттамасы

      2. Цех жұмысының режімі

      3. Ғылыми-зерттеу жұмысының талдауы

      4. Істеп тұрған кәсіпорын жұмысын талдау

      5. Шикiзатты қайта өңдеудiң технологиялық сұлбасын және технологиялық көрсеткiштерiн негіздеу және таңдау

      6. Негізгі технологиялық үрдістердi баяндау

      7. Материалдық, жылулық және электрлік баланстарды есептеу

      8. Негізгі технологиялық жабдықтарды талдау және есептеу

      9. Көмекші жабдықтарды талдау және есептеу

      10. Сынама және бақылау

      11. Жөндеу шаруашылығы

      12. Шанақ, қойма

      13. Көмекші қызмет көрсету

      14. Қалдықтарды жинау мен көму

      15. Технологиялық үрдісті автоматтандыру

      16. Электрмен қамтамасыз ету және электрлік жабдықтар

        1. Электроэнергия тұтынушыларының сипаттамасы

        2. Электрэнергияның жүктемесiн, қуатын анықтау және шығынын

есептеу

        1. Электрмен қамтамасыз ету көздерi

        2. Жарық беру жүйесi

3.1.17 Технологиялық жылу, сығымдалған ауа, оттек және т. б. қамтамасыз ететiн энергетикалық қондырғылар

  1. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік

    1. Еңбекті қорғау туралы шешімдер

    2. Санитарлық және гигиеналық шаралар

    3. Жылумен және таза ауамен қамтамасыз ету

    4. Жеке құралдар

    5. Өртке қарсы шаралар

    6. Еңбектi қорғау кафедрасының арнайы тапсырмасы

  2. Еңбекті, жұмысты ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару жүйесі

    1. Еңбекті, жұмысты ұйымдастыру

      1. Жұмысшылардың жұмысқа шығу кестесі (графигі)

      2. Жұмыс пен демалыс режімі

      3. Инженер-техникалық жұмысшылардың кәсіби құрамы мен саны

      4. Еңбек ақы жүйесі. Жылдық еңбек ақы қорын есептеу

      5. Еңбек өнімділігін ғылыми ұйымдастыру және жоғарылатудың арнайы

шаралары

    1. Кәсіпорынды басқару жүйесі

      1. Кәсіпорынды басқару схемасы

      2. Автоматты басқару жүйесі мен электронды-есептеу машинасын қолдану

      3. Басқарма құрамының санын есептеу

    2. Азаматтық қорғаныс
1 Құрылыс шешiмдерi

    1. Сәулеттi – құрылыстың шешiмдерi

      1. Негiзгi цехтардың ғимараттары мен құрылыстары бойынша шешiмдерi

      2. Жұмыс орындарын жарықтандыру

      3. Өндiрiстiк шуды және дiрiлдi төмендету

      4. Электро-, жарылыс-, өртқауiпсiздiгi бойынша шаралар

      5. Сумен қамтамасыздау және канализация

      6. Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғау

      7. Құрылыс көлемдерiн есептеу

  1. Табиғи қоршаған ортаны қорғау

    1. Өнеркәсіптік лас шығарылымдар тізімі және оның мөлшері

    2. Ауа бассейнін қорғау

    3. Жер мен өзен-көлді қорғау

      1. Өнеркәсіптік ақаба судың құрамы мен мөлшері

      2. Өнеркәсіптік ақаба суды тазалау технологиясы мен жабдықтары

      3. Зиянсыздандырылған қосылыстарды кәдеге асыру. Суайналымы

  2. Сметалық құжаттар

    1. Объектілердің капитал салымын есептеу

    2. Құрылысқа арналған сабақтас смета
2 Инвестицияны талдау

    1. Есептеуге керекті бастапқы берілімдер

    2. Эксплуатациялық шығындырды есептеу

    3. Цех шығынының есептеу

    4. Өнім құнынының калькуляциясы

    5. Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу
3 Жобаның арнайы бөлiмi

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет