Директорам школ ! Напоминаем! Просим убедительно принять участие. Кушербаев А



Дата30.06.2016
өлшемі47.56 Kb.
#167436
30.10.2007
Директорам школ !
Напоминаем! Просим убедительно принять участие.

Кушербаев А

Сайлагиева Ш.

Облыстық Планетарий дирекциясы, Планетаридің құрылғанына 40-жыл толу мерейтойына арнап өткізілетін «Астрон-2007»-атты І-ші астрономиялық конференцияға қала бойынша жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың қатысуына атсалысуын сұрайды. Конференция қараша айының 14-15 күндері болады. Ережесі тіркелуі.


«Астрон-2007» І-Астрономия конференциясын

ұйымдастыру және өткізу ережесі
Негізгі мақсаттар ме тапсырмалар.
Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсаттар мен тапсырмалар:

  1. Астрономия және ғарыштық ғылымдар саласында оқушылардың ғылыми-ізденіс әрекеттерге қызығушылығы мен қабілетін жастайынан ашу;

  2. Балалардың ғылыми-зерттеушілік әрекеттерін қолдап, дамыту және оған тереңдетіп даярлау;

  3. Балаларда болашақ зерттеушілерге қажет сапалар мен дағдыларды қалыптастыру;

  4. Қазіргі астрономия мен космоновтиканың жетістіктерін дәріптеу.


Конференцияны ұйымдастыру комитеті.
Конференцияны өткізу және даярлықжұмыстарын жалпы басқаруды ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Оның қрамына Облыстық мәдениет басқармасының және Қазақстан республикасының жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің өкілдері сайланады.

Ұйымдастыру комитеті, конференцияның даярлық жұмыстарына және өткізілуіне, бағдарламаны, қатысушылар тізімін, конференция жұмысының хаттамаларын, қорытынды құжатты бекітуге және конференцияны ұйымдастырып, өткізу барысында туған сұрақтарды шешуге қатысады.

Ұйымдастыру комитеті Конференцияға қатысу үшін тапсырылған жобалардың сараптамасын жасайды.

Конференция талаптары.
Конференция 2 турда өткізілді. 1-тур-ол сырттай туры, 2007 жылдың 25-31 қазан аралығында өтеді. Оған ұйымдастыру комитетіне тапсырылған жұмыстардың сараптамалары енгізіледі. Сараптамадан өткен жұмыстар конференцияның 2-ші турына қатысуына мүмкіндік алады және арнайы шақыру билеттері жіберіледі. Конференцияның 2-ші турын қорытындылау үшін ұйымдастыру комитеті, жоғары оқу орындарының жетекші мамандарынан, ғылымға сәйкес келетін мекемелердің ғылыми қызметкерлерінен әділ қазылар алқасын құрайды.

Конференцияға қатысу мақсатындағы жобалар ұйымдастыру комитеті мекен жайына 2007 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады.


Конференцияға қатысушылар.
Конференцияға жалпы білім беретін, дарынды балаларға арналған мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің және қосымша білім беретін мекемелердің 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Конференцияның Құрметті қонағы ретінде ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының, мемлекеттік мекемелердің, компониялардың өкілдері және Қазақстан Республикасы мен шетелдердің жетекші оқымыстылары шақырылады.

Конференцияның 1-ші турына қатысу үшін, жұмыстардың тақырыптарын ашатын жоба, макет, схема, сурет, фото және бейнетаспа түріндегі жеке жұмыстар қабылданады.

Жұмыстар қазақ және орыс тілінде қабылданады.

Бірінші турдың байқауынан өткен жұмыстар, конференцияның 2-ші турына жіберіледі.
Конференция жұмыстарының бағыттары.
Конференция жұмыстары келесі бағыттарды қамтиды:

-әлемдегі және Күн жүйесіндегі жаңалық (ғаламшарлар, астероидтар, құрдым апандар, квазер және аса жаңа жұлдыздар т.б.);

-Күннен тыс ғаламшарлар жүйесі (зерттеу тарихы, басқа жұлдыздардағы ғаламшарларды ашу).

-Қазіргі ғарышнама (космология) (Әлемнің шығу тегі, құрылысы, дамуы және оның алдағы тағдыры).

-Жер маңындағы кеңістіктің экологиясы.

-Күн жүйесі денелердің Жер үшін тигізетін практикалық маңызы мен әсері (Күн энергеткасы, Күн жүйесі аспан денелердің табиғи ресурстары, Күн жүйесіндегі тіршілікті іздеу).


Конференцияға қатысушылардың ұсынылатын жұмыстарын толтыру үлгісі.

Конференцияға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар келесі үлгіде сақталуы қажет.



  1. Қатысуға өтініш (толтыру түрі ұсынылған).

Өтініш

  1. Жұмыс тақырыбы _____________________________________________

  2. Қатысушының аты жөні ________________________________________

  3. Жасы, мектебі, класы __________________________________________

  4. Мекен жайы, пошталық индексі, байланыс телефоны _______________

  5. Өтінішке қосымша түсініктер: тезис (көлесі, беті) және иллюстративті материалдар (көлесі, беті) ______________________________________

  1. Тезистер (электронды және қағазды тәсілдермен)

Жобаны жазу. Текстке қойылатын талаптар:

  • А4 форматы;

  • көлемі 6х8 басылған бет;

  • шрифт Times New Roman

  • 14 кегель;

  • Иллюстративті материал А4 форматы 3 беттен аспауы керек (қосымша)

  1. Қосымша: Қатусышының қалауы бойынша көрініс немесе қолданбалы материал (сызбалар, схемалар, суреттер, слайдтар, фото және бейне материалдар).

  2. Қолданылған материалдардың тізімі.

Қойылған талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамауға ұйымдастыру комитетінің құқы бар.
Конференция қорытындысын анықтау.
Конференция қорытындысын анықтау барысында, жұмыстардың келесі талаптарына сай болуы ескеріледі:

-тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы;

-таңдалған тақырып пен қойылған талапқа мазмұнының сәйкестілігі;

-жұмыс нәтижесінің ғылыми және қолданбалы маңыздылығы;

-қарастырылған сала бойынша туындыгердің (автор) білімдарлығы;
Конференцияға ұсынған үздік жұмыстар 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жоғары талаптарға сай, сапалы ғылыми жұмыстар дипломдармен марапатталу мүмкіндігіне ие болады.
Өткізілетін орыны мен уақыты.
Астрономиялық конференция 2007 жылдың 14-15 қарашасында Облыстық Планетарий ғимаратында өтеді.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы.

Ақтөбе қаласы.

Жанқожа батыр 50А, 030006

Тел(факс):8(3132) 211322, 578793.

Адрес электрондық пошта:

Planetarij @rambler.ru. Ақтөбе облыстық Планетариі



30.10.07г. Мектеп басшыларына!
«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО –на марафон иматериалдарын салатын конверттерді 30 қазанға тапсырылсын.

Республиқалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының № 299 / 1 хатына сәйкес «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2007 жылғы қараша айының 1- жұлдызында 3-10 сынып оқушыларының арасында «Ақбота» интеллектуалдық марафонын өткізеді.

Материалдар томендегі кесте бойынша беріледі:

Ауыл мектептері: 31.10.2007 жылы сағат 9.00-11.00

Қала мектептері: 01.11.2007 жылы сағат 8.00- 9.00

А. Кабиева




Директорам школ!

30.10.07г.



01.11.07г. в СШ № 1 в 15.00 ч. состоится психологический тренинг взаимодействия родителей с детьми. Приглашаются все психологи школ с русским языком обучения.

Конарбаева Л.Р.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет