Дизартрия, классификациясы, түзету жұмысының негізгі бағыттары. Дизартриясы бар балалардың және сөйлеу тілі бұзылысының кешенді сипаты неврологиялық сиптоматиканың, эмоционалдық ерік-жігер сферпасының бұзылысымен толуғуы бұл категогриядағы балалардың мектепте оқуына дайындығын төмендетеді. Көбінесе дыбыс қоюдың әдеттегідей тәсілдері керекті нәтижені көрсетпейді: артикуляциялық қатары ұзақ қалыптаспайды, бақылау жүргізілмесе тез жайылып кетеді, қойылған дыбыстар баланың өзіндік сөйлеу тілінде ұзақ уақыт машықтанбайды.Логопедиялық әсер етудің тиімділігі түзетушілік-педагогокалық әрекетті жүзеге асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты болып келеді.Е. Н. Новикованың ұсынған массаж жасау дизартриядағы кешенді медициналық-педагогикалық жұмыстағы ең тиімді әдістердің бірі болып табылады.Оның мәні артикуляциялык мүшелердің жарақаттанған бөліктеріне ( тіл, жақ, бет, жұмсақ таңдайдың) зондпен мақсатты турде ықпал етуде негізделеді. Массаж булшық еттердің қалпын өзгертеді: тамаққа тәбетін белсендіреді, оньң біркелкілігін және қысқаруын жаксартады, қалыпты сөйлеу тілі әрекетіне қажетті кинестетикалық сезімдеріне үлесін тигізеді