Сабақтың өтілетін мерзімі:____________________ Топ:______________
Сабақтың тақырыбы: Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
а) Біліктілік: метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, гомологтық айырымы, радикалдар, түрлері,изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танысады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәйкес формула құруды үйрету.
ә) Дамытушылық:оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімін, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру, танымдылық белсенділігін арттыру.
б) Тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу; білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың міндеттері:
а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.
ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар (сұрақ-жауап)
Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.
Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта, жігер,шынайылық.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру (2 минут)
2. Үй тапсырмасы (10 минут)
3. Өткен тақырыпты қайта қайталап карточкамен жұмыстану (5 минут)
4. Пысықтау (20 минут)
5. Қорытындылау (5 минут)
6. Рефлекция
7. Бағалау (2 минут)
8. Үйге тапсырма (1 минут)
Достарыңызбен бөлісу: |