Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі. Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты. Дисперсті жүйе



Дата06.11.2023
өлшемі15.81 Kb.
#482426
25 26 27 28


25. Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі. Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты.
Дисперсті жүйе - газ, сұйық не қатты ортада біркелкі таралған көптеген ұсақ бөлшектерден тұратын жүйелер.
Заттардың коллоидтық күйі. Коллоидтық химияны беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер туралы ғылым деп атауға болады.
Барлық дисперсті жүйелерге тән негізгі екі белгі бар: жоғары дисперстілік (майдалану) және гетерогенділік.
Дисперсті жүйелердің гетерогенділігі мынадан көрінеді: олар өзара ерімейтін кем дегенде екі фазадан (дисперсті фазадан және дисперсті ортадан) тұрады.
Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты.
дисперсті жуйелер әртурлі белгілеріне байланысты жІктелінеді.
А) Бөлшек өлшеміне байланысты жіктеу.
Бөлшектердін ұнтақталу дережесіне (дисперстіліг) байланысты дисперсті жуйелерді уш топка бөлеміз:

  • Ірі дисперсті жуйелер (жузінділер, суспензия эмульсия, унтактар), белшектердін радиустары 10^-4—10^-7M.

Коллоидтык — дисперсті жуйелер (зольдер), бөлшектердін радиустары 10^-7- 10^-9м.
Молекулалык-иондык (шынайы) ерітінділер, Бөлшектердін радиустары 10^-9м кіші.
Ә) Фазаларың агрегеаттық күйлері бойынша жіктеу
Дисперсті жүйелерді агрегеаттық күйлері бойынша 8 түрге бөледі. Дисперсті жүйені белгілегенде алдымен дисперсті фаза,сонан соң бөлшек сызық арқылы дисперсті орта жазылады.
Б) Дисперсті фаза бөлшектері арасындағы өзара әрекеттесулерге байланысты дисперсті жүйелер екіге бөлінеді:
Еркін дисперсті жүйелер, дисперсті фаза бөлшектері өзара байланыспаған, олар өзара тәуелсіз қозғалады (лиозольдер, аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар).
Байланған дисперсті жүйелер: Фазалардың біреуі құрылымды байланған, еркін қозғалмайды. Оларға гельдер, ұйымалар, көбіктер, түтікшелі-кеуек денелер, қатты ерітінділер жатады.
26. Дисперстік жүйелер. Оларды алу әдістері.
Дисперсті жүйе - газ, сұйық не қатты ортада біркелкі таралған көптеген ұсақ бөлшектерден тұратын жүйелер.
Дисперсті жүйелерді алудың 2 тәсілі бар
1.Дисперстілеу – ірі дисперсті жүйелерді коллоилдты дисперсті күйге дейін ұнтақтау.
2. Конденсациялау – атомдарды молекулаларды иондарды коллоидты дисперсті күйге дейін ірілендіру немесе біріктіру.
27. Дисперстік жүйелер. Оларды тазарту әдістері.
Дисперсті жүйе - газ, сұйық не қатты ортада біркелкі таралған көптеген ұсақ бөлшектерден тұратын жүйелер.
Тазарту тәсілдері
Коллоидты ерітінділерді электролиттерден және төменгі молекулалы қосылыстардан тазалаудың бірнеше тәсілдері бар: диализ, электро-диализ, ультрафильтрация.
28. Коллоидтық жүйелердің молекулалық- кинетикалық қасиеттері. Броундық қозғалыс
Коллоидтық жүйелердің молекулалық- кинетикалық қасиеттері. Молекулалық-кинетикалық теория көзқарастары түрғысынан коллоидтық ерітінділер — нағыз ерітінділердің жеке көрінісі. Дисперстік фаза еріген зат ретінде, ал дисперсиялық орта — еріткіш ретінде қарастырылады. Мұндай жорамал осмос кұбылысын, диффузия, броундық қозғалыс пен седиментациялық тепе-теңдікті біршама қанағаттанарлық дәрежеде түсіндіруге мүмкіндік береді. Нағыз ерітінділер мен коллоидтық ерітінділер арасында тек сандық айырмашылықтар болатындығын айта кету керек.

Броундық қозғалыс. 1827 жылы ағылшын ботанигі Р. Броун гүл тозаңдарының сулы суспензиясын микроскопта көре отырып, олардың үздіксіз ретсіз қозғалыста болатындығын және ол қозғалыстың уақыт өте келе тоқтамайтындығын және сыртқы энергия көздеріне тәуелді емес екендігін бақылаған. Коллоидты және микрогетерогенді жүйелердегі бөлшектердің жылулық қозғалысы броундық қозғалыс деп аталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет