Диссертация тақырыбы : Book-crossing арқылы бастауыш сынып оқушыларының отбасылық кітап оқу мәдениетін арттыру



бет1/2
Дата19.02.2024
өлшемі205.59 Kb.
#492423
түріДиссертация
  1   2
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті



Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті




МӨЖ
Тақырыбы:

Дайындаған: Қайратова Ақтоты.


Тобы: БОПӘ 1курс
Қабылдаған: Кариев Адлет





Диссертация тақырыбы:Book-crossing арқылы бастауыш сынып оқушыларының отбасылық кітап оқу мәдениетін арттыру.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды тапсырған болатын. Олар «Бір ел бір кітап акциясы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Bookcrossing» акциялары.
«Bookcrossing» Қазақстанда 2005 жылдан бері қолданып келе жатыр. Акция мақсаты балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бір-бірлерімен кітап алмасу. «Bookcrossing» қазақша «кітап сыйла» немесе «кітаптың айналымда жүруі» дегенді білдіреді.

Кітап оқу мәдениетінің маңызды элементі азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. Азаматтық дұрыс ұстанымы қалыптасқан адам – қоғамның белсенді мүшесі ретінде қоғамның кітап оқу ынтасын арттырып, «кітапқұмар қоғам», «ойшыл қоғам» ұғымдарының қалыптасуына әсер етеді. Соңғы жылдардағы белең алған кітап оқуға қызықпау үрдісі – кітаптың қоғамдағы ерекше рөлін, беделін, мәртебесін жоғалтуға әкеп тірейді.


Халық арасында «екінші сауатсыздық» деп аталатын кітапты ежіктеп әрең оқитын, сауатсыз жазатын кітап оқуға ықылас қоймайтын адамдар тобы көбейді. Кітап оқуға енжарлық дағдарысы индустриалды дамыған елдердің барлығында байқалады. Мысалы, бүгінгі таңда АҚШ-та 40-50 миллионға жуық адам, Германияда 3-4 миллиондай адам оқу дағдарысында екен. Ал Франция министрлігінің жұмыс тобы жұргізген талдау деректерінің нәтижесі әлемдегі әдебиетшілер елі болып саналатын Францияның өзінде де еңбекке жарамды халықтың 20%-ға жуығы оқу мен жазуға қиналатынын, яғни әрең оқитын және сауатсыз жазатын адамдар екенін анықтады.
Екінші сауатсыздық құбылысының пайда болуы бірқатар жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі. Сондықтан, өткен ғасырдың 80- ші жылдарынан бастап бұл мәселеге ерекше назар аударылуда.
Әлемдік тәжірибеде оқу дағдарысының проблемаларын шешу бойынша үлкен тәжірибе жинақталған. Көптеген елдерде кітап оқуға ынталандыру, кітапты бағалауға, ұқыптап ұстауға байланысты әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Солардың біразынан мысал келтірсек: небәрі 5 миллион халқы бар шағын ғана мемлекет Норвегияда 700ге жуық балалар кітабы шығарылады екен.
Мемлекет балалардың, ата-аналардың, кітапханалардың, жазушылардың, баспагерлердің, балалардың кітап оқуы жөніндегі және т.б. мамандардың мүдделерін ескере отырып, баланың кітап оқуына әртүрлі тәсілдермен қолдау көрсетеді. Норвег тіліндегі және барлық аударма кітаптар кітапханаға тек мемлекет есебінен түседі. Бұндай саясат жазушыны да, баспаны да қолдайды.
Кітап оқуды енді бастаған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ Норвегияға жуырда қоныс аударып, тіл үйреніп жүрген балаларға арнап
үлкен әріптермен жазылған, әдемі суреттермен безендендірілген және аз көлемді «оңай оқылатын кітаптар» сериясы барлық ірі баспаларда шығарылады. Бұл желісі мен кейіпкерлері бар, сапалы жұқа кітаптар. Балаларды жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында көшеде жылжымалы көлік-кітапханалар да жүреді, кітапханашылар жылына бірнеше рет мектепке келеді, сонымен қатар олар міндетті түрде ата-аналар жиналыстарына қатысып, сөз

сөйлейді. Бұл кездесулер ата-аналарға балалар әдебиетімен танысуға және балаларға арналған кітапты таңдауға мүмкіндік береді.


Оқуға деген қызығушылықтың болуы немесе болмауы баланың кітапқа деген көзқарасының негізгі факторы және оны бағалау критерийі болып табылады. Кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, онымен қарым-қатынас жасауға ұмтылу, көркем мәтінді тыңдау және түсіну, көркем мәдениетті дамыту балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың негізгі міндеті болып саналады.
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын тудыру және арттыру үшін оқылатын әдебиетті таңдаудың әдістемелік қағидаларын ұстану қажет.
Біріншіден, кітап таңдау барысында тәрбиелік мақсаттарды жетекшілікке алу қажет.
Екіншіден, жанрлық және тақырыптық әртүрлілік қажет: проза және өлең; көркем және ғылыми-танымдық әдебиет; бүгінгі және өткен күндер туралы, яғни тарихи кітап; заманауи авторлардың және классик жазушылардың шығармалары; фольклор – ертегілер, жұмбақтар; кітаптар мен журналдар, газеттер, қазақ, орыс және басқа ұлт авторларының шығармалары және аудармалары.
Үшіншіден, қолжетімділік қағидаларын, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Бастауыш сыныпта Отан, еңбек, адам өмірі, жануарлар мен өсімдіктер сынды балаларға қолжетімді тақырыптарға ертегілер, әңгімелер, өлеңдер ұсынылады. Көлемі бойынша (мағыналы және әдемі көрнекіліктерге, үлкен әріптерге ие) балаларға арналған шағын кітаптар.
Жоғары сыныптарда тарихи повестер мен әңгімелер, автобиографиялық, құжаттық, очерктік әдебиеттер, қызық оқиғалы кітаптар, мәдениет және өнер туралы кітаптар есебінен оқырмандардың дүниетанымын кеңейту.
Балаларға арналған кітаптарды таңдаудың төртінші принципі – жеке қызығушылық принципі, білім алушының кітап таңдаудағы тәуелсіздігі.
Бесiншi қағида: балаларға жоғары көркемдiк қасиеттерiмен ерекшеленетін, түпнұсқалық көркемдік, бейнелі кiтаптарды ұсыну қажет (уақыт сынағынан өткендер).
Осы қағидаларға сүйену, білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға және дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді 




.



1.Мектеп оқушысының кітап оқу ісәрекеті» әдістемелік ұсынымдамалары Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 161 б



Бұл еңбекте мектеп оқушысына білім берудегі


Кітап оқу іс-әрекетінің рөлі қаралады.Компонентті оқуға үйретудің заманауи технологияларына шолу жүргізіледі.»Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекеті әдістемелік ұсынымдамалары берілген.Білім беру ұйымдарының басшыларына,педагогикалық немесе ата-аналар қауымдастығына және барлық мүдделі тұлғаларға арналған.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Сауат ашу» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)».

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.



3. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:

Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 331 б.



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (2020 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттамасы) 2020-2021
оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 331 б. Жинаққа 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және білім беру ұйымдарының 1-11-сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, бастауыш сынып және пән мұғалімдеріне, сонымен қатар білім басқармалары/бөлімдерінің, білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшыларына, мамандарына арналған.

4. Чушкина, С. И. О подходах к определению понятия «читательская культура» / С. И. Чушкина // Вестник Башкирского университета. – 2015. – Т. 20. – № 2. – С. 600–605.(



Расматривая понятие «читательская кльтура»обратимся к исследованием библотековедов.Проанализироав работы Т.Г.Галактиновой.В.Н.Зборовской,Ю.П.Мелентьевой,С.Н.Плотникова,Н.В.Пономаревой,Н.А.Рубакина,Ю.Н.Столярова, С.А.Трубникова,О.С.Чубаряна,можно сделать вывод о том что в них наблюдается тенденция отождественная термина «читательская культура» с термином «культура чтения»



5. Курдюмова Т.Ф. Проблема восприятия художественного текста на уроках литературы // Взаимосвязь восприятия и анализа художественных произведений в процессе изучения литературы в школе. М., 1984. С. 35 - 41.

1. Теоретические основы формирования культурного поля младшего школьника.
1.1. Культурация как естественный процесс вхождения ребенка в культуру и формирование культурного поля как учебный процесс.
1.2. Роль и место литературы в кругу искусств и значение литературного чтения в эстетическом цикле школьных дисциплин.
1.3. Специфика культурологического, личностно ориентированного и системного подходов в изучении литературы в школе и возможности их применения при формировании культурного поля младшего школьника.



6. Петровский, А. В. Возрастная и педагогическая психология [А. В. Петровский. – М. : Просвещение, 2011. – 203 с.

Гамезо М.В., Петрова Е.А., Орлова Л.М. Возрастная и педагогическая психология: Учеб. пособие для студентов всех специальностей педагогических вузов. — М.: Педагогическое общество России, 2003. — 512 с. ISBN 5-93134-195-1 Учебное пособие, написанное известными отечественными психологами, открывает перед читателями две научные дисциплины - возрастную и педагогическую психологию, объединенные единым замыслом анализа тех вопросов и проблем, с которыми повседневно сталкивается учитель в своей профессиональной деятельности. В учебном пособии не только детально рассмотрены теоретические вопросы, но и даны практические задания и методики психологической диагностики по каждой теме. Пособие предназначено для студентов педагогических специальностей всех форм обучения

7. Загашев И. Как решить любую проблему. — СПб.: прайм- ЕВРОЗНАК, 2002. — С. 72-78

О выспрашивании глубже и полнее (и примеров много):

  • Вопросы для прояснения, понимания и диалога: сократовская дискуссия и таксономия сократовского выспрашивания

  • См. также Сократовское выспрашивание (сократовский диалог) и макропроцессы мышления.

  • Сократовский диалог. Изменение верований или направляемое открытие? / Сhristine A.Padesky, PhD (pdf)



  • Красивый вопрос / Уоррен Бергер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет