№4 тaқырып. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;
Тәжірибелік сaбaқтың тaпсырмaлaры
«3 таяқша» әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ 1 жауап 1 идея жазыңыз: «Инклюзивті білім беру анықтамасы, диагностикасы және дамуы».
1)Инклюзивті білім беру не үшін қажет?
2)Өздеріңіз білетіндей, түрлі мәселелерге байланысты туғанынан немесе жүре келе өзіндік ауруларға шалдыққан балалар бар. Олардың мемлекет алдындағы қоғам алдындағы құқығы мен орны бар. Бұл нәрсені айқын ететін тек қана инклюзивті білім беру. Себебі көптеген жылдар бойы бұндай ерекше балалар барлық назардан тыс қалып келді. Олар толыққанды білім ала алмады, қоғамнан шеттетілді. Яғни, инклюзивті білім беру осындай балалар үшін де, қоғам үшін де ең үлкен мүмкіндік дей аламын.
3)Қазіргі күндегі өзекті мәселе осы инклюзивті білім беру ісінің кешеуілдеуі болып отыр. Мәселен 2020 жылға дейін 70 процент мектеп толықтай және ішінара осы жүйеге дайын болуы керек болған. Дегенмен бұл іс жүзінде қарқынды жүзеге аса қоймады. Мен осындай ерекше балалар үшін үлкен ауқымды, нақты оқыту жүйесімен талапқа сай мектеп құру идеясын ұсынамын. Олар бұл мектепте өз қатарластарымен оқып қана қоймай, барлық керек жарақпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар кез келген қазіргі жастар осы істе өз үлесін қосу үшін оларға бағыт бере білу керек деп ойлаймын.
«Жалғасын тап» әдісі.
Дефектологияның ғылыми ұғымы — бұл педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.
Қазіргі кезде түрлі дамуында ауытқуы бар мектеп жасындағы балалар үшін 8 арнайы түрдегі мекемелер қызметі : Қазіргі уақытта дамуында эртүрлі бүзылулары бар балаға арналған арнайы мектептің 8 негізгі түрлері бар. Бұл мектептерде диогноздық сипаттамадан реквизитке алып шығу үшін (бүл бүрын болғандай: ақыл-есі кемдерге арналған мектеп, саңырауларға арналган мектеп және т.б) нормативтік қүқықтық және ресми қүжаттарда бүл мектептер олардың түрлік реттік номері бойынша былай деп аталады:
-1 түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (саңырау балаға арналған мектеп-интернат):
- II түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі ( қүлағы нашар еститін және кеш саңырау болып қалған балаға арналған мектеп-интернат);
- III түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі ( көзі көрмейтін балаға арналған мектеп-интернат);
- IV түрдегі көзі нашар көретін балаға арналған мектеп-интернат;
- V түрдегі сөйлеу қызметі ауыр бүзылған балаларға арналған мектеп- интернат;
- VI түрдегі ( тірек-қимыл аппараты бүзылған балаларға арналған мектеп-интернат);
- VII түрдегі арнайы түзету білім беру мекемелері оқуда қиыншылығы бар -психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп немесе мектеп-интернат);
- VIII түрдегі арнайы (түзету) білім беру мекемесі (ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп жэне мектеп-интернат);
Тифлопедагогика — бұл педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |