Семинар 10
Мақаланың абстрактін жазу
Диссертацияның тақырыбы:
Ежелгі дүние тарихы оқулығы:білім мен әдістемелік негіздері
Мақаланың тақырыбы:
Ежелгі дүние тарихын оқыту методологиясы
Рахымжан.Н.Д
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
1 курс магистранты, Алматы.
Абстракт
Ежелгі дүние тарихын оқытудың негізгі міндеттері.Әдістеме сәзінің мағанасы көнегрек тілінен аударғанда методос,яғни зерттеу жолы, таным тәсілі деген сөзінен шыққан методика сөзі.Тарихты оқыту әдістемесі тарихты оқыту базасын, оның заңдылықтарын өскелең ұрпаққабілім беру, тәрбиелеу,дамыту мақсатында пайдалану үшін тарихты оқыту барысын, заңдылықтарын,басқа ғылымдармен байланыстырып зерттейтін пән.Тарихты оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде оқушылардың жас ерекшелігінесәйкес,мектеп концепциясын,жоғарысапалы,жан-жақты дамыған адамдарды даярлау міндеттерін басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, ұйымдастыруын, әдістерін жасайды.Тарихты мектепте оқыту-күрделі,сан қырлы, қарама-қайшылыққа толыпедагогикалық құбылыс. Оның заңдылықтары оқушыларға білім беру,оны дамыту мен тәрбиелеу арасындағы обьективті байланыстың негізінде анықталады. Ал іс барысының негізі- окушыларды оқыту. Әдістерді білім алу қызметін оқытудың мақсат-міндеттеріне сай, оқу материалынмеңгеруге басшылық жасаудың әдістерін, тарихты оқыту барысының негізгі бөліктері арасындағы объективті, тұрақты қайталанатын байланыстарын оқып,зерттейді.Оқытудың мақсаты оның мазмұнын айқындап көрсетіп береді. Мақсат пен мазмұнға сәйкес оқыту мен білім берудің ыңғайлы түрі таңдалып алынады.Яғни қортынды тарихты оқыту әдістемесі тарихты оқытудағы негізгі бір бөлшегі болып табылады.
Кілт сөздер: ежелгі дүние жүзі тарихы,білім,әдістеме;
Достарыңызбен бөлісу: |