Сабақтың мақсаты: Деректі романдар туралы түсінік беру.
Сабақ жоспары:
10.1 Қазіргі деректі романдардағы тарихи тұлғаларды мінездеу, даралау, эпикалық баяндау, диалог, авторлық толғаныс, қосымша сюжеттерді енгізу т.б. ерекшеліктері. (Б.Тілегеновтың «Тұйық өмірдің құпиясы», Т.Ахметжан «Ақиқат жолы», М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы»)
10.2 М.Байғұтұлы, Ж.Қорғасбек т.б. шығармаларындағы желтоқсан ызғары.
Бақылау сұрақтары:
Деректі романдар дегеніміз не?
Желтоқсан оқиғасына байланысты кімнің прозалық шығармалары бар?
Авторлық толғаныс шығармада қалай беріледі?
Қазіргі қазақ әдебиеттануы ғылымында да осы жанрдағы шығармалар поэтикасының табиғатына берілген нақты тұжырымдар (Т.Бекниязовтың пікірі) деректі романдардың сипатын айқындауға бағдар береді: «Деректі жанр – өмірде болған нақтылы жайларды анық мәлімет, айқын деректерге сүйеніп бейнелеу тәсілі қолданылатын көркем туындылар. Деректі жанрда әдеби шығармаға тән көркемдік сипаттар, өмірдегі нақтылы шындық баяндалып отырған жай-жағдайлар автордың ой-елегінен өткізіліп,оның сезім әсерлерімен нәрленіп шығуы арқылы танылды. Яғни, нақтылы жайлар, жеке фактілер жинақталып, қорытылып, типтік дәрежеге көтеріледі. Әрине, кез келген дерек шығармаға арқау бола алмайды. Маңызды өмір құбылысын, адам мінезінің елеулі өзгешелігін танытатын жайлар, деректер ғана жазушы назарын өзіне аудара алады». Әдістеме. Дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын әдебиет керек. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Сонымен біз тәуелсіз мемлекет құрдық. Өз тарихымызда тұңғыш рет осындай қалыпта, осындай аумақта құрдық. Біздің уақытымыздың бұлжымас фактісі, міне, осы!»– деген сөздері ғалам кеңістігінде уақыт бейнесінде таңбаланып қалған тарихи сөздер. Осылай паш етілген Тәуелсіздіктің бейнесі қазақ әдебиетінде суреттеліп, ол құндылық дүние өз кезегінде әрбір қазақтың, оның ішінде жас ұрпақтың рухани қазынасына айналуы – тек ақын – жазушылар мен драматургтердің ғана міндеті емес,көп ретте,әдебиетті жастарға оқытатын оқытушылар мен оқытуды ұйымдастыратындарға байланысты.
Қазақ әдебиетінің қазіргі дамыған болмысында тарихи тақырыптар да, қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар да, дүние жүзіне тереземізді тең еткен Елбасымыз Н.Назарбаевтың тұлғасы да, Ата Заңымыз, қазақ деген ұлттың «мәдени формуласына» айналған Мемлекеттік рәміздеріміз, Елорда, Бәйтерек бейнелері де жақсы дәрежеде өз орнын алып келеді. Отаншылдық сезім, атамекенді қастерлеу – қазақтың тарихты сүю ерекшелігінен туындайтын қасиет. «Тарихты сүю (историясофизм)–белгілі бір дүниетанымдық негіздегі тарихтың тұтастық тұжырымдамасы» .Өз Отанын, туған жерін, елін, барлық қуанышы мен қасіретін таңбалайтын тарихшылар мен әдебиеттегі ақын-жазушы, драматургтердің ерен еңбектері назар аударуға лайық. Нәтижелер. Қазақ романдарының тарихилық негіздерін құрайтын кезеңдер шындығын қамтыған осындай жанрдағы шығармалар қатарында С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мұстафинннің «Көз көрген», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Т. Жұртбаевтың «Дулыға». Д. Досжановтың «Абақты» және т.б. шығармалар деректілік сипатының молдығымен, нақтылығымен ерекшеленеді. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі деректі романдар да тарихилық негізділікті мол қамтитындығымен бағаланады. Ал, нақтылы деректілікке негізделген шығармалар қатарында жазушылар Бекежан Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпиясы» (роман-толғау), Талаптан Ахметжанның «Ақиқат жолы» (роман-диалог), Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» (деректі роман) туындылары айрықша дараланып көрінеді. Бұл романдарда XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарихының материалдық және рухани мәдениет салаларындағы даму оқиғалары, кеңестік кезеңнің жетістіктері мен кемшіліктері, көрнекті тарихи қайраткерлердің әрқайсысына тән даралық сипаттары, қоғамның, мемлекеттің, әртүрлі шығармашылық, шаруашылық ортаның қарым-қатынастарындағы қайшылықтар мен қақтығыстар – бәрі де нақтылы өмірлік деректер бойынша баяндалады.
Талқылау. Жазушы Бекежан Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпиясы» (1992) атты эпикалық шығармасына «Роман-толғау» («Айтылмай келген шындық») атты қосымша тақырыптық атаулар қосыла беріліпті. Роман мынадай бөліктерден тұрады: «Кітаптың жазылу тарихы», «Алғашқы кіріспе тараулар», «ЦК-ңызда не жаңалық?», «Өзгеріс пе жоқ, төңкеріс пе?», «Дауды Есенберлин бастап, Достоевский шиеленістірді», «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды», «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты», «Біздің жақ» пен «Бөтен жақ», «Жаяу көкпар немесе сыйлықтар туралы бірер сөз», «Қуғынға түскен кітаптар», «Партиялық стиль және адам», «Көсемдер портреті» атты тақырыптармен 338 Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3/3 2020 белгіленген бөліктерде өзінің көзімен көрген оқиғаларды, адамдарды қамтып жазған.
Талаптан Ахметжанның «Ақиқат жолы» (2003) атты шығармасы – роман-диалог. Романның идеялық-композициялық желісінде XX ғасырдың 30–90-жылдары арасындағы қазақ тарихының кезеңдік оқиғалары (азамат соғысының дүрбелеңі), ауылдардың колхоздарға ұжымдасуы, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінғі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі, 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық-азаттық көтерілісінің тарихи тағылымы, саяси-идеологиялық қудалау зардаптары, Кеңес заманының «Қайта құру» дәуірінің зобалаңдары, т.б.) автор мен романның басты кейіпкері арасындағы сұхбат аркылы өрістеген.
Романның эпикалық сипатын танытатын басты ерекшелігі –XX ғасырдың 30–90-жылдары арасындағы қазақ халқы тарихына катысты оқиғалардың мол қамтылатыны. Тіпті, басты кейіпкердің толғанысты баяндауларының әуелгі бөліктерінде қазақ тарихының бұрынғы ғасырларындағы ата-бабалар, ата-тек тармақтары, олардың кейінгі ұрпақтарға жалғасқан әулеттік жүйесі кең көлемде қамтылған. Әдетте, көркем шығармалардың мазмұны мен пішініндегі поэтикалық мәселелерді саралағанда олардың уақыт пен кеңістікке негізделетінін ауызға аламыз. Жазушы Т. Ахметжанның «Ақиқат жолы» романдарындағы уақыт пен кеңістік ұғымдарының тарихи-эпикалық кең құлашты сипатпен өрілгенін танимыз: «Художественное время представляет собой сложнейшее сочетание и переплетение трех временных планов – персонажей, автора и читателя (слушателя). Время персонажа (или индивидуальное, частное, личное) включает в себя не только субьективное восприятие времени героем произведения, но и его самоориентацию во временном потоке, его биографическое время, время его деятельности» [166, 7 б].
«Акиқат жолы» романындағы басты кейіпкердің ғұмырбаяндық өмір жолы, қызмет кезеңдері осы айтылған поэтикалық заңдылықтарға сәйкес жүйелене берілген.
№11 практикалық сабақ тақырыбы. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм
Достарыңызбен бөлісу: |