Дістемелік кешені



бет63/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романдарының тақырыптық, сюжеттік тың арналарын саралау. Кейіпкерлер жүйесімен таныстыру.
Сабақ жоспары:
1.Қазіргі қазақ романдарындағы (Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», С. Жұбатырұлының «Абыржы», Қ. Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны», т.б.) табиғат – адам – қоғам қарым-қатынастарын әлеуметтік-психологиялық сарынмен жазу ерекшеліктері.
2. Сәбит Досановтың «Қылбұрау», «Ұйық», Талаптан Ахметжанның «Ақиқат жолы», Ғабиден Құлахметтің «Үйірі жоқ көкжал») деректерден туындайтын қиял қосындылары.
Бақылау сұрақтары:
Роман мазмұны немен байланысты?
Тарихи шындық дегеніміз не?
Романның стильдік, көркемдік ерекшеліктері?
Қазақ әдебиеті шығармаларындағы көркемдік шешім жүйесінің қазіргі жалғастығын біз жазушы Ғабиден Құлахметтің «Үйірі жоқ көкжал» романынан көреміз. Романның композициясы да осындай поэтикалық бейнелеудің нақты көрсеткішіндей болып аталыпты: «Бөрі бауыр дүние», «Жалғыз бөлтірік», «Үйірі жоқ көкжал». Романның тақырыптық-идеялық, сюжеттік-композициялық желісіне алынған өзекті мәселе – XX ғасырдың 90-жылдарынан басталған Қазақстанның тұрмыстық-әлеуметтік қоғамдық тіршілігі.
Романның «Жалғыз бөлтірік» атты 1-бөлімінің басталу бетіндегі мынадай авторлық-эпикалық баяндау – өмірлік шындық көрінісі:
«Соңғы үш-төрт жылда Алматы ғана емес, адамдар да өзгерген. Тер мен темекінің күлімсі иісі, әтірдің жұпары араласқан қапырық ауа қолқасын қапқан жүргіншілердің өз уайымдары өзінде. Қатулы қабақ, тұнжыраған пішіндердің ұқсастығы сондай, нарық заманы бәрінің маңдайына тауқымет мөрін басып қойғандай. Кәрі-жасының жүзінен арты өкініш, алды үмітсіз, өмірдің көлеңкесі көрінеді. Қала тұрғыны мен ауыл адамын киімінен емес, сөзінен ажыратасың. Үкіметті сыбаса – қала тұрғыны, әкімді боқтаса – ауыл қазағы. Ашынған елдің тілі де ащы».
Романның және оның бөлімдері тақырыптарының да «Көкжал» атауымен берілуінде символдық-мегзеулік мағына негіз етіп алынған секілді. Адамгершілік пен имандылық, адалдық пен арамдық, мәрттік пен ездік, мейірімділік пен қатыгездік, жомарттық пен сараңдық және т.б. бір-біріне мүлдем қарама-қайшы қасиеттер қақтығысқан жаңа кезеңдегі адам тағдыры романның идеялык-поэтикалық сипатын құрайды. Алғашқы «Бөрі бауыр дүние» экспозициясының да романның мазмұны мен пішініндегі уақыт шындығына поэтикалық мегзеулі баламалау тұрғысында жазылғаны аңғарылады: «1) Кілт; 2) Ақсұр қаншық; 3) Ақшулан; 4) Шолақ бөрі; 5) Бөрі бауыр дүние».
Көрнекті жазушы Сәбит Досановтың «Ұйық» (2005 ж.) атты романының құрылымдық арқауында Қазақ елінің XX ғасыр басындағы тарихи оқиғалары алынған.
Романның тақырыбы – XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік тұрмысы, идеясы – қазақ халқына материалдық және рухани зардаптарын тигізген апатты оқиғалардың (Қазан төңкерісі, аштық, 1937–1938 жж. қуғын-сүргін, т.б.) сипатын таныту.
Романның композициясы «Сағыныш», «Сабылыс», «Тосылыс» деп аталатын үш бөлімнен тұрады.
Романның басты кейіпкерлері – Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Нұрдәулет Бабаханов және т.б. Бұлармен бірге, романның идеялық-композициялық желісіндегі оқиғаларда көрінетін жанама кейіпкерлер (Аманхан, Тұяқ, Асылхан, Гүлайым, Кутовой, т.б.) де мол.
Роман бөлімдерінің сюжеттік-композициялық желісінде Алаштың көрнекті қайраткерлерін олар өмір сүрген кезеңдер оқиғаларының барысында көрсетеді. Романның эпикалық кең құлашты сипатына сәйкес уақыт пен кеңістіктегі аса елеулі тарихи оқиғалардың қазақ халқының тағдырына әсер-ықпалын романтикалық және реалистік көркемдік-эстетикалық сарындармен жеткізген.
14 практикалық сабақ тақырыбы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет