Дизайн-мышление



бет1/3
Дата08.09.2022
өлшемі0.9 Mb.
#460427
түріСабақ
  1   2   3
11 сынып 1 сабак

№1 Сабақ «Питчинг»


«Сөйлей алмайтын адам мансапқа жете алмайды»
Наполеон
Құрметті 11-сынып оқушылары!

Қазіргі заманда әлемде бастаушы бизнесмен-стартаперлерге бизнес-жоба құру,
менторлардан көмек, кеңес алу, дағдыларын жетілдіретін бизнес-акселераторлар
бар. Осындай акселераторлар университет шеңберінде де жұмыс істейді. Ал сіздердің жолдарыңыз болды: осының бәрін мектеп қабырғасынан шықпай-ақ, осыған ұқсас бағдарламаларды іздеуге қосымша уақыт пен күш жұмсамай-ақ үйрене аласыздар. Сіздерге жоғарғы оқу орнына барғанша күтудің қажеті жоқ. Бүгінгі сабақтан бастап-ақ бизнесмен болуға машықтанасыздар! Оқулықта берілген тапсырмаларды баға алу үшін ғана орындамаңыздар. Курсты оқу барысында кәсіби маман ретінде жетіліп, алған білім-дағдыларыңыз, жаңалықтарыңыз мектеп қабырғасынан шыққан соң пайдалы болады. .

Сабак мақсаттары:

  • Кәсіпкер (стартапер) үшін питчингтің мәні мен мағынасын түсіну.
  • Оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолдану.

Шешендік шеберліктің маңызы

Әдемі сөйлей білетін, шешендік өнерді толық меңгерген адамды кез келген қоғамда құрметтейді. Бұрынғы заманда да осы шеберлікке үйрететін мектептер болған, шешендік шеберлік біртіндеп нақты ғылымға айнала бастады. Кез келген жерде (қоғамда, отбасында, достар арасында, мектепте, универ-ситетте, қызметте) адамдармен қарым-қатынас құру үшін шешендік шеберліктің маңызы зор. Сондықтан дұрыс сөйлей білу қажет. Қаласақта, қаламасақ та, сөйлеген кезде біз толық ашыламыз.

Өзіне сену

Өзіне сену — табыстың маңызды факторы. Өз күшіне сенімді болу жеткілікті ме? Бұл сұраққа белгілі психолог Брайан Трейсидің формуласы жауап береді:


Формуладан көрініп тұрған дай, табысқа жетуге үш фактор әсер етеді:
  • Сенімділік,
  • Тума талант
  • Алған білім

  • Егер адамның таланты мен білімі болғанмен (50-де
    50%), өзіне сенімділігі болмаса, мына формула шығады:
    0 × (50 + 50) = 0


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет