"Бірге барайық!" жобасының негізін қалаушылар енді өз компаниясының дамуының келесі қадамы ретінде республикалық ауқымдағы іс-шаралардың тікелей ұйымдастырылуын - оқиғаларды жария ету ғана емес, олардың бастамашысы болу, бүкіл әлемде қазақстандық мәдениетті ілгерілетуді көріп отыр. Ол үшін жобаның барлық құрамдас бөліктері бар: бірегей құнды ұсыныс, адал тұтынушылар, дамыған тарату арналары, клиенттермен өзара іс-қимыл жасаудың әртүрлі нұсқалары, олар үшін ыңғайлы, пайда көздері, негізгі ресурстар (соның ішінде адами) және негізгі серіктестер. Неге осы сатыда Бақдәулет Исаевтың жобасын стартап деп атауға болады? Стартаптардың қандай ерекшеліктерін сіз атап көрсете аласыз? 2 - тапсырма Стартап пен компания үшін монетизациялау (ақшалай пайда алу) механизмдерінің айырмашылығы неде? Өз тұжырымыңызды "Бірге барайық!" мысалында келтіріңіз. 3 - тапсырма Бірге барайық!" жобасын осы кезеңде қалай дамытуға болатынын ойланып көріңіз. 4 - тапсырма Бакдәулетке стартап табысты болу үшін қандай дағдыларды дамытуға тура келді деп ойлайсыз. Неліктен? 5 - тапсырма Осы кезеңдегі "Бірге барайық!" жобасының ауқымын дамытудың өз нұсқаларын ұсынып келтіріңіз. 6 - тапсырма Тағы қандай: а) осы кезеңде "Бірге барайық!" жобасына лайықты стартаптың тарату арналары сәйкес келеді; ә) клиенттермен өзара іс-қимылды тағы қалай жақсартуға болады; және б) қандай жаңа негізгі әріптестерді тартуға болатынын ойланыңыз. 7 - тапсырма Стартаптардың бизнес-моделінің қандай ерекшеліктері "Бірге барайық!" жобасының толыққанды және табысты компанияға айналуына көмектескенін топтастырып қорытынды жасаңыз. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |