Пәннің атауы және коды: - DN«Дизайн негізі»
Кредит саны:5
Жалпы сағат саны: 150
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
|
|
|
Мақсаты: Студенттердің кәсіби кеңістікті –бейнелік ойлау қабілетін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, пішін мен кеңістік сезімін дамыту болып табылады. Студенттің жеке қасиеттерін дамыту мен мамандарды теориялық бөлімімен таныстырып, тәжірибелік дайындығын заманауи дизайн саласында толық жетілдіру. Заманауи дизайн түрлерін толығымен меңгеріп, білімге негізделген арнайы дағдыларды иеленумен кәсіби-бағдарланған түрлерін үйрету.
|
|
Міндеттері:
- cтуденттердің заманауи дизайнды теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру. Өз қызмет саласында кәсіби дизайн құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру;
- дизайн қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті жобаларын, нобайын және құрастыру құзыреттерін жетілдіру;
- болашақ жоба концепциясын жасауда, дизайн-бағдарлама жасауда теориялық ережелерді сауатты пайдалана білуі;
- нақты жобалауда өнер, дизайнның әр түрлі шығармаларының стильдік және жанрлық ерекшеліктерін еркін қолдана алуы тиіс;
- тарихи дамудың әр кезеңдерінде материалдық мәдениет, ғылым мен техника саласындағы негізгі жетістіктерді білуі тиіс;
- дизайнерлік шығармашылықта пайдаланатын терминдер мен анықтамаларды білуі тиіс;
- әр түрлі дизайнерлік шешім түрлерін әзірлеудің негізгі тәсілдерін, кәсіби тұрғыдан қарау негіздерін, уақыт және стилистикалық сипаттамаларға сай тәсілдерді, дизайнерлердің басқа мамандық мамандарымен әрекеттестік әдісін меңгеруі тиіс.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |