ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
129
ӘОЖ 378.02:37.016; МҒТАР14.35.09
https://doi.org/10.47526/habarshy.v3i121.740
З.Н. ЖҰМАТАЕВАˡ
☎
,
С.Н. ЖҰМАТАЕВА
2
1
педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Назарбаев университеті (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), e-mail: zzhumatayeva@nu.edu.kz
https://orcid.org/0000-0003-4666-4868
2
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы
(Қазақстан, Түркістан қ.), е-mail: saule.zhumatayeva@mail.ru
https://orcid.org/0000-0001-6917-8315
ТІЛДІК ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ҚҰЗЫРЕТТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ФИЛЬМДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Андатпа. Бұл зерттеу жұмысында мәдениетаралық қатынас
құзыретін қалыптастыру
мен дамыту теориясы және шет тілдерін оқыту әдістемесінде фильмдерді қолдану
теориясына қатысты талдау жұмыстары, сондай-ақ фильмдерді
қазақ тілін оқыту
курстарында тиімді қолдану мен аталған құзыретті қалыптастырудың әдістемесі және
апробациясы нәтижелері ұсынылған. Мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті
дамыту дегеніміз – түрлі мәдениеттердің өкілдері арасында үйлесімді
және өнімді
қатынастар құру қабілетін дамыту. Жаңа ғасырда мәдениетаралық коммуникативтік
құзыреттілік оқытудың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады,
сондықтан болашақ
мамандардың мәдениетаралық хабардарлығын арттыру мақсатында оқыту әдістері мен
материалдарын бейімдеу қажеттілігі артып келеді. Заманауи жас мамандар халықаралық
аренада
бәсекеге қабілетті болуға, жаңа мүмкіндіктерге және түрлі сынақтарға дайын болу
үшін, көпмәдениетті ортадағы өзара әрекеттесу және ынтымақтастық құра білу дағдыларын,
мәдениетаралық іскерлік қарым-қатынас орнату,
сыни ойлау, озық
цифрлық
технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырып, дамыта білуі қажет.
«Мәдениеттану және қазақ мәдениеті» курсы аясында 45 студенттің қатысуымен
жүргізілген зерттеудің нәтижесі ұсынылған әдістеменің студенттерде мәдениетаралық
құзыреттілік пен тілдік
құзыреттіліктерді қалыптастыру, олардың өз мәдениеті мен басқа
елдердің мәдениетіне деген оң көзқарасын дамытып, жалпы мәдениеттің дамуын арттыруда
өз тиімділігін көрсетті.