Әлеуметтік – экономиқалық негізі. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономиқалық жүйелерінен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тағыз байналысты. Бұл байланыстардың объективті негізі – дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірестік қатынастардың иесі – адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлнуметтік жағдайдын қалаптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Құқықтық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциялық 23-бабында нақтылы көрсетілген.
Дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық ілімдер, гигинена, физиология, спорттық медицина т.б. зерттейді. Осылардың ішінде негізі орынды дене тәрбиесі ілім мен әдістеме пәні алады.
Физкультуралық қозғалыста президенттік сынамалардың маңызы өте зор.
«Қазақстан Республиқасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының президенттік сынамалары туралы» ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24-маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.
Презинденттік сынамалары – бұл бақылаулық нормативтер арқылы халықтын оқұға еңбікке, әскери қызметке дене қуаты дайыңдығының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.
Призедентік сынамаларда халықтың дене куаты даярлығын күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті, шапшаңдықты көрсететін жеті сынақ түрі қамтылған.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене куаты даярлығының екі деңгейден, яки президенттік және ұлттық деңгейден тұрады.
Президенттік деңгейі жан-жақты дене кауты даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.
Ұллтық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда командаларда дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналыстын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан жұрт үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын президенттік сынама ретінде адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсіліндегі Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 милге (2400м) жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар еңгізіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5, 9, 11 сыныптарында, кәсіби-тенниқалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсына барар жылы өткізіледі.
Еңбекші жастар үшін – дене тәрбиесі-сауықтыру бағытыңдағы жарыстарда өткізіледі.
Президенттік сынамалар нормативтерін тансыруға дәрігендің рұқсаты бар спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар жіберіледі.
Презиндекттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық, уадындық жастар ісі, туризм және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу орнының, кәсіпорынның дене тәрбиесі мұғалімдергінен, жаттықтыру-шыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төреншілер алқасы өткізеді.
Президенттік сынамаларды республикада, областарда, аудандарда, қалаларда орындау жөніңдегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан Республиқасының жастар ісі, туризм және спорт басқармаларымен (комиттерімен), Қазақстан Республиқасының Білім және ғылым министрілінің дене тәрбиесі басқармаларымен жүзеге асырылды.
Презиндеттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсібитехниқалық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда - әкімшілікке жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізі практикалық жұмыстарды орындау оқу орындаында – дене тәрбиесі мұғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына, спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге жүктелген.
Президенттік сынамаларға кірізілген сынақтардың түрлері: 60, 100, 1000, 2000, 3000 метрге, 1,5 милге (2400м) жүгіру, тұрған орыннан ұзындыққа секіру, биік кермеге (турникке) тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шанғымен жүгеру, қол добын лақтыру.
Тағы да бір маңызды нормативтік негіз – спорт классификациясы.
Республикалық спорт классификациясы дегеніміз – жасөспірімдер разрядынан бастап халықаралық дәрежедегі спортшебері атағын беру, соның ережесін бекітіп, тәртібі мен нормативтерін белгілеу. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жақсатуға ықпал етіп, Қазақстан спортының даумына негіз қалайды. Спорттық классификация КСРО-да 1935 жылы қабылданды. Қазақстан Республиқасының егеменді ел юолып. Тәуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде классификация мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді. Дене тәрбиесі жүйесі мемлекетік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, емханаларда және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарлама, ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнай уақытбелгіленіп, қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық база жасалады. Республикамызда дене тәрбиесі жұмысын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемкеттік органдар бар.
Дене тәрбиесі сабақтарын белгіоі спорт саласының арнайы мамандандырылған мұғалімдері, оқытушылыры, сондай-ақ кәсибі жаттықтырушылары, нұсқаушылар жүргізеді. Қоғамдық ұйымдастыру борлық жастағы адамдарды дене тәрбиесіне неғурлым көбірек қамтуға бағытталған. Қоғамдық ұйымдастыру түрінің ең бастапқы ұйымы – спорт клубы.дене мәдениеті және спорт қозғалыстарын кәсіподақтық және ведомстволық ерікті спорт қоғамдары басқарады. Ерікті спорт қоғамдарын басқару демократиялық, орталықтан басқару демократиялық, орталықтан басқару принципі бойынша, сайлау арқылы өтеді. Кейінгі жылдары жеке жаттағу түрінің сайлау арқылы өтеді. Денсаулық сақтауға бағыттылған көптеген қозғалыстары, клубтар пайда болды. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамға ұнайтын спорттың түрімен ьелгіленген уақытта айналысуына мумкіндік береді. Мемлекеттік және жеке қоғамдық спорттық ұйымдар бірін-бірі толықтырп отырады.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІННІҢ НЕГІЗІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ
Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша негізінде дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спроттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдарды, жаттығулары, жаратылыстың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен әскери іс-әркеттерге тікелей бағыттылған дене тәрбиесінің арнайы мамндау процесі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулары қолдалынады. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындағы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділгін арттырады, адам организмінің сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалған спорт түрінен биік детістіктерге жету жолндағы жаттығуларын, ізденістері мен талпынымтарын спорт дайындығы дейміз.
Қалпына келтіру бағытының мақсаты – дене күшін дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жетілдіру. Дене тәрбиесі жүйесінің жұмыс істеу жағдайды материалыдқ база мен мамндарға көп байланысты. Дене тәрбиесі мамндарын Қазақстанда жоғары оқу орындары (университеттер мен педагогикалық институттардағы дене тәрбиесу факультеттері), көптеген арнаулы оқу орындары (дене мәдениеті техникумдары) дайындайды. Арнаулы курстар мен семинарларда қоғамдық кадралар (спорт төрешілері мен нұсқаушылары, жаттықтырушылары) білім алады. Дене тәрбиесі жүйесінің материалдық-техникалық (стадиондар, спорт залдары, жүзу басейндері) бой түзеді, құрал-жабтақтар көбейді.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Принцип – түпке бастапқы қалпы, қандай да бір теория ілімнің даму заңдылығы. Дене тәрбиесі жүйесінің принципіне маналар жатады: адамның жан-жақты үйлесімді дамуы; дене тәрбиесі принциптерінің нңбек ету және Отан қорғу тәжірбиесі мен үйлесімі; ден тәрбиесінің денсуалықты нығайтуы.
Адамның жан-жақты уйлесіаді даму принципі дене тәрбиесі жүйесінде екі бағытқа бөлінген: 1.Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланысы отырып, жастарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділікті, еңбек суйгіштікті қалыптастыруға, адамның көркемдік-әсемдік танымына көп әсіріт тигізеді.
2.Дене тәрбиесінің әр түрлігісі. Дене куатын жан-жақты дамыту үшін жаттығушылар дене тәрбиесі процесі кезінде спортшылардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игәруіне көмектесуі керек. Дене тәрбиесі принциінің еңбек ету және Отан қорғау тәжіриетесімен үйлесуі дене тәрбиесінің жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға баулитын қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Қазір азаматтық және әскери мамндық адамның дене күшін көп талп етеді. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын нығайтып, кең көлемде қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі, жұмыс ісиеуге ынтасын арттырады. Дене мәдениеті және спортпен айналысқан адамдар мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене куаты дайындығына, әсіресе әскерде үлкен мән беріледі. Сарбаздың соғысқа қабілеттілігі – оның жылдам жүгіретініне, төтенше жағдайға бейімділігіне, әскери мамандықты тез меңгеруіне т.б. байланысты. Сондықтан жалпы білім беретін мектеперде, кәсіптік-техниқалық училищелерде, арнаулы орта білім беру орындарында жеткіншектерді әскер қатарына шағыруға дейін дайыадаған жөн. әскери мамндықты жақсы игеру ушін сол кезден бастап ептілікке, жылдамдыққа, шынамдалыққа т.б. тәрбиелеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |