Дүниетаным және оның негізгі түрлері. Дүниетаным


Философиялық антропология



бет17/19
Дата23.06.2022
өлшемі145.79 Kb.
#459436
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Философия экзамен1

27. Философиялық антропология
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр
Философиялық антропологияның философиялық сөздіктерде берілген анықтамасына жүгінсек, көптеген анықтамаларды саралай келіп, оның мазмұнын біршама толық ашатын екі анықтаманы бөліп көрсетуге бола­ды. Беларусь республикасының философтары дайындаған философиялық сөздікте философиялық антропология адамның жаны мен рухани дүниесінің барлық қабаттарын зерттейтін, адам қызметінің, мәдениетінің, адамгершілігінің, құқықтың, әлеуметтік институттардың антропологиялық негіздерін іздейтін бағыт ретінде сипатталған және философиялық антро­пология адамдардың табиғи бір-біріне деген жағымды көңіл-күйлеріне, «басқаны» мойындауына, біріге отырып уайымдауына немесе тілдің жалпылығының арқасында жүзеге асатын өзара жақындасуға негізделген әлеуметтік өмірдің тұлғаралық қатынастарының кең ауқымын қамтиды деп атап көрсетілген.

Екінші бір философиялық сөздік философиялық антропология терминінің екі мағынасын баяндаған. Бірінші мағынасында философиялық антропология адам мәселесімен айналысатын, өз тақырыбын жалпы философиялық дискурстен (бұрын ол философиялық жүйенің үзігі ғана бо­латын) өзіндік «объектісі» мен «тақырыбының» (адамның философиялық рефлексиясы; адам, оның мәні және табиғаты туралы ілім) ерекшеліктері арқылы «табиғат туралы ілім», «социум туралы ілім», «сана туралы ілім», «құндылықтар туралы ілім» және тағы басқалардың қатарынан бөліп шығару арқылы 20-ғасырдың соңғы ширегінде өзін белсенді құрастырып отырған арнайы философиялық пән. Екінші мағынасында, философиялық антропология – алғаш рет Фейербах тұжырымдаған «антропологиялық принципте» көрініс тапқан антропологиялық бұрылыстың (жалпы болмыс емес, адам болмысын түсіндіру және ашу рефлексия пәніне айнала баста­ды) нәтижесінде классикалық емес және постклассикалық философияда пайда болған антропологиялық концепциялардың жиынтығы.


Философиялық антропологияның бастапқы ұстанымы – философиядағы кез-келген сұрақ «адам дегеніміз не?» деген сұрақтан, әрбір «философиялық пайымдау» адам тәжірибесінің құрылымын зерттеуден бастала­ды. Философиялық антропология адамның синтетикалық философиясы. Ол адамды космоста ерекше орын алатын, қайталанбас болмыс ретінде қарастырады және оның мәндік өлшемін зерттеуге бағытталған. Оның мақсаты – адам туралы жиынтық түрдегі емес, тұтас, толыққанды білім беру.


Философиялық антропологияның ресми пайда болған уақыты – 20 ғасырдың 20-жылдары – адамзат үшін күрделі кезеңдердің бірі болды.


Бірінші дүниежүзілік соғыс, Еуропадағы аупалы-төкпелі заман адамзаттың болашағына сенімсіздік тудырды, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар Еуропа философтарын ойландырмай қойған жоқ. Осы өзгерістерге жауап ретінде пессимизм, экзистенциализм бағыттарымен қатар философиялық антропология дүниеге келді.


Философиялық антропологияның негізін салушы болып есептелетін Макс Шелер (1874-1928) осы дағдарыстардың негізінде адамды түсіну дағдарысы жатыр деп пайымдады. Ол Кант бастаған адам туралы ілімді философия жалғастыруы тиіс деп және адам дегеніміз кім деген сұраққа жауап беруге міндетті есептеді, әйтпесе адамның мәнін білмеу мәдениеттің дағдарысын тудырады, адамнан бас тартуға әкеледі. Шелер мәселені төтесінен қойды: философия не адам мәселесімен айналысады, не ештеңемен де айналыспайды.


Макс Шелер адам мәселесін жүйелі түрде, жан-жақты зерттеудің өзектілігін адам туралы жаратылыстанушылық, философиялық және теологиялық идеялардың бір-бірімен қабыспайтындығымен, адамды ар­найы зерттейтін саны көп ғылымдардың адамның мәнін ашудың орнына жабатындығымен, тұйықтайтындығымен түсіндіреді де, «адам туралы біртұтас идея бізде жоқ, ал философиялық антропология – адамның мәні және мәндік құрылымы туралы іргелі ғылым, сондықтан да «Философиялық антропологияның міндеті – жеке ғылыми анықтамалардың негізінде адам туралы біртұтас, жүйелі теория жасап шығару» деп атап көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет