ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СемЕЙ Қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-34.1.81
/03-2014
|
ПОӘК
«КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ»
|
№ 2 басылым
11.09.2014 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ»
5В011200 – «Химия» мамандығы үшін
Семей
2014
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Практикалық сабақтар
|
4
|
3
|
Білімалушының өзіндік жұмыстары
|
51
|
1 ГЛОССАРИЙ
Аннотация – вторичный текст, имеющий целью дать представление о характере оригинала, содержащий указание адресата.
Библиография – список источников по определенной теме, оформленный в соответствующем порядке.
Вторичный текст – текст, созданный на основе оригинального текста.
Доклад – устное выступление на определенную научную тему.
Жанр языка (речи) - Стили речи реализуются в определённых формах, или типах текстов, называемых.
Научная статья – письменный текст, раскрывающий одну из научных проблем, заявленную в теме.
Научный стиль – функциональная разновидность языка, обслуживающая научную сферу жизни общества.
Презентация – акция с представлением презентационного материала.
Реферат – вторичный текст, передающий основное содержание оригинала.
Стиль языка (речи) - Системы языковых элементов внутри литературного языка, разграниченные условиями и задачами общения
Тезис – основное положение текста, требующее доказательства, аргументации.
Текст – группа предложений, связанных по смыслу и грамматически.
2 Практикалық сабақтар
МИКРОМОДУЛЬ 1 «Кәсіби қазақ тілінің негіздері»
Практикалық сабақ № 1
Тақырыбы Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары. Кәсіби мәтін № 1
Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.
Сабақтың мазмұны. Тіл және оның мақсат-міндеттері. Тіл, әдеби тіл, сөйлеу, кәсіби терминдер, мамандық тілі, мәтін, әдеби тіл нормасы, стиль. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулар:
Казахский язык - национальный язык казахского народа, коренного населения Республики Казахстан, а также проживающего за ее пределами (Россия, Узбекистан, Китай, Монголия и др.). Является государственным языком Республики Казахстан.
Входит в кыпчакскую группу (северо-восточный ареал) тюркских языков (татарский, башкирский, карачаево-балкарский, кумыкский, караимский, крымско-татарский каракалпакский, ногайский) и наиболее близок к ногайскому и каракалпакскому языкам. Как известно, кыпчакский ареал охватывает собственно Казахстан, часть Восточной Европы - Северный Крым, низовья Волги, Северный кавказ, часть Хорезма, Каракалпакию, и часть Узбекистана.
Казахская письменность претерпела ряд изменений, так, до 1929 года в ее основе лежала арабская графика, с 1929 года по 1940 год латинская графика, а с 1940 года по настоящее время - русская графика (кириллица).
В казахском языке ударение большей частью падает на последний слог. Cогласные звуки в слогах с твердыми гласными произносятся твердо (кал[ъ]); с мягкими гласными произносятся мягко: (кел[ь]). При обозначении принадлежности предмета употребляются не только притяжательные местоимения, но и особые притяжательные окончания.
Еще одна особенность казахского языка состоит в отсутствии предлогов. Значение русских предлогов большей частью передается посредством послеслогов, а также в форме косвенных падежей. Если перед существительным стоит числительное, то окончание множественного числа в существительном не употребляется. Числительные и прилагательные в функции определения перед существительными не изменяются ни в числе, ни в падеже.
Категория рода в казахском языке отсутствует. Поэтому одно и то же прилагательное, местоимение, или порядковое числительное, в зависимости от смысла предложения, может переводиться на русский язык в мужском, женском или среднем роде. Именные части речи, в отличие от русского языка, изменяются по лицам.
Употребление личных местоимений (мен, сен, сіз, ол) перед спрягаемыми частями речи не обязательно, поскольку в личных аффиксах содержится указание на соответствующее лицо. В казахском языке в отличие от русского вопрос кім? (кто?) ставится к существительным, обозначающим человека, а ко всем остальным существительным, в том числе и к одушевленным ставится вопрос не? (что?). Имя прилагательное, субстантивируясь, спрягается по лицам, принимает аффиксы принадлежности и склоняется.
Причастие, стоя перед определяемым существительным, не изменяется ни по падежам, ни по числам в отличие от русского языка, где причастие согласуется с определяемым словом в роде, числе, падеже. Имена числительные (количественные, порядковые), употребляясь в предложении в функции определения, не изменяются в числе и в падеже.
Казахский алфавит
Казахский кириллический алфавит - алфавит, используемый в Казахстане и Монголии. Этот алфавит, разработанный С. А. Аманжоловым и принятый в 1940 году, содержит 42 буквы: 33 буквы русского алфавита и 9 специфических букв казахского языка. Вначале казахские буквы размещались после букв русского алфавита, затем были перенесены на места после русских букв, сходных по звучанию.
Лексика туралы жалпы түсінік.
Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы - сөз туралы ілім деген ұғымды береді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.
Сонымен, лексикология дегеніміз - тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі - сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары - морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады.
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі - лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
Сөз дегеніміз - басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы — атауыштық қызметі. Сөз арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны яемесе солардың сындық, сандық силатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Тіл және оның мақсат-міндеттері.
-
Тіл, түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Қолданылған әдебиет:
1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.
2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.
3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.
4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.
5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.
Практикалық сабақ № 2
Тақырыбы Кәсіби қазақ тілінің негіздері. Кәсіби мәтін № 2
Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.
Сабақтың мазмұны. Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Бақылау сұрақтары:
-
Тіл теориясы.
-
Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы.
Қолданылған әдебиет:
1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.
2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.
3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.
4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.
5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.
Практикалық сабақ № 3
Тақырыбы Семасиология туралы түсінік. Кәсіби мәтін № 3
Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.
Сабақтың мазмұны. Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулар:
Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logos сөз - ілім) - заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.
Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.
Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:
-
Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект - предикат", "субъект - объект", "жанды - жансыз", "белгілі - белгісіз", "іс-әрекет-жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.
-
Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.
Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде әр түрде сипатталады.
-
Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.
-
Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.
Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі - онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың 3-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат - Семантиканың логика мен философияға жақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезен деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар:
-
Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сейлем болып табылады деп қарау;
-
Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау;
-
Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялық көзқарастан туган.
20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды.
Тапсырма: мәтінді аудару, терминдік сөздік құру
Соляная кислота – это водный раствор хлористого водорода. Соляная кислота – жидкость бесцветная или желтоватого цвета из-за наличия примесей, главным образом солей железа.
В промышленности используют соляную кислоту, содержащую от 27,5 до 37% .
Соляная кислота применяется для получения хлоридов цинка, бария, магния и т.д., для травления металлов, для очистки паровых котлов от накипи, в производстве сахара, желатина, клея, а также при дублении и окраске кожи и т.д.
Производство соляной кислоты состоит из двух основных стадий: получение хлористого водорода и абсорбция хлористого водорода водой. В зависимости от метода получения хлористого водорода различают следующие способы производства соляной кислоты: 1) сульфатный., 2) синтез из хлора и водорода., 3)из отходящих газов, в которых содержится хлористый водород, получаемый как побочный продукт.
Сульфатный способ заключается в воздействии 92 – 98% - ной серной кислоты на поваренную соль при 500 – 5500С.
2NaCl + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCl – 68,25 кДж (1);
Реакция необратима, эндотермическая.
Процесс проводят в муфельных печах, обогреваемых топочными газами, имеющими температуру 950 – 11000С.
Кислота получается с концентрацией не выше 27 – 31 %.
Синтез хлористого водорода из хлора и водорода в настоящее время является основным:
H2 + Cl2 ↔ 2HCl + 184,23 кДж (2);
Сжигание водорода в хлоре проводят в печах при температуре 24000С при избытке водорода 5 – 10%.
Во многих производствах хлористый водород образуется как побочный продукт. Особенно в больших количествах он получается при хлорировании органических соединений, например, в производстве хлорбензола:
C6H6 + Cl2 = C6H5Cl + HCl (3);
Вторая стадия получения соляной кислоты – абсорбция хлористого водорода водой – сопровождается образованием гидратов и идет с выделением тепла. Абсорбцию осуществляют двумя способами – с отводом тепла и без отвода тепла (адиабатическая абсорбция).
Бақылау сұрақтары:
-
Семасиология түсінігі, пәні, мазмұны.
-
Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы.
Қолданылған әдебиет:
1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007.
2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007.
3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007.
4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009.
5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.
Практикалық сабақ № 4
Тақырыбы Кәсіби тілдің стиль нормалары. Кәсіби мәтін №4
Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту.
Сабақтың мазмұны. Кәсіби сөздер туралы түсінік. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы алатын рөлі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулар:
Стиль нормалары туралы түсінік
Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында.
Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.
Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер – ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер.
Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.
Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралып, стильдік мақсатта қолданылады. Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стилінің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.
Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі:
- кәсіби лексика;
- ресми лексика;
- кітаби лексика;
- сөз сөйлеу лексикасы;
- жалпылама лексика;
- архаизмдер мен тарихизмдер;
- неологизмдер;
- бейнелігіш сөздер;
Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.
Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді:
-
Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқасалаларға қатысты болады.
-
Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.
Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:
1.Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.
2.Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б.
3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше,торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.
Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.
Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.
1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжатт.б.
2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |