Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.30.12 № 1141 ҚАУЛЫСЫ
Дата: 24.02.2016 10:06:36
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар);
2) Кешенді жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары бекітілсін.
2. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын, басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын мемлекеттік ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдары (бұдан әрі - ірі ұйымдар) бойынша:
1) 1-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;
2) жергілікті атқарушы органдар 2-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесін бекітсін;
3) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға 3-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын.
3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдардың тізбесін бекіту;
2) қажет болған жағдайда, стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында 3 және 4-қосымшаларда көзделген заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін/қатысу үлестерін бөлшектеуді жүзеге асыру;
3) қажет болған жағдайда, экономикалық орындылығы мақсатында 4-қосымшада көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық жүргізбей, қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.
4. Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар, бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдары бойынша:
1) 5-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;
2) жергілікті атқарушы органдар 6-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекітсін;
3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға 7-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Өткізу жоспарланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес 2 және 6-қосымшаларда көзделген объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына енгізілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар көрсетілген объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында өткізе алады деп айқындалсын.
6. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
8. 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
10. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған
кешенді жоспары
Р/с №
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімі
|
Болжанатын шығыстар (млн. теңге)
|
Қаржыландыру көзі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіру және квазимемлекеттік сектор объектілерін бәсекелес ортаға беру
|
1.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Жекешелендіру және квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі жобалық офисті (бұдан әрі - Жобалық офис) құру және Жобалық офис туралы ережені бекіту
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі
|
ҰЭМ, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазагро» ҰБХ» АҚ
|
2016 жылғы қаңтар
|
2016 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві
|
2016 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві
|
2.
|
Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалық офистің ұсынымдарын (сату түрлері мен шарттары, сатып алушылар мен тәуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар) қарау
|
экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамасы
|
ҰЭМ, Қаржымині, ТСУО, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазагро» ҰБХ» АҚ
|
тұрақты түрде, 2016 жылдан бастап
|
талап етілмейді
|
|
3.
|
Стратегиялық инвесторға жекешелендіру объектілерін тікелей атаулы сату және екі кезеңді рәсім арқылы өтетін конкурс жөнінде шешімдер қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары
|
Қаржымині, ҰХ, ҰБХ, ҰК
|
тұрақты түрде, 2016 жылғы ақпаннан бастап
|
талап етілмейді
|
|
4.
|
Тәуелсіз консультантты тарту тәртібін әзірлеу және қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
ҰЭМ
|
2015 жылғы желтоқсан
|
талап етілмейді
|
|
5.
|
Осы бөлімнің 1.4-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес тәуелсіз консультанттарды тарту
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазагро» ҰБХ» АҚ
|
тұрақты түрде, 2016 жылдан бастап
|
|
республикалық бюджет және компаниялардың қаражаты
|
6.
|
Тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор объектілерін сату алдындағы дайындықты жүргізу және сатуды жүзеге асыру
|
сатып алу-сату шарттары
|
Қаржымині, жергілікті атқарушы органдар, ҰБХ, ҰХ, ҰК
|
тұрақты түрде, 2016 жылғы қаңтардан бастап
|
2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде: республикалық меншік бойынша 094 «Мемлекеттік активтерді басқару», 100 «Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» кіші бағдарламасы; коммуналдық меншік бойынша 009 «Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу»
|
республикалық және жергілікті бюджеттер
|
|
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 5 және 6-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіру
|
1.
|
Жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын республикалық және коммуналдық меншік объектілерінің тізбесіне енгізілген мемлекеттік меншік объектілерін сату туралы шешім қабылдау
|
республикалық меншік бойынша - Қаржыминінің бұйрығы
|
республикалық меншік бойынша - Қаржымині
|
тұрақты түрде, 2016 жылғы қаңтардан бастап
|
талап етілмейді
|
|
коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдардың шешімдері
|
коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
2.
|
Тиісті салалардағы уәкілетті органдардың, жергілікті атқарушы органдардың республикалық және коммуналдық меншік объектілерінің сауда-саттығы тәсілдерін таңдау, сондай-ақ оларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар беруі
|
республикалық меншік бойынша - Қаржыминіне ұсыныстар
|
республикалық меншік бойынша - ТСУО
|
тұрақты түрде
|
|
|
коммуналдық меншік бойынша - жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар
|
коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
3.
|
Мемлекеттік меншіктегі объектілерді сату алдындағы дайындықты ұйымдастыру және сатуды жүргізу
|
сатып алу-сату шарты
|
Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
тұрақты түрде
|
|
|
4.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік меншіктегі объектілерді беру
|
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты
|
Қаржымині, ТСУО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
тұрақты түрде, 2016 жылғы наурыздан бастап
|
талап етілмейді
|
|
|
3. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар активтерін сату алдындағы дайындық және оларды жеке секторға беру
|
1.
|
Жеке меншікке беруге жататын компаниялардың тізбесін бекіту
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының шешімдері
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК (келісім бойынша)
|
2016 жылғы ақпан
|
талап етілмейді
|
|
2.
|
Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған оларды сату алдындағы дайындық жөніндегі іс-шараларды жүргізгеннен кейін сатуға болатын компаниялардың тізбесін қалыптастыру
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының немесе олардың еншілес ұйымдарының шешімдері
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)
|
2016 жылғы ақпан
|
талап етілмейді
|
|
3.
|
Бәсекелес ортаға берілетін әрбір ұйымды сату алдындағы дайындық жөніндегі жол картасын әзірлеу
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының немесе олардың еншілес ұйымдарының шешімдері
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)
|
тұрақты түрде, 2016 жылғы наурыздан бастап
|
талап етілмейді
|
|
4.
|
Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында оларды сату алдындағы дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізу
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының немесе олардың еншілес ұйымдарының шешімдері
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)
|
тұрақты түрде, 2016 жылғы наурыздан бастап
|
|
|
5.
|
Компанияларды және олардың активтерін сауда-саттыққа шығару кестесін әзірлеу және бекіту
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК уәкілетті органдарының немесе олардың еншілес ұйымдарының шешімдері
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)
|
жыл сайын
|
талап етілмейді
|
|
6.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектілерді иеліктен шығару туралы шешімдерін қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары
|
ТСУО
|
қажеттілігіне қарай
|
талап етілмейді
|
|
4. Мемлекеттік меншіктің оңтайлы құрылымын қалыптастыру
|
1.
|
Мемлекет қатысатын ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың құрамына кіретін компаниялар жұмыс істейтін тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне тұрақты негізде талдау мен бағалау жүргізу. Олардың осы тауар нарығында одан әрі жұмыс істеуінің орындылығы туралы ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
ҰЭМ ТМРБҚК, ҰКП (келісім бойынша)
|
жартыжылдық негізде, тұрақты түрде
|
талап етілмейді
|
|
2.
|
«Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік меншік құрылымын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасының Заңы тұжырымдамасының жобасы
|
ҰЭМ, Қаржымині, ТСУО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
2016 жылғы сәуір
|
талап етілмейді
|
|
5. Ақпараттық қамтамасыз ету
|
1.
|
Арнайы консультанттарды тарта отырып, Бірыңғай ақпараттық саясат шеңберінде жекешелендіру жөніндегі кең ауқымды PR-науқанды әзірлеу
|
ИДМ бұйрығы
|
ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, ТСУО, ҰБХ, ҰХ, ҰК (келісім бойынша)
|
2016 жылғы қаңтар
|
талап етілмейді, 031 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде
|
|
2.
|
Арнайы консультанттарды тарта отырып, Бірыңғай ақпараттық саясат шеңберінде жекешелендіру жөніндегі PR-науқанды іске асыру
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
ИДМ, Қаржымині, ТСУО, ҰБХ, ҰХ, ҰК (келісім бойынша)
|
тұрақты түрде, жартыжылдық негізде, 25 маусымға және 25 желтоқсанға қарай
|
республикалық бюджет және холдингтердің қаражаты
|
|
3.
|
Ірі компаниялардың Road-show өткізу
|
ҰЭМ-ге ақпарат
|
ИДМ, Қаржымині, ТСУО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰБХ, ҰХ, ҰК (келісім бойынша)
|
тұрақты түрде, жартыжылдық негізде, 25 маусымға және 25 желтоқсанға қарай
|
компаниялардың бюджеті
|
|
4.
|
Мерзімді баспасөз басылымдарында және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жекешелендіру объектілерін сату туралы хабарламаларды жариялау
|
ақпараттық хабарлама
|
республикалық меншік бойынша - Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша); коммуналдық меншік бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)
|
тұрақты түрде, 2016-2020 жылдар
|
2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде: республикалық меншік бойынша - 094 «Мемлекеттік активтерді басқару», 100 «Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі жұмыс және осымен байланысты дауларды реттеу»; коммуналдық меншік бойынша - 009 «Жекешелендіру, коммуналдық мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі жұмыс және осымен байланысты дауларды реттеу»
|
|
5.
|
Компанияларды және олардың объектілерін (бейінді, бейінді емес) бәсекелес ортаға өткізу (өтінім беру мерзімдері, қажетті құжаттар мен өзге мәліметтер тізбесі) бойынша ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, компаниялардың веб-порталдары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және әртүрлі салалардың кәсіпкерлер қауымдастықтары арқылы жариялау және тарату
|
ақпараттық хабарлама
|
ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)
|
тұрақты түрде, 2016-2020 жылдар
|
талап етілмейді
|
|
6.
|
Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру жүргізу, компанияларды және олардың активтерін жеке секторға өткізу барысы туралы мақалалар жариялау
|
бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар, әлеуметтік желілерде хабарламалар жариялау
|
ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰБХ, ҰХ, ҰК, ҰКП (келісім бойынша)
|
тұрақты түрде, 2016-2020 жылдар
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
компаниялар
|
-
|
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың еншілес және тәуелді ұйымдары
|
Қаржымині
|
-
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
мемлекет қатысатын ұйымдар
|
-
|
мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекет қадағалайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
|
ТСУО
|
-
|
тиісті саладағы уәкілетті орган
|
ҰБХ
|
-
|
ұлттық басқарушы холдингтер
|
ҰК
|
-
|
ұлттық компаниялар
|
ҰКП
|
-
|
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
|
ҰХ
|
-
|
ұлттық холдингтер
|
ҰЭМ
|
-
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
|
ҰЭМ ТМРБҚК
|
-
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (Монополияға қарсы орган)
|
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
|
-
|
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
|
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
|
-
|
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
|
«Қазагро» ҰБХ» АҚ
|
-
|
«Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
|
Достарыңызбен бөлісу: |