Долдашева Нургуль Капановна
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Сот төрелігі институтының
1 курс магистранты.
Азаматтық құқықтық қатынастардағы бірлескен кәсіпорынның шаруашылық қызметін жетілдіру
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау - әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлерін ғылыми ұғымның нысанын пайдалануға әкелді. Бұл таза шарттық нысан немесе заңды тұлға құруға әкелетін ұйымдық-құқықтық нысан болуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпкерліктің түрлі нысанына байланысты, мемлекет бір фирманың екіншісіне қосылуын не толық енуін пайдаланады. Ал бірлескен кәсіпкерлік қызметтің субьектілері басқа қатынаста өздерінің әрекет бостандығын сақтайды.
Көптеген ірі шаруашылық субьектілерінің қызметтерінің маңызды құрамдас бөлігі болып халықаралық инвестиция табылады.Соңғы жылдары Қазақстанда біршама күрделі саяси және экономикалық жағдай орнаған. Елдің экономикасы мен оның шет елдік капиталмен байланыстары қалыптасу жағдайында тұр, бірақ мұндай қатынастардың негізі бұрыннан қалыптасқан, ал нормативтік негізі заманауи талаптарға сәйкес келтіріледі. Қазақстандық кәсіпкерлердің жұмыс пен әрекеттесуінің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары Қазақстанның шекарасында әрекет ететін «Шетел инвестициялары туралы» заңмен, сонымен бірге берілген кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін басқа заңнамалық актілермен анықталады.
Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың негізгі тенденциясы есебімен сыртқы экономикалық айналымға қатысуда белсенділік танытуда. Сондықтан да, шетел инвестициясын тарту экономикалық саясатымыздың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Бірақ, еліміздің экономикасы ұзақ уақыт әлемдік шаруашылықтан бөлініп қалуынан және осы аймақта жеткілікті тәжірибесінің болмауынан қызметтестіктің ерекше нысаны-шетел инвесторы қатысатын бірлескен кәсіпорын құруды қажет етті [1, 94 б.].
Мұндай қызметтестік нысаны болып бірлескен кәсіпорын табылды. Айта кету керек, халықаралық тәжірибеде қабылданған "goint venture" түсінігі ТМД елдеріндегі "бірлескен кәсіпорын" түсінігінен ерекшеленеді. Егер " goint venture " деген ұғым қатысушылардың қандай да бір мемлекетке қатыстылығына тәуелсіз бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданса, ал "бірлескен кәсіпорын" ұғымы бұған қарағанда тар, яғни қатысушылары әртүрлі мемлекеттен болатын бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданады. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы "бірлескен кәсіпорын" халықаралық тәжірибеде қабылданған шетел капиталы қатысатын кәсіпорын ұғымымен өте ұқсас.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығының, өндірістің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады, қызметтің жаңа жетістікті бағыттары мен формалары іздестіріледі. Бұл жағдайларда елге тура шетел инвестицияларын енгізудің амалдары мен бірлескен кәсіпорындардың жасалуы ерекше назарды талап етеді. Олардың қажеттілігі бірлескен кәсіпорын мемлекеттің әлемдік экономикалық шаруашылыққа енуіне ықпал етеді, сондай-ақ нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Бірлескен кәсіпорынға алдыңғы қатарлы технология, еңбектің жоғарғы өнімділігі, жоғарғы табыстар мен жалақының жоғары болуы тән. Осы факторлардың барлығы Қазақстанның экономикасына, құқықтық қатынастарға ешбір күмәнсіз әсер етеді [2, 336 б.].
Бірлескен кәсіпорын термині әлемдік шаруашылықтағы «джойнт венчурс» деген танылған түсінікке келеді, ал оның белгілері – әр мемлекеттерде орналасқан фирмалардың қатысуына, жеке заңды тұлға ретінде бірлескен кәсіпорынның конституциялану, біреулік қызмет үшін емес, жүйелік қызмет үшін бірлескен кәсіпорынды құру.
Бірлескен кәсіпорындардың барынша кең қызметінен тұратын шаруашылық құқықтық тек толық және кешенді реформасы, шетел инвестициялары мен олардың қорғалуы заңнаманың қабылдануы нарыққа өтуге сілтемелер жасайды, тиімді даму жолындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Бірлескен кәсіпорынның жасалуы мен қызметінің басқа мәселелері ортақ заңнамамен реттеледі. Осы орайда шетел инвестициялары туралы Заң бірлескен кәсіпорын деген бөлігінде акционерлік қауымдастықтар, банктер мен валюталық операциялар, кедендік Кодекспен әрекеттесуі қажет. Мұндай реформа біздің заңнамамыздың дамуының үшінші сатысына келді [3, б. 57].
Бірлескен кәсіпорынның жиынтығының қалыптасуы жоспардан тыс нарықтық шаруашылықтың жүйесі ретінде және экономикалық ортаның нарықтық шаруашылықтағы әрі қарайғы дамуы осы қызмет түрінің мемлекеттік реттелуден бас тартылуын білдірмейді. Оның негізгі бағыттары: а) бірлескен кәсіпорынды жасау мен қызмет етудің құқықтық негіздерін жасау; б) салықтар, амортизациялық саясат, кредиттік салымдар, валбталық курстар және т.б. сынды қаржылық реттегіштердің негізінде бірлескен кәсіпорынның желісіне әсері; в) берілген саладағы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу бойынша ұсыныстар..
Қазіргі кезде Қазақстанда экспорт көлеміндегі негізгі меншікті салмақ Атырау облысының, Алматы қаласының, Оңтүстік-Қазақстан облысының бірлескен кәсіпорындарына сәйкес келеді, ал импорт көлеміндегі негізгі үлес Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына сәйкес келеді.
Еліміздегі бірлескен кәсіпорындардың жасалуы мен дамуы Қазақстанда 1989 жылдан басталады. Бәрімізге мәлім болғандай, Қазақстанның аумағындағы бірінші бірлескен кәсіпорындар коорперативтер болды. Коорперативтердің өсімі мен енгізілуі келесідей мотивтермен түсіндіріледі: кәсіпорынның атауы; импорттық тауарларды тез қайта сатылуы; салықтан босатылу; еркін-конвертирленетін валютаның соңынан еру.
Қазақстанның экономикасының инвестициялары мен дамуына біршама үлесті бірлескен кәсіпорындар енгізді, олардың саны өсіп келеді. Белгілі болғандай, әр түрлі салалардағы бірлескен кәсіпорындарды жасаудың мақсаттарының бірі қосымша заманауи технология мен қондырғыларды енгізу, сәйкесінше, қаржылық ресурстарды, прогрессивті басқару тәжірибесін енгізу болып табылады.
Бірлескен кәсіпорындар экспортқа негізінен шикізат береді, ал негізгі өнімді негізінен ішкі нарықта іске асырады. Бүгінгі күні тура инвестициялар Қазақстанға минималды нәтижелер береді, ол капиталдың келу ағынында және экономикаға жалпы әсер ету жолында да. Осы процестің ұстаушы факторы құқықтық және ұйымдастырушылық құрылымдардың адекватсыздығы, күтпеген тәуекел пен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы практикалық қиындықтар болып табылады.
Барынша маңызды кедергілердің ішінде ТМД елдерінің экономикасына инвестициялардың жолында, соның ішінде Қазақстанға батыс бизнесмендері мен банкирлерді саясиғ экономикалық, технологиялық, ақпараттық тәуекелдік мәселелері мазалайды, олар іскерлік шеңберлердің бағалаулары бойынша серіктестіктің күтілетін қорытындыларының бетін жабады. Шетелдік сынды отандық кәсіпкерлер инвестициялық қызметін белсендендіру үшін салықтық саясаттағы күтілмеген өзгерістер ретінде шығарады [4, б. 68].
Ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы қиындықтарға мыналарды жатқызады: ұзақ мерзімді және ірі масштабты инвестициялар үшін кепілдемелердің жеткіліксіздігі, қаржылық және мүліктік кепілдемелерді қолданудың тәжірибесінің болмауы, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың механизмінің беріктілігі және ссудалар немесе арбитраж арқылы келісімдік міндеттемелердің сақталуын керек ететін құқықтық қамтамасыздандырудың эффектісі, сақтандырудың жоғарғы деңгейі.
Жеке мәселелер шешілмеген кұйінде қалады: қаржылық және құқықтық ақпараттың инфрақұрылымының жеткіліксіздігі, бірінші кезектегі байланыстың жеткіліксіздігі. Отандық білікті серіктестіктерді іздестіруде қиындықтарға тап болады, олар шетелдік компаниялармен инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қабілетті. Жасалатын бірлескен кәсіпорындарға шетелдік және қазақстандық серіктестіктердегі салымның құндылығы туралы түсініктер бар, бұл салыстырмалы ұсынылатын жобалардың жүргізілуін қиындатады.
Аталған мәселелердің әрқайсысы өзінше инвестициялық ұсыныстардың масштабына теріс әсер етеді және өзінің шешімінің әр түрлі деңгейлерін ұсынады. Бірақ олардың ешқайсысы екінші деңгейлік болып табылмайды. Батыс компаниялары мен олардың Қазақстандағы өкілдері тұрақты нарықтық экономиканы жасау үшін, сонымен бірге ұлттық валютаның толық конвертирленуі үшін уақыт талап етіледі, ол макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізгенге дейін болады. Олар республиканың үкіметі белгісіздік деңгейіне және компаниялардың тәуекелдерін төментедетіне сенеді, олар сауданың жақсы өсіміне алып келеді.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, тікелей шетелдік инвестициялар экономимкалық көмектің басқа түрлерімен салыстырғанда көптеген артықшылықтарына ие екенлігін дәлелдеді. Әлемдегі ең ірі контракт ретінде Қазақстан мен алдыңғы қатарлы «Шеврон» трансұлттық компаниясының арасындағы келісім болып танылған, ол 40 жыл әрекет ететін болады. Бірлескен кәсіпорыннан «Тенгиз мұнайгаздан» 50 пайыз табыстарын алумен бірге, республика төлемдердің есебінен біршама табыстарды алуды ұсынады. Бұл табыстар кәсіпорынның рентабельділігінің артуы бойынша өсетін болады. Келісімнің әрекет етуінің аралығында республика барлық табыстардың 80,4%, ал «Шеврон» - 19,6% алуға мақсатталған.
Алайда бірлескен кәсіпорындардың қызметінен шынайы тиімділік Қазақстанның экономикасында өзгеріссіз қалады. Инвестицияланатын капиталдың осы көлемінен тек 20 млн.доллар әрекет етеді. Олардың ішінен 15 щынайы қызмет ететін бірлескен кәсіпорындардың жарғылық қорлары қалыптастырылған. Шетелдік инвестициялар көбісінде тілектер туралы келісімдердің сатысында тұр. Жалғыз және қазіргі кезде білінбейтін шығындар арқылы жүзеге асырыла бастаған объектілер экономикаға көрінетіндей үлес қоса алмайды, шетелдік капиталды кірістірудің қарқыны өспеген [5, б. 89].
Анализді жүргізуден шығатын негізгі қорытынды мынаған негізделеді: шетелдік капиталды қызықтырудың тұрақсыз экономикалық жағдайы бар нақты концепциясының болмауы шетелдік салымшылардың мотивациясын төмендетеді. Батыс компанияларының басшыларының ойынша, Қазақстандағы и инвестициялық климат негізінен жағымды, бірақ шетелдік капиталдың әрі қарайғы енуіне қатаң кедергілерді мыналар туғызады: бюрократикалық кедергілер, қаржы тәуекелі, Қазақстанның салық және қаржы режимдеріндегі кемшіліктер, жеткіліксіз түрде дамыған құқықтық инфрақұрылым, валюталық бақылау.
Инвестициялардан қызықты табыс алу мүмкіндігіне қарамастан, белгісіздік басым фактор болып табылады, ол Қазақстанға инвестициялардың ағынының келуіне кедергі болады. Инвесторларға тұрақты және берік саяси орта қажет. Қазақстан ең негізгі іскерлік сипаттағы қызықты нарықтық орта болып саналады: Республикаға ірі нарықтық потенциал, табиғи ресурстардың көптігі мен стратегиялық орналасуы тән. Инвестициялардың потенциалдық табыстылығы көптеген респонденттер үшін маңызды болып саналады, олар инвестицияларынан табыс алуды күтеді.
Қазақстанның маңызды мақсаттарының бірі – нарықтық шаруашылықты қалыптастыру, дамыту, меншіктілікті қалыптастыру мен реформалау, тауарлық-ақшалай қатынастарды енгізу, өндіру мен қолдану болып табылады. Олардың барлығы үшін бизнесті, кәсіпкерлікті барынша мадақтау, олардың түрлік белгілерін, тәжірибесін зерттеу қажет, оларға бірінші кезекте мыналарды жатқызуға болады: қызметтермен алмасу, алмасудың қатысушыларының өзінің қызығушылықтарын жүзеге асыруға ұмтылуы, ортақ ісі бойынша серіктестерінің арасындағы мүдделерінің арттырылуына ұмтылу, жеке және ұжымдық тілектерді көрсету, тәуекелге баруға қабілеттілігі мен дайындығы, келісімдердің мүмкін және шынайы нәтижелерін бағалау, артықшылықтарды анықтау мен іскерлік қарым-қатынастың логикасын бағындыру қасиеттері.
Бірлескен кәсіпорынның халықаралық экономикалық кооперациялардың басқа формаларымен салыстырғандағы бес артықшылықтары келесідей:
- серіктестердің жоғарғы жауапкершілігі, өндірістің дамуы мен модернизациялауындағы барынша жоғарғы қызығушылық;
- ресурстардың күштерінің біріктірілуі тек өндірісте ғана емес, сонымен бірге алдыңғы өндірісте және тұрмыстық кооперацияларда жүреді;
- бірлескен кәсіпорындар туралы келісім тұрақты серіктестік қатынастарға, ұзақ мерзімді сипатқа ие;
- бірлескен кәсіпорындар барлық басқа салалардағы әрекеттесуді кешенді қолдануға мүмкіндік береді;
- бірлескен кәсіпорын өзінің аспектілеріне ие [6, б. 102].
Бірлескен кәсіпорындарды жасаудың мақсаты – өндірістің мамандануы мен кооперациялануы туралы келісімдерді жүзеге асыру; ірі өнеркәсіптік және күрделі және қымбат қондырғыларды талап ететін басқа объектілерді құру; жаңа өнім түрлерінің өндірісін жасау, бұл танымал тәуекелмен және жаңа технологиялық әдістерді меңгерудің үлкен шығындарымен байланысты. Бірлескен кәсіпорын ғылыми-техникалық серіктестікті жүзеге асыру үшін, соның ішінде патенттер мен лицензияларды бірлесе қолдануда, технологиялық тәжірибелер мен білімдерде кеңінен қолданылады.
Шетелдік капиталдың қазақстандық экономикаға енгізілуіне бірнеге себептер кедергі болады:
- елдегі жағдайдың тұрақсыздығы;
- экономикалық кризис;
- биліктің парақорлығы;
- жұмыссыздықтың көбеюі;
- инфляцияның деңгейі.
Осы жалпы себептерден басқа шетелдік капиталдың ҚР енуіне келесідей кедергілер бар:
- инвестициялау үшін потенциалды мүмкіндіктер туралы шетелдік инвесторлардың әлсіз ақпараттық қамтамасыздандырылуы;
- шетелдік инвестицияларды рәсімдеу тәртібінің жеткіліксіздігі;
- жергілікті кредиттер мен қор қызметіне қол жетімділіктің қиындылығы;
- салыстырмалы түрде жоғарғы салықтар мен көрінбейтін инвестициялық жеңілдіктер;
- саяси және экономикалық тәуекелдің жеткіліксіз сақтандырылуы.
Бұдан шығатыны, елімізде шетелдік инвесторларды қызықтырудың механизмі жеткіліксіз дамыған.
Қазақстанда бірлескен кәсіпорын ретінде тек шетел мемлекеті қатысатын кәсіпорынды ғана айтады, ал халықаралық тәжірибедегідей шыққан тегіне тәуелсіз кәсіпорындардың бірлескен қызметтестігі ретінде қарастырсақ, еліміздегі кәсіпорындардың экономикадағы ролі кеңейіп және дамуы ілгерленіп, халықаралық экономикалық аренаға шығуының бір жолы болатынына сенімім мол.
Бірлескен кәсіпорынды құру мақсаты мемлекет үшін мемлекеттік бюджетке түсетін төлемдермен және Қазақстандық қатысушыларға табыс түріндегі пайдамен қатар, Қазақстандық кәсіпорындардың жалпы өндірістік деңгейін көтеретін жаңа технология, "ноу-хау" алуды да баса айта кеткен жөн.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Жусупов А.Т. Некоторые особенности договорных отношений с участием государственных организаций /В кн.: Договор в гражданском праве: проблемы теории и практики. Том. 2. Материалы Международной научно-практической конференции, посвященной 5-летию образования Научно-исследовательского института Частного права КазГЮА Алматы, 6-7 апреля 2000 г. / Отв. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000. – 94 с.
2. Гражданское право. В 2-х томах. Учебник / Отв. ред. Е.А. Суханов.-2-е из, перераб. и дон. – М.: «БЕК», 1998. – 487 с.
-
Деятельность совместных предприятий. // Каржы-каражат. Финансы Казахстана. – 2007. – №4/98. – С.312.
-
Кристиан Шольц Организационная культура: между иллюзией и реальностью. // Теория и практика управления. – №1,2009.
-
Йоахим Хентуе Проблемы теории и практики управления многонациональным предприятием. // Теория и практика управления. – 2014. – №1. – С. 325.
-
Смирнова Е.Е., Хвалынска Н.В. Совместные предприятия: закономерности возникновения и перспективы развития. – М.: Изд-во МГУ, 1988. – 165 с.
Достарыңызбен бөлісу: |