Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі, халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысты жалпыұлттық сипатта бірінші болып қозғаған ақын



Дата02.04.2023
өлшемі14.65 Kb.
#471616
Дулат Бабатайұлы


Дулат Бабатайұлы – ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі, халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысты жалпыұлттық сипатта бірінші болып қозғаған ақын. Дулат ақын 1802 жылы Семей облысы ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақ - Аягөз ауданында кедей отбасында дүниеге келген. Арабша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі.
Дулат Бабатайұлының тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазан қаласында "Өсиетнама" деген атпен жарыққа шыққан. Ақын өз өлеңдерінде адамгершілік, жақсылық пен жамандық, қайырым мен қайырымсыздық, достық пен қастық, бірлік пен алауыздық, ақыл мен парасат, ерлік пен ездік, тәлім мен тәрбие мәселелерін көтереді.
Ақын өлеңдерінде ақиқаттың көріністері айқын бейнеленіп, қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесі жойылғаннан кейін, билікке сұлтандар мен билердің келуі, сол кездегі қазақ елінің әлеуметтік өмірі суреттелген. Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» және т.б. шығармаларында халықтың ауыр тұрмысы мен байлардың көрсеткен зорлық-зомбылықтарын баяндайды. «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» деген өлеңдерінде патшалық шенеуліктердің әрекетін сынға алып, айыптарын әшкерелейді..

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет