Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларын жаңаша тану
1990 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының «Ғылым» баспасынан М.О. Әуезов атыңдағы Әдебиет және өнер институтының даярлауымен М.Көпеевтің екі томдық жинағы басылып шықты. Осы жинақтың I томында жарияланған «Мысал» бөліміндегі ой-түйіңдерге назар аударалық. М.Көпеевтің өлеңдерінің тақырыбы, мұраты, мақсаты, мүддесі тұрғысынан қарасақ, мынадай стратегиялық жіктемені байқаймыз: өнер, құлдық психология, империялық саясат, қазақтың құндылығының төмендігі хақыңда, адамның басқа сапаға ауысуы туралы, ақыл-білім, ғылым, отарлау, сөз құдіреті, адамның мінезі, парасат және дамыған адам пішіні, надаңдық, діни шынайы рух т.б. Мұндай жіктемені топтастыру алдымен М.Көпеев өлеңдерін тұтастықта түйістендіре (апперсепсе) қабылдауға сепгігін тигізеді. Егер аталған стратегияларды жеке-жеке талдаудан өткізсек, оның сөз құдіретін ақыңдық деңгейде көріну үшін пайдаланбағандығын байқаймыз. Ақын сөз құдіретін тек көзге бадырайып көрініп тұрған нысана (объекті) жайлы сипаттық өрнектерді қиюластыру мақсатында да қолданбаған. Адамның миына сыйымсыз, танымның шектерінен тыс микрокосмос, ноосфера заңдылықтарына құлақ асу, оны ақылға салып, көз арқылы тануға ниеттену, өмірге адам жалаңаш келіп, бақиға аз ғана бөзбен кететінін естен шығармау, құдіретті билеушіге жалбарыну.
Айналдым бұлт болып биік тауға,
Іліндім шортан болып жібек ауға...
Бұл жолдардағы ақынның «тауға» деген балау сөзінен «бұлт» дегені салмақтырақ. Неге бұлттан тауға айналады? Себебі халқының көретінді көрмеуі, еститінді естімеуі жанын ауыртады, өмірге қалай жалаңаш келсе, өмірден тағы жалаңаш кететініне мұңаяды, бұлт болып түйіледі (ішкі зары). Осы орайда шығыстың да, батыстың да философиялық тұжырымындағы адамның санасын өмір құрайды деген түйінді аңғарамыз.
Егер әр адам өзінің бар мүмкіндігін санасы мен парасат-пайымын дамытуға бағыштаса, оның келесі кезекте, о дүниеден қайтып оралуына мүмкіндігі барлығы туралы ақын өз ойын білдіреді. Бұл ой-түйін кешегі бір ғасырға жуық үстемдік құрған материалистік философияға қарама-қайшы түсінік. Егер материалистік философияда көзбен көрген нысана (материя) адам миына сәуле шашып, оны айнытпай қабылдайды десе, субъектілі философияда адам миының қабылдау мүмкіндігі шектеулі, оның миына, көзіне, құлағына іліге бермейтін құбылыстар мен үрдістер (процестер), заңдылықтар, қағидаттар өте көп екеніне мән береді. Міне, М.Көпеев осы тұжырымды меңгеріп, қиындық тағылымдық (теория) және тәжірибе жүзінде өз-өзін біліми, ғылыми, діни, мәдени т.б. бағыттардағы терең сырлар мен құпияларды тануға ықыластандыра алған.
Оның дәлелі ретінде өлеңдерінің негізгі сарынына құлақ салып көрелік:
- алтынды пұлын білмей жерге шашқан;
- қор болып өрге баспай өнерпазы;
- зиянға біздің қазақ аяқ басар, соқтығып, өз пайдасын ойламастан;
- анау озық, мен кейін қаламын деп, көз салып бірін-бірі шамаласқан;
- өтірік, ұрлық, өсек араласқан;
- қылғаны хәкімдердің бізге зорлық;
- низамға (заңға) тура келмес ісі сиып;
- сөз айтсаң бір-екі ауыз жалдамаға, атам деп қорқытады мылтығы ұзын;
- білімді білімсізден сасып жатыр;
- қапасқа салып қойды кемеңгерді;
- өлген құнсыз, айтқан сөз пұлсыз;
- рәсуә боп өз абыройын өзі шашты;
- залалға мейлінше арзан бізді сатар;
- жақсы жат, жаман адам таныс болды;
- тартылды биылғы жыл көк рахметі, пенденің пейілі азған ыңғайынан;
- есіктен кіре алмайтын қарашекпен, орынды кақ жарып кеп алды төрден;
- қызғанып күннің көзін мұңлы бізден;
- айрылған біздің қазақ Есілінен, адасып осы күнде қазақ қалды, бұрынғы ата-баба рәсімінен;
- құранды қор, моланы бордай қылып, жоқ қылды шариғаттың құрмет-сыйын;
- тұл болды ерік алумен қыз бен қатын;
- мұжық кеп, қара шекпен крестьян, жеріңді қылмады ма тілім-тілім;
- өзіңді-өзіңмен ұрыстырып, тоздырып, иттей қор ғып, быт-шыт етті;
- сарт демей, ноғай демей, қазақ демей, тілек қыл дін мұсылман бірлігіне;
- империяға қараған дін мұсылман, алтыдан бір боп шығар санағанда;
- қызылшыл, жемтікшілді жібермендер, ит сықылды жетекке еретұғын;
- дүние барда құлақ пен көз болмайды, есі бүтін кісіде сөз (қажетсіз) болмайды;
- оқу бар, ұғушы жоқ, құдай атып;
- «Ал», «бер» деген сөз еді екі ағайын: «Ал» өліп, «бер» деген сөз тірі қалды;
- үрген қуық - бүгінгі жұрттың басы;
- ұйқы мен ең аяғы астан безсең, түседі аспандағы күнге сәулең;
- Ай менен Күн өмірдің ұрысы екен;
- кедейлік кет десең де кете қалмас, кез болса маңдайыңа жаман қатын;
- басыңа қайғы келсе, назаланып шықпа діннен;
- өзіңнен дәрежесі артық жанмен тайталасып, сөзге келме;
- көп жаман қорған болмас жинауменен;
- біреудің ауызға алма жамандығын;
- бойыңа үйір қылма өкпе, кекті;
- бола бер бәріне де ыңғайлы, епті;
- шайтанның шамаң келсе, сыңдыр белін;
- жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ;
- қауіп-қатерсіз болам десең, еш адаммен болма даулы;
- түгел адам болам десең, шала-шарпы адамдардан сырың жасыр;
- кісіден дүние алғаның - құл болғаның;
- кісі деп елден таңдап алғандарым, демесем мүйізі жоқ сиыр, өгіз;
- мал жиып, бай боламын демегенмен, өмірде көрмей өттім қыс пен жұтты;
- керек қылмай дүниені жүргенменен, сондадағы ешкімнен кем болмадым;
- махаббат - сәулесі зор Құдай нұры, көрген жан сол сәулені қалмас құры;
- қарғалар көгершіннің зікірін салып, құдайым дәуірлетті арам құсты;
- таусылып қызыл гүлдер, қалды тікен...
Жоғарыда келтірілген алгоритм сарыны - Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдерінен жинақталған ой-түйіңдер, тұжырымдар.
Көркем сөз құдіретін өз мәнінде түсіну мен түйсіну - оқытушының баяндауымен, мазмұндауымен болмайтын үрдіс. Бұл ретте Мәшһүр Жүсіптің туған немересі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, проф. Қуаңдық Жүсіпов әдебиетті жаңаша оқыту жайлы былай дейді: «Тәуелсіздік алғалы басқа да маңызды іс-шаралар тәрізді қазақ мектептерінде әдебиет пәнін оқьпуға басты көңіл бөліне бастауы - заңды құбылыс. Осы орайда шығып жатқан әдістемелік мақалалар мен кітаптардың санын тізбектеп, сан көптігіне тамсанып, сонымен шектелу зандылығына назар аудартқымыз келеді... шығарманың көркемдік табиғатына бара алмай, айналсоқтай беруіміз аз емес. Оның есесіне кино, сурет тәрізді көрнекі құралдарды мадақтаудың жөні осы екен деп шығармадан аулақтап кетуіміз тіпті молайып бара жатыр. «Ау, бәрі де дұрыс, тек негізгіні ұмытпайық!» - дегіміз келеді».
Әдебиетті түбірімен (жоғары және орта мектептерде) жаңаша оқыту жайлы бұл пікірді толық құптап, оған әр шығарманың тірегі, ғылымдардың падишасы - пәлсапаның сарынды, топшылауды мәтіндерден сұрыптап, алгоритмге салу әрекетіне машықтаңдыру амалын қосқымыз келеді. Бұндай пікір, байым түю, шығармалардың феномеңдігін, силлогизмдік (ерекше міндетін) қуатын, қайталанбас даралығын айқындай түседі. Әсіресе, кешегі кеңестік дәуірдегі адам миының сыртқы ақиқатты дәл қабылдау мүмкіндігі жайлы материалистік түйсіктің абсолюттігіне күмән туғызып, миға микрокосмос, ноосфера жүйелерінің ілікпейтінін ұғарлық қырағы көз бен сақ құлақ, «киім киген ми мен сөз» болуы қажет. Оның дәйектілігін, нақты жауабын басқа ғылым жүйесінен іздемей-ақ М. Көпеев өлеңдерінің тұжырымынан да іздеуге болады. Бұның үлгісін жоғарыда келтіріп өттік. Ақын субъективті сырларды түсінерлік жан-жақтан, қатынас (коммуникация) құралдарынан, қоғамнан, әлемнен рухани байлықтың көздерін ашып, тауып миына киім кигіз деп тұрған жоқ па? Сондықтан ақын творчествосын түсінуге терең ой, парасат керектігін мойындау қажет.
М.Көпеев көркем сөз, өрнекті өлең, шырынды ой арқылы адамзат мүмкіндігі бүгінгі қалыпта қалмау керектігіне мән берген. Адам өзінің болашақ ісіндегі онтайлы, ізгілікті ісіне кедергі зауалдарды (карма) көре білуі, яғни, теология, дуалистер, материалистердің ой-түйіндерімен төркіндестігі екенін түсінгеніміз дұрыс. Қысқартып айтсақ, жер бетіндегі тіршілік нышаны жойылмауының, үнемі амандық, тыныштық салтанатын орнатудың алғашқы кепілі дінді ғылым ретінде меңгеру сияқты харекеттер - М.Көпеев лирикасының негізгі мұраты.
Ақынның «Қорқыт», «Гүлшат-Шеризат» сияқты қисса, дастандарын, этнографиялық, публицистикалық еңбектерін айтпағанда, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегінің өзі өлшеусіз зор.
- «XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен Бұхар жырау жырларын сақтап, тарих саласында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпеев»...оның осы тұстағы өлеңдерінің тақырыбы күңделікті тұрмыстық жағдайды суреттеуден әрі асқан жоқ. Ол - өзі араласып жүрген айт пен той, ер түрлі адам мінезі, жүріс-тұрыс ерекшелігі, көшу, қону, жаз бен қыс, ас, қыз ұзату сияқты нәрселер еді. Бұл өлендерінде кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең бойлап, психологиялық талдау жасау жоқтың касы, бір сөзбен айтқанда, бұл оның шәкірттік үйрену кезі еді. М.Көпеев өлеңінің айрықша бір қасиеті-қарапайымдылығында» (3). Міне, бұл ой-тұжырымдардың өзінен ақынның нақты шығармашылық деңгейін дұрыс қабылдай алмаушылық пен сөз құдіретінің мәнісін дөп басып түсінбеушілік байқалады.
Әрине, кеңестік дәуірде шығармашылықты зерттеу, талдау тек саяси мүдденің үдесінен шығу дәрежесінде жүзеге асқандығы белгілі. Бірақ аталған бағалау-түйіндерден М.Көпеевтің данышпан, көреген, сәуегей, «жер астының оқуын меңгерген» (бұрынғы бабалардың тілімен) ақын екені назарға ілікпейді. Бұл біздің құнсыздығымыздың тағы бір дәлелі.
Қорыта айтсақ, Мәшһүртану ілімі мектеп қабырғасынан бастау алуы керек-ақ. Бұл аталған синтез қорытындыны жоғарыда талдау үрдісінде үлгілеп бердік. Оқытудың негізі мәтіннің маңызды деген сарынын бөліп алу. Ал ол дидактиканың пәлсапалық негізі.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын жаңа амалмен (технологиямен) оқыту
Оқытудың жаңа сарынын аңғарту мақсатында Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Қырық алты жасында сөйлеген сөзі» деген өлеңін негізгі нысанада ұстаймыз.
ІІІығарманың тақырыбын ашу әрекеті алдымен қарастырылады. Тақырыптың бұлай келу себебін студенттер өздері жобалап табулары керек. Ол үшін әр студент өздігінен мәтіңді бір оқып шығып, өз түйіндерін сипаттайды. Бірақ бәрінің ойы тоғысатын сөйлемді оқытушы күні бұрын пішіндеп алады. Мысалы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің қырық алты жасына дейінгі уақыт пен кеңістікке сәйкес қоршаған ортасы жайлы пәлсапалық ой-түйіндер жинаған. Міне, осы ой-түйіндерінен белгі білдіру мақсатында өлеңнің тақырыбын қырық алты жасымен сабақтастырған...т.б. студенттердің дәл осы сөйлемді құрастыруының қажеті жоқ, бірақ, осы ойға орайластырулары керек.
Өлеңнің табиғатын ашарлық екінші әрекет – шығарманың автор көздеген мұратын табу. Осы ретте студенттер мәтінмен екінші рет танысады. Шығарманың мұратын әр студент былай топшылауына жағдай туғызылуы көзделеді: «Өзін бұлбұлға балайтыны, бірақ қапастағы бұлбұл екені», туған жеріндегі ел адамдарының надандығы, рухани-мәдени білімінің, құндылықтың жойылуы, бір құдайдан басқаның бәрінен күдер үзуі, паленің тілден, бейнеттің көзден болуы деген ақынның түсінік - қорытынды ойының мәнісін ұғыну» т.б...Мәтіннің мұратын дәл осындай сарында болжануының бірнеше түрлерін студенттердің ойлап табулары тек жұмыстың кең ауқымдылығын танытады.
Ал үшінші әрекет-шығарманың құрылым-жүйесінен өзгеше. Өленде мазмұндық сарын мүлдем жоқ. Сол себепті лирикалық кейіпкердің болмыс-бітіміне қатысты кейбір құбылыстар мен үрдістер екшеліп, кезендерге жіктеледі. Бұл - таза технологиялық қағида. Өлеңнің бірінші кезеңі лирикалық кейіпкердің өзін таныстыру сәтінен басталады: «Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап...» деген жолынан басталып, «Айтайын әңгіме қызу сіздерге енді» деген жолға дейін жалғасып келіп аяқталады.
Екінші кезең - негізгі нысаналардың қарама-қайшылықты сипаты. Сөз бен көру түйсіктерінің оңтайлы істен солақай жақтарды тез қостағыш екеніне ерекше мән берілген. Міне, бұл құбылыс оң және сол, ізгілік және надан деген ұғымдардың қайшылықта келіп, адам тағдырына тигізер қуатынының дәрежесінде суреттеліп тұр:
- Жақсы сөз - гауһар сөз;
- Жаман сөз - жалған сөз;
- Кей ақынның өлеңінің арнасы жоқ;
- Сөзбен жарысқа түскен арзан қол ақындар;
- Есек айтпас шаба алмай мен қалдым деп;
- Аралап жүрген білер дүние жүзін;
- Құйынмен жерде жатқан шөп-шар ұшты;
- «Менен асқан кім бар» - деп лағу сөйлеп,
Ақымақты семіртіп жем бермейін;
- Сөздің тұрағының жоқтығы опасыздық;
- Шебер қолын, шешендер сатып сөзін;
- Ғалымдар білген ғылымын пұлға сатып,
Оқу бар, ұғушы жоқ, құдай атып;
- «Ал» өліп, «бер» деген сөз қалды тірі;
Бұл күңде «жоқ» деген сөз тірі қалды;
- Ел билеуші касқырдай күнде талап;
- Екі даугер бір-бірін сөзбен ұрып;
- Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр;
- Қастық қып құдай дескен жолдасына;
- Аямай құйрығымен бір-ақ шағар;
- Жылпылдап кейбіреулер қолға тұрмас,
Шыға боқтап есіктен, кіре күліп;
- Мен ішсем, көл таусылып қалады деп,
Өз-өзінен отырып өлер шөлдеп;
- Жылтыраған екі тас орнатылды,
Бұрынғы қайран сәуле көз орнына;
- Үрген қуық - бүгінгі жұрттың басы;
- Өңшең үрген қарынға душар болдық.
Үшінші кезең: «Қолымда аттанарда жоқ нәрсені,
Барғанда тәңірі алдына қайдан таптым!»
Бұл кезеңнің көңіл құбылысы:
- қырық алтыға келгенше бақтың
қонбауы (келтіріңді мағынада);
- ұйқымен ең аяғы астан безуі;
- аспанда күн қоректеп, ай айырлап тұруы,
Екеуі тауысады, біл байымдап; (таң атады, күн батады, өмір өтеді). Бұл - құрылым-жүйенің тек осы өлеңге қатысты кезеңдері. Егер басқа өлеңдерін нысанада ұстасақ, оның құрылым-жүйесі мүлдем басқаша. Студенттің бұл мәтінді талдау барысыңдағы төртінші әрекеті – ақынның көркемдегіш құралдарын тауып, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өзіне тән сөз саптамасының маңызын ашу.
Төртінші әрекетте профессор Қуандық Пазылұлының ғылыми әдіснамалық талдауын басшылыққа аламыз. Бұл әрекет тестімен өтіледі:
1) Теңеу- 1
2) Эпитет - 2
3) Келтірінді мағынада - 3
4) Балау - 4
5) Ұлттық нақыш - 5
6) Кейіптеу - 6
7) Қайшылықты сурет (шеңдестіру) - 7
8) Архаизм, архетиптер - 8
9) Діни ұғым - 9
10) Салыстыру – 10
11) Символ- 11
12) Метонимия - 12.
Осы саңдық көрсеткіштер арқылы студенттер алдарыңдағы мәтіннен құбылту (троп - грекще иірім), айшықтау (келбет - латынша) сияқты көркемдегіш құралдарды өздігінен тауып, машықтық деңгейге жетуі керек.
Әдебиетті оқытуда әдебиеттің қисынын ажыратып, оны түрлеріне жіктеу арқылы меңгеріледі. Сол себепті кез-келген мәтінді құбылту мен айшықтаудың түрлеріне жіктеу барысында студенттер академик 3. Қабдоловтың «Сөз өнері» (1992) еңбегін пайдаланулары қажет.
Жоғары оқу орнында әдебиетті оқытудан дәріс жүргізетін оқытушы мен мектеп мұғалімдері математиктерше кез-келтен жағдайда мәтіңді талдай алатын деңгейде көрінулері тиіс. Ол үшін бұл қисындық жүйені өзінің «ой сандығыңда» үнемі сақтауы талап етіледі.
Құбылтудың жүйесіне жататыңдар:
1) эпитет
2) метафора
3) кейіптеу
4) пернелеу (аллегория)
5) символ (астарлау)
6) метонимия (қайта атау)
7) синекдоха
8) ирония (кекесін)
9) сарказм (келемеждеу)
10) гипербола
11) литота
12) табу (бәрін белгімен беру)
13) перифраз (қайта айтып беру)
14) эвфимизм (сыпайылап айту)
15) теңеу.
Әрине, тек 15 құбылтудың шеңберінде әдебиеттің қисынын талдау үнемі діттеген нәтижеге қол жеткізе бермеуі де мүмкін. Өйткені, әр автордың өзіндік үні, тынысы, нақышы, стилі бар. Олай болса, әр автордың өзінше қисындық жаңалығы болуы да мүмкін. Міне, оқытушы алдымен өзі оны тауып, қисындық жіктеменің санатына қосып, студенттердің мәтіннен дербес таба білулеріне мүмкіңдіктер туғызуы қарастырылады. Айшықтаудьщ жүйесі төмендегідей:
1) арнау (жарлай, сұрай, зарлай);
2) қайталау:
- жай қайталау
- еспе қайталау
- анафора ( әдепкі қайталау)
- эпифора (кезекті қайталау)
3) шеңдестіру
4) дамыту (үдетпе)
5) ауыстыру (инверсия)
6) эллипсис (түсіріп тастау)
7)егіздеу (қатар жүру)
Аталған әдебиеттің қисынының көркемдегіш құралдары екіге бөлінеді.
Оның бірінші бөлігі - 15-тен, екіншісі - 7-ден тұрады. Бұл саңцық көрсеткіштегі қисындық атаулардың бірде-бірін естен шығаруға, елемей кетуге құқымыз жоқ.
Мәтіннің көркемдегіш құралдарын студенттерге жіктеткен сәтте оның жанрлық ерекшеліктерін де ажырату машықтары ширатылуы көзделеді.
Жанрдың өзі эпос, поэзия, драма болып бөлінетіні олардың үнемі назарында жүріп, қолдарындағы талдап отырған шығарманың қай түріне жататыны жайлы ой-түйінін айтып беру сұралады. Бұл мәтіннің поэзия қатарында екені және оның әлеуметтік-пәлсапалық мәндегі лирика екеніне дәлелдер, сипаттар беріледі.
Міне, сөйтіп Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің аталған өлеңін әдеби тағлым жағынан жан-жақты талдап, студенттер автордың көркемдегіш құралдарын, өзіне тән сөз айшықтарын жіктеп, өздерінің мүмкіндіктеріне, деңгейліктеріне сәйкес менгереді.
Бесінші әрекет - студенттердің ой-толғанысы.
Бұл мәтінге 4 мақсат қойып, 4 рет жалқылау, жалпылау, талдау, жинақтау, іздену, зерттеу т.б. әдістердің нәтижесінде студенттердің естерінде, жадында не қалғандығы ой-толғаныс түріңде ұсынылады.
Оны тек осы өлеңге қатысты жазған студенттердің ой толғаныстары арқылы аңғарамыз. Оқытушы бұл әрекеттің де жобасын құрастырып, алдын-ала болжамын жасап келеді. Оның негізгі желісі жобамен былай болады: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің өлеңінде сөз бен адам санасындағы құңдылықтың маңызының кеткенін көркем сөзбен өрнектеген. Жақсы сөздің Гауһарға бара-бар екені, адамның адамгершілігінің өзі сөйлеген сезінен белгі беретіні, тыңдармандарына ақын айтайын деген ойын өзінің қатысуымен ұштастыруы өлеңнің сарыны арқылы байкалады.
Меніңше, бұл бүгінгі күннің де өзекті мәселесі. Әсіресе, ақынның өлең құдіретін түсінерлік қарапайым ел арасында кісінің табылуының өзі неғайбыл деген пікірінен сөз құдіретінің нөлге кеткенін аңғарамыз.
Шешендердің мәуелі ағашқа, ал сөздің тәтті жеміске балануы алдынғы ойды ажарлай түседі.
Лирикалық кейіпкердің шыншыл сөзге берген бағасының: «Жан семірер жақсы сөзге» - деп ой қорытуынан сөздің тіршілікке ықпалының қаншалықты екенін аңғарамыз.
Жалған сөзді өлеңіне өзек етіп жүрген дүмбілез ақындар жайлы сын айтылуы Мәшһүр Көпеевтің поэзияға жоғары талаппен, сөздің өмірге қызметтік құнымен бағамдауын байқаймыз.
«Мәшһүр-Жүсіп Көпеев - Абай Құнанбайұлының пәлсапалық ойларын одан әрі жалғастырушы, бірақ, ол ойларды тек қайталаушы емес. Абай Құнанбайұлының ойын дамытушы ақын-әулиелік, пайғамбарлық дәрежеге өз болмысын жеткізе білген ғұлама ғалым» - деген тұжырымға апарар бағыт-бағдар жоғарыда берілген жаңа технологияның нәтижесі болмақ.
Абай Құнанбайұлының «Жақсылық», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Білімдіден шыққан сөз», «Сәулең болса кеудеңде», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Келдік талай жерге енді», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем надаңды», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» тағы басқа да өлеңдеріңдегі айтылған мұратты желі Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің осы бір өлеңінің құрылым-жүйесіңде өрнектелген.
Әсерге, ассоциацияға, суггестивті қабылдауға бағытталған поэтикалы әуезбен, шебер ұйқаспен келген көптеген өлендердің адам қиялына бір сәт қанат бітіргенімен, өміршеңдігіне кепілдік жоқ. Себебі, әдемілікке құмарлық та өткінші жаңбыр сияқты нөсерлетіп жібереді де, басылып қалады.
Ал адам өмірінің маңызды болуына тіректік рольде сипатталған пәлсапалық ой-түйіндер өлеңнің негізгі мұраты болса, ондай нысаналар ел есінде мәңгілікке сақталып қалмақ.
1.3 ж. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипаты
Саясат пен қоғам адамзат үшін үнемі үстемдік көрсетіуде. Әдебиет саласында аталған бағыт өмір бойы ғасырдан ғасырға приоритет болып келеді.
Ал бүгінгі ой бостандығы мен адамның иерархиясы әлемдік деңгейге бет бұрған келісті құбылыста әдебиеттің де тәуелсіздігіне, саяси қоғамның бұғауынан өзін азат етуіне қолайлы сәт туды демекпіз.
Орыстың ұлы сыншысы, философы, әлеумет қайраткері Виссарион Григорьевич Белинскийдің «Әдебиеттік арман» атты тұңғыш мақаласында «күрессіз мақтау жоқ, мақтаусыз құрмет жоқ, әрекетсіз өмір жоқ» деген тұжырым бар. Осы бір пайым Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына қатысты айтылғандай. Иә, Шәкәрім ақын ешқашан шығармашылығы арқылы өз жұртынан мақтау іздемегені бәрімізге түсінікті. Бірақ ұзақ жылдар бойы Ақынның атын жасырып, шығармашылық құндылығын тасада ұстап келген тоғышарлардың ойлаған қара ниеттері іске аспай қалды. Себебі, Шакәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын тасада ұзақ ұстап тұру микрокосмос кеңістігінде мүмкін емес.
Шығармашылық нысанасы автордың сомдаған жанрлық деңгейіне тікелей бағынышты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясы жайлы ой түю үшін В.Г. Белинскийдің ғылыми субстанциясына сүйене отырып, ақынның шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипатын саралауды жөн көрдік. Ол үшін ұлы сыншының поэзия жайлы нақты айтып кеткен ой тіректеріне шолу жасайық.
Поэзия сырт жағынан мұраттың мағынасын іске асырады да, міні жоқ, айқын, пластикалық образдар мен рухани дүниені ұйымдастырады. Мұнда бүкіл ішкі сезім сыртқа терең жайылады. Сөйтіп, бұл екі жақтың екеуі де - ішкі және сыртқы - бірінен бірі жекеленіп көрінбейді, екеуі тұпа-тұра бірігіп, өзімен өзі болып жатқан белгілі шындықты - оқиғаны көрсетеді. Бұл жерде ақын көзге көрінбейді; айқын пластикалық дүние өзінен өзі өрістейді, сөйтіп ақын өздігінен болған нәрсені тек жай әңгіме етуші ғана болып табылады. Бұл – эпикалық поэзия [68]. Міне, бұл құбылысқа біз ақынның «Қалқаман-Мамыр» шығармасын жатқызамыз. Көзімізді жекізу үшін мына бір талдау үрдісін назарларыңызға ұсынып көрелік:
Дәрістің кіші дидактикалық мақсаты:
- бұрынғы жиған білімін жаңа сабақ өту үрдісінде ұтымды пайдалану шеберлігі;
- сабақ барысыңдағы жетістіктер мен кемшіліктердің қосыңдысын шығару үрдісіндегі ұстаздың жаңашыл, парадигмалық іс-қимыл, қатысым мәдениеті;
- өткен сабақтарда алған білім деңгейін, әдебиеттің тарихилық, қисындық қырларын түйістеу дағдысы.
Міне, бұл - бір дәрістің хронометрлік мақсаты. Аталған мақсатқа жету үшін алдымен субъектілер Шәкәрім Құдайбердінің «Қалқаман - Мамыр» дастанын оқуы көзделеді. Бұл - мемлекеттік қалыптың деңгейі. Ал, оны тарихи-қисындық мәнге талдап қабылдауға ынталандыру II деңгей эвристикалық қабілетті ширату болып табылады.
Кіші дидактикалық кесіндісі дастанның мәтініне жатады. Олай болса дастан толық, кең ауқымды қағидасын сақтай отырып қабылданылуы белгілі бір нысанның үзіліссіздігін жүзеге асырады.
Оқушының жадыңда болатын мағлұматтар:
- Шәкәрім Құдайберді шығармашылығының 1988 жылдан бастап зерттелуі;
- бірлі-жарым мақалалардан басқа тындырымды-тұшымды істің мардымсыздығы;
- тек М. Мағауиннің «Шәкәрім Құдайбердінің жалпы шығармалары 6, 8,10, 14 - тармақты шумақ үлгілерінен келетіні», - деген түйіні;
- Шәкәрім Құдайбердінің дастанын өту барысында ақыңдық айшықтары мен суреткерлік қабілетін бейнелеу құралдары арқылы дамыту;
- шығарманың эпикалық поэзиясына жататыны;
- стилі мен аталған ерекшеліктерін қабыстыруға әдеби әдістерді (реализм мен романтизмді) шебер қолдана білу, т.б.
Тарихи сипаты -дастанның негізгі мақсаты. Ол - 1722 жылдың оқиғасы. Орта Жүз қазағының сонау Сырдария бойында жүргенде болған тарихи іске негізделгені, оған ақынның тұжырым-түйіні. Ел данасы - Әнет Бабаға ерекше мән берілуі;
Дастанның өзіндік құрылым жүйесінің алгоритмі:
(Таныстыру); (автордың өзі көрінбейді, әңгімелеуші рөлінде).
Кіші Бабаңның (Әнет) өз атасы, Мәмбетей - ол Кішіктің бір ағасы. Әйтектің бәйбішеден - жалғыз Олжай, тоқалынан – Байбөрі Қалқаманмен.
Бұл құбылыс - экспозиция (I)
Мәмбет өсіп-өніп бара-бара,
Сол топтан бір бай шықты жеке дара.
Ол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Әрі сұлу, әрі еркек шора.
Бұл құбылыс - экспозия (II)
Оқиғаның бірінші себебі – Қалқаманның асықтығы.
Оқиғаның 1-байланысы - пәлсапалық топшылау.
Әй, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,
Хауа - Анасы. Адамға қаратыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |