Осы жеңіл есептерді шығарсаңыздар жетеді Қиын есеп берейін деп ойлап едім, срс аптасы болған соң жеңіл есептер дайындадым Осы документті ашып оқысаңыз жекеге смайлик жіберіңіз, бірақ ешкімге айтпаңыз
Массасы 5 т автомобиль орнынан қозғала бастағанда 0,6 м/с2 үдеу алды. Қозғалыстағы кедергі коэффициенті 0,04 болса, тарту күші неге тең?
Электровон массасы 1600 т тіркеме вагондарды орнынан қозғайды. Егер кедергі коэффициенті 0,004, ал тарту күші 350 кН болса, онда пойыз қандай үдеумен қозғалады?
Массасы 14 т автомабиль орнынан қозғалып,алғашқы 50 м қашықтықтықты 10 с ішінде жүріп өтеді.Егер кедергі коэффициенті 0,05 болса,онда тарту күші қандай?
Массасы 10 т троллейбус орнынан қозғалып, 50 м жол жүргенде жылдамдығын 10 м/с-қа жеткізді.Егер тарту күші 14 кН болса, онда кедергі коэффициенті неге тең.
Кедергі коэффициенті 0,005 болғанда,тепловоздың ең үлкен тарту күші 300 кН-ға жетсе, онда ол 0,1 м/с 2 үдеумен массасы қандай тіркемені сүйрей алады?
Үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, онда білеуші көлбеулік бұрышы 300 болатын көлбеу жазықтық бойымен қандай үдеумен қозғалады?
Беткей ұзындығы 40 м, биіктігі 10 м төбешіктен тыныштық қалпында тұрған шана сырғанап кетті. Үйкеліс коэффициенті 0,05-ке тең болса, шананың сырғанап түсуі қанша уақытқа созылады?
Ұзындығы 13 м, биіктігі 5 м көлбеу жазықтықта масасы 26 кг жүк жатыр. Үйкеліс коэффициентті 0,5. Жүкті жоғары көтеру үшін жазықтықты бойлай жүкке қандай күш әсер етуі тиіс?
Лабораториялық жұмыс жүргізу кезінде мынадай мәлімет алынды. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы-1м, биіктігі-20 см, ағаш білеуші ілінген динамометрдің көрсетуі 1 Н.Үйкеліс коэффициентті қандай?