Еңбек өтілі 11 Санаты



Дата08.07.2016
өлшемі92.22 Kb.
#185660
Сәбилер бақша атауы_____№5______________________________________

АӘТ__Елубаева Сандуғаш Нығметоллақызы _______________

Лауазымы____Тәрбиеші___________________________________________

Еңбек өтілі____11__________________________________________________

Санаты_______жоқ________________________________________________

Тақырыбы___Таңғажайып магнит___________________________

Жас шамалық тобы___ересек ________________________________

Тақырыбы: «Таңғажайып магнит»

Мақсаты

  • ойлау операцияларын, қорытынды жасай білуді дамыту;

  • сөздік қорларын белсендіру;

  • магнит және оның тартқыш қасиеттері туралы ұсыныстарды бекіту.


Міндеттері:

  • Балалардың мақсаттылық әрекетті жүргізу қабілеттерін дамыту – қасиеттерi (магниттерге тартылатын) пәндiк талапқа сай болатын заттар iздеп тапқызу;

  • Танымға қатысты құралдарды және заттар істелген материалдардың қасиеттерін танып білуге балалардың жаратылыстану-ғылыми тәжірибелерін кеңейту.

Құрал-жабдығы: көзілдірік, тақырыптық суретер (батыл серілердің сауыттары), магнит, темір, ағаш, пластмасса, қағаз, шыны, кілт, доп, ине, қағаз қыстырғыш, бүршік, темір түйме, бір шарпы жіп, шыныаяқ, доп, ертегі кейіпкерлері (ата, әже, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі, тау)
Барысы:

Тақырыптың ашылу бойынша

жұмыстары

Балалардың әрекеттері

«Достық шеңбері» балалар шеңберге жиналады. Ортаға ұяң баланы отырғызу.

- Балалар менің қолымда керемет зат бар, ол не деп ойлайсыңдар?




  • Балалар, егер, осы көзілдірікті көздеріне киіп, ортада отырған достарыңа қарасаңдар, сендер оның бойындағы өте жақсы қасиеттерді көре аласыңдар.

  • Балалар сендер достарыңның жақсы жағын көре білдіңдер, енді маған айтыңдаршы, достар қандай болу керек?

  • Олар бір-біріне берік, үнемі қандай да жағдайда бір-біріне көмекке дайын тұру керек. Ал сендер қандай бір-біріне тартылатын, бір-бірінен ажырамайтын, ажыраса да оған қаншалықты күш жұмсау керек затты білесіңдер ме? Ол не? Ендеше біз бүгін екі топқа бөлініп біріміз магниттің қасиетін айтайық, ал екіншілеріміз темір жүк көлігін өнер орталығына барып дәстүрлі емес технологияларды қолданып (қағазды қолымен жұлмалау арқылы) жапсырайық.

Балалар достық шеңберіне бірінің қолынан бірі ұстап тұрады.
Балалар тәрбиешінің қолындағы көзілдірік күнделікті көзілдірікке ұқсамайтынын айтады.

Балалар кезектесіп көздеріне көзілдірікті киіп, оның тек қана жақсы мінез қылықтарын айтады, мысалы: «Алихан мейірімді, әдемі, тәртіпті бала, ол мықты, ақылды» деп жақсы сөздерді жалғастыруға болады.

Балалар екі топқа бөлінеді.


- Балалар мен сендерге бір қызықты аңызды әңгiмелегiм келедi: Ертеде айтатын, жердің жарығы аяқталатын жерде, теңіздің жағалауында бір тау бар деп. Баяғы заманда осы тауыдың табанынан адамдар бір тастар тауып алыпты, бір тылсым көрінбейтін күшке ие болатын – ол, өзіне кейбір заттарды баурап алатын.

Ал сол таудан алыс емес жерде Магнезия атты қала болды, онда батыл серi Магнитолик өмiр сүредi. Барлық батыл серілер сияқты ол темірден жасалған сауыттарды киетін, сондықтан да ол, жаудың оғынан да, жабайы аңдардың шабуылынан да қорықпайтын ержүрек батыр болды.

Магнитолик батылдық көрсетіп қай жерде жүргісі келеді, сол жерлерден қорықпай өтеді екен.

Бірақ батыл сері өз өлкесінде бірақ жерде ғана болған жоқ – сол таудың беткейінде. Батыл серінің анасы оның сәби кезінен оған сол таудың жанынан бір де бір батыл серілердің бірі де өте алмайтынын айтты. Оларды тау өзіне тартып алып, ешқашан да босатпайды екен.

Бірақ Магнитолик өте батыл жүректі сері болатын және оны сол тауда қандай сиқыр бар екені қызықтыратын, міне сол себеппен де ол барлығымен таласқа түсті, бәріне өзінің сол таудың қасынан өтеді, бірақ аман келетінін айтты.

Магнитолик қаншалықты батыл, күшті болса да, тау оны өзіне тартып алды.

Магнитолик батыл ғана емес, ол сонымен қатар өте ақылды болатын. Ол сол таудан қалай босап кету жолын тауып, сол тауға жабысып қалған басқа да серілерді босата алыпты.


  • Балалар, сендер сол тау қалай аталатынын таптыңдар ма?

  • Ол таудан босау үшін қандай әрекет жасады?

Балаларға магнитті көрсетемін.

«Сендердің алдарыңда кәдімгі магнит

Оның бойында көптеген сиқыр дариды»



  • Егер магнит соншалықты күшті болып өзіне темірді тартса, мүмкін ол басқа да заттарды өзіне тартып алатын шығар?

  • Оны көру үшін келіңдер тәжірибе жасап көрейік.

«Маңызды іс – тәжірибе!

Оның әр сәті қызықты».

Әр баланың алдында жұбымен темір, ағаш, пластмасса, қағаз, шыны жатады.


  • Балалар магнитті алыңдар, заттарды өздерің сынап көріңдер, қайсысы тартылады, ал қайсысы жоқ (оларды екі топқа топтастырыңдар, тартылатындар бірінші, тартылмайтындар екінші топ).

Әр балаға бір парақ қағазға салынған заттардың суреті беріледі, магниттің айналасына қойылған заттар, олар: ине, қағаз қыстырғыш, бүршік, темір түйме, бір шарпы жіп, шыныаяқ және т.б. Бала бағытпен магнит қай затты тартады, нені тартады екенін көрсету керек.

Доппен ойналатын ойын: «Тартады-тартпайды»

(Доп ол магнит, балалар тәрбиеші атайтын заттар. Тәрбиеші кітап дейді де балаға допты лақтырады. Бала допты ұстамау керек, магнит кітапты тартпайды, «қайшы» - бала допты ұстап алады)
Балаларға бұрандасы бар ойыншықтарды көрсетемін (үйрек, бақа), бірақ оларды іске қоса алмаймын, себебі мен олрдың кілтін бір леген суға түсіріп алдым. Ойыншықтарды кілтті қолын суға малмай алып шыққан бала іске қоса алады. Суды төгуге болмайды, себебі үйрек пен бақа суда жүзу керек).

Балалармен «Золушка» ертегісінен өгей шешесінің жасымық пен бұршақты араластырып тастағанын естеріне түсіру. Оған нелер көмектесті?

Ал қазір өгей шешесі қарақұмық пен бұрандалы шегелерді араластырып тастапты да, қайтадан қызды оны бөлек ыдыстырға жинауды бұйырыпты, осы жолы құстар оған көмектесе алмайды, тұмсықтарын сындырып алуға қорқады.


  • Балалар, мүмкін біз оған көмектесе аламыз? Оны қалай тез істеуге болады?

Балалар үстел басына барып отырады.



  • балалар сендер мені сиқыршы екенімді білесіңдер ме? Мен заттарды қолымен ұстамай ақ оларды қозғалта аламын (үстел астынан магнитті жүргіземін кілт қозғалады). Егер балалар қалай жүріп жатқанын біліп қойса, өздеріне басқа да металл заттарымен істеуге ұсынамын.

Қорытынды шығарамыз: магнитке ағаш та, су да, пластмасса да, не басқа заттар да бөгет емес.


  • балалар сиқыршы болғыларың келе ме? (қыстырғыштан ұзын шынжыр жасап көрсетемін, 4-5 дана). Магнитке бір қыстырғыш тартылады, ол қыстырғышқа тағы да бір қыстырғыш тартылады. Балаларға жарыс ұйымдастыруды ұсынамын «кімнің шынжыры ең ұзын».

Қорытынды: магнит өз бойындағы қасиетін қыстырғыштарға бөліп, олар біраз уақытқа магниттік тізбек құрайды.

  • Балалар барлығыңды театрға шақырамын, «Бауырсақ»магнитті ертегісін тамашалаңдар.

Ертегі «Бауырсақ»

Мен сендерге бұрыңғы ертегіні, «магнитті» мәнерінде айтып беремін. Ертегі «Бауырсақ» деп аталады.

Бұрын ата мен әже болыпты. Олардың баласы болмапты. Олар өздеріне көмекші істеп алуды шешіпті. Олар оны неден жасау керктігін көп ойланыпты, қағаздан ба, матадан ба, ағаштан ба...

Олар соншалықты кедей болыпты, осы ойлаған затарының ішінен еш бір зат үйлерінде табылмапты.

Әженің қопармаған, іздемеген жері жоқ ештеңе таба алмапты. Шаршап барып ұйқыға кетіпті. Шал кілт-сайман қорасына барып, біраз гайка, болт, бұранда тауып алыпты. Дем шығарып, мұңайып: «Осыдан бірдеңе жасай аласың ба?» - деп, пештің қақпасын ашып, бір уыс темірді ішіне тастай салып, ұйықтауға кетіпті.

Таңертең қайта тұрды, пеш жағуға кірісіпті, ағаш саламыз деп ашса, онда «бауырсақ» жатыр, жай бауырсақ емес, темірден жасалған бауырсақ. Қарттар қатты қуанды. Темір бауырсақ оларға үй іші шаруасына көмектесіп жүріпті.

Бірақ бауырсақ өте білімқұмар еді. Ол ата мен әжеден қыдырып жер көруге сұранып кетіпті. Домалап келеді, домалап келеді өзінің әнін айтып келеді.

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Темір жанды бауырсақ,

Қыдырғым келеді,

Бәрін білгім келеді.
Бауырсақтың әнін қоян естіп қойды да, оған: «Темір бауырсақ мен сені жеп қоямын!» Ұстап алды, бірақ оны жерден көтеріп ала алмады, бауырсақ сондай ауыр еді, қоянның тісіне басуға сондай қатты еді. Сонымен қоян ештеңесіз қала берді, ал, бауырсақ болса ары қарай домалап жүре берді.

Домалап келеді, дамалап келеді, ал қарсы оған қасқыр шығады: «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!» Бауырсақты ұстап алып, сәл көтеріп еді, ауырлығына шыдай алмай, өзінің аяғына түсіріп алды. Қасқыр қыңсылай бастады, ал бауырсақ ары қарай домалай түсті.

Домалап келеді, дамалап келеді, ал қарсы оған аю шыға келеді: «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!» Бауырсақты ұстап алып оны қалтасына салып, жүріп келе жатып ойланады «қазір орман ішіне кіремін, ағаштың томар түбіне отырамын да, жеп қоямын»- деп. Орманға баратын жол Магнитті таудың қасынан өтеді екен. Аю бауырсақты қалай жеп қоятыны туралы армандап келе жатып, Магнитті таудың бауырсақты аюдың қалтасынан қалай суырып алғанын білмей да қалады. Бауырсақ тауға жабысып қалып, босай алмай жатыр. Осы кезде таудың жанынан түлкі жүгіріп отіп бара жатыр еді. Қараса – бауырсақ тауға жабысып қалыпты. Түлкінің қарны аш еді. Жақындап бауырсақты аламын деп тартып еді босата алмады. Түлкі бауырсақтын жанында бұлай да жүріп, олай да жүріп жегісі келіп біресе иіскеп, біресе жалап қояды екен. Бірақ тістерін сындырып алыпты. Түлкі бауырсақтың бүйірінен тарсылдатып еді, дыбыс шыға бастады, түлкіге бұл дыбыс өте қатты ұнады. Бауырсақ ән айтты. Әнді бауырсақты іздеп жүрген ата естіп қойып, оны магнит торынан босатып алып үйіне алып келді.

Сол күннен бастап олар бірге тұрыпты. Ата мен әже өте қуанышты. Міне ертегі де аяқталды!



  • Менің ертегімнің кейіпкерлері қандай заттардан жасалған?

  • Экран қандай?

  • Менің ертегімнің сиқыры неде? Кеіпкерлер қалай қозғалды? (балаларға құпиясын ашып беру)

Ұсыныс. Ата-аналармен бірге ертегі кейіпкерлерін қағаздан жасап оның артына жұқа қаңылтыр темір жапсырып әкелу.

Балалар, ол магнит тауы деп жауап береді.

Темір сауытын шешіп тастады.

Балалар тәжірибе жасау үшін зертханаға барады.


Балалар заттардың тартылу, тартырмауына өздері қорытынды шығарады.

Балалар бағыт бойынша көрсетеді, мысалы: магнит – ине т.б.

Балалар магнитпен тартылатын темірден жасалған заттарды атағанда ғана допты ұстайды.


Балалар өз ойларын айтады, магнитті жіпке байлап қойып алу немесе леген сыртынан үзбей жүргізіп отырып шығару.
Балалар ертегіні естеріне түсіріп, оған құстар көмектескенін айтады.
Магниттің көмегімен. Барлық балалар магниттерін алып, бұрандалы шегелерді тазартады.

Балалар кімнің шынжыры ұзын екенін айтады.


Балалар театр орталығына барып үстел үсті театр арқылы ертегіні көріп тамашалайды.



Қағаздан
Қағаз

Қорытынды: «Қай ойыншық темірден жасалған?» балалардың қолдарына магнит ұстатып, топ ішін тексерту.




Батыл сері темірден

жасалған сауытта



Магнит



Темір Ағаш Пластмасса




Қағаз Шыны Кілт







Дидактикалық ойын: «Тартады – тартпайды»









(егер ол темір болса)



«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері

Жаңа мәнеріндегі «Бауырсақ» ертегісіндегі магнитті тау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет