1.6. Жұмыскерге ұзақтығы__________ ай болатын сынақ мерзімі белгіленеді
1.7. Осы шарт бойынша жұмыстың орындалуы қалыпты (зиянды, ерекше зиянды, қауіпті) еңбек жағдайларында жүзеге асырылады (қажеттісі сызылады).
2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ
2.1. Жұмыскердің жұмыс және демалыс уақыты Жұмыс беруші бекіткен осы Шарттың шарттармен, еңбек тәртіптемесімен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленеді, осыған байланыстыЖұмыскерге:
- екі/бір (сенбі және жексенбі) демалыс күндері бар бес/алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді;
- _____________ жұмыс күні – 00.00 сағаттан 00.00 сағатқа дейін;
- дем алу мен тамақтануға арналған үзіліс – 00.00 сағаттан 00.00 сағатқа дейін.
ҚР еңбек заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің жазбаша келісімімен тартуға құқылы.
2.2. Жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны, лауазымы мен орташа жалақысы сақтала отырып, _____ (___________) күнтізбелік күндер санына (Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерін есепке алмағанда) беріледі.
2.3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жұмыс берушімен бекітілген демалыстар кестесімен айқындалады.
2.4. Дәлелді себептер кезіндеЖұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Жұмыс беруші оған жалақысы сақталмайтын демалыс береді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жағдайларда Жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Жұмыс беруші Жұмыскерге күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
2.5. Жұмыскердің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша демалыстардың өзге түрлерін пайдалануға да құқы бар.
3. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Жұмыс берушінің:
3.1.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
3.1.2. жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3.1.3. өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
3.1.4. өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
3.1.5. жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
3.1.6. осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
3.1.7. еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;
3.1.8. еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
3.1.9. жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
3.1.10. осы Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
3.1.11. осы Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
3.1.12. жеке еңбек дауын шешу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |