Еңбекақы түрлері Негізгі



бет18/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Экономика предприятия лекция

8. Жалпы өндірістік шығындар
Толық емес өндірістік
(цехтық)
Толық емес өндірістік (фабрикалық-зауыттық)
Сатылған өнімнің өзіндік құны
9. Жалпы шаруашылық шығын
10. Басқа да өндірістік шығындар
11. Ақаулық жоғалтулар
12. Коммерциялық шығындар

Өндірістік жұмыскердің негізгі еңбекақы шығыны кесімді жалақыда кесімді бағалама бойынша жоспарланған жұмыс көлемі негізінде, ал мерзімді жалақы – алдағы атқарылатын уақыттың тарифтік ставкасы бойынша анықталады. Осы калькуляциялық бапқа еңбекақы төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі бойынша қосымша төлемдер мен мерзімдік-жұмыскерлер сыйақысы да жатқызылады. 
Өндірісті дайындау мен игеру шығыны смета негізінде өнімнің жеке түрін жоспарлық калькуляциялаудан және белгілі мерзім ішінде шығынды жабу үшін жоспарланған көлемдегі өнім өндірісінен тұрады.

Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі бойынша топтастыруға болады:
шығын есебі объектілері бойынша: 
- процестік;
- бөлістік;
- тапсырыстық.
Шығын есебінің толықтығына қарай:
- толық өзіндік құнды калькуляциялау;
- толық емес өзіндік құнды калькуляциялау.
Шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
- нақты өзіндік құн есебі;
- нормаға сай шығындар есебі

Толық өзіндік құнды калькуляциялау. 
Толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама деп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпорынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі, сосын таңдалған бөлу базасын өнімнің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет