Әдебиеттер: 13, 23, 24, 25, 38
Загрузка…
Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбекақы түрлері
Негізгі
бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы
Қосымша
бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.
Загрузка…
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын 2 нысаны қолданылады.
Мерзімді
нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысаны
Кесімді
алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, т, цн, килограмм т.б.).
Тәжірибеде мерзімді еңбекақыны есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады
Мерзімді еңбекақыны есептеу
Сағаттық
Күндік ақы
Айлық ақы
Загрузка…
Кесімді еңбекақының түрлері
Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
|
Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі
|
Әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді
|
|
Кесімді-сыйақылық
|
Бұл қосымша марапттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады
|
|
Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі
|
Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан тыс артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады.Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойыншща есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді.
|
|
Жанама кесімді еңбекақы төлемі
|
Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады
|
|
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі
|
Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемі нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |