Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика


Көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негіздері



бет3/5
Дата11.07.2016
өлшемі378 Kb.
#192172
1   2   3   4   5

Көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негіздері

Поэтикалық көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негізінде сол ұлттың сонымен қатар жекелеген тілдік тұлғалардың санасындағы дүниенің бейнесін, айнала қоршаған ортаның болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын, оның ішкі иірімдерін, толыққандыі тану үшін сол тілді жасайтын адаммен біртұтастықта қарау керек. Аталмыш принципті басшылыққа алатын болсақ антропоцентристік бағыт когнитивтік лингвистиканы дүниеге әкеледі.

Когнитология ғалымның бастауы көне замандардан бастау алатындығы белгілі. Когнитология ғылымының басты нысаны таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным т.б. мәселелері жатады. Адамзат баласы жаралғалы бері тіл мен таным, тіл мен сана, ақыл мен ой т.б. секілді танымдық категориялар бірге жасасып келеді.

Қоғам өміріндегі өзара қарым-қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін жіті қадағалап отырады. Тіл қоғамдық құбылыстардың бірі ретінде сол қоғам құрылысын айнаға түсіргендей өрнектейді. Яғни қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден орын тебеді де, тіл арқылы халық қазынасына айналады. Сонда тіпті кейде тілдегі кейбір сөздер арқылы ел басынан өткен кезеңдерді көзге елестете аламыз да қоғам дамуының белестері тіл дамуын сүзіп шығуға мүмкіндік береді. Сөйтш қоғам мен тіл бірінсіз бірі күн кеше алмаса керек. Ендеше халық тарихы оның тілінде, яғни тіл фактілері арқылы біз халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы болып табылады.

Қорыта келгенде тіл білімі дамуының қазіргі деңгейіне сай когнитивті лингвистика тілдік тұлға, тілдік семантика, жұмсалымдық (функционалды) лингвистика т.б. тілді жалпы когнитивті тетік ретінде қарастырады.

Қазақ тіл білімінде халықтың, ұлттық болмысын-бітімін, тұрмыс-тіршілігін оның тіл арқылы тану қағидасына сай зерттеу тіл біліміндегі жаңа бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыт тілдегі адам факторын тіл табиғатымен тығыз байланыста қарастыратын антропологиялық лингвистика саласының негізін қалады.

Адамзат баласы қоршаған ортаны ой қабілеті мен санасының қуаттылығы арқылы танып біледі. Ал тіл болса, ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Адамзат баласының шындық болмысты танып-білуі барлық халыққа бірдейлігімен қатар жекелеген этносқа қатысты болғанда ерекшелене түсетін тұстары да болады. Яғни таным-түсінік тіл арқылы емес, ми қызметі негізінде жүзеге асады. Ми қызметінің нәтижесінде тілдік бірліктер обьективті дүниемен байланысқа шығады. Ми қызметі арқылы адам дүниені, қоршаған ортаны таниды. Ал осы адам танымының нәтижелері дыбыстық кешендер, яғни тілдік таңбалар негізінде тілден көрініс табады. Дыбыстардың тілде белгіленуі тілдік таңба болып табылады. Осы арқылы тілдің мазмұндық және тұрпаттық межелері айқындала түседі. Демек, тіл-ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным-шындық дүниенің көркем бейнесі. Бұл ғалам бейнесінің тілден көрініс табуы, яғни ғалам туралы ақпаратты тілдік таңбалар арқылы айқындау-ғаламның тілдік бейнесі деген ұғымды тудырады. Тіл-ғалам бейнесін обьективтіретін форма. Демек, «ғаламның тілдік бейнесі» дегеніміз тілдік жүйеде таңбаланған, тіл арқылы көретін тіл иесінің ғалам туралы білімдерінің жиынтығы. Ғаламның тілдік бейнесінде адамның ғалам туралы түсініктері ғана емес, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі сияқты ұлттық дүниетанымы да көрініс тауып отырады.

Поэтикалық және қара сөзбен жазылған философиялық мазмұнға толы шығармадағы тілдік жүйенің құрылымын, ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы-тілдік таңбаларды, оны құрайтын әлементтерді, олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы-олардың тілдік емес құндылықтарымен, яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ. Ал бұл тұрғыдан алғанда, көркем поэтикалық және қара сөзбен жазылған шығарма, ондағы тілдік бірліктер ақиқат өмірді, яғни ойлау мен тілді ұштастыратын категория ретінде танылады. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі оның тілі болып табылады. Тілді мифтік таным тұрғысынан қарастырған Б.Ақбердиева: «Тіл-тек ойды білдірудің құралы, яғни оның тікелей құрылысы емес. Тіл ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойына дарытқан дүниетанымдық негізде қарап беруші құрал. Яғни, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады»,-деп жазады (45,43)??

Тіл - ұлттық дүниетаныммен тығыз байланысты күрделі ұғым. Қандай да болмасын этностың тек өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным дегеніміз - қандай да бір этностың басқаларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі, өмір сүру дағдысы, адам және оның сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы. Когнитивті лингвистиканың дамуымен тікелей байланысты анықталып алуға тиіс бірнеше ұғымдар мен бірліктер және көптеген мәселелер бар. «Олардың негізгісі-тілдің қызметіне қатысты «ғаламның тілдік бейнесі» теориясына қатысты болып келеді (языковая картина мир). Адам дүниені жалпы адамзаттық және ұлттық қоғамдық-тарихи тәжірибе негізінде бейнеленген тіл арқылы таниды. Онда ұлттық тәжірибе тілдің ерекшелігін анықтап, соның негізінде, сол тілде сөйлеушінің санасында, соған сай өзіндік дүниенің тілдік бейнесін жасайды (Кондильяк, Гумбольдт, Сепир т.б.). Э.Сепир былай деп қорытады: «... «реальный мир» в значительной 'мере неосознанно строится на основе языковых привычек той или иной соцальной группы. ... «миры, в каторых живут различные общества-это разные мира ...»

Тіл мен таным бірлестігінің өзіндік ерекшелігін, танымдық категориялардың Шәкәрім шығармаларындағы көрінісін когнитивтік аспектіде қарастыру арқылы тың да соны мәліметтермен қарулануға болады. Ол үшін ең алдымен ақын шығармаларының ерекшелігі мен қатар өмір жолдары мен жете танысу арқылы ғана танымдық ақпараттарға қол жеткізуге болады.

Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымындағы тілтанымдық зерттеулер негізінде көркем поэзия мен қара сөзбен жазылған шығарманың тілдік ерекшеліктерімен қоса дүниетанымдық ерекшеліктерін де зерттеу қолға алынды. Бұл көркем поэзия мен қара сөзбен жазылған шығарма авторының тілі мен дүниетанымдық ой-пікірін, көзқарасын тұтас ұлт тілі, ұлттық ерекшелік ретінде танып білуге әкелді.

Ұлттың дүниетаным мен ақын жазушының қиял дүниесі мен таным дүниесінің диапазонын көрсете отырып, автор ұлттық дүниетанымы мен астасып жатады. Көркем шығармалардағы ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісін бірнеше жікке бөліп қарастыруға болады. Олар негізінен: ұлттық мәдениет; ұлттық өнер; діни дүниетаным мен ұлттық таным әлемі.

Ұлттық мәдениет: ұлттық салт-дәстүр мен жол-жоралғының көркем шығармадағы тілдік көрінісі болып табылады.

Ұлттық өнер: халықтың ұлттық тұрмыс-тіршілік нышандарының көркем сөзбен суреттеліп берілуі.

Діни дүниетаным мен ұлттық таным әлемі: қазақ ұлтының діни дүниетанымдық түсініктері.

Қазақ халқының ұлттық өмірі, оның бүгіні мен өткені, танымы мен діні, флора-фаунасы, мінезі мен психологиясы оның тілінде, әсіресе тұрақты сөз тіркестерінде, ауыз әдебиеті мұраларында, ән-күй өнерінде және т.б. халықтың білім жүйесінен, әдеби-жазба, этика-эстетикалық және халықтық педагогика дәстүрлерінде қалыптасқан тілдік құралдар арқылы тануға болады. Академик Ә.Қайдар былай деп атап көрсетеді: "Әрбір дәуірде өмірге қажет болған ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тіл фактілері арқылы ғана бізге жетуі мүмкін" [47,34]. Әрбір тіл шындық өмірді қабылдау мен ұйымдастырудың белгілі бір тәсілін бейнелейді, мұнда осы тілде берілетін мағыналар дүние көрінісінің біртұтас жүйесіне жинақталады .

Ұлттық дүниені қабылдау ерекшеліктері өмір салтымен және этностың шаруашылық жүргізуімен байланысты, осы салт-дәстүр мен шаруашылықтың жүргізілуі қазақ тілінің топонимдік кеңістігін қалыптастырады, жүйелейді, құрылымдайды. Географиялық қоршаған орта шындықты қабылдаудың жүйелілігі мен байланыстылығын, қазақ топонимиясының таңбалық жүйесін қалыптастырады.

В.В.Воробьев ұлт тілі мен мәдениеттің өзара байланысы туралы былай деп жазады: "Тіл дегеніміз - қарым-қатынас пен ойды білдірудің аса маңызды құралы ғана емес, ол сондай-ақ мәдениет білімдерін жинақтау құралы болып табылады. Күрделі таңбалық жүйе бола отырып, тіл ақпарат беру, сақтау, пайдалану және иелену құралы да бола алады. Тіл сияқты мәдениет те ақпарат беруге қабілетті таңбалық (семиотикалық) жүйе болып саналады, бірақ оның тілден айырмашылығы - ол өз бетінше ұйымдасуға қабілетті емес, өйткені мәдениет дегеніміз - ең алдымен жады, ес, күрделі семиотикалық жүйе, оның қызметі - жады, ес, ал негізгі қасиеті - жинақтау мен шексіз жалпылыққа талпыну. Өзінің шексіз бірегейлік қасиетіне талпыныста болған тұлға қарым-қатынас мәдениеттер диалогынан тыс қала алмайды. Сонықтан «тіл – ұлт (ұлттық тұлға) - мәдениет» - лингвомәдениеттанымдағы орталық үштік (триада), осы ғылым саласындағы аса маңызды мәселелер түйісетін және шешілетін орталық нүкте (фокус) болып табылады» [48, 12 - 13] ??

Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этика-эстетикалық, рухани және тұрмыстық қатынастар мен олардың заңдылықтарын тілдік құалдар арқылы зерттейтін тіл білімінің бір бағыты. Осы тұрғыдан алғанда лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық рухани болмысын, мәдениетін таныту.

Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік зандылықтарына сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қарау лингвомәдениеттану пәнінің үлесіне тимек. Ал, лингвомәдениеттану латынның Linqua -тіл, Cultura — мәдениет, Loqos — ілім деген терминдерінің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі әсерін зерттейтін сала.

Демек, этнолингвистикамен сабақтас, этнос болмысының сан түрлі қырын зерттейтін, этнос тіліне жалпы қатысы бар ғылымның бір саласы — лингво-мәдениеттану. Бұл сала этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты болмаса да, этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген мәдениеттанумен сабақтас.

В.А.Маслова тіл мәдениетпен тығыз байланысты деп санайды: "...мәдениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді, халық мәдениетін танытушы ғылым саласы" [49,9].??

Мәдениеттің әр түрлі көріністері мен қызметін мәдениеттану зерттейтіндігі белгілі, өйткені лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен XX ғасырдың 90-шы жылдарында өз алдына жеке, жаңа бағыт пайда болды, бұл бағыт В.Н.Шаклейн, В.А.Маслова және ғалымдардың еңбектеріне байланысты лингвомәдениеттану" деген атауда иеленеді.

Білімнің жаңа бір өз алдына жеке саласы ретінде лингвомәдениеттаным ерекше міндеттерді шешіп, бірқатар мәселелерге жауап беруі тиіс, бұл мәселелерді В.А. Маслова келесі түрде атап көрсетеді:

1) мәдениет тілдік концептілердің жасалуына қалай қатысады;

2) тілдік таңба мағынасының қай бөліміне "мәдени мағыналар" ұғымы бекітшіп көрсетіледі;

3) осы мағыналар сөйлеушілер мен тыңдаушылар тарапынан таңбалана ма және олар тілдік стратегияға қалай әсер етеді;

4) шындығында тіл тасымалдаушының мәдени—тілдік хабардарлығы, компетенциясы бар ма, соның негізінде мәдени мағыналар мәтіндерде орын алып, тіл тасымалдаушылар тарапынан таныла ма;

5) бір мәдениеттің универсалияларды мәдениетті көрсетуге бағытталған мәдениет дискурстары, концептілік саласы (осы мәдениеттің негізгі концептілерінің жиынтығы) қандай, осы тілдік таңбалардың мәдени семантикасы әр түрлі екі сала болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара әрекеті негізінде қалай қалыптасады;

6) осы ғылымның негізгі ұғымдарын қалай жүйелеуге, яғни ұғымдық аппаратты қалай құруға болады.


Когнитивтік лингвистикадағы әлемнің тілдік бейнесі теориясы

Ғалам бейнесі (картина мира) когнитивтік модельде айқындалады, сондай-ақ ол ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен байланысты болады. Ғаламның тілдік бейнесі негізінен адамдар санасындағы әлемнің логикалык бейнесімен сәйкес келеді. Ал ғаламның кез келген ұлттық тілдік бейнесінің әмбебаптығы өзіндік ерекшелігін айқындайтын метафора, теңеу және концепт болып табылады. Осы механизмдер негізінде ғалам бейнесі танылады, тілді игеру, табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану, оны түсіну моделін құрау тұрғысынан кештеледі. Бір жағынан когнитивтік лингвистика бұл моделді тек бүкіл когнитивтік ғылымдар шеңберінде ғана жасай алады. Ол ғылым білімнің әр түрлі типтерін, олардың ұйымдастырылу және өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді.

В.А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттерді жатқызады:

1 .Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы, қимылдың өрістеу қалпындағы тілдің рөлі.

2.Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер.

3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу.

4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі бөлігі болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу.

5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері" [50,25].??

Ғалам бейнесі (картина мира) когнитивтік лингвистикадағы басты термин болып табылады" [50,14]. ?? Ғалам бейнесі ("ғалам образы" немесе "ғалам моделі") терминдері мен ұғымдары Е.Ә.Керімбаевтың жұмысында ономастикалық номинацияны суреттеуде, ұлттық ономастикалық сөздіктің экстралингвистикалық берілімін түсіндіруде қолданылады. "Ғалам образы", "ғалам туралы білімдер жүйесі" ұғымдары адамға, ұлттық тіл мен ұлттық, жалпы халықтық ономастикон жүйесіндегі адамға, сонымен қатар тілде, тілдік қызметте, абстрактылы және нақты ұлттық тілдік тұлға мен қазақ тілдік тұлғаның жеке ономастиконына қатысты түрде түсіндіріледі [51,178]. Тілдік тұлғаның сөйлеу, ойлау қызметінің базасы ретінде ғаламның жеке және субъектілік бейнесін қарастыру кезінде "ғалам бейнесі дегеніміз - адамның дүние танымындағы субьектілік және объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке әрі мәдени тарихи субстанцияның синтезі екендігін еске алу қажет" [52, 49],?? - деп атап көрсетеді.

Ғалам бейнесі - "қоршаған орта мен адам туралы ақпаратты қайта өндеудің нәтижесі" [26,5]. Ғалам бейнесі дүниенің біртұтас ғаламдық образы, ол адамның бүкіл рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады, адамның ғаламмен жасайтын барлық байланыстары барысында пайда болады.

Г.A-Брутян, Р.И.Павиленис т.б. философтар, Ю.Н.Караулов, Г.В.Колшанский, В.И.Постовалова, Г.В.Рамишвили, Б.А.Серебренников, В.Н.Телия сияқты лингвистер тарапынан ғаламның концептілік және тілдік бейнесі ажыратылып көрсетідді. Тілдік формада берілген дүние у туралы білімдердің жиынтығы түрлі тілдік концепцияларда бірде "ғаламның тілдік көрінісі", бірде "ғаламның тілдік моделі", бірде "ғаламның тілдік бейнесі", бірде "тіл аралық ғалам " деп көрсетіліп жүр [1,51].??

Қазақ тіліндегі ғаламның мифологиялық тілдік бейнесі бинарлық оппозициялар жүйесінде Б.К.Ақбердиеваның «Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар" (қазақ тілі материалы бойынша) атты кандидаттық диссертациясында қарастырылады [45]. Осы диссертацияда ғаламның мифологиялықмоделі негізінен қазақ тілінің жалпы есімдері мен фразеологизмдері материалы арқылы құрылады.

С.Е.Керімбаеваның диссертациясындағы ғаламның мифологиялық моделі үш деңгей негізінде жалқы есім тұрғысынан қарастырылады: "Қазақ мифологиялық жүйесіне көптеген әлем халықтарының мифологиялық жүйесі сияқты әлемнің жоғары, орта, төмен деп аталатын үш деңгейлі моделі тән. Мұнда жоғары - аспан, орта - жер, төмен - жер асты әлем деңгейлері мүшеленеді әрі сәйкестендіріледі" [53,20]. ??

Ғаламның тілдік бейнесінде сыртқы дүниенің өзі емес, сыртқы дүние туралы ментальдік түсініктердің жүйесі - концептілік жүйе беріледі, сонымен қатар тілден тыс, лингвистикалық емес факторлардың өзгеруі әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Когнитивтік лингвистикада ғаламның тілдік бейнесі концептілерді бөлу мен ішкі танымын ашу (репрезентация) негізінде зерттеледі, концептіге ұғым енгенімен, ол сонымен аяқталып қалмайды, қайта сөздің барлық мазмұнын қамтып отырады. Осыған орай сөздің алуан түрлі ассоцациялық байланыстары арқылы құбылыстар туралы мәдениетті тасымалдаушылардың түсінігін бейнелейтін денотативті (таңбаланушы) және коннотативті (қосымша мағына) мазмұн болмақ. Ол өз ішіне көптеген лексикалық бірліктердің мағыналарын жинақтайды. Концептіде әрбір тілдік тұлғаның мәдени деңгейі іске асады, ол концептінің өзі сөзде ғана емес сондай-ақ сөз тіркестерінің, дискурста сөйлеуде, мәтіндердеде жүзеге асырылады.

Дүниенің тілдік бейнесінің әр этноста әр түрлі болуы, сол этностың тәжірибесімен, білімімен байланысты, себебі тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен тікелей байланысында емес, адамның өмірінен көрген білгені, көңілге түйгені білімнің негізі болып табылады. Әр ұлттың, әр халықтың өмірлік тәжірибесі әр түрлі болғандықтан, дүниенің тілдік бейнесі де, сол қоғамда өмір сүрген адамдардың тәжірибесі де әр түрлі болмақ, сондықтан тілдік тұлға ретінде олардың когнитивтік санасындағы дүниенің тілдік бейнесінде айырма болады. Сөздің артында ақиқаттың, шындықтың үзігі тұрады, оның тілдік бейнесі әр халықта әр түрлі болмақ. Дүниенің жалпыға бірдей болуы, ұқсас заттардың болуы олардың санада бейнеленуінің ұқсас болуын қамтамасыз етеді, алайда адамзатқа ортақ нәрсенің негізінде ұлттық ерекшеліктер жасалады.

Дәлірек айтқанда, когнитивтік лингвистика дәстүрлі лингвистиканың тар аумақта шектелуін болдырмауды және тілдік "сыртқы" көріністері арқылы танылатын терең әрі жан-жақты заңдарын көріп білуді мүмкін етеді. Дүние туралы ғаламның тілдік бейнесін ономастикалық тұрғыда концептілерін вербалдау тәсілдері тұрғысында карастыру керек.

Е.С.Кубрякованың пікірінше: "лингвист объективтік шындық туралы түсінік соңында жеке, лингвистикалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен қалай байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс" [2,37].?? Тіл теориясында «ғаламның тілдік бейнесі» жөніндегі ұғымның пайда болуы тіл мен ойлаудың тепе-тең еместігін және тілдік ойлаудың мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Ол әр халықтың (әр түрлі деңгейдегі, уақыттағы әлеуметтік, этностық т.б. топтың) әр түрлі ойлауымен тығыз байланысты. Сондықтан көптеген ғалымдар (Дж.Харрис т.б.Увдиоэтникалық негізді көбінесе лексикадан анықтап және номинациялық таңдауды халықтың өмір салтымен, көзқарасымен байланыстырады да (Локк), грамматикалық формалардың категориялық мағыналарын әмбебеп, жалпы деп санайды. Э.Б.де Кондиляк, И.Гердер, В. фон Гумбольдттан бастап дүниені тіл арқылы бейнелеуді қалыптастыруда, халықтың рухын беруде грамматиканың ерекше екені көрсетіледі. Гумбольдттың пікірінше, грамматиканың рухтық ерекшелікке туыстығы лексикадан да күшті (3).

Когнитивті лингвистика ғылымындағы «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының тілдегі номинация, таңба, уәж т.б. мәселелерімен тығыз байланыстығы мен сабақтастығын былай қойғанда, грамматикалық құрылымға тікелей қатысты болады. Осыған орай ғылымның диалектикалық әдісіне сай уақыт факторларының мәні ерекше екенін аңғаруға болады. Демек «ғаламның тілдік бейнесі» де тілдің даму барысымен, мәдени рухани және сананың дамуымен байланысты мифтік ойлаудан поэтикалық ойлау дәрежесіне дейін өзгеріп, дамып отырады. Тілдік семантиканың құралдары арқылы тілдік санада сақталған дүниенің бейнесі уақыт пен кеңістіктегі мезгілге сай белгілі бір дәрежеде реликтілік, архайкалық деңгейде сақталуы мүмкін. Бірақ олар-тілдің ұйымдастыруымен сақталған дүниенің тұтас тұжырымдамасы (концептуализация), тілдік үжымның лексика, фразеология, грамматикада көрініс тапқан ұлттық-мәдени тәжірибесінің тілдегі көрек бейнесі болып табылады. Когнитивті лингвистика ғылымындағы көптеген ұғымдардың негізгісі «дүниенің тілдік бейнесі» теориясының негізін В.Гумбольдт т.б. салса, одан әрі дамытқан-Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич т.б. Батыс Еуропаның көптеген универистеттерінде тіл мен танымды адаммен бір тұтастықта қарастыратын ғалымдардың лингвист-антрополог деп аталуы кездейсоқтық емес. Жоғарыда көрсетілгендей, адамның санасы, болмысы және рухани негіздерінің тығыз байланыстылығы, дәстүр жалғастығы мен сақталуы тек тілге тікелей катысты болып келеді. Ал адамның этностық ұғымда танылуы-белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада, ұжымда қалыптасқан танымның тілдегі көріністері мен осыған байланысты этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатында туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы-этнолингвистика деп аталады. «Тіл әлемнің» табиғаты мен болмыс бітімін жан-жақты зерттеу барысында жіктелген социолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану салаларынан этнолингвистиканың ерекшелігі, тұтастық сипатын - академик Ә.Қайдар атап көрсеткендей, оның «этностың инсандық һәм дүнияуи табиғатын тереннен танып білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп мақсат ететін ғылым» екендігінде (10).


Танымдық тіл біліміндегі концепт.

С. Р. Воркачев: «концепт - бұл мәдени белгіленген вербальдық мағына, сөйлеушілердің өзіне тән тілдік қолданыстарын айту үшін жеке концептіні тілдік тұрғыдан түсіну үшін, соған сәйкес лексика-семантикалық парадигма жасалады» - десе (24, 47), академик Д.С.Лихачев: «концепт қатарына кіретін лексемалардың (өмір, махаббат, ес, бақыт, іс-әрекет т.б) мағынасы ұлттық тілдік сана мен ұжым тілінің «қарапайым әлем бейнесін» жасайды. Бұндай концепттердің жиынтығынан тілде концептілік қабат құралады» - деп тұжырым жасайды (25,3).

В.И.Поставалова «концептілік талдау мақсаты-бір ғана таңбаның аясында жинақталатын жалпы концептілерді тауып, когнитивті құрылымындағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау» деп түсіндіреді (58, 80).

Қазақ тіл білімінде концепт теориясы мен құрылымдары біршама зерттелді. Концепт теориясы қазақ тілі лингвистикасында Г.Снасапова, Ш.Елемесова, М. Күштаева, С. Жапақов, А. Әмірбекова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде жан жақты қарастырылған.

Тіл білімінің когнитивті саласы ақиқат дүниенің санадағы таңбасын зерттеуді қолға алғаннан бастап-ақ қазақ тіл білімінде де ұлттық мәдени таным өрістері мен дүниенің тілдік бейнесі және көркем мәтін тіліне концептуалдық талдаулар жасала бастады

Сөзде заттың өзі белгіленбейді, аталмайды, зат туралы адамның санасында бейнеленген түсінік қандай да бір концепт аталады. Қандай да бір сөз болмасын оның толық концептісі семантикалық және тілдік единицалардың жиынтық өрісі арқылы айқындалады. Сөздің семантикалық және тілдік единицалардың, жиынтық, асроциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың құрамында когнитивтік және прагматикалық, мағыналардың әлементтері міндетті түрде бейнеленеді. Біз бұдан жалқы есім лексемасының концепт құрудағы өзінің лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық байланысы бар және семантикалық өрісі кең атаулар лексемасын концепт ретінде танып білеміз./ 57 /??

Концепт - ұлттық болмысқа негізделген ұжымдық және тұлғалық санадағы ақпараттар бірлігі ретінде танымдық лингвистиканың басты ұғымы болып табылады. Ол зерттеудің түрлі қырларына қарай лингвомәдениеттану, психолингвистика және когнитивті линвистикада жан-жақты қарастырылуда.

Ал, А.В.Маслова концептінің бірнеше анықтамасын төмендегіше келтіреді: "... концепт - біздің санамызды ментальдік немесе психикалық ресурстарының бірліктерін және адамның білімі мен тәжірибесін бейнелейтін ақпаратты құрылымды түсіндіру қызметін атқаратын термин; концепт - сақтаудың, ментальдік лексиконның, концептуальдық жүйе мен тілдің, ақыл-ойдың, адам жүйкесінде бейнеленген дүниенің бүкіл бейнесінің мазмұндық бірлігі; концепт - өзінің іске асырылатын бүтін бір тілдік тобымен берілетін, тиісті лексика-семантикалық парадигма жасайтын, мәдениеттің таңбаланған вербалді мағынасы, сондай-ақ тіл арқылы айтылатын этномәдени ерекшелікте таңбаланған ұжымдық білім бірлігі" [26, 35].

В.А.Маслова концептіге өз ұғымы бойынша тағы да төмендегідей анықтама береді: "... ол лингвомәдени ерешелікті таңбалаған және белгілі бір тұрғыда этномәдениетті тасымалдаушыларды сипаттайтын семантикалық жасалым. Концепт этникалық дүниетанымды бейнелей отырып, дүниенің этникалық тілдік бейнесін белгілейді, "болмыс шаңырағы" құрылысындағы бір кірпіш болып табылады (М.Хайдеггер бойынша). Сонымен қатар ол - бүкіл адам әрекетінің мазмұнын бейнелейтін өзіндік бір білімдер жиынтығы. Концепт сөз мағынасынан тікелей туындамайды, ол өзінің сөздік мағынасының жеке адамның және халықтың тәжірибесімен түйісуі болып табылады (Д.С.Лихачев бойынша). Сондай-ақ концепт эмоциялық, экспрессивтік және бағалаушы қасиеттерге ие" [26, 36].

В.А.Маслованың концептіге берген келесі анықтамасы төмендегіше: "Сонымен, концепт дегеніміз - мәдениетке сіңдірілген ұғым (Н.Д.Арутюнова және В.Н.Телия бойынша). Ол коннотацияларға ие, өз табиғаты жағынан бағалы, аксиологиялық қасиеті бар, тілде атауға, есімге, атауларға, есімдерге ие" [26, 36]. "Концепт" терминін анықтауда логикалық, философиялық, когнитивтік, лингвомәдени әдістер өз ықпалын тигізеді. Концептіні анықтаудағы логика-философиялық әдісте концепт — ұғым мазмұны ретінде түсініледі, яғни мағына қалай ұғынылса, ол да солай ұғынылады. Философтар концептіні мағына сияқты түсіндіреді: "Дүниені қабылдаудың "жай" тәсілдері көру, есту, дәм сезу, иіс сезу— мағына жасаудың немесе концептілер, дүние нысандарын жасаудың бірден – бір тәсілдері болып табылады. Бұл объектілер мағынаға жатқызылатын немесе берілетін дүниенің таңбасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндай мағыналар немесе концептілер, өз кезегіңде, адам өміріндегі бар объектілер туралы не болған ақиқатты немесе жалған ақпаратты негізге алады. Жаңа мағыналар бүрынғылардың негізінде жасалады" Концепт сөздерді анықтау принциптері кейбір ғалымдардың топшылауынша субъективті түрде жүргізіледі. Мысалы, "Тіл логикалық тұрғыдан талдаумен" айналысушы топтардың өкілдері көптеген концепт сөздерді "философиялық ғылыми категориялар" және "практикалық философия ұғымдарың беруші сөздер" деп шектеуге тырысады. Олар концепт сөздерді бірнеше ондаған сөздердің төңірегіне шоғырландырғанды қуаттайды. Әрине, концепт сөздерге бұлай қарауға болмайды, себебі тіліміздегі мыңдаған деректі, дерексіз сөздер ондағаң концептінің аясына сия бермейді.

"Концепт" терминін логикалық-философиялық тұрғыдан түсіну, өзіміз байқап тұрғандай лингвистикалық жұмыстарда да орын алған. Бұл әдісте концепт сөз мағынасына теңестіріліп, адамның ментальдік қызметіне жатқызылады.

Ал сөздердің мәдени концепті қатарына енуі олардың прагматикалық, семантикалық сипаттарына байланысты. Біз концепт терминінің қазіргі тіл ғылымында қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара сабақтаса байланысының күшейген тұсында өзіндік мәнге ие болады деп түсіндіреміз. Логикада "концепт" термині "ұғым, түсінік" терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сонымен біз концепт ұғымын адамның әлем туралы өз бойына жинақтаған мәдени түсініктерін бейнелейтін ғаламның тілдік бейнесі ретінде танимыз.

Концепт - тіддік ескерткіш болып табылады. Осы орайда "концепт тұрақтылықты сақтай ала ма немесе уақыт ағымына орай өзгеріске түсе ме?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа бір жақты жауап беруге болмайды, бір жағынан концепт өзгермейді, ол сөздің тұтас мағынасын сақтайды, екінші жағынан концепт адам тәжірибесін бейнелей отырып толығуға, өзгеруге бейім» сондай-ақ беретін ұғымның толыққанды, жан-жақты тереңділігімен ерекшеленеді. Бұл арада концепт бүрынғы мағыналар мен жаңа мағыналарды біріктіріп ұстайды, онда сөз антикасындағы болатын өзгерістер "программаланған" болғандықтан концепт сөздерді меңгере отырып, тұрақты болып қалады, сонымен қоса концепт әр кезде біздің алдымызда жаңа бір кейпінде көріне алады, осылайша концепт ғаламның тілдік бейиесін ұғынуға мүмкіндік береді.

Концептіні лингвомәдени тұрғыдан түсіну кезінде, ең алдымен концептінің этномәдени ерекшелігі аталып өтіледі. Сондай-ақ, концепт өзінің әрекетке асырылуының бүтін бір тобымен тиісті лексика-семантикалық парадигма жасайтын мәдени түрде таңбаланған ауызша мағынасы, тіл арқылы айтылатын және этномәдени ерекшелікте таңбаланған ұжымдық білім бірлігі.

Ю.С.Степанов "Концепт - адамның ментальдік дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы",— деп жазады. Ол концептінің күрделі құрылысына төмендегідей сипаттама береді: бір жағынан алып қарағанда оған ұғым құрылысына қатыстының барлығы жатады, басқа жағынан алғанда концепт құрылысына оны мәдени факті ететіндердің барлығы, бастапқы формасы, этимологиясы, қазіргі ассоциациялар, бағалаулар жатады" [59, 41].

Атап айтқанда, концептінің лингвомәдени аспектілері концептіні түсінуде когнитивтік әдісті тілдік таңбадағы концепт мазмұнын (Н.Д.Арутюнова, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев, Н.Ф.Алефиренко және т.б.) жаңа ғылыми парадигма - лингвоконцептология шеңберінде қалыптастыратын когнитивтік семантика бірліктері ретінде когнитивтік әдісті біріктіруге мүмкіндік берді./60/ Өзімізге белгілі болғандай, жалқы есімдер осы мәдениеттің өзіндік семантикалық ерекшелігін бейнелейтін этникалық мәдениеттің тілдік есімдері болып табылады. Жалқы есімдердің өз табиғатын құрайтын лингвомәдени және когнитивтік аспектілердің өзара Диалектикалық байланысына негізделген жалқы есімдердің осы бір онтологиялық белгілері, біздің қөзқарасымыз бойынша, оларды лингвистикалық концептологияның жаңа бағыты шеңберінде зерттеу тиімді болып саналса керек.

В.А.Маслова орыс мәдениетінің концептілік саласын (концептосферасын) қарастыра келе былай деп жазады: "Барлық концептілерді: 1) дүние (әлем) - кеңістік, уақыт, caн, отан, тұманды таң, қысқы түн; 2) табиғат және апат — су, от, ағаш, гүлдер; 3) адам туралы түсінік — жаңа орыс, зиялы қауым, данышпан, ақымақ, ақылсыз, жиһанкез; 4) адамгершілік концептілер — ар - ождан, ұят, күнә, шындық, ақиқат, шынайылық; 5) әлеуметтік ұғымдар мен қатынастар - бостандық, ерік-жігер, достық, соғыс және т.б.; 6) эмоциялық концептілер: бақыт, қуаныш; 7)артефактілер дүниесі (әлемі) - гибадатхана (храм), үй, геральдика (гербтер мен олардың тарихын зерттейтін ғылым саласы), сакральдық заттар (қоңырау, шам және т.б.); 8) ғылыми білімнің концептілік саласы (концептосфера): философия, филология, математика және т.б.; 9) өнер концептілік саласы: сәулет, сұңғат (живопись) музыка, би және т.б. [26,70].

Осы жіктемеде атап айтқанда орыс мәдениетіне тән ұлттық және әмбебап концептілер берілген (мәселен, тұманды таң, қысқы түн, жаңа орыс т.б.).

Жалпы адамзатқа тән концептілерден міндетті түрде ерекше бір ұлттық концептілер көрінетіндігін атап өту қажет, өйткені жалпы адамзат мәдениеті ұлттық мәдениет бояуларынан құралады. Қазақ жалқы есімдері материалдары негізінде қарастырылушы концептілер ұлттық, этникалық бояуға ие, сондай-ақ аталған концептілердің қазақ мәдениетінің түрлі жактары мен құбылыстарына қатысты болуы көңілге күдік тудырмайды.

Адамның ақиқат дүниеге қатынасы тілдік құралдар арқылы беріліп, соның негізінде ақпарат жүйесі қалыптасады. Бұл ғалам бейнесін бейнелейтін ақпарат жүйесі ақындардың ғалам туралы концептуалды тұжырымдамаларынан көрінеді. Демек, көркем шығармаға тіліне (поэзия тілі болсын немесе проза тіліндегі философиялық этюдтерді) концептілік талдау ғаламның тілдік бейнесі туралы білімді анықтау үшін қажет. Қандай да бір көркем шығарманы тек лингвистикалық талдаумен, яғни шығарманың көркемдік ерекшелігін талдаумен шектеуге болмайды. Мұндайда автор шеберлігі, оның ақиқат дүние туралы таным-түсінігі, көзқарасы айқын көріне бермейді. Осы ретте концептілік талдау автордың ақиқат дүниеге қатынасын айқындап, көркем шығарманы талдаудың екінші бір қырын ашатын бірден бір тілдік құрал ретінде қызмет етеді.

Концепт бір сөздің беретін ұғымы мен түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік. Концепт пен ұғым екеуінің аражігі бұл күндері толық ашылған логика лингвистикалық бірліктер болып табылады. Ол тілдік бірліктердің қандайда болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгідей алатын, семантикалық өріс ретінде көрініс беретін мағына. Онсыз ол концепт деңгейіне көтеріле алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет