Бүл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д.Беркли, Д.Юм, Э.Мах) үсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г.Гельмгольц) сезім мүшелерінің ерекше энергиясы деген теорияны нақтылады. Бүл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, қүлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдард ғана кабылдайды деген пікір жатыр. Бүған идеалистердің келтіретін дәлелі: көзге кандай да әсер болса, жарқыл туындайды, қүлақта механикалық не электрлі әсерден зың болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне үшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін оейнелейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бүл сезім көзі - түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізінде алынған бүл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген керітартпа теорияға арқау болды.
Субъективті идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объективті бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқараска тікелей карсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде үзакка созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объектив болмыстағы материя козғалысының формаларын қабылдайтын органдардың, дыбыстык тербелістерге жауап катушы есту
р £ Скачать