«Әдебиет алыбының тағылымы»



Дата04.07.2016
өлшемі62.39 Kb.
#178179


Құрметті оқырман қауым және сайт қонақтары !


Қазақ тіліндегі әдебиеттер оқу залы сіздердің назарларыңызға кітапхана қызметінің бір түрі – виртуалды көрме ұсынып отыр.
« Әдебиет алыбының тағылымы »

…Әрі ақын, әрі романшы, әрі драматург және әдебиет тарихының зерттеушісі – Сәбиттің аты қазақ оқушысының мол қауымына өте данқты, анық қымбат аттың бірі. Оның аты бүкіл Одақ елінің оқушысына да мәлім.

М. Әуезов.






Таңдамалы шығармалар 16 томдық. Т.1.: Өлеңдер .- А.: Жазушы,1972.- 407 б.
Сәбит Мұқановтың 16 томдық шығармалар жинағына, жазушының жұртшылыққа кең танылған көрнекті еңбектері кірді. Бұрын жарияланған шығармалар, әсіресе өлеңдер мен поэмаларын автор қайта қарап, елеулі өзгерістер енгізді. Уақыт сынына олқы келетіндей біраз әңгімелер, очерктер, өлеңдер, кейбір поэмалар бұл томдықтарға қосылған жоқ.

16 томдықтың бірінші кітабына әркезде жазылған өлеңдердің таңдаулылары ғана енді.









Көптомдық шығармалар жинағы. Т.1.: Өмір мектебі. Роман. Бірінші кітап.- А.: Жазушы, 200 .- 464 б.
Жазушының көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына атақты «Өмір мектебі» роман – трилогиясының бірінші кітабы енді. «Азапты жолда» деп аталатын бұл бөлімінде Қазан төңкерісіне дейінгі кезең қамтылған.







Сұлушаш.- А.: Атамұра, 2005 .- 379 б.
Кітапқа аса көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың (1900-1973) өлеңмен жазылған трагедиялық романы «Сұлушаш» және атақты балуан, әнші, композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1919) туралы «Балуан Шолақ» повесі енгізілді. Романда Алтай мен Сұлушаштың арасындағы сүйіспеншілігі, бір-біріне деген ыстық ықыласы, екі жастың махаббаты қайғылы халде жырланған. Ал повесте қазақ балуанының асқан қара күші, мейірбандығы мен зор адамгершілігі, ел билеген озбырлардың жауыздығы тамаша суреттелген. Жинақ көпшілік оқырмандарға арналған.



Қазақ қауымы : ( Тарихтық және этнографиялық шолу).- А.: Ана тілі, 1995.- 304 б.
20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің көшбасшыларының бірі, академик жазушы Сәбит Мұқановтың «Қазақ қауымы» атты бұл еңбегі осыдан біраз жыл бұрын көптеген қысқартуларымен жарық көрген еді. Біз сол олқылықтың орнын толтырып, жазушы мұрасын толық күйінде қайта ұсынып отырмыз.

Кітап көпшілік қауымға арналады.







Школа жизни: Роман.- А.: Жазушы, 1985. Кн.3. Годы возмужания / Авториз. Пер. с каз. А.Брагина.- 384 с.
В третьей части автобиографической трилогии «Годы возмужания», главный герой-юноша коммунар, воин отряда ЧОН студент рабфака в Оренбурге, газетный работник и поэт. Писатель показывает, что свершившаяся революция углубила в народе два чувства, тесно связанные между собой: патриотизм и решимость довести борьбу против врагов до последнего конца. Крепкой поступью шагает по жизни, гигантскими делами славится казахский народ -таков финал произведения.





Промелькнувший метеор. Роман. Т.2. / Пер.с каз.А.Брагина.- А.: Жазушы, 1984.- 336 с.
Вторая книга романа известного советского писателя Сабита Муканова «Промелькнувший метеор» продолжение эпопеи о выдающемся ученом, путешественнике и просветителе- демократе Чокане Валиханове. В предлагаемой читателю книге, посвященной годам формирования идейных взглядов и убеждений

Ч. Валиханова, повествуя о том, как, окончив учебу в Омском кадетском корпусе, начинающий исследователь готовится к выполнению главного дела своей короткой, но яркой жизни – экспедициям в малоизученные районы малой Азии. Писатель уделяет большое внимание дружбе Чокана с Ф. Достоевским и Г. Потаниным, с людьми из степных аулов.










Сыр-дария. Үш бөлімді роман.- А.: Көркем әдебиет, 1951.- 682 б.
Әрбір «жазылып бітті» деген шығармасына да көңілі түгел толмау, айналып әрбір қараған сайын артық-кемін таба беру, жазушы атаулының ата-бабасынан келе жатқан салты. Осы салтпен, 1948 жылы кітап боп шыққан «Сыр-дария» романын жазушы оқып көрсе, елеулі кемшіліктері көріне кетті. Бұл кемшіліктерді молырақ және тереңірек ұғуға, жазушыға оқушы көпшілік жәрдем берді.



Мөлдір махаббат.- А.: Атамұра, 2005.- 546 б.
Бұл-қазақшасы 1931 және 1935 жылдары «Адасқандар» деген атпен, орысша аудармасы1935 жылы «Сын бая» деген атпен басылған роман. Бұрын «Адасқандар» , енді «Мөлдір махаббат» аталып отырған бұл шығарма да сондай операцияға ұшырады. Материалы бұрынғы, кейіпкерлері бұрынғы, оқиғасы бұрынғы, олардың өзара драмалық қарым-қатынасы бұрынғы бола тұра, сипаттау жағынан роман өзгеріске ұшырап, басынан аяғына дейін қайтадан жазылып шықты.






Халық мұрасы: Тарихтық – этнографиялық шолу.- А.: Жазушы, 2002.- 304 б.
Ғұлама жазушының бұл еңбегін Қазақтану әлемінің әліппесі деуге болар. Бұрын көптеген қысқартулармен жарық көрген «Халық мұрасы» 1995 жылғы басылымы бойынша толықтырылып ұсынылып отыр. Бұл шығармалар тура мағнасындағы тарих емес, тек автордың ой толғаулары ғана. Сондықтан, қазақ елінің басынан өткен кейбір оқиғалар жорамал, тұспал арқылы айтылатындықтан, ондай жерлер күдік тудыруы мүмкін. Мәдениеттің , ғылымның, тәжірибенің қай саласын алсаңыз да сансыз адамның «табан ақы, маңдай терімен жасалғаны мәлім».





Ботагөз. Роман.- А.: Жазушы, 1977.- 344 б.
«Ботагөз» , 1948, орыс тілінде шыққан. Романда Қазақстандағы 1910 – 20 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. Бірінші дүинежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, т.б. ірі оқиғалар роман сюжетіне арқау болған. Романдағы басты тақырып- қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.




Салықов К. Сәбит аға.- А.: Жібек жолы, 2000.- 104 б.
Қазақтың көрнекі ақыны, белгілі қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов бұл шағын жинағында зор ағынды шабытпен Сәбең жайлы кең тебіренді. Өлеңдері шын жүректен туған ұлы жазушының өмірінің қыры мен сырын ұшқыр ой, терең сезіммен танытады. Ағалардың Сәбит Мұқанов жайлы айтқандары мен кейінгі ұрпақхәм көрген жерлестерінің естеліктерінің ең шұрайлы деген көздерін өлең етіп, сом тұлғаның зор бейнесінен мол мағлұмат берген.



Өмір мектебі. Үшінші кітап.- А.: Жазушы, 1970 .-472 б.
Сәбит Мұқанов Қазақстанда әдебиеттің жас кадрларын тәрбиелеп, өсіру ісінде де елеулі қызмет атқарған.

1950 жылы басылып шыққан кітабына таңдамалы өлеңдері мен поэмалары енген.






Сәбеңді еске алғанда... Әдеби альманах: Солтүстік Қазақстан университеті / Құраст Г. Мұқанова.- Петропавл: СҚУ баспа орталығы, 2000.- 157 б.
Әдеби альманах. Қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқанов туралы солтүстікқазақстандықтардың естеліктері мен жыр жолдары енген.Осы естеліктер мен жыр жолдарын оқи отырып, Сіздер, Есіл өңірінің мақтанышы болған ардақты перзентіміздің жарқын бейнесін тағы да бір еске түсіріп, ізгілік ниеттеріңіздің арта түсетініне кәміл сенеміз. Кітап М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығында басылып шыққан.





Ысқақұлы Д. Парасат пайымдары.- А.: Қазақпарат, 2000.- 80 б.
Академик – жазушы Сәбит Мұқановтың туылғанына жүз жыл толуына орай шығып жатқан бұл кітапта оның әдеби процеске араласып білдірген сыншылық ой – пікірлері, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген ғылыми еңбектері кеңінен сөз болады. Кітап әдебиет сүйер қалың оқырманға, әдебиет зерттеушілерге арналған.




Хасенов М. Сәбит Мұқанов және фольклор.- А.: Ғылым, 1980.- 208 б.

Автор бұл кітапта күні бүгінге дейін арнайы сөз болмай келген тың проблеманы көтеріп, фольклор қазынасының Сәбит Мұқанов творчествосына тигізген зор ықпалын типологиялық салыстырулар жүргізе отырып зерттеген. Автор теориялық күрделі проблемаға бара отырып, жазушының стильдік ерекшелігін терең барлаған. Монография жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.






Кәдімгі Сәбит Мұқанов: Естеліктер кітабы/ Құраст. С.Шаймерденов, Қ.Ергөбеков.- А.: Жазушы,1984, 392 б.,портр., 8 парақ сурет.
Бұл жинақ- қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, бар жанрда бірдей жазған, шығармалары Совет Одағына ғана емес , дүние жүзінің елдеріне танымал, аса көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов жайлы естелік кітабы. Үлкен ұстаздан үйреніп өскен шәкірт інілері өз естеліктерінде Сәбит Мұқановтың азаматтық ірі табиғаты, жазушылық бір тума болмысы, қарапайымдылығы хақында толғанысты сыр шертеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет