Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет21/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Қақтығыс - адам өміріндегі сан алуан қайшылықтардың, бір-біріне керағар құбылыстардың әдеби туындыдағы көрінісі. Өмір шындығын, оның қарама-қайшылықтарын бейнелеуде ең маңызды құрал болатын қақтығыс – шығарманың темірқазығы, сюжеттің өзегі. Ол қарама-қарсы көзқарастардың, пікірлердің, мақсаттардың тартысынан дамып, көркем шығарманың қозғау- шы күшіне, оқиғаның мәніне айналады. Барлық шығарманың
мазмұнында қақтығыс болады, себебі дәуірлік мәселелер тек тартыс арқылы ашылады. Көп жағдайда суреткер қақтығысты ойдан шығара бермейді, сюжетті өмірде орын алған тартыстар- дан, оқиғалардан түзеді. Сюжетті туындылардың тартымдылығы да тартыстың қоюлығында. Әр дәуірдің, әр тарихи кезеңнің өзіне тән қайшылықтары болады. Оны арқау еткен көркем шығар- мадағы тартыстың да тууы мен даму барысы, шиеленісуі мен шешімі әр қилы.
Алайда кеңес әдебиетіндегі көркем шығарманы таптар- дың, партиялардың қарама-қарсылығы, «ескі мен жаңаның күресі» деп қарастыруға негізделген тұрпайы, идеологиялық теріс танымның әсерінен қазіргі әдебиеттануда конфликт (коллизия) ұғымына күдікпен қарау ұстанымы қалыптасқан. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы тартыс та «таптар- дың қырқысы», «ескі мен жаңаның күресі» тұрғысынан тал- данғаны белгілі. Алайда Гегельдің дәуірінен бергі қарай ке- зеңде коллизияның бұдан басқаша, философиялық-көркемдік тұрғыда тануға негізделген, кейіпкерлердің оқиға барысын- дағы бір–бірлерімен және автормен (яғни, автордың образы- мен) ара қатынастарының жүйесі деп түсінетін ұғымы да бар. Қақтығыс – шығарманың көркемдік жүйесіне терең бой-
лауға мүмкіндік беретін, толық мағынасындағы құрылымдық (структуралық) категория. Бұл категория шығарманың көркем- дік құрылымында оның басқа деңгейлерімен немесе қабат- тарымен ерекше ара қатынаста. Шығармадағы тартыс бірнеше көркемдік қабаттардың элементтерін (мысалы, қаһармандардың бір-бірімен ара қатынасын, фабуланың дамуын, кейіпкерлер әрекеттерінің себептерін, мотивировкасын анықтайды; сонымен қатар тілдік, стилистикалық деңгейдің элементтерін де, кейіп- керлерді сипаттаудың тұрақты тәсілдерін) өзіне жинақтай оты- рып, құрылады.
Д.Исабековтің «Гауһар тас» повесінде отбасын құрған екі түрлі адамның рухани-мәдени дүниелерінің ішкі қайшылығын көреміз. «Гауһар таста» негізгі тартыс Салтанат пен Ыбыштың жан дүние қақтығыстарынан туындайды. Салтанаттың ішкі әлемі мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындығы қақтығыстың нәтижесінде ол құрбан болады. Бірақ өз өлімі арқылы болса да,
міз қақпайтын Ыбыштың жанына өзгеріс енгізеді. Көп нәрсеге селт ете қоймайтын қатал жарының да ауыр қайғыға батқанын көреміз. «Гауһар тас» повесі екі рухани-мәдени әлемнің кереғар- лық қақтығысына құрылған: болмыс тұтастығын жоғалтпаған, нәзік, арманшыл Салтанат пен «қолындағы алтынның қадірін білмеген» қатал Ыбыш.
Әдебиет теориясында сюжет желілерін экспозиция, бай- ланыс, даму, шиеленіс, шешімі деп жіліктеп талдау байсалды пі- кірдің шарты екені белгілі. Сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түгелімен бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Сюжеттің өрбу кезеңдері немесе элементтері тө- мендегідей:
Экспозиция, сюжеттің басталуы –(латынша expositio – тү- сіндіру) – көркем шығармадағы іс-әрекет, тартыс басталмай тұ- рып, сол оқиға болатын ортамен, болашақ кейіпкерлермен, жал- пы жағдаймен таныстыру, алғашқы мәлімет беру. Тартыстың өтетін мезгілі, орны көрсетіледі. Экспозиция болашақ оқиғаға кіріспе қызметін атқарады. Экспозиция шығармадағы оқиға же- лісіне, қақтығысқа тікелей әсер етпейді, тек мезгілдік, мекендік мәлімет береді. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэма- сындағы сюжеттік желінің даму кезеңдерін талдар болсақ, шы- ғарма экспозициясы табиғаттың суретінен, аққусыз айбынынан айырылған «Жетім көлдің» қазіргі аянышты күйін баяндаудан басталады да, эпилог та табиғат суретімен аяқталады.
Сюжеттік байланыс –оқиғаның басталуына түрткі болған адамдар арасындағы қақтығыстың басы, сюжет желісіндегі оқи- ғаның туындау себебі. Мысалы, поэмада сәбидің жазылмас ауру- ға шалдығуы болашақ трагедиялық оқиғаның тууына себеп бо- лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет